Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран18. Кәһф
18 · сүре

Кәһф

110 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ عَلَىٰ عَبْدِهِ ٱلْكِتَٰبَ وَلَمْ يَجْعَل لَّهُۥ عِوَجَاۜ

Бар мадақ пен шүкіршілік таңдаулы құлы (Мұхаммедке) Кітапты түсірген және ол Кітапта (сөз әрі мағына тұрғысынан) қандай да бір үйлесімсіздіктің яки қайшылықтың орын алуына жол бермеген Аллаға тән.

2

قَيِّمࣰا لِّيُنذِرَ بَأْسࣰا شَدِيدࣰا مِّن لَّدُنْهُ وَيُبَشِّرَ ٱلْمُؤْمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعْمَلُونَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا حَسَنࣰا

Оны қай жағынан алып қарасаң да (үйлесімсіздік, кемшілік һәм қайшылық атаулыдан ада) түп-түзу кітап етіп, кәпірлерді Өзінің құзырында тым ауыр азап күтіп тұрғанын айтып ескерту және игі істер істейтін мүміндерді керемет сый-сияпат күтіп тұрғанын айтып сүйіншілеу үшін түсірді.

3

مَّٰكِثِينَ فِيهِ أَبَدࣰا

Олар онда мәңгі-бақи мекендеді.

4

وَيُنذِرَ ٱلَّذِينَ قَالُوا۟ ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ وَلَدࣰا

Сондай-ақ (оны), «Алла (періштелерді немесе пәленшені) өзіне бала қылып алды», – деп, айтқандарды да ескерту үшін (түсірді).

5

مَّا لَهُم بِهِۦ مِنْ عِلْمࣲ وَلَا لِـَٔابَآئِهِمْۚ كَبُرَتْ كَلِمَةࣰ تَخْرُجُ مِنْ أَفْوَٰهِهِمْۚ إِن يَقُولُونَ إِلَّا كَذِبࣰا

Анығында, бұл мәселеге қатысты олардың (яғни, «Алланың баласы бар» деп айтқандардың) өздерінің де, (дәл сөйтіп айтқан) ата-бабаларының да сүйенген нақты ілімі жоқтың қасы. Ауыздарынан шыққан осынау сөз қандай ауыр һәм қорқынышты десеңші! Олар тек өтірік айтуда.

6

فَلَعَلَّكَ بَٰخِعࣱ نَّفْسَكَ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمْ إِن لَّمْ يُؤْمِنُوا۟ بِهَٰذَا ٱلْحَدِيثِ أَسَفًا

(Уа, Мұхаммед!) Байқауымызша, сен егер ол мүшріктер бұл сөзге (яғни, Құранға) сенбесе, олардың соңынан уайым шегіп, өзіңмен-өзің таусыла жаздайсың.

7

إِنَّا جَعَلْنَا مَا عَلَى ٱلْأَرْضِ زِينَةࣰ لَّهَا لِنَبْلُوَهُمْ أَيُّهُمْ أَحْسَنُ عَمَلࣰا

Біз жер бетіндегі барлық нәрсені сол жердің ажарын келтіретін (әрі адамдардың көз жауын алатын) әшекейі етіп жараттық. Осылайша адамдардың арасынан (кім сол әшекейге алданар екен, ал) кім (оларды Алла жолында қолданып) игілікті іс істер екен деп, оларды сынап көрудеміз.

8

وَإِنَّا لَجَٰعِلُونَ مَا عَلَيْهَا صَعِيدࣰا جُرُزًا

Расында, Біз жер бетіндегі барлық нәрсені құп-құрғақ топыраққа айналдырудамыз (және адамдардың сынақ мерзімі біткенде, олардың барлығын түгелдей топыраққа айналдырамыз).

9

أَمْ حَسِبْتَ أَنَّ أَصْحَٰبَ ٱلْكَهْفِ وَٱلرَّقِيمِ كَانُوا۟ مِنْ ءَايَٰتِنَا عَجَبًا

Сонда сен Біздің бірінен-бірі асатын аяттарымыздың (айқын дәлелдеріміздің) арасынан тек «Асхабу кәһф» (үңгір иелері) және Рақымды (үңгір иелерінің есімдері жазылған тас тақтаны) ғана ең таңғажайып аят деп ойладың ба?

10

إِذْ أَوَى ٱلْفِتْيَةُ إِلَى ٱلْكَهْفِ فَقَالُوا۟ رَبَّنَآ ءَاتِنَا مِن لَّدُنكَ رَحْمَةࣰ وَهَيِّئْ لَنَا مِنْ أَمْرِنَا رَشَدࣰا

Ол жас жігіттер үңгірді паналағанда: «Уа, Раббымыз! Бізге Өзіңнің рақымыңды төге көр! Ісімізді оңғарып, жетістікке жетуді нәсіп ете көр!» – деп дұға еткен еді.

11

فَضَرَبْنَا عَلَىٰٓ ءَاذَانِهِمْ فِي ٱلْكَهْفِ سِنِينَ عَدَدࣰا

Содан Біз оларды үңгірдің ішінде ұзақ жылдар бойына ұйықтатып тастадық.

12

ثُمَّ بَعَثْنَٰهُمْ لِنَعْلَمَ أَيُّ ٱلْحِزْبَيْنِ أَحْصَىٰ لِمَا لَبِثُوٓا۟ أَمَدࣰا

Кейін оларды ұйқыдан ояттық, сөйтіп, олар өздерінің қанша уақыт ұйықтағаны жөнінде екі түрлі пікірді ұстанып, екі топқа бөлінді. Нәтижеде, қай топтың есебі әлдеқайда дұрыс екенін айқындадық.

13

نَّحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ نَبَأَهُم بِٱلْحَقِّۚ إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ ءَامَنُوا۟ بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَٰهُمْ هُدࣰى

Ал енді саған олардың басынан өткен ғибратты оқиғаның бар ақиқатын баяндап береміз. Олар Раббыларына шын көңілден иман келтірген бір топ жас жігіттер еді. Біз өз кезегімізде, олардың тура жолға деген құштарлығын одан сайын арттырып, сенімдерін күшейте түстік.

14

وَرَبَطْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ إِذْ قَامُوا۟ فَقَالُوا۟ رَبُّنَا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ لَن نَّدْعُوَا۟ مِن دُونِهِۦٓ إِلَٰهࣰاۖ لَّقَدْ قُلْنَآ إِذࣰا شَطَطًا

Сөйтіп, Біз олардың жүрегін (ақиқатты айтуға келгенде залым патшаның өзінен) тайынбас ер жүрек еттік. Нәтижеде, олар (өздері өмір сүріп жатқан қоғамды жайлаған көпқұдайлыққа, күпірлік пен зұлымдық атаулыға) қарсы тұрып: «Біздің Раббымыз – күллі аспан әлемі мен жердің Раббысы. Біз еш уақытта Одан өзгеге «құдай» деп жалбарынбаймыз. Әйтпесе, мүлдем қисынсыз сөздер айтып, шектен шыққан боламыз».

15

هَٰٓؤُلَآءِ قَوْمُنَا ٱتَّخَذُوا۟ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةࣰۖ لَّوْلَا يَأْتُونَ عَلَيْهِم بِسُلْطَٰنِۭ بَيِّنࣲۖ فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبࣰا

«Мына ел-жұртымыз болса, (жалғыз Жаратқанға ғана табынудың орнына) Алладан басқаны құдай тұтты. Егер олардың мұнысы, шынымен, дұрыс болса, солардың құдай екендігіне қатысты нақты дәлел келтірмей ме? Әйтпесе, өтірік айтып әрі сол өтірікті Аллаға телігеннен асқан (өткен) залым бар ма?» – деп айтты.

16

وَإِذِ ٱعْتَزَلْتُمُوهُمْ وَمَا يَعْبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ فَأْوُۥٓا۟ إِلَى ٱلْكَهْفِ يَنشُرْ لَكُمْ رَبُّكُم مِّن رَّحْمَتِهِۦ وَيُهَيِّئْ لَكُم مِّنْ أَمْرِكُم مِّرْفَقࣰا

(Ақырында, олар пұтқа табынған залым қоғамнан мүлдем қол үзуді ұйғарғанда, араларынан біреуі): «Ақыры олардан һәм олардың Алладан басқа табынғандарынан (пұттарынан) біржола қол үзген екенсіңдер, ендеше, үңгірді пана тұтыңдар. Сөйтіп, Раббыларың сендерге жар болып, рақым құшағын жайсын һәм істеріңді оңғарсын (істеріңе жеңілдік берсін)», – деді.

17

۞وَتَرَى ٱلشَّمْسَ إِذَا طَلَعَت تَّزَٰوَرُ عَن كَهْفِهِمْ ذَاتَ ٱلْيَمِينِ وَإِذَا غَرَبَت تَّقْرِضُهُمْ ذَاتَ ٱلشِّمَالِ وَهُمْ فِي فَجْوَةࣲ مِّنْهُۚ ذَٰلِكَ مِنْ ءَايَٰتِ ٱللَّهِۗ مَن يَهْدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلْمُهْتَدِۖ وَمَن يُضْلِلْ فَلَن تَجِدَ لَهُۥ وَلِيࣰّا مُّرْشِدࣰا

(Сөйтіп, олар үңгірге кіріп, шырт ұйқыға кетті). (Олар жатқан үңгірге қарасаң) Күн шыққанда, сәулесінің олар жатқан үңгірдің (ішіне тік түспей) оң жағынан айналып өтетінін, сондай-ақ Күн ұясына батарда да (тік түспей) олардың сол жағынан қиғаштап өтетінін көресің. Ал олар болса, үңгірдің ішінде кең алаңқайда жататын. Міне, бұл – Алланың таңғажайып мұғжизаларының бірі. Алла кімді тура жолға салса, міне, сол ғана нағыз тура жолдағы адам. Ал кімді (өзі тілеп алғаны һәм соған лайық болғаны үшін) адастыратын болса, онда олар үшін Алладан басқа тура жолға бастайтын жанашыр дос таба алмайсың.

18

وَتَحْسَبُهُمْ أَيْقَاظࣰا وَهُمْ رُقُودࣱۚ وَنُقَلِّبُهُمْ ذَاتَ ٱلْيَمِينِ وَذَاتَ ٱلشِّمَالِۖ وَكَلْبُهُم بَٰسِطࣱ ذِرَاعَيْهِ بِٱلْوَصِيدِۚ لَوِ ٱطَّلَعْتَ عَلَيْهِمْ لَوَلَّيْتَ مِنْهُمْ فِرَارࣰا وَلَمُلِئْتَ مِنْهُمْ رُعْبࣰا

Оларды көргеніңде, «ояу жатыр екен» деп ойлап қалар едің, әйтсе де олар, шынымен, шырт ұйқыда жатқан болатын. Біз оларды бірде оң жамбасқа, бірде сол жамбасқа кезек-кезек аунатып отырдық. Ал олардың иті (Қытмир) болса (бейне бір иелерін күзетіп отырғандай) үңгірдің дәл аузында екі аяғын алдына созған күйі жатқан еді. Егер оларды өз көзіңмен көрсең, тұла бойыңды үрей билеп, бұрыла салып, алды-артыңа қарамай қашар едің.

19

وَكَذَٰلِكَ بَعَثْنَٰهُمْ لِيَتَسَآءَلُوا۟ بَيْنَهُمْۚ قَالَ قَآئِلࣱ مِّنْهُمْ كَمْ لَبِثْتُمْۖ قَالُوا۟ لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمࣲۚ قَالُوا۟ رَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَا لَبِثْتُمْ فَٱبْعَثُوٓا۟ أَحَدَكُم بِوَرِقِكُمْ هَٰذِهِۦٓ إِلَى ٱلْمَدِينَةِ فَلْيَنظُرْ أَيُّهَآ أَزْكَىٰ طَعَامࣰا فَلْيَأْتِكُم بِرِزْقࣲ مِّنْهُ وَلْيَتَلَطَّفْ وَلَا يُشْعِرَنَّ بِكُمْ أَحَدًا

Міне, осылайша (яғни, оларды қалай ұзақ жылдар бойы ұйықтатқан болсақ, өздерінің жағдайы жайлы) бір-бірінен сұрасын (һәм сол арқылы Алланың құдіреті әрі ақиретке қатысты зор ақиқат айқындалсын) деп оларды ұйқыдан ояттық. Сонда араларынан біреуі қалғандарынан: «Қанша уақыт ұйықтадыңдар?» – деп сұрады. Олардың біразы: «Бір күн, бәлкім, одан да аз ұйықтаған шығармыз», – десе, енді бір бөлігі: «Қанша уақыт ұйықтағандарыңды Раббыларың біледі! (Қазір бұл әңгімені қоя тұрайық). Одан да араларыңнан біреуді мына күміс ақшамен қалаға жіберіңдер. Сөйтіп, ол қаладан ең таза әрі адал ас қарастырып, біраз ас-ауқат алып келсін. Алайда өте сақ болсын! Ел-жұрттың назарын аударатындай іс-әрекеттерге бармасын һәм ең маңыздысы, сендерді (яғни, бар екендеріңді әрі жасырынып жатқан жерлеріңді) жан баласына сездірмесін», – деп айтты.

20

إِنَّهُمْ إِن يَظْهَرُوا۟ عَلَيْكُمْ يَرْجُمُوكُمْ أَوْ يُعِيدُوكُمْ فِي مِلَّتِهِمْ وَلَن تُفْلِحُوٓا۟ إِذًا أَبَدࣰا

«Өйткені қалалықтар сендерді қолға түсіретін болса, барлығыңды таспен атқылап өлтіреді, не болмаса өздерінің дініне күштеп қайтарады. Ондай жағдайда сендер әсте мақсат-мұраттарыңа жетпейсіңдер (яғни, екі дүниеде де оңбайсыңдар)», – деп ескертті.

21

وَكَذَٰلِكَ أَعْثَرْنَا عَلَيْهِمْ لِيَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقࣱّ وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ لَا رَيْبَ فِيهَآ إِذْ يَتَنَٰزَعُونَ بَيْنَهُمْ أَمْرَهُمْۖ فَقَالُوا۟ ٱبْنُوا۟ عَلَيْهِم بُنْيَٰنࣰاۖ رَّبُّهُمْ أَعْلَمُ بِهِمْۚ قَالَ ٱلَّذِينَ غَلَبُوا۟ عَلَىٰٓ أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِم مَّسْجِدࣰا

Міне, осылайша Алланың (иман келтіріп, игі істер істеген құлдарын түбінде үстем қылатындығы жайлы) уағдасының хақ екендігі әрі қиямет-қайымның күндердің күнінде орнайтындығына күмән келтірмеу керектігін көкейлеріне түйіп алсын деп, адамдарды олардың жайынан хабардар еттік. Сөйтіп, үңгір иелері дүние салғаннан кейін, оларды көрген ел-жұрт олардың құрметіне не істеп, не қою керектігі жайлы сөз таластырды. Сонда кейбіреулер: «Олардың басына кесене тұрғызайық. Анығында, біз олардың жай-күйін толық түсіне алмадық. Жай-күйлерін Раббылары бәрінен жақсы біледі», – деді. Ақырында, бұл пікірталаста өз ойын қорғап шыққан (мүмін)дер бірауыздан «Олардың басына мешіт тұрғызамыз» деген шешімге келді.

22

سَيَقُولُونَ ثَلَٰثَةࣱ رَّابِعُهُمْ كَلْبُهُمْ وَيَقُولُونَ خَمْسَةࣱ سَادِسُهُمْ كَلْبُهُمْ رَجْمَۢا بِٱلْغَيْبِۖ وَيَقُولُونَ سَبْعَةࣱ وَثَامِنُهُمْ كَلْبُهُمْۚ قُل رَّبِّيٓ أَعْلَمُ بِعِدَّتِهِم مَّا يَعْلَمُهُمْ إِلَّا قَلِيلࣱۗ فَلَا تُمَارِ فِيهِمْ إِلَّا مِرَآءࣰ ظَٰهِرࣰا وَلَا تَسْتَفْتِ فِيهِم مِّنْهُمْ أَحَدࣰا

(Үңгір иелері және олардың басынан өткен ғибратты оқиғадан ғибрат алудың орнына) кейбіреулер: «Олар үшеу еді, төртіншісі ит болатын», – десе, кейбіреулері: «Олар бесеу еді, алтыншысы ит болатын», – дейді. Олардың мұнысы небәрі ғайыпты болжау ғана. Енді біреулері: «Олар жетеу еді, сегізіншісі ит болатын», – деп айтады. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Олардың нақты санын Раббым бәрінен де жақсы біледі. Анығында, олардың жай-күйін білетін адамдар өте аз», – деп айт. Сондықтан олар жайлы ашық айтылған (білдірілген) ақиқаттардан өзге мәселелерде ешкіммен сөз таластырма һәм олар жайлы өздерінше сөз таластырып жүргендерден де еш нәрсе сұрама.

23

وَلَا تَقُولَنَّ لِشَا۟يْءٍ إِنِّي فَاعِلࣱ ذَٰلِكَ غَدًا

Қандай да бір іске бел буғаныңда, «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін», – деп айтушы болма.

24

إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ وَٱذْكُر رَّبَّكَ إِذَا نَسِيتَ وَقُلْ عَسَىٰٓ أَن يَهْدِيَنِ رَبِّي لِأَقْرَبَ مِنْ هَٰذَا رَشَدࣰا

Тек «иншалла (Алла қаласа) істеймін», – деп айт. Олай айтуды ұмытып кеткеніңде, (есіңе түсе салысымен) бірден Раббыңды есіңе ал әрі: «Раббым маған туралыққа ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер деп үміт етемін», – де.

25

وَلَبِثُوا۟ فِي كَهْفِهِمْ ثَلَٰثَ مِا۟ئَةࣲ سِنِينَ وَٱزْدَادُوا۟ تِسْعࣰا

Олар үңгірлерінде үш жүз жыл жатты. Оған тағы да тоғыз жыл қосты.

26

قُلِ ٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا لَبِثُوا۟ۖ لَهُۥ غَيْبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ أَبْصِرْ بِهِۦ وَأَسْمِعْۚ مَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيࣲّ وَلَا يُشْرِكُ فِي حُكْمِهِۦٓ أَحَدࣰا

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Олардың қанша жыл жатқанын Алла бәрінен де жақсы біледі. Өйткені күллі аспан әлемі мен жердің ғайыбы Өзіне ғана мәлім. Ол неткен көреген, неткен естуші (естігіш)! Күллі жаратылыс атаулының Одан басқа иесі жоқ. Сондай-ақ Ол өзінің үкіміне (яғни, шексіз билігін жүргізу ісіне) ешкімді серіктес қылмайды», – деп айт.

27

وَٱتْلُ مَآ أُوحِيَ إِلَيْكَ مِن كِتَابِ رَبِّكَۖ لَا مُبَدِّلَ لِكَلِمَٰتِهِۦ وَلَن تَجِدَ مِن دُونِهِۦ مُلْتَحَدࣰا

Раббыңның Кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы әрі түсіндір. Оның сөздерін өзгерте алатын һәм өзгерту өкілеттігіне ие ешкім әрі ешбір күш жоқ. Сондай-ақ Одан басқа пана да таба алмайсың.

28

وَٱصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِٱلْغَدَوٰةِ وَٱلْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُۥۖ وَلَا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَلَا تُطِعْ مَنْ أَغْفَلْنَا قَلْبَهُۥ عَن ذِكْرِنَا وَٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ وَكَانَ أَمْرُهُۥ فُرُطࣰا

Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббыларына ертелі-кеш (яғни, таңертең және екінті һәм ақшам уақыттарында) құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша сабырлылық һәм табандылық таныт. (Дінді кеңінен жаю жолында септігі тиер деген оймен) қу тіршіліктің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілмей, сондай-ақ жүрегін Бізді еске алмайтындай етіп өзіміз ғапыл қылған, нәпсісінің қалауына ерген әрі бүкіл ісі шектен шыққан әлдекімге ерме.

29

وَقُلِ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّكُمْۖ فَمَن شَآءَ فَلْيُؤْمِن وَمَن شَآءَ فَلْيَكْفُرْۚ إِنَّآ أَعْتَدْنَا لِلظَّٰلِمِينَ نَارًا أَحَاطَ بِهِمْ سُرَادِقُهَاۚ وَإِن يَسْتَغِيثُوا۟ يُغَاثُوا۟ بِمَآءࣲ كَٱلْمُهْلِ يَشْوِي ٱلْوُجُوهَۚ بِئْسَ ٱلشَّرَابُ وَسَآءَتْ مُرْتَفَقًا

(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келген (осынау Құран). Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалағаны – күпірлік қылсын», – деп айт. Шүбәсіз, Біз (күпірлік қылу арқылы) өзіне де, өзгеге де қиянат жасаған залымдар үшін өткел бермес дуалдай созылып әрі ұзарып оларға жан-жақтан құрсау салатын жалынды от әзірледік. Қатты шөл қысып жан дауыстары шығып су сұрағанда, оларға бетті қарып күйдіріп жіберетін балқыған темір іспетті су беріледі. Ол қандай жаман сусын еді! Сондай-ақ жаһаннам қандай жаман тұрақ (орын) еді!

30

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ مَنْ أَحْسَنَ عَمَلًا

Ал енді иман келтіріп, сол иманның талаптарына сай игі істер істейтіндерге келсек, Біз (үнемі) игі істер істейтін ізгі жандардың сауабын (еңбегін) әсте зая етпейміз.

31

أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ جَنَّٰتُ عَدْنࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهِمُ ٱلْأَنْهَٰرُ يُحَلَّوْنَ فِيهَا مِنْ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبࣲ وَيَلْبَسُونَ ثِيَابًا خُضْرࣰا مِّن سُندُسࣲ وَإِسْتَبْرَقࣲ مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلْأَرَآئِكِۚ نِعْمَ ٱلثَّوَابُ وَحَسُنَتْ مُرْتَفَقࣰا

Олар үшін түгесілмес нығметке толы мәңгілік бақыт мекені Адн (жұмақ) бақшалары бар. Онда олардың аяқтарының астында өзендер ағып жатады. Сондай-ақ олар онда алтын білезіктер тағынып, үлбіреген жұқалтым әрі қалың жібектен тігілген жасыл киімдер киіп, орынтақтарда шалқайып отырады. Бұл қандай керемет сый-сияпат һәм қандай керемет жай еді!

32

۞وَٱضْرِبْ لَهُم مَّثَلࣰا رَّجُلَيْنِ جَعَلْنَا لِأَحَدِهِمَا جَنَّتَيْنِ مِنْ أَعْنَٰبࣲ وَحَفَفْنَٰهُمَا بِنَخْلࣲ وَجَعَلْنَا بَيْنَهُمَا زَرْعࣰا

(Уа, Мұхаммед!) Оларға мынадай екі адамды мысалға келтір: Біз олардың біреуіне ішінде жүзімнің түр-түрі өсетін екі бірдей жүзім бағын нәсіп еттік. Һәм ол екеуінің де айналасын құрма ағаштарымен көмкеріп, екі арасын егіндік қылдық.

33

كِلْتَا ٱلْجَنَّتَيْنِ ءَاتَتْ أُكُلَهَا وَلَمْ تَظْلِم مِّنْهُ شَيْـࣰٔاۚ وَفَجَّرْنَا خِلَٰلَهُمَا نَهَرࣰا

Екі бақша да (айналасындағы құрма ағаштары мен екі ортадағы егіндікпен бірге) жемісін төгіп берді. Сонымен қатар ол екеуінің арасынан өзен ағыздық.

34

وَكَانَ لَهُۥ ثَمَرࣱ فَقَالَ لِصَٰحِبِهِۦ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَنَا۠ أَكْثَرُ مِنكَ مَالࣰا وَأَعَزُّ نَفَرࣰا

Қос бақшаның иесінің алатын өнімі мол, дүниесі түгел (немесе оның басқа да байлығы бар) еді. Бірде ол жолдасымен әңгіме барысында оған: «Мен дәулет тұрғысынан да, әулет (бала-шаға) жағынан да сенен анағұрлым зор әрі үстеммін», – деді.

35

وَدَخَلَ جَنَّتَهُۥ وَهُوَ ظَالِمࣱ لِّنَفْسِهِۦ قَالَ مَآ أَظُنُّ أَن تَبِيدَ هَٰذِهِۦٓ أَبَدࣰا

Сөйтіп, ол байлықтың буына мастанып, дандайсу арқылы өз-өзіне кесір қылған күйі (маңғаздана басып) бақшасына кірді де: «Мына (мың құлпыра жайнаған) бақша, менің ойымша, ешқашан бүлініп, жоқ болып кетпейді».

36

وَمَآ أَظُنُّ ٱلسَّاعَةَ قَآئِمَةࣰ وَلَئِن رُّدِدتُّ إِلَىٰ رَبِّي لَأَجِدَنَّ خَيْرࣰا مِّنْهَا مُنقَلَبࣰا

«Сондай-ақ қиямет-қайым орнайды деп те ойламаймын. Ал егер (сенің айтқаның келіп) қиямет орнап, Раббыма бара қалсам, онда бұдан да қайырлы нәтижеге қол жеткізетіндігіме (яғни, бұдан да мол байлыққа кенелетіндігіме) күмәнім жоқ», – деді.

37

قَالَ لَهُۥ صَاحِبُهُۥ وَهُوَ يُحَاوِرُهُۥٓ أَكَفَرْتَ بِٱلَّذِي خَلَقَكَ مِن تُرَابࣲ ثُمَّ مِن نُّطْفَةࣲ ثُمَّ سَوَّىٰكَ رَجُلࣰا

Сол кезде өзімен сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен негізіңді топырақтан, содан кейін өзіңді бір тамшы судан жаратқан, сөйтіп, келісті де келбетті адам қылған Раббыңа күпірлік қылып тұрсың ба?»

38

لَّٰكِنَّا۠ هُوَ ٱللَّهُ رَبِّي وَلَآ أُشْرِكُ بِرَبِّيٓ أَحَدࣰا

«Ендеше, біліп қой! Менің Раббым – Алла! Мен (бізді жоқтан жаратқан, ризық беріп өсірген әрі иелігіміздегі барлық нәрсені нәсіп еткен) Раббыма ешкімді серік етіп қоспаймын!»

39

وَلَوْلَآ إِذْ دَخَلْتَ جَنَّتَكَ قُلْتَ مَا شَآءَ ٱللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ إِن تَرَنِ أَنَا۠ أَقَلَّ مِنكَ مَالࣰا وَوَلَدࣰا

«Бақшаңа кіргеніңде, «Бұл – бір Алланың қалауымен болған дүние. Шексіз күш-қуат пен құдірет бір Аллаға ғана тән» деп айтуың керек емес пе еді?! Сондай-ақ сен мені дәулет тұрғысынан да, әулет (бала-шаға) жағынан да өзіңнен әлдеқайда төмен көресің. Анығында, сол да сөз болып па?!»

40

فَعَسَىٰ رَبِّيٓ أَن يُؤْتِيَنِ خَيْرࣰا مِّن جَنَّتِكَ وَيُرْسِلَ عَلَيْهَا حُسْبَانࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَتُصْبِحَ صَعِيدࣰا زَلَقًا

«Қайдан білесің, бәлкім, Раббым маған сенің мына бақшаңнан да асқан керемет бау-бақша нәсіп етіп, сенікіне көктен апат (найзағай) түсірер, сөйтіп, ол әп-сәтте тақыр жерге айналып шыға келер».

41

أَوْ يُصْبِحَ مَآؤُهَا غَوْرࣰا فَلَن تَسْتَطِيعَ لَهُۥ طَلَبࣰا

«Не болмаса бақшаңның суы (Алланың жазуымен) жер астына сіңіп кетіп, оны мүлдем шығара алмай қаларсың», – деді.

42

وَأُحِيطَ بِثَمَرِهِۦ فَأَصْبَحَ يُقَلِّبُ كَفَّيْهِ عَلَىٰ مَآ أَنفَقَ فِيهَا وَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَيَقُولُ يَٰلَيْتَنِي لَمْ أُشْرِكْ بِرَبِّيٓ أَحَدࣰا

Содан көп ұзамай-ақ әлгі кісінің бау-бақшасы мен егінінің күлі көкке ұшты. Сөйтіп, ол асты-үстіне келіп, ойран-асыр болып құлап жатқан жүзім аспаларының басында тұрып, сол бау-бақшаға құйған қаржы-қаражаты үшін іші удай ашып: «Қап, әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда ғой!» – деп қос алақанын ысқылады да қалды.

43

وَلَمْ تَكُن لَّهُۥ فِئَةࣱ يَنصُرُونَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَمَا كَانَ مُنتَصِرًا

Нәтижеде, ол (басына күн түскенде) Алладан басқа өзіне қол ұшын беретін бірде-бір қауым таба алмады, әрі өзінің де амалы құрыды (яғни, байлығы мен әулетін былай қойғанда, өзінің де қолынан түк келмеді).

44

هُنَالِكَ ٱلْوَلَٰيَةُ لِلَّهِ ٱلْحَقِّۚ هُوَ خَيْرࣱ ثَوَابࣰا وَخَيْرٌ عُقْبࣰا

Міне, мұндай (қиын) жағдайда жәрдем (ете алу шексіз құдірет пен ілім иесі ұлы) Аллаға ғана тән. Сондай-ақ сауаптың (сый-сияпаттың) қайырлысын һәм ең қайырлы нәтижені нәсіп ететін де бір Өзі ғана.

45

وَٱضْرِبْ لَهُم مَّثَلَ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا كَمَآءٍ أَنزَلْنَٰهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَٱخْتَلَطَ بِهِۦ نَبَاتُ ٱلْأَرْضِ فَأَصْبَحَ هَشِيمࣰا تَذْرُوهُ ٱلرِّيَٰحُۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ مُّقْتَدِرًا

(Уа, Мұхаммед!) Оларға дүниенің мысалын мынадай бір тәмсілмен түсіндір: Аспаннан су түсіреміз, сол арқылы адамдар мен жан-жануарлар қорек ететін өсімдік атаулы араласа қаулап өсіп-өнеді. Содан кейін (жайқалған өсімдіктер) көп ұзамай-ақ қуарып желге ұшатын күл-қоқысқа айналады. Алланың құдіреті барлық нәрсеге (бәріне) толық жетеді.

46

ٱلْمَالُ وَٱلْبَنُونَ زِينَةُ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَٱلْبَٰقِيَٰتُ ٱلصَّٰلِحَٰتُ خَيْرٌ عِندَ رَبِّكَ ثَوَابࣰا وَخَيْرٌ أَمَلࣰا

Дүние-мүлік пен бала-шаға – қу тіршіліктің сәні. Ал мәңгі-бақи өшпейтін һәм әсте зая болмайтын иманға негізделген игі істер (сондай-ақ игі жолда жұмсалған мал-мүлік пен иманды бала-шаға) болса, Раббыңның құзырында сауап тұрғысынан да, оларға үміт арту жағынан да әлдеқайда қайырлы.

47

وَيَوْمَ نُسَيِّرُ ٱلْجِبَالَ وَتَرَى ٱلْأَرْضَ بَارِزَةࣰ وَحَشَرْنَٰهُمْ فَلَمْ نُغَادِرْ مِنْهُمْ أَحَدࣰا

(Естеріңде болсын!) Күндердің күнінде тауларды (бейне бір бұлттарды көшіргендей) көшіреміз, сонда сен жердің теп-тегіс әрі тып-типыл болып қалғанын өз көзіңмен көресің. Сөйтіп, күллі адамзатты қайта тірілтіп, бірін қалдырмай ғарасат майданына жинаймыз.

48

وَعُرِضُوا۟ عَلَىٰ رَبِّكَ صَفࣰّا لَّقَدْ جِئْتُمُونَا كَمَا خَلَقْنَٰكُمْ أَوَّلَ مَرَّةِۭۚ بَلْ زَعَمْتُمْ أَلَّن نَّجْعَلَ لَكُم مَّوْعِدࣰا

Содан (мұсылманы бар, кәпірі бар, адамдардың) барлығы қаз-қатар тізіліп, сап түзеген күйде Раббыңның құзырына әкелінеді. Сонда оларға: «Сендерді әу баста қалай жаратқан болсақ, дәл сондай (дүние-мүлік, бала-шаға, атақ-даңқ және мансап атаулыдан жұрдай болған) күйде алдымызға келдіңдер. Ал сендер өздеріңе мұндай уағдалы мерзім белгілемегенімізді айтумен болған едіңдер», – делінеді.

49

وَوُضِعَ ٱلْكِتَٰبُ فَتَرَى ٱلْمُجْرِمِينَ مُشْفِقِينَ مِمَّا فِيهِ وَيَقُولُونَ يَٰوَيْلَتَنَا مَالِ هَٰذَا ٱلْكِتَٰبِ لَا يُغَادِرُ صَغِيرَةࣰ وَلَا كَبِيرَةً إِلَّآ أَحْصَىٰهَاۚ وَوَجَدُوا۟ مَا عَمِلُوا۟ حَاضِرࣰاۗ وَلَا يَظْلِمُ رَبُّكَ أَحَدࣰا

(Қиямет күні) әр адамның алдына өзінің амал дәптері қойылады. Сол кезде дүниеде күнәға белшесінен батқан күнәһарлардың (амал дәптеріне жазылған күнәларын көріп) есі шыққанын көресің. Сонда олар аһ ұрып: «Құрыдық! Мынау өзі қандай дәптер?! Үлкенді-кішілі бірде-бір сөзді де, істі де қалдырмай (не істесек те, не айтсақ та бәрін жіпке тізгендей етіп) жазып алыпты ғой!» – дейді. Міне, осылайша, олар дүниеде не істеп, не қойған болса, соның бәрі алдарынан шығады. Раббың ешкімге әділетсіздік жасамайды.

50

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ كَانَ مِنَ ٱلْجِنِّ فَفَسَقَ عَنْ أَمْرِ رَبِّهِۦٓۗ أَفَتَتَّخِذُونَهُۥ وَذُرِّيَّتَهُۥٓ أَوْلِيَآءَ مِن دُونِي وَهُمْ لَكُمْ عَدُوُّۢۚ بِئْسَ لِلظَّٰلِمِينَ بَدَلࣰا

Естеріңде болса, кезінде періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер!» – деп бұйырғанымызда, барлығы жаппай сәжде еткен еді. Алайда Ібіліс (Раббысының оған да «сәжде ет» деп бұйырғанына қарамастан) сәжде етпеді. Ол Раббысының әміріне бағынбай шектен шыққан жын еді. Солай бола тұра, сендер Мені былай қойып, өздеріңе қас дұшпан болған сол шайтан мен оның үрім-бұтағын дос әрі кепіл тұтасыңдар ма?! Бұл (яғни, бір Аллаға құл болудың орнына азғын шайтанға құлдық ұру) залымдар үшін қандай жаман таңдау еді!

51

۞مَّآ أَشْهَدتُّهُمْ خَلْقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَا خَلْقَ أَنفُسِهِمْ وَمَا كُنتُ مُتَّخِذَ ٱلْمُضِلِّينَ عَضُدࣰا

Мен оларды (Ібіліс пен үрім-бұтағын) күллі аспан әлемі мен жердің жаратылысына куә қылмадым, сондай-ақ өздерінің жаратылысына да куә етпедім. Мен (өздері адасқанмен қоймай) өзгелерді де тура жолдан адастырушыларды Өзіме еш уақытта көмекші қылған емеспін.

52

وَيَوْمَ يَقُولُ نَادُوا۟ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ زَعَمْتُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا۟ لَهُمْ وَجَعَلْنَا بَيْنَهُم مَّوْبِقࣰا

Сол күні Алла (мүшріктерге): «Қане, (дүниеде) Менің серіктерім, ортақтастарым деп айтқан құдайларыңды шақырыңдар!» – деп бұйырады. Сонда мүшріктер құдайларын шақырады, алайда олар мүлдем жауап қатпайды. Өйткені араларына (тозақ отынан) өткел бермес бөгет орнатамыз.

53

وَرَءَا ٱلْمُجْرِمُونَ ٱلنَّارَ فَظَنُّوٓا۟ أَنَّهُم مُّوَاقِعُوهَا وَلَمْ يَجِدُوا۟ عَنْهَا مَصْرِفࣰا

Сөйтіп, күнәға белшесінен батқан күнәһарлар тозақ отын өз көзімен көріп, оған түсетіндігін анық аңғарады. Сол мезет жан-жаққа жалтақтап қарасады, алайда одан қашып құтылатын жол таба алмайды.

54

وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِي هَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لِلنَّاسِ مِن كُلِّ مَثَلࣲۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَٰنُ أَكْثَرَ شَيْءࣲ جَدَلࣰا

Расында, Біз бұл кітапта адамдарға (ақиқатты түсіндіру үшін) әр алуан тәмсілдер, мысалдар һәм дәлелдер келтірдік. Алайда адам баласы (ақиқаттың ашылуына бөгет жасайтын) талас-тартысқа тым әуес.

55

وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤْمِنُوٓا۟ إِذْ جَآءَهُمُ ٱلْهُدَىٰ وَيَسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّهُمْ إِلَّآ أَن تَأْتِيَهُمْ سُنَّةُ ٱلْأَوَّلِينَ أَوْ يَأْتِيَهُمُ ٱلْعَذَابُ قُبُلࣰا

Адамдарға тура жолдың қайнар көзі (болған пайғамбар мен кітап) келгенде, олардың көпшілігінің иман етуіне һәм Раббыларынан күнәлары үшін кешірім тілеуіне жол бермеген (басты себеп): өздерінен бұрын өткен кәпір қауымдардың ізін басқандығы немесе (пайғамбарларды мазақ қыла отырып) өздері сенбеген ақирет азабының бастарына күтпеген жерден төнгендігі еді.

56

وَمَا نُرْسِلُ ٱلْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَۚ وَيُجَٰدِلُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِٱلْبَٰطِلِ لِيُدْحِضُوا۟ بِهِ ٱلْحَقَّۖ وَٱتَّخَذُوٓا۟ ءَايَٰتِي وَمَآ أُنذِرُوا۟ هُزُوࣰا

Әйтсе де Біз пайғамбарларды (азап келтіруші емес, керісінше, иман келтіріп, игі істер істегендерді) сүйіншілеп қуантушы және (тура жолдан тайғандарды) ескертуші ретінде ғана жібереміз. Ал күпірлікте қасарысқандар болса, жалғанға сүйеніп, ақиқатты мойындамау үшін барын салады. Сондай-ақ олар Менің аяттарымды һәм өздеріне жасалған ескертулерді күлкіге (мазаққа) айналдырды.

57

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ فَأَعْرَضَ عَنْهَا وَنَسِيَ مَا قَدَّمَتْ يَدَاهُۚ إِنَّا جَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَن يَفْقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمْ وَقْرࣰاۖ وَإِن تَدْعُهُمْ إِلَى ٱلْهُدَىٰ فَلَن يَهْتَدُوٓا۟ إِذًا أَبَدࣰا

Раббысының (Құрандағы, болмыстағы һәм адам бойындағы) аяттары есіне түсіріліп, өзіне сол арқылы насихат айтылғанда, олардан сырт айналған әрі өз қолымен істеген күнәларын ұмытып түк болмағандай жайбарақат жүрген адамнан асқан залым бар ма? Расында, Біз олардың жүрегін (осындай қылықтары һәм күпірлікте қасарысқаны үшін) Құранды түсіне алмайтындай етіп тұмшалап тастадық, құлақтарын (ақиқатты естімейтін) саңырау етіп қойдық. Сен оларды қанша жерден тура жолға шақырсаң да, олар енді әсте тура жолға түспейді.

58

وَرَبُّكَ ٱلْغَفُورُ ذُو ٱلرَّحْمَةِۖ لَوْ يُؤَاخِذُهُم بِمَا كَسَبُوا۟ لَعَجَّلَ لَهُمُ ٱلْعَذَابَۚ بَل لَّهُم مَّوْعِدࣱ لَّن يَجِدُوا۟ مِن دُونِهِۦ مَوْئِلࣰا

Кеңшілігі мол Раббың – шексіз мейірім иесі. Егер (Раббың) оларды істеген әрбір күнә-қателіктері үшін жазалайтын болса, онда азабын бастарына бірден төндірер еді. Алайда оларға берілген белгілі мерзім бар, (егер сол мерзім ішінде жөнге келіп түзелмесе), одан кейін Алланың жазасынан қашып құтылатын жер таба алмайды.

59

وَتِلْكَ ٱلْقُرَىٰٓ أَهْلَكْنَٰهُمْ لَمَّا ظَلَمُوا۟ وَجَعَلْنَا لِمَهْلِكِهِم مَّوْعِدࣰا

Міне, (күлі көкке ұшқан) ауылдар (елді мекендер)! Сол ауылдардың тұрғындары зұлымдық жасауды (яғни, Аллаға өзгелерді серік етіп қосуды, күпірлік қылып, күнә істеуді) қоймаған соң, бірін қалдырмай жойып жібердік. Расында, олардың әрқайсысына (жойқын азапқа душар болмай тұрып, бәлкім, түзелер деп) біраз уақыт берген едік.

60

وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَىٰهُ لَآ أَبْرَحُ حَتَّىٰٓ أَبْلُغَ مَجْمَعَ ٱلْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبࣰا

Бірде Мұса қасындағы жас қызметшісіне: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамай жүре беремін, тіпті керек болса, жылдар бойы тынбай жүре беремін», – деген еді.

61

فَلَمَّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلْبَحْرِ سَرَبࣰا

Сөйтіп, екеуі екі теңіздің қосылған жеріне жеткенде, өздерімен бірге азық ретінде алып жүрген піскен балық (жайы) естерінен мүлдем шығып кетті. Балық болса, теңізге түсіп, жол тауып, жөніне кеткен еді.

62

فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَىٰهُ ءَاتِنَا غَدَآءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِن سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبࣰا

Содан екеуі діттеген жерлерінен байқамай өтіп кетіп, біраз жол жүргеннен кейін Мұса жолдасына: «Қане, түскі асымызды әкелші, бұл сапарымызда кәдімгідей шаршап қалдық қой», – деді.

63

قَالَ أَرَءَيْتَ إِذْ أَوَيْنَآ إِلَى ٱلصَّخْرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ ٱلْحُوتَ وَمَآ أَنسَىٰنِيهُ إِلَّا ٱلشَّيْطَٰنُ أَنْ أَذْكُرَهُۥۚ وَٱتَّخَذَ سَبِيلَهُۥ فِي ٱلْبَحْرِ عَجَبࣰا

Жолдасы: «Қап, қара басқанын қарашы! Әлгі жартастың түбінде дамылдаған кезімізде ол балық (жайы) есімнен мүлдем шығып кетіпті. Саған ол жайлы айтуды маған ұмыттырған шайтан ғой. Бір ғажабы, ол балық теңізде, өз жөнін тапты», – деді.

64

قَالَ ذَٰلِكَ مَا كُنَّا نَبْغِۚ فَٱرْتَدَّا عَلَىٰٓ ءَاثَارِهِمَا قَصَصࣰا

Сонда Мұса: «Біздің көксегеніміз (іздегеніміз) де сол (жер) еді ғой!» – деді де, бірден келген іздерімен кері қайтты.

65

فَوَجَدَا عَبْدࣰا مِّنْ عِبَادِنَآ ءَاتَيْنَٰهُ رَحْمَةࣰ مِّنْ عِندِنَا وَعَلَّمْنَٰهُ مِن لَّدُنَّا عِلْمࣰا

Сөйтіп, жартасқа жеткенде, екеуі Біздің бір таңдаулы, ерек құлымызға жолықты. (Оның елден ерек болғандығы сонда) Біз оған тарапымыздан ерекше рақым сыйлаған әрі өз тарапымыздан ерекше ілім үйреткен едік.

66

قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰ هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَىٰٓ أَن تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدࣰا

Мұса оған: «Өзіңе үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын ілім мен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсем бола ма?» – деп өтініш білдірді.

67

قَالَ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرࣰا

(Сонда иләһи ілімнен сусындаған Қызыр оған): «Шындығында, менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды».

68

وَكَيْفَ تَصْبِرُ عَلَىٰ مَا لَمْ تُحِطْ بِهِۦ خُبْرࣰا

«Өйткені өзің қыр-сырын толық білмейтін жайттарға (куә болғаныңда) қалай шыдамақсың?» – деді.

69

قَالَ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ صَابِرࣰا وَلَآ أَعْصِي لَكَ أَمْرࣰا

Мұса оған: «Алла қаласа, төзімді екенімді көресің. Сондай-ақ саған бірде-бір мәселеде қарсы келмеймін», – деді.

70

قَالَ فَإِنِ ٱتَّبَعْتَنِي فَلَا تَسْـَٔلْنِي عَن شَيْءٍ حَتَّىٰٓ أُحْدِثَ لَكَ مِنْهُ ذِكْرࣰا

Сонда Қызыр оған: «Егер маған еремін десең, онда мән-жайды өзім айтып, түсіндіріп бермейінше, менен еш нәрсе сұраушы болма», – деп шарт қойды.

71

فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا رَكِبَا فِي ٱلسَّفِينَةِ خَرَقَهَاۖ قَالَ أَخَرَقْتَهَا لِتُغْرِقَ أَهْلَهَا لَقَدْ جِئْتَ شَيْـًٔا إِمْرࣰا

Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Содан жол-жөнекей бір кемеге мінгенде, (Қызыр) әлгі кемені тесіп тастады. Сол кезде Мұса шыдай алмай: «Мұның не? Кемені ішіндегі жолаушылары суға кетсін деп тестің бе? Расында, сен адам айтқысыз өрескел іс істедің!» – деді.

72

قَالَ أَلَمْ أَقُلْ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرࣰا

Қызыр оған: «Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды, – деп айтпап па едім?» – деді.

73

قَالَ لَا تُؤَاخِذْنِي بِمَا نَسِيتُ وَلَا تُرْهِقْنِي مِنْ أَمْرِي عُسْرࣰا

Мұса: «Уәдемді ұмытқаным үшін айыпқа бұйырмағайсың һәм бұл істе (осы сапарда немесе осы қылығым үшін) маған қиындық тудыра көрме!» – деп одан кешірім өтінді.

74

فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَا لَقِيَا غُلَٰمࣰا فَقَتَلَهُۥ قَالَ أَقَتَلْتَ نَفْسࣰا زَكِيَّةَۢ بِغَيْرِ نَفْسࣲ لَّقَدْ جِئْتَ شَيْـࣰٔا نُّكْرࣰا

Содан екеуі тағы да жолға шықты. Жол-жөнекей бір жас балаға кезігіп, Қызыр әлгі баланы өлтіріп тастады. Мұса бұл жолы да тағат қыла алмай: «Мұның не? Бейкүнә жанды өлтіруге қалай дәтің барды?! Расында, сен адам баласы көрмеген сұмдық іс істедің», – деді.

75

۞قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكَ إِنَّكَ لَن تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرࣰا

Осы кезде Қызыр тағы да ескертіп: «Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды, – деп айтпап па едім?» – деді.

76

قَالَ إِن سَأَلْتُكَ عَن شَيْءِۭ بَعْدَهَا فَلَا تُصَٰحِبْنِيۖ قَدْ بَلَغْتَ مِن لَّدُنِّي عُذْرࣰا

Мұса: «Егер бұдан кейін артық сауал қойсам, мені өзіңе жолдас етпей-ақ қой. Шынында да, мені кешіре-кешіре ығырың шығатын кезең болды», – деп соңғы рет кешірім өтінді.

77

فَٱنطَلَقَا حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَيَآ أَهْلَ قَرْيَةٍ ٱسْتَطْعَمَآ أَهْلَهَا فَأَبَوْا۟ أَن يُضَيِّفُوهُمَا فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارࣰا يُرِيدُ أَن يَنقَضَّ فَأَقَامَهُۥۖ قَالَ لَوْ شِئْتَ لَتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرࣰا

Сөйтіп екеуі тағы да жолға шығып, жүре-жүре бір ауылға келіп жетті. Ауыл тұрғындарынан ас-ауқат сұрап еді, олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Содан екеуі әлгі ауылда құлағалы тұрған бір дуалды көрді де, оны дереу жөндеп қалпына келтірді. Мұса оған: «Егер қаласаң, еңбегіңнің ақысын сұрауыңа болар еді», – деді.

78

قَالَ هَٰذَا فِرَاقُ بَيْنِي وَبَيْنِكَۚ سَأُنَبِّئُكَ بِتَأْوِيلِ مَا لَمْ تَسْتَطِع عَّلَيْهِ صَبْرًا

Қызыр оған: «Міне, екеуіміздің айрылысатын сәтіміз жетті. Ал енді саған, сабырың жетпеген мәселелердің мәнісі мен қыр-сырынан толық хабардар етейін».

79

أَمَّا ٱلسَّفِينَةُ فَكَانَتْ لِمَسَٰكِينَ يَعْمَلُونَ فِي ٱلْبَحْرِ فَأَرَدتُّ أَنْ أَعِيبَهَا وَكَانَ وَرَآءَهُم مَّلِكࣱ يَأْخُذُ كُلَّ سَفِينَةٍ غَصْبࣰا

«Алдымен кеме жайын айтайын. Ол теңізде еңбек етіп (күнделікті ризық-несібесін тауып), күнелтіп жүрген кедей-кепшіктерге тиесілі еді. Менің ол кемеге әдейі ақау түсіргім келді. Өйткені ақауы жоқ сау кеменің бәрін ай-шайға қарамай тартып алатын қатыгез патша бар еді».

80

وَأَمَّا ٱلْغُلَٰمُ فَكَانَ أَبَوَاهُ مُؤْمِنَيْنِ فَخَشِينَآ أَن يُرْهِقَهُمَا طُغْيَٰنࣰا وَكُفْرࣰا

«Ал өлген балаға келсек, ата-анасы шынайы мүмін еді. Біз ол баланың келешекте ата-анасын азғырып, азғындық пен күпірлікке душар етуінен қорықтық».

81

فَأَرَدْنَآ أَن يُبْدِلَهُمَا رَبُّهُمَا خَيْرࣰا مِّنْهُ زَكَوٰةࣰ وَأَقْرَبَ رُحْمࣰا

Сондықтан да Раббыларының ол екеуіне әлгі баланың орнына одан да қайырлы һәм пәк әрі одан да мейірбан һәм тілалғыш бала беруін қаладық.

82

وَأَمَّا ٱلْجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَٰمَيْنِ يَتِيمَيْنِ فِي ٱلْمَدِينَةِ وَكَانَ تَحْتَهُۥ كَنزࣱ لَّهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَٰلِحࣰا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَن يَبْلُغَآ أَشُدَّهُمَا وَيَسْتَخْرِجَا كَنزَهُمَا رَحْمَةࣰ مِّن رَّبِّكَۚ وَمَا فَعَلْتُهُۥ عَنْ أَمْرِيۚ ذَٰلِكَ تَأْوِيلُ مَا لَمْ تَسْطِع عَّلَيْهِ صَبْرࣰا

Ал енді мына дуал мәселесіне келсек, ол сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Ал оның астында сол екеуіне тиесілі қазына жатқан болатын. Әкелері марқұм сондай тақуа, жақсы кісі еді. Сондықтан да Раббың балалар ер жетіп, қазыналарын өздері тауып, қазып алғанын қалады. Осының бәрі Раббыңның шексіз рақымының арқасы. Мен бұл істердің ешқайсысын өз бетіммен істеген жоқпын. Сенің төзімің жетпеген мәселелердің мәнісі, қыр-сыры, міне осындай», – деп түсіндірді.

83

وَيَسْـَٔلُونَكَ عَن ذِي ٱلْقَرْنَيْنِۖ قُلْ سَأَتْلُوا۟ عَلَيْكُم مِّنْهُ ذِكْرًا

(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен Зұлқарнайн жайлы сұрайды. Оларға: «Сендерге ол жайлы да бір ғибратты әңгіме айтып берейін», – де.

84

إِنَّا مَكَّنَّا لَهُۥ فِي ٱلْأَرْضِ وَءَاتَيْنَٰهُ مِن كُلِّ شَيْءࣲ سَبَبࣰا

Расында, Біз оған жер бетінде тегеурінді зор билік нәсіп еттік әрі діттеген мақсатына жетуіне септігін тигізетін (ақыл-парасат, ілім, күш-қуат, байлық әрі билік сынды) әр алуан мүмкіндіктер бердік.

85

فَأَتْبَعَ سَبَبًا

Сөйтіп, ол күндердің күнінде жасағын бастап, (батысқа қарай) жол тартты (жорыққа аттанды).

86

حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَغْرِبَ ٱلشَّمْسِ وَجَدَهَا تَغْرُبُ فِي عَيْنٍ حَمِئَةࣲ وَوَجَدَ عِندَهَا قَوْمࣰاۖ قُلْنَا يَٰذَا ٱلْقَرْنَيْنِ إِمَّآ أَن تُعَذِّبَ وَإِمَّآ أَن تَتَّخِذَ فِيهِمْ حُسْنࣰا

Батысқа жеткенде, Күннің (бейне бір) қап-қара лайсаң көзге (қайнар бұлаққа) батып бара жатқанын көрді. Сол жерде бір елге кезікті. Біз оған: «Уа, Зұлқарнайн! (Ал енді оларға не істейтініңді көрейік, күшіңе сүйеніп) оларды азаптар ма екенсің, жоқ әлде жақсылық жасап, жарылқар ма екенсің?!» – дедік.

87

قَالَ أَمَّا مَن ظَلَمَ فَسَوْفَ نُعَذِّبُهُۥ ثُمَّ يُرَدُّ إِلَىٰ رَبِّهِۦ فَيُعَذِّبُهُۥ عَذَابࣰا نُّكْرࣰا

Зұлқарнайн: «Кімде-кім (өзіне һәм өзгеге) зұлымдық жасаса, біз оның сазайын тартқызамыз, кейін ол Раббысына қайтарылады, сонда Раббысы да оны адам баласы көрмеген ауыр азапқа салады».

88

وَأَمَّا مَنْ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحࣰا فَلَهُۥ جَزَآءً ٱلْحُسْنَىٰۖ وَسَنَقُولُ لَهُۥ مِنْ أَمْرِنَا يُسْرࣰا

«Ал кімде-кім иман келтіріп, игілік істесе, оған ең жақсы сый-сияпат беріледі, сондай-ақ оған жеңілдік жасаймыз (яғни, оған ешқандай ауыртпалық артпай, оңай істерді бұйырамыз)», – деп жауап қатты.

89

ثُمَّ أَتْبَعَ سَبَبًا

Содан кейін ол жасағын бастап, (шығысты бетке алып) тағы да жол тартты (жорыққа аттанды).

90

حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ مَطْلِعَ ٱلشَّمْسِ وَجَدَهَا تَطْلُعُ عَلَىٰ قَوْمࣲ لَّمْ نَجْعَل لَّهُم مِّن دُونِهَا سِتْرࣰا

Сөйтіп, күн шығысқа жеткенде, бір қауым елді тас төбесінен күннің қақтағанын көрді. Біз ол қауымға ыстық аптаптан қорғайтын бірде-бір қалқа нәсіп етпеген едік.

91

كَذَٰلِكَۖ وَقَدْ أَحَطْنَا بِمَا لَدَيْهِ خُبْرࣰا

Міне Зұлқарнайнның жер-жаһанды түгелдей қамтыған патшалығы мен салтанатының алдында ол қауымның жағдайы осындай еді. Біз шүбәсіз, Зұлқарнайнның бар мүмкіндігін, рухани жан дүниесі мен материалдық жағдайын толық білетін едік (сондықтан да оның мұндай ғаріп қауымға қалай қарайтыны да белгілі болатын).

92

ثُمَّ أَتْبَعَ سَبَبًا

Содан Зұлқарнайн жасағын бастап, тағы да жол тартты (жорыққа аттанды).

93

حَتَّىٰٓ إِذَا بَلَغَ بَيْنَ ٱلسَّدَّيْنِ وَجَدَ مِن دُونِهِمَا قَوْمࣰا لَّا يَكَادُونَ يَفْقَهُونَ قَوْلࣰا

Сөйтіп, екі таудың арасына жеткенде, арғы бетінен мүлдем сөз ұқпайтын (яғни, өз тілінен басқа бірде-бір елдің тілін білмейтін) бір қауымға кезікті.

94

قَالُوا۟ يَٰذَا ٱلْقَرْنَيْنِ إِنَّ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ مُفْسِدُونَ فِي ٱلْأَرْضِ فَهَلْ نَجْعَلُ لَكَ خَرْجًا عَلَىٰٓ أَن تَجْعَلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمْ سَدࣰّا

Олар: «Уа, Зұлқарнайн! Шүбәсіз, Яжүж бен Мәжүж бұл жерде үнемі лаң салуда. Біз саған салық төлейік, оның есесіне біз бен олардың арасына асу бермес бөгет орнатып берсең қайтеді?» – деп өтініш айтты.

95

قَالَ مَا مَكَّنِّي فِيهِ رَبِّي خَيْرࣱ فَأَعِينُونِي بِقُوَّةٍ أَجْعَلْ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ رَدْمًا

Ол: «(Мен сендердің салықтарыңа мұқтаж емеспін). Раббымның маған нәсіп еткендері (билік, күш-қуат һәм мол байлық) сендердің маған төлейтін салықтарыңнан әлдеқайда қайырлы. Одан да сендер маған жұмыс күшімен жәрдем беріңдер, сендер мен олардың арасына асу бермес алып бөгет тұрғызып берейін», – деді де оларға:

96

ءَاتُونِي زُبَرَ ٱلْحَدِيدِۖ حَتَّىٰٓ إِذَا سَاوَىٰ بَيْنَ ٱلصَّدَفَيْنِ قَالَ ٱنفُخُوا۟ۖ حَتَّىٰٓ إِذَا جَعَلَهُۥ نَارࣰا قَالَ ءَاتُونِيٓ أُفْرِغْ عَلَيْهِ قِطْرࣰا

«Маған темір-терсек жинап әкеліңдер», – деп бұйырды. Сөйтіп ол екі таудың арасын шыңдарына жеткенше темір-терсекпен толтырды да: «Ал енді от жағып, көрік басыңдар», – деп бұйырды. Содан тау болып үйілген темір әбден қызғанда: «Ал енді маған балқыған мыс әкеліңдер мына қызған темірдің үстіне құяйын», – деп пәрмен қылды.

97

فَمَا ٱسْطَٰعُوٓا۟ أَن يَظْهَرُوهُ وَمَا ٱسْتَطَٰعُوا۟ لَهُۥ نَقْبࣰا

Сөйтіп, Яжүж бен Мәжүж ол бөгеттен асып өте де, оны тесіп шыға да алмады.

98

قَالَ هَٰذَا رَحْمَةࣱ مِّن رَّبِّيۖ فَإِذَا جَآءَ وَعْدُ رَبِّي جَعَلَهُۥ دَكَّآءَۖ وَكَانَ وَعْدُ رَبِّي حَقࣰّا

Зұлқарнайн (бөгетті тұрғызып болғаннан кейін): «Бұл Раббымның рақымы, (бізге деген) жақсылығы. Ал енді Раббым уәде еткен уақыт келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі хақ (міндетті түрде орындалады)», – деп айтты.

99

۞وَتَرَكْنَا بَعْضَهُمْ يَوْمَئِذࣲ يَمُوجُ فِي بَعْضࣲۖ وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَجَمَعْنَٰهُمْ جَمْعࣰا

Біз ол (қиямет) күні адамдарды теңіздің толқындары ұқсап бір-бірімен соқтығысып, абыр-сабыр болатын әбігер күйге түсіреміз. Сур (Исрафил періштенің сырнайы) да үрленеді. Сөйтіп, олардың барлығын бір жерге жинаймыз.

100

وَعَرَضْنَا جَهَنَّمَ يَوْمَئِذࣲ لِّلْكَٰفِرِينَ عَرْضًا

Сол күні жан түршігерлік жаһаннамды кәпірлердің көздерінің алдына келтіреміз (яғни, кәпірлерге анық көрсетеміз).

101

ٱلَّذِينَ كَانَتْ أَعْيُنُهُمْ فِي غِطَآءٍ عَن ذِكْرِي وَكَانُوا۟ لَا يَسْتَطِيعُونَ سَمْعًا

(Дүниеде) ол кәпірлердің көздері Мені еске түсіретін аяттарға келгенде перделі еді. Сондай-ақ олар (Менің сөздеріме) құлақ асып тыңдай да алмайтын (яғни, тыңдағылары да келмейтін) еді.

102

أَفَحَسِبَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَن يَتَّخِذُوا۟ عِبَادِي مِن دُونِيٓ أَوْلِيَآءَۚ إِنَّآ أَعْتَدْنَا جَهَنَّمَ لِلْكَٰفِرِينَ نُزُلࣰا

Сонда күпірлік қылғандар Мені былай қойып, бірқатар құлдарымды өздерін қолдап, қорғайтын ие тұтуға болады екен деп ойлай ма? Біз шүбәсіз, жаһаннамды (солай ойлайтын) кәпірлер үшін қонақжай етіп әзірледік.

103

قُلْ هَلْ نُنَبِّئُكُم بِٱلْأَخْسَرِينَ أَعْمَٰلًا

(Уа, Мұхаммед!) «Сендерге кімдердің еңбегі ең көп зая болатынын айтып берейік пе?» – дегін.

104

ٱلَّذِينَ ضَلَّ سَعْيُهُمْ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَهُمْ يَحْسَبُونَ أَنَّهُمْ يُحْسِنُونَ صُنْعًا

«Олар (дүниедегі тіршіліктен басқа тіршілік жоқ деп ойлайтын және) дүниедегі еңбегінің (игі істерінің) бәрі (ақирет тұрғысынан) зая болған һәм соған қарамастан өздерін керемет істер тындырып жүрміз деп ойлайтындар».

105

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمْ وَلِقَآئِهِۦ فَحَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ فَلَا نُقِيمُ لَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَزْنࣰا

Олар Раббыларының (Кітаптағы, болмыстағы және өмірдегі) барлық аяттарын һәм күндердің күнінде Оған қауышатындықтарын мойындама-ғандар, сондықтан да еңбектері (барлық игі істері) еш кетті. (Сөйтіп, олардың бірде-бір сауапты ісі болмайтындықтан) қиямет күні олар үшін Таразы да құрмаймыз.

106

ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُمْ جَهَنَّمُ بِمَا كَفَرُوا۟ وَٱتَّخَذُوٓا۟ ءَايَٰتِي وَرُسُلِي هُزُوًا

Күпірлік қылғандықтары, онымен қоймай, аяттарым мен пайғамбарларымды мазақ еткендіктері үшін олардың жазасы – жаһаннам.

107

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ كَانَتْ لَهُمْ جَنَّٰتُ ٱلْفِرْدَوْسِ نُزُلًا

Ал иман келтіріп, игі істер істегендерге келсек, олардың қонақжайы Фирдәус атты жаннат бақшалары болады.

108

خَٰلِدِينَ فِيهَا لَا يَبْغُونَ عَنْهَا حِوَلࣰا

Олар онда мәңгі бақи мекендейді һәм ол жерден (еш жалықпайтындықтан) басқа жаққа кетуді де қаламайды.

109

قُل لَّوْ كَانَ ٱلْبَحْرُ مِدَادࣰا لِّكَلِمَٰتِ رَبِّي لَنَفِدَ ٱلْبَحْرُ قَبْلَ أَن تَنفَدَ كَلِمَٰتُ رَبِّي وَلَوْ جِئْنَا بِمِثْلِهِۦ مَدَدࣰا

(Уа, Мұхаммед!) «Егер Раббымның сөздерін жазу үшін теңіз суы сия болса, тіпті, оған тағы сондай бір теңізді қоссақ та Раббыңның сөздері аяқталмай тұрып, теңіз суы таусылып қалар еді».

110

قُلْ إِنَّمَآ أَنَا۠ بَشَرࣱ مِّثْلُكُمْ يُوحَىٰٓ إِلَيَّ أَنَّمَآ إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱۖ فَمَن كَانَ يَرْجُوا۟ لِقَآءَ رَبِّهِۦ فَلْيَعْمَلْ عَمَلࣰا صَٰلِحࣰا وَلَا يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِۦٓ أَحَدَۢا

«Мен де сендер сияқты адам баласымын, (менің сендерден бір ғана айырмашылығым) маған: «Құдайларың – жалғыз Құдай», – деген уахи келеді. Ендеше, кімде-кім Раббысымен қауышуды үміт етіп, қаласа, игі істер істесін һәм Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді (және еш нәрсені) серік етіп қоспасын», – деп айт.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play