بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
سُبْحَٰنَ ٱلَّذِيٓ أَسْرَىٰ بِعَبْدِهِۦ لَيْلࣰا مِّنَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ إِلَى ٱلْمَسْجِدِ ٱلْأَقْصَا ٱلَّذِي بَٰرَكْنَا حَوْلَهُۥ لِنُرِيَهُۥ مِنْ ءَايَٰتِنَآۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْبَصِيرُ
Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші).
وَءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ وَجَعَلْنَٰهُ هُدࣰى لِّبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ أَلَّا تَتَّخِذُوا۟ مِن دُونِي وَكِيلࣰا
Мұсаға да Кітап (Тәуратты) бердік һәм оны Исрайыл ұрпақтарына тура жолға бастайтын жолбасшы еттік. Сол арқылы олардан: «Менен өзге ешкімді сенім артар кепіл, арқа сүйер ие тұтпаңдар!» – деп талап еттік.
ذُرِّيَّةَ مَنْ حَمَلْنَا مَعَ نُوحٍۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَبْدࣰا شَكُورࣰا
Уа, Нұхпен бірге кемеге мінгізіп, алапат апаттан құтқарған мүмін құлдарымыздың ұрпақтары! Нұх расында да (Раббысына) өте көп шүкіршілік ететін құл еді.
وَقَضَيْنَآ إِلَىٰ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ فِي ٱلْكِتَٰبِ لَتُفْسِدُنَّ فِي ٱلْأَرْضِ مَرَّتَيْنِ وَلَتَعْلُنَّ عُلُوࣰّا كَبِيرࣰا
Біз (қанша жерден ескерту жасасақ та, Тәураттағы үкімдерге бағынбай күпірлік қылғаны үшін) Кітапта Исрайыл ұрпақтарына қатысты «Сендер жер бетінде екі рет лаң салып, бүлік шығарасыңдар һәм астамшылдыққа (тәкаппарлыққа) бой алдырып асқақтаған үстіне асқақтай түсесіңдер» деген үкім шығардық.
فَإِذَا جَآءَ وَعْدُ أُولَىٰهُمَا بَعَثْنَا عَلَيْكُمْ عِبَادࣰا لَّنَآ أُو۟لِي بَأْسࣲ شَدِيدࣲ فَجَاسُوا۟ خِلَٰلَ ٱلدِّيَارِۚ وَكَانَ وَعْدࣰا مَّفْعُولࣰا
Сөйтіп алғашқы лаңдарың мен астамдықтарыңның қарымын қайтаратын уақыт келгенде сендерге қарсы арыны күшті адуынды құлдарымызды аттандырдық. Олар біріңді қалдырмай құрту үшін ауыл-аймақтарыңды түгел жайпап, тіпті үйлеріңе дейін баса-көктеп кіріп, қуыс-қуыстың бәрін тінтіп шықты. Бұл орындалуы тиіс, тіпті орындалған уағда, әрі кесімді үкім еді.
ثُمَّ رَدَدْنَا لَكُمُ ٱلْكَرَّةَ عَلَيْهِمْ وَأَمْدَدْنَٰكُم بِأَمْوَٰلࣲ وَبَنِينَ وَجَعَلْنَٰكُمْ أَكْثَرَ نَفِيرًا
Содан біраз уақыт өткеннен кейін сендерге басқыншыларға қарсы тұрар күш беріп, жеңіске жеткіздік. Сөйтіп, сендерге мол байлық және көп үрім-бұтақ нәсіп ету арқылы қолдау көрсеттік. Қараларыңды бұрынғыдан әлдеқайда көбейттік.
إِنْ أَحْسَنتُمْ أَحْسَنتُمْ لِأَنفُسِكُمْۖ وَإِنْ أَسَأْتُمْ فَلَهَاۚ فَإِذَا جَآءَ وَعْدُ ٱلْـَٔاخِرَةِ لِيَسُ͏ࣳٓـُٔوا۟ وُجُوهَكُمْ وَلِيَدْخُلُوا۟ ٱلْمَسْجِدَ كَمَا دَخَلُوهُ أَوَّلَ مَرَّةࣲ وَلِيُتَبِّرُوا۟ مَا عَلَوْا۟ تَتْبِيرًا
Ал енді бұдан былай, Алланың өздеріңді үнемі көріп тұратынын жадында ұстап, тек игі істер істесеңдер, өздерің үшін жақсылық істегендерің, керісінше, жамандық атаулыға бой алдырсаңдар, оны да өздеріңе істеген боласыңдар. Ал енді ақырғы лаңдарың мен астамдықтарыңның қарымын қайтаратын уақыт келгенде, сендерді барынша қор қылсын, алғашқы басқыншылар сияқты қасиетті Мешітке баса-көктеп кірсін һәм басып алған жерлерінің тас-талқанын шығарсын деп, тағы да арыны күшті азулы құлдарымызды аттандырамыз.
عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَن يَرْحَمَكُمْۚ وَإِنْ عُدتُّمْ عُدْنَاۚ وَجَعَلْنَا جَهَنَّمَ لِلْكَٰفِرِينَ حَصِيرًا
Бәлкім, (тәубеге келерсіңдер, сөйтіп) Раббыларың сендерді мейіріміне бөлер. Ал егер қайтадан (лаң салып, астамдыққа бой алдырып) бұрынғы әдеттеріңе бассаңдар, Біз де сендерді (жазалауды) қайта қолға аламыз. Біз жаһаннамды кәпірлер үшін (ішінен шығу мүмкін емес) зындан қылдық.
إِنَّ هَٰذَا ٱلْقُرْءَانَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ ٱلْمُؤْمِنِينَ ٱلَّذِينَ يَعْمَلُونَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرࣰا كَبِيرࣰا
Шүбәсіз, бұл Құран ең дұрыс, ең сенімді жолға бастайды һәм үнемі орынды да игі істер істейтін мүміндерге (алдағы уақытта) еншілеріне тиетін үлкен сый-сияпат бар екендігін айтып, сүйіншілейді.
وَأَنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ أَعْتَدْنَا لَهُمْ عَذَابًا أَلِيمࣰا
Ал ақиретке сенбейтіндерге олар үшін жан төзгісіз азап әзірлегенімізді айтып жеткізеді.
وَيَدْعُ ٱلْإِنسَٰنُ بِٱلشَّرِّ دُعَآءَهُۥ بِٱلْخَيْرِۖ وَكَانَ ٱلْإِنسَٰنُ عَجُولࣰا
Адам баласы кейде жамандықты тура (бейне бір) жақсылықты тілегендей тілейді. Расында, адам баласы (алды-артын аңдамайтын) тым алып-ұшпа (сабырсыз)!
وَجَعَلْنَا ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ ءَايَتَيْنِۖ فَمَحَوْنَآ ءَايَةَ ٱلَّيْلِ وَجَعَلْنَآ ءَايَةَ ٱلنَّهَارِ مُبْصِرَةࣰ لِّتَبْتَغُوا۟ فَضْلࣰا مِّن رَّبِّكُمْ وَلِتَعْلَمُوا۟ عَدَدَ ٱلسِّنِينَ وَٱلْحِسَابَۚ وَكُلَّ شَيْءࣲ فَصَّلْنَٰهُ تَفْصِيلࣰا
Біз түн мен күндізді (құдіретіміздің, іліміміздің, билігіміз бен нығметіміздің шексіздігін көрсететін) қос белгі, қос дәлел қылдық (әрі екеуі үшін бір-бір белгіден жараттық). Содан Раббыларыңның өздеріңе берер нығметтерін (ризық-несібелеріңді) іздеп табуларың, әрі жылдардың саны мен уақыттың есебін біліп жүрулерің үшін түннің белгісі айдың жарығын өшіріп, орнына күндіздің белгісі күнді шуақ шашқан жарық еттік. Міне, осылайша барлық нәрсені орын-орнына қойып, жан-жақты ашып түсіндірдік.
وَكُلَّ إِنسَٰنٍ أَلْزَمْنَٰهُ طَٰٓئِرَهُۥ فِي عُنُقِهِۦۖ وَنُخْرِجُ لَهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ كِتَٰبࣰا يَلْقَىٰهُ مَنشُورًا
Біз әр адамның пешенесіне жазылған жақсы, жаман барлық істерін өзінің мойнына артып қойдық. Қиямет күні оның алдынан айқара ашылған бір кітап шығарамыз.
ٱقْرَأْ كِتَٰبَكَ كَفَىٰ بِنَفْسِكَ ٱلْيَوْمَ عَلَيْكَ حَسِيبࣰا
Сөйтіп, оған: «Кітабыңды оқы! Бүгін жауапқа тартушы ретінде өз-өзіңе жеткіліктісің», – дейміз.
مَّنِ ٱهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَاۚ وَلَا تَزِرُ وَازِرَةࣱ وِزْرَ أُخْرَىٰۗ وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّىٰ نَبْعَثَ رَسُولࣰا
Кімде-кім хақ дінді таңдап, тура жолға түссе, сөзсіз өз пайдасы үшін тура жолға түскені. Ал кім адасса, өзінің зиянына (маңдайының сорына) адасады. Біреудің күнәсін басқа біреу арқаламайды. Біреу үшін біреу жауапқа тартылмайды. Біз алдын-ала (ескертуші) пайғамбар жіберместен (күнәға батқаны үшін ешкімді және ешбір қауымды) азаптамаймыз.
وَإِذَآ أَرَدْنَآ أَن نُّهْلِكَ قَرْيَةً أَمَرْنَا مُتْرَفِيهَا فَفَسَقُوا۟ فِيهَا فَحَقَّ عَلَيْهَا ٱلْقَوْلُ فَدَمَّرْنَٰهَا تَدْمِيرࣰا
Біз қандай да бір елді мекенді жермен-жексен етуді қалағанымызда, алдымен (пайғамбар жіберіп) ол жердің сән-салтанат пен молшылықта өмір сүріп үйренген мықтыларына (Аллаға мойынсұнуды, жақсылық жасауды) бұйырамыз. Олар болса, (бұйрығымызға құлақ аспай) одан сайын желігіп, күнәға батқан үстіне бата түседі. Нәтижеде, ол елге лайықты жаза кесіледі де, Біз ол жерді жермен-жексен етеміз.
وَكَمْ أَهْلَكْنَا مِنَ ٱلْقُرُونِ مِنۢ بَعْدِ نُوحࣲۗ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ بِذُنُوبِ عِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرࣰا
Сондай-ақ Нұхтан кейін де дәл осылай қаншама қауымды жойып жібердік. Құлдарының күнәларын Раббыңның көріп білгені әбден жеткілікті.
مَّن كَانَ يُرِيدُ ٱلْعَاجِلَةَ عَجَّلْنَا لَهُۥ فِيهَا مَا نَشَآءُ لِمَن نُّرِيدُ ثُمَّ جَعَلْنَا لَهُۥ جَهَنَّمَ يَصْلَىٰهَا مَذْمُومࣰا مَّدْحُورࣰا
Кімде-кім ақиретті керек қылмай, тек қана осы дүниенің қызығын көруді қаласа, Біз бұл жалғанда қалаған құлымызға дүниенің қызығын қалағанымызша көрсетеміз. Алайда содан кейін жаһаннамды оның (ақиреттегі) тұрағы қыламыз. Сөйтіп, ол айыбы бетіне басылып жазғырылған һәм аласталған күйде жан төзгісіз азап тарту үшін тозаққа тасталады.
وَمَنْ أَرَادَ ٱلْـَٔاخِرَةَ وَسَعَىٰ لَهَا سَعْيَهَا وَهُوَ مُؤْمِنࣱ فَأُو۟لَٰٓئِكَ كَانَ سَعْيُهُم مَّشْكُورࣰا
Ал кімде-кім ақиретті қалап, мүмін ретінде сол үшін құлшына еңбек етсе, міне, осындай жандардың еңбегі міндетті түрде ақталады.
كُلࣰّا نُّمِدُّ هَٰٓؤُلَآءِ وَهَٰٓؤُلَآءِ مِنْ عَطَآءِ رَبِّكَۚ وَمَا كَانَ عَطَآءُ رَبِّكَ مَحْظُورًا
Біз бұл жалғанда барлығына, яғни, тек дүниені қалайтындарға да, ақиретті қалайтындарға да Раббыңның нығметінен (сыйынан) береміз. Раббыңның нығметі (сыйы, адам баласы үшін) еш уақытта қол жеткізгісіз болған емес.
ٱنظُرْ كَيْفَ فَضَّلْنَا بَعْضَهُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲۚ وَلَلْـَٔاخِرَةُ أَكْبَرُ دَرَجَٰتࣲ وَأَكْبَرُ تَفْضِيلࣰا
Бұл дүниеде олардың бір бөлігін енді бір бөлігінен (байлық, атақ-абырой, күш-қуат әрі денсаулық тұрғысынан) қалай һәм неліктен үстем қылғанымызға зер сал! Ал ақирет мекеніне келсек, ондағы дәрежелер тұрғысынан әлдеқайда биік, үстемдік пен абырой жағынан да анағұрлым жоғары тұрады!
لَّا تَجْعَلْ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَقْعُدَ مَذْمُومࣰا مَّخْذُولࣰا
Алламен қатар әлдекімді немесе әлденені құдай тұтпа! Әйтпесе, айыбың бетіңе басылып, жазғырылып, қолдаусыз әрі жападан жалғыз қалған күйде омаласың да қаласың.
۞وَقَضَىٰ رَبُّكَ أَلَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّآ إِيَّاهُ وَبِٱلْوَٰلِدَيْنِ إِحْسَٰنًاۚ إِمَّا يَبْلُغَنَّ عِندَكَ ٱلْكِبَرَ أَحَدُهُمَآ أَوْ كِلَاهُمَا فَلَا تَقُل لَّهُمَآ أُفࣲّ وَلَا تَنْهَرْهُمَا وَقُل لَّهُمَا قَوْلࣰا كَرِيمࣰا
Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып немесе жақтырмаған сыңай танытып) тіпті «Түу!» деп те кеюші болма, сондай-ақ оларға зекіп ұрыспа! Керісінше, оларға жанға жағымды жылы сөз айт!
وَٱخْفِضْ لَهُمَا جَنَاحَ ٱلذُّلِّ مِنَ ٱلرَّحْمَةِ وَقُل رَّبِّ ٱرْحَمْهُمَا كَمَا رَبَّيَانِي صَغِيرࣰا
Олардың алдында барынша мейірімді, мейілінше кішіпейіл әрі тіл алғыш бол! Һәм олар үшін: «Уа, Раббым! Олар мені бала күнімде қалай мәпелеп өсірген болса, Сен де оларды дәл солай мейіріміңе бөлей көр!» – деп дұға ет.
رَّبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَا فِي نُفُوسِكُمْۚ إِن تَكُونُوا۟ صَٰلِحِينَ فَإِنَّهُۥ كَانَ لِلْأَوَّٰبِينَ غَفُورࣰا
Қалай болғанда да Раббыларың (ата-аналарыңа немесе басқа да мәселелерге деген) көңілдеріңдегі ойларыңды, түпкі ниеттеріңді жақсы біледі. Егер сендер шынымен де (Аллаға, ата-аналарыңа деген ниеттерің таза, көңілдерің пәк) ізгі жандар болсаңдар, Алла (ата-анасына немесе басқа да мәселелерге қатысты біліп-білмей) істеген күнә-қателіктері үшін өкініш білдіріп, шынайы түрде тәубе етіп, Өзіне үнемі бет бұратын құлдарына өте кешірімді.
وَءَاتِ ذَا ٱلْقُرْبَىٰ حَقَّهُۥ وَٱلْمِسْكِينَ وَٱبْنَ ٱلسَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرْ تَبْذِيرًا
Жақын туысқа, пақыр-міскінге һәм жолда қалған жолаушыға тиісті жақсылығыңды жаса! Мал-дүниеңді орынсыз шашып-төгіп, ысырап қылма!
إِنَّ ٱلْمُبَذِّرِينَ كَانُوٓا۟ إِخْوَٰنَ ٱلشَّيَٰطِينِۖ وَكَانَ ٱلشَّيْطَٰنُ لِرَبِّهِۦ كَفُورࣰا
Шүбәсіз, ысырапқорлар шайтандарға бауыр. Ал шайтан болса, Раббысына рақметі жоқ, малғұн!
وَإِمَّا تُعْرِضَنَّ عَنْهُمُ ٱبْتِغَآءَ رَحْمَةࣲ مِّن رَّبِّكَ تَرْجُوهَا فَقُل لَّهُمْ قَوْلࣰا مَّيْسُورࣰا
Ал егер өзің мұқтаж болып, Раббыңнан өзің де рақым (яғни, ризық-несібе) тілейтін жағдайда болсаң, оларға қарасатын шамаң болмаса, тым құрығанда, олардың көңілін аулайтын жылы сөз айт!
وَلَا تَجْعَلْ يَدَكَ مَغْلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبْسُطْهَا كُلَّ ٱلْبَسْطِ فَتَقْعُدَ مَلُومࣰا مَّحْسُورًا
Қолың тым тар да, тым ашық та болмасын (яғни, шектен шыққан сараң да, ысырапқор да болма). Әйтпесе, жүрген жеріңде жазғыруға толы сөз еститін, әрі қолыңдағы барыңнан айырылып, қасірет шегетін күйге түсесің.
إِنَّ رَبَّكَ يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرࣰا
Расында, Раббың (белгілі хикметтерге байланысты әрі дүние сынақ мекені болғандықтан) қалағанына ризық-несібені молынан береді, қалағанына аз әрі өлшеп береді. Ол құлдарының барлық хал-жағдайынан толық хабардар, олардың жай-күйін анық көруде.
وَلَا تَقْتُلُوٓا۟ أَوْلَٰدَكُمْ خَشْيَةَ إِمْلَٰقࣲۖ نَّحْنُ نَرْزُقُهُمْ وَإِيَّاكُمْۚ إِنَّ قَتْلَهُمْ كَانَ خِطْـࣰٔا كَبِيرࣰا
(Уа, адамдар!) Кедейліктен қорқып, бауыр еті балаларыңды өлтірмеңдер. Оларға да, сендерге де ризық-несібені Біз береміз. Оларды өлтіру расында да үлкен күнә.
وَلَا تَقْرَبُوا۟ ٱلزِّنَىٰٓۖ إِنَّهُۥ كَانَ فَٰحِشَةࣰ وَسَآءَ سَبِيلࣰا
Зинаға, тіпті жоламаңдар! Өйткені ол – барып тұрған азғындық, (кісіні тозаққа сүйрейтін) жаман жол!
وَلَا تَقْتُلُوا۟ ٱلنَّفْسَ ٱلَّتِي حَرَّمَ ٱللَّهُ إِلَّا بِٱلْحَقِّۗ وَمَن قُتِلَ مَظْلُومࣰا فَقَدْ جَعَلْنَا لِوَلِيِّهِۦ سُلْطَٰنࣰا فَلَا يُسْرِف فِّي ٱلْقَتْلِۖ إِنَّهُۥ كَانَ مَنصُورࣰا
Алла тағала ардақтаған тірі жанды нақақтан-нақақ өлтірмеңдер! Кімде-кім жазықсыздан-жазықсыз өлтірілсе, оның мұрагеріне (қысас жазасын қолданып, қолданбау немесе құнын сұрау сынды) тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға толық өкілеттілік бердік. Ендеше, мұрагер қысас жазасын қолдануды ұйғарса, қысас жасағанда шектен шықпауы керек. Өйткені оған (шариғат тұрғысынан) онсыз да тиісті қолдау көрсетілді.
وَلَا تَقْرَبُوا۟ مَالَ ٱلْيَتِيمِ إِلَّا بِٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّىٰ يَبْلُغَ أَشُدَّهُۥۚ وَأَوْفُوا۟ بِٱلْعَهْدِۖ إِنَّ ٱلْعَهْدَ كَانَ مَسْـُٔولࣰا
Жетімнің мал-мүлкіне кәмелетке толғанға дейін (сақтау, көбейту немесе сол баланы жан-жақты жетілдіру үшін жұмсау сияқты) жақсы ниетпен болмаса, мүлдем жоламаңдар. Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар!
وَأَوْفُوا۟ ٱلْكَيْلَ إِذَا كِلْتُمْ وَزِنُوا۟ بِٱلْقِسْطَاسِ ٱلْمُسْتَقِيمِۚ ذَٰلِكَ خَيْرࣱ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلࣰا
Өлшегенде дұрыс өлшеңдер, дәл өлшейтін таразымен тартыңдар. Осылай істегендерің әлдеқайда қайырлы һәм ақыры да жақсы.
وَلَا تَقْفُ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمٌۚ إِنَّ ٱلسَّمْعَ وَٱلْبَصَرَ وَٱلْفُؤَادَ كُلُّ أُو۟لَٰٓئِكَ كَانَ عَنْهُ مَسْـُٔولࣰا
Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни, білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа)! Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады.
وَلَا تَمْشِ فِي ٱلْأَرْضِ مَرَحًاۖ إِنَّكَ لَن تَخْرِقَ ٱلْأَرْضَ وَلَن تَبْلُغَ ٱلْجِبَالَ طُولࣰا
Сондай-ақ жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң да күш-қуатың, білімің және қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір, жерді жара алмайсың, тауларменен де бой теңестіре алмайсың!
كُلُّ ذَٰلِكَ كَانَ سَيِّئُهُۥ عِندَ رَبِّكَ مَكْرُوهࣰا
Осындай тыйым салынған жаман істердің барлығы Раббыңның алдында (немесе Раббыңа ұнамайтын) жағымсыз жат қылықтар болып табылады.
ذَٰلِكَ مِمَّآ أَوْحَىٰٓ إِلَيْكَ رَبُّكَ مِنَ ٱلْحِكْمَةِۗ وَلَا تَجْعَلْ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتُلْقَىٰ فِي جَهَنَّمَ مَلُومࣰا مَّدْحُورًا
Міне, осынау ақиқаттар – Раббыңның саған уахи еткен хикметтерінің бір бөлігі. Ендеше, Алламен қатар әлдекімді немесе әлденені құдай тұтушы болма. Әйтпесе, айыбың бетіңе басылып жазғырылған һәм аласталған күйде тозаққа тасталасың.
أَفَأَصْفَىٰكُمْ رَبُّكُم بِٱلْبَنِينَ وَٱتَّخَذَ مِنَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةِ إِنَٰثًاۚ إِنَّكُمْ لَتَقُولُونَ قَوْلًا عَظِيمࣰا
(Ол мүшріктер періштелерді Алланың қыздары, дейді). Демек, Алла сендерге ұл балаларды беріп, Өзіне періштелерді қыз қылып алғаны ма? Расында, сендер (күнәсі) өте үлкен сөз айтудасыңдар.
وَلَقَدْ صَرَّفْنَا فِي هَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لِيَذَّكَّرُوا۟ وَمَا يَزِيدُهُمْ إِلَّا نُفُورࣰا
Біз адам баласы ойлансын, ғибрат алсын деп осынау қасиетті Құранда ақиқаттарды барлық қырынан, әртүрлі жолдармен жан-жақты түсіндірдік. Алайда өкінішке қарай, осынау ақиқаттар ол мүшріктерді одан сайын бездіруде, тура жолдан одан әрмен алшақтата түсуде.
قُل لَّوْ كَانَ مَعَهُۥٓ ءَالِهَةࣱ كَمَا يَقُولُونَ إِذࣰا لَّٱبْتَغَوْا۟ إِلَىٰ ذِي ٱلْعَرْشِ سَبِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) «Егер ол мүшріктердің айтқанындай Алладан басқа да құдайлар бар болғанда, олардың барлығы қалайда Аршқа иелік етудің (яғни, Алладан асып түсіп, күллі болмысқа билік жүргізудің) жолын іздер еді», – деп айт.
سُبْحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يَقُولُونَ عُلُوࣰّا كَبِيرࣰا
Алла ол мүшріктердің айтқандарынан мүлдем ада, сондай-ақ өте асқақ әрі ұлы.
تُسَبِّحُ لَهُ ٱلسَّمَٰوَٰتُ ٱلسَّبْعُ وَٱلْأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّۚ وَإِن مِّن شَيْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِۦ وَلَٰكِن لَّا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْۚ إِنَّهُۥ كَانَ حَلِيمًا غَفُورࣰا
Жеті қабат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс атаулы Алланы кемшілік атаулыдан пәктейді әрі ұлықтайды. Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ. Алайда сендер олардың айтқан мадағы мен ұлықтауын түсіне алмайсыңдар. Ол (сондай ұлы әрі үстем болғанымен, ауыр күнә жасаған құлдарының өзін бірден жазаламайтын) өте сабырлы, аса кешірімді.
وَإِذَا قَرَأْتَ ٱلْقُرْءَانَ جَعَلْنَا بَيْنَكَ وَبَيْنَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ حِجَابࣰا مَّسْتُورࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Сен Құран оқығаныңда (және Құран арқылы ақиқатты жар салғаныңда) Біз сені мен ақиретке сенбеуге тастай бекінгендердің арасына көрінбейтін перде тартып қоямыз.
وَجَعَلْنَا عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ أَكِنَّةً أَن يَفْقَهُوهُ وَفِيٓ ءَاذَانِهِمْ وَقْرࣰاۚ وَإِذَا ذَكَرْتَ رَبَّكَ فِي ٱلْقُرْءَانِ وَحْدَهُۥ وَلَّوْا۟ عَلَىٰٓ أَدْبَٰرِهِمْ نُفُورࣰا
Біз олардың жүрегін (күпірлікте қасарысқаны үшін) Құранды түсіне алмайтындай етіп тұмшалап тастадық әрі құлақтарын саңырау етіп қойдық. Сондықтан сен Құран оқыған кезде, Раббыңды жалғыз құдай ретінде ауызға алғаныңда, олар жақтырмаған сыңай танытып, сырт айналып, безіп кетеді.
نَّحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَسْتَمِعُونَ بِهِۦٓ إِذْ يَسْتَمِعُونَ إِلَيْكَ وَإِذْ هُمْ نَجْوَىٰٓ إِذْ يَقُولُ ٱلظَّٰلِمُونَ إِن تَتَّبِعُونَ إِلَّا رَجُلࣰا مَّسْحُورًا
Біз олардың сенің Құран оқығаныңды қалай әрі қандай мақсатпен тыңдайтынын һәм күпірлікте алдына жан салмайтын залымдардың тасада тұрып, өзгелерге: «Сендер бар болғаны, басы дуаланған кісінің соңынан еріп жүрсіңдер!» – деп сыбырлағандарын да жақсы білеміз.
ٱنظُرْ كَيْفَ ضَرَبُوا۟ لَكَ ٱلْأَمْثَالَ فَضَلُّوا۟ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ سَبِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Қарашы! Олар сені кімге теңемеді (сені біресе ақын, біресе сиқыршы, кейде басы дуаланған, кейде есі ауысқан, кейде бақсы-балгер дейді), сөйтіп жүріп мықтап адасқандары соншалық – өздерін ақиқатқа жеткізетін тура жолды таба алмайтын күйге түсті.
وَقَالُوٓا۟ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمࣰا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبْعُوثُونَ خَلْقࣰا جَدِيدࣰا
Сондай-ақ олар (ақиретті жоққа шығарудың дәлелі ретінде): «Сонда біз қуарған сүйекке айналып әрі күл болып топыраққа араласқаннан кейін қайтадан тірілтіліп, жаңадан жаратыламыз ба?» – деп айтады.
۞قُلْ كُونُوا۟ حِجَارَةً أَوْ حَدِيدًا
Оларға: «(Шірімек түгіл), тасқа немесе темірге айналыңдар....».
أَوْ خَلْقࣰا مِّمَّا يَكْبُرُ فِي صُدُورِكُمْۚ فَسَيَقُولُونَ مَن يُعِيدُنَاۖ قُلِ ٱلَّذِي فَطَرَكُمْ أَوَّلَ مَرَّةࣲۚ فَسَيُنْغِضُونَ إِلَيْكَ رُءُوسَهُمْ وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هُوَۖ قُلْ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ قَرِيبࣰا
«Я болмаса, қайтадан жаратылуы ақылдарыңа сыймайтын басқа бір жаратылысқа (нәрсеге) айналып кетіңдер, (яғни неге айналсаңдар оған айналыңдар, бәрібір қайтадан тірілтілесіңдер)!» – деп айт. Сонда олар: «Жарайды делік, сонда бізді қайтадан тірілтетін кім?» – дейді. Оларға: «Сендерді әу баста кім жаратса, Сол тірілтеді!» – деп айт. Бұл жолы олар таңырқағандай болып, әрі сені мазақ қыла бастарын шұлғып: «Ал жарайды, сонда ол қашан?» – деп сұрайды. Оларға: «Бәлкім, (өліп, қайта тірілетін уақыттарың) таяп та қалған шығар!» – деп айт.
يَوْمَ يَدْعُوكُمْ فَتَسْتَجِيبُونَ بِحَمْدِهِۦ وَتَظُنُّونَ إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا قَلِيلࣰا
Ол сендерді (қабірде жатқандарыңда) шақырған күні Оған мадақ айта отырып, бірден құзырына баратын боласыңдар. Сонда сендер (қабірлеріңде) аз-ақ уақыт жатқан (немесе дүниеде аз ғана уақыт өмір сүрген) екенбіз деп ойлап қаласыңдар.
وَقُل لِّعِبَادِي يَقُولُوا۟ ٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ يَنزَغُ بَيْنَهُمْۚ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ كَانَ لِلْإِنسَٰنِ عَدُوࣰّا مُّبِينࣰا
(Уа, Мұхаммед!) «Құлдарыма (өзара тілдескенде де, қарсыластарымен жауаптасса да) «әрдайым сөздің ең жақсысын айтып, өте сыпайы сөйлессін» де. Өйткені шайтан қашанда олардың арасына жік салуға тырысады. Шүбәсіз, шайтан – адамға анық дұшпан.
رَّبُّكُمْ أَعْلَمُ بِكُمْۖ إِن يَشَأْ يَرْحَمْكُمْ أَوْ إِن يَشَأْ يُعَذِّبْكُمْۚ وَمَآ أَرْسَلْنَٰكَ عَلَيْهِمْ وَكِيلࣰا
Раббыларың сендерді (ниет-пиғылдарыңды, не істеп, не қойып жүргендеріңді) өте жақсы біледі. Ол қаласа, сендерді мейіріміне бөлейді, қаласа, азаптайды. Сондай-ақ (уа, Мұхаммед), Біз сені оларды қадағалайтын және олар үшін жауап беретін кепіл етіп жібермедік.
وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِمَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۗ وَلَقَدْ فَضَّلْنَا بَعْضَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ عَلَىٰ بَعْضࣲۖ وَءَاتَيْنَا دَاوُۥدَ زَبُورࣰا
Раббың көктегілерді және жердегілерді өте жақсы біледі. Біз, расында, кейбір пайғамбарларды кейбіреуінен үстем қылдық. Соның ішінде, Дәуіт пайғамбарға Зәбурді бердік.
قُلِ ٱدْعُوا۟ ٱلَّذِينَ زَعَمْتُم مِّن دُونِهِۦ فَلَا يَمْلِكُونَ كَشْفَ ٱلضُّرِّ عَنكُمْ وَلَا تَحْوِيلًا
Мүшріктерге: «Алладан өзге құдай тұтқан (пұттарыңа, пірлеріңе, періштелер мен жындарға) қолдарыңнан келгенше жалынып жалбарыныңдар. Анығында, олар сендерді бастарыңа түскен қиыншылықтан құтқара да алмайды әрі оны жақсылыққа айналдыра да алмайды.
أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَىٰ رَبِّهِمُ ٱلْوَسِيلَةَ أَيُّهُمْ أَقْرَبُ وَيَرْجُونَ رَحْمَتَهُۥ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُۥٓۚ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحْذُورࣰا
Ол мүшріктердің (құдай тұтып) жалынып-жалбарынғандарының өздері де Раббыларына өзгелерден гөрі жақынырақ болудың жолын іздейді. Сондай-ақ Оның рақымынан үміт етеді әрі азабынан қорқады. Өйткені Раббыңның азабы, расында да, абайламасаң өте қорқынышты.
وَإِن مِّن قَرْيَةٍ إِلَّا نَحْنُ مُهْلِكُوهَا قَبْلَ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ أَوْ مُعَذِّبُوهَا عَذَابࣰا شَدِيدࣰاۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي ٱلْكِتَٰبِ مَسْطُورࣰا
Біз қиямет күніне дейін қанша елді мекенді халқының (зұлымдығы және күпірлігі себепті) жермен-жексен ететін немесе ауыр азапқа душар қылатын болсақ, соның бәрі де Кітапта (Ләухул-Махфузда әу бастан-ақ) жазулы.
وَمَا مَنَعَنَآ أَن نُّرْسِلَ بِٱلْـَٔايَٰتِ إِلَّآ أَن كَذَّبَ بِهَا ٱلْأَوَّلُونَۚ وَءَاتَيْنَا ثَمُودَ ٱلنَّاقَةَ مُبْصِرَةࣰ فَظَلَمُوا۟ بِهَاۚ وَمَا نُرْسِلُ بِٱلْـَٔايَٰتِ إِلَّا تَخْوِيفࣰا
Біздің Құрайыш мүшріктеріне қалаған мұғжизаларын жібермеуіміздің бірден-бір себебі, олардан бұрынғы кәпірлердің де өздеріне жіберілген мұғжизаларды мойындамағанында жатыр. Сәмуд қауымына көздерін ақиқатқа жеткізетіндей ап-анық мұғжиза ретінде сол бір аруананы берген едік, олар болса, оны өлтіріп, өз-өздеріне зұлымдық қылды. Әйтсе де, Біз осынау мұғжизаларды тек (осы дүниедегі немесе ақиреттегі азаппен) қорқытып, ескерту үшін ғана жібереміз.
وَإِذْ قُلْنَا لَكَ إِنَّ رَبَّكَ أَحَاطَ بِٱلنَّاسِۚ وَمَا جَعَلْنَا ٱلرُّءْيَا ٱلَّتِيٓ أَرَيْنَٰكَ إِلَّا فِتْنَةࣰ لِّلنَّاسِ وَٱلشَّجَرَةَ ٱلْمَلْعُونَةَ فِي ٱلْقُرْءَانِۚ وَنُخَوِّفُهُمْ فَمَا يَزِيدُهُمْ إِلَّا طُغْيَٰنࣰا كَبِيرࣰا
Кезінде саған: «Шүбәсіз, Раббың адамдарды (шексіз ілімі һәм құдіретімен) толық қамтыды (яғни, олардың барлық жай-күйін біліп тұрады һәм оларды толық меңгереді)», – деген едік. Анығында, Біз (миғраж түні) өзіңе көрсеткен ғаламат көріністі, сондай-ақ Құрандағы лағынеттелген ағашты адамдар үшін сынақ қылдық. Біз оларды қорқытып та, ескертіп те жатырмыз, алайда бұл оларды тек одан сайын азғындата түсуде.
وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلَٰٓئِكَةِ ٱسْجُدُوا۟ لِـَٔادَمَ فَسَجَدُوٓا۟ إِلَّآ إِبْلِيسَ قَالَ ءَأَسْجُدُ لِمَنْ خَلَقْتَ طِينࣰا
(Тәкаппарлану мен нәпсіге жеңілудің нәтижесінде адамдар мен жындардың күпірлікке қалай бой алдырғанын көру үшін), мына оқиғаны естеріңе алыңдар: кезінде періштелерге «Адамға сәжде етіңдер!» деп бұйырғанымызда, барлығы жаппай сәжде етті. Алайда Ібіліс (Раббысының оған да «сәжде ет» деп бұйырғанына қарамастан) сәжде етуден бас тартып: «Сонда, балшықтан жаратқаныңа сәжде етемін бе?»
قَالَ أَرَءَيْتَكَ هَٰذَا ٱلَّذِي كَرَّمْتَ عَلَيَّ لَئِنْ أَخَّرْتَنِ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْقِيَٰمَةِ لَأَحْتَنِكَنَّ ذُرِّيَّتَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلࣰا
«Мынаған қара! Менен де ардақты етіп жарат-қаның осы ма? Егер маған қиямет күніне дейін мұрсат берсең, оның ұрпағының басым көпшілігін өзіме бағындырып аламын!» – деген еді.
قَالَ ٱذْهَبْ فَمَن تَبِعَكَ مِنْهُمْ فَإِنَّ جَهَنَّمَ جَزَآؤُكُمْ جَزَآءࣰ مَّوْفُورࣰا
Алла оған: «Кет, ендеше! Олардың арасынан кімде-кім саған ерсе, жазаларың расында да жаһаннам болады. Жаза болғанда да жетіп артылатын жаза!»
وَٱسْتَفْزِزْ مَنِ ٱسْتَطَعْتَ مِنْهُم بِصَوْتِكَ وَأَجْلِبْ عَلَيْهِم بِخَيْلِكَ وَرَجِلِكَ وَشَارِكْهُمْ فِي ٱلْأَمْوَٰلِ وَٱلْأَوْلَٰدِ وَعِدْهُمْۚ وَمَا يَعِدُهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ إِلَّا غُرُورًا
«Білгеніңді істе, шамаң келгенді сұрқия дауысыңмен азғырып, түрте (жамандыққа бастай) бер! Оларға атты әрі жаяу жендеттеріңмен атой салып, шабуыл жаса. Мал-пұлдары мен бала-шағаларына ортақтас бол һәм оларға жиі уәде бер!» – деп айтты. Әйтсе де әзәзіл шайтан оларды алдағаннан басқа не бір жетіскен уәде береді дейсің!
إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَٰنࣱۚ وَكَفَىٰ بِرَبِّكَ وَكِيلࣰا
Сондай-ақ Алла оған: «Менің (таңдаулы һәм ықыласты) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың жүрмейді», – деді. Раббыңның оларға қамқор ие болғаны жеткілікті.
رَّبُّكُمُ ٱلَّذِي يُزْجِي لَكُمُ ٱلْفُلْكَ فِي ٱلْبَحْرِ لِتَبْتَغُوا۟ مِن فَضْلِهِۦٓۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِكُمْ رَحِيمࣰا
(Уа, адамдар!) Раббыларың өзінің жақсылығы мен шексіз нығметінен ризық-несібелеріңді табуларың үшін теңіздерде кемелер жүргізеді. Шүбәсіз, Ол – сендерге өте мейірімді.
وَإِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فِي ٱلْبَحْرِ ضَلَّ مَن تَدْعُونَ إِلَّآ إِيَّاهُۖ فَلَمَّا نَجَّىٰكُمْ إِلَى ٱلْبَرِّ أَعْرَضْتُمْۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَٰنُ كَفُورًا
Теңізде қандай да бір қиын-қыстау жағдайға тап болғандарыңда сендерге бір Алла ғана жәрдем етеді. Өзге құдай тұтып, жалбарынып жүргендеріңнің бәрі де ғайып (яғни, сендер үшін ұмыт) болады. Алайда Алла сендерді апаттан құтқарып, құрлыққа дін-аман жеткізген кезде, түк болмағандай Одан сырт айналасыңдар. Міне, адам баласы рақметі жоқ сондай жаратылыс!
أَفَأَمِنتُمْ أَن يَخْسِفَ بِكُمْ جَانِبَ ٱلْبَرِّ أَوْ يُرْسِلَ عَلَيْكُمْ حَاصِبࣰا ثُمَّ لَا تَجِدُوا۟ لَكُمْ وَكِيلًا
Сонда, құрлыққа шыққаннан кейін Алланың сендерді жерге жұтқызып жібермейтіндігіне немесе алапат дауыл тұрғызып, төбелеріңнен тас жаудырмайтынына сенімді болдыңдар ма? Ондай жағдайда өздеріңе сүйеу болар бірде-бір қамқор ие де, қорған да таба алмайсыңдар.
أَمْ أَمِنتُمْ أَن يُعِيدَكُمْ فِيهِ تَارَةً أُخْرَىٰ فَيُرْسِلَ عَلَيْكُمْ قَاصِفࣰا مِّنَ ٱلرِّيحِ فَيُغْرِقَكُم بِمَا كَفَرْتُمْ ثُمَّ لَا تَجِدُوا۟ لَكُمْ عَلَيْنَا بِهِۦ تَبِيعࣰا
Әйтпесе, (күндердің күнінде) сендерді теңізге қайта шығарып, алапат дауыл тұрғызу арқылы жақсылықты түсінбегендерің һәм күпірлік қылғандарың үшін суға батырмайтынына сенімді болдыңдар ма? Содан кейін, Бізге қарсы тұрып, өздеріңе қол ұшын беретін ешқандай күш те, қорған да таба алмайсыңдар.
۞وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِيٓ ءَادَمَ وَحَمَلْنَٰهُمْ فِي ٱلْبَرِّ وَٱلْبَحْرِ وَرَزَقْنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلْنَٰهُمْ عَلَىٰ كَثِيرࣲ مِّمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلࣰا
Біз, расында да, адам баласын ардақты қылып, көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем қылдық.
يَوْمَ نَدْعُوا۟ كُلَّ أُنَاسِۭ بِإِمَٰمِهِمْۖ فَمَنْ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَأُو۟لَٰٓئِكَ يَقْرَءُونَ كِتَٰبَهُمْ وَلَا يُظْلَمُونَ فَتِيلࣰا
Күндердің күнінде (ғарасат майданына) барлық адамдарды өздері пір тұтқан пәруарларымен (рухани көсемдерімен) бірге шақырамыз. Кімде-кім (бұл дүниеде ақиқатқа бастайтын нағыз жолбасшыға ерсе һәм соның нәтижесінде ақиретте) амал дәптерін оң жағынан алса, ондай бақытты жандар дәптерлерін қуана-қуана оқиды һәм игі істерінің қарымын алуға келгенде титтей де әділетсіздікке ұшырамайды.
وَمَن كَانَ فِي هَٰذِهِۦٓ أَعْمَىٰ فَهُوَ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ أَعْمَىٰ وَأَضَلُّ سَبِيلࣰا
Ал енді кімде-кім бұл дүниеде ақиқатты көрмейтін көрсоқыр болса (һәм өзін ақиқатқа бастайтын жолбасшыға ермесе), ондай адам ақиретте де көрсоқыр һәм (азаптан құтылу) жолынан мықтап адасқан болады.
وَإِن كَادُوا۟ لَيَفْتِنُونَكَ عَنِ ٱلَّذِيٓ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ لِتَفْتَرِيَ عَلَيْنَا غَيْرَهُۥۖ وَإِذࣰا لَّٱتَّخَذُوكَ خَلِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Олар сәл қалғанда сені өздерінше алдап соғып, арандатпақ болды: яғни саған уахи еткен нәрсемізді тәрк еткізіп, оның орнына Бізге қатысы жоқ басқа бір сөзді ойынан шығарып, Бізге тели салуыңды көкседі әрі сонда ғана сені дос тұтпаққа әрекеттенді.
وَلَوْلَآ أَن ثَبَّتْنَٰكَ لَقَدْ كِدتَّ تَرْكَنُ إِلَيْهِمْ شَيْـࣰٔا قَلِيلًا
Егер сені (иманда, дінді жеткізу мәселесінде) табанды қылмағанымызда (һәм Біздің қолдауымызға сүйенген пайғамбар болмағаныңда), бәлкім, сәл де болса оларға көңілің ауып, ықыласың түсер ме еді?!
إِذࣰا لَّأَذَقْنَٰكَ ضِعْفَ ٱلْحَيَوٰةِ وَضِعْفَ ٱلْمَمَاتِ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ عَلَيْنَا نَصِيرࣰا
Олай болған жағдайда, саған тіршіліктің де, өлімнің де ащы азабын міндетті түрде еселеп таттырар едік. Бұндай жағдайда бізге қарсы тұрып, өзіңе қол ұшын беретін бірде-бір жәрдемші таба алмас едің.
وَإِن كَادُوا۟ لَيَسْتَفِزُّونَكَ مِنَ ٱلْأَرْضِ لِيُخْرِجُوكَ مِنْهَاۖ وَإِذࣰا لَّا يَلْبَثُونَ خِلَٰفَكَ إِلَّا قَلِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Олар сені атамекеніңнен қуып шығару үшін үнемі мазаңды алып, бір сәтке де тыным таптырмауда. Олай болған жағдайда саған тыным таптырмаған кәпірлер сенен кейін ол жерде аз ғана уақыт тұрақтап, ақырында түп-тұқиянымен құрып кетер еді.
سُنَّةَ مَن قَدْ أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ مِن رُّسُلِنَاۖ وَلَا تَجِدُ لِسُنَّتِنَا تَحْوِيلًا
Сенен бұрын жіберген елші пайғамбарлары-мыздың кезінде де қолданылған (иләһи) заңдылық осы. Сондықтан сен Біз қалыптастырған заңдылықтан ешқандай өзгеріс таба алмайсың.
أَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ لِدُلُوكِ ٱلشَّمْسِ إِلَىٰ غَسَقِ ٱلَّيْلِ وَقُرْءَانَ ٱلْفَجْرِۖ إِنَّ قُرْءَانَ ٱلْفَجْرِ كَانَ مَشْهُودࣰا
Күндіз түс ауғаннан қас қарайып, түн болғанға дейін (белгілі уақыттарда) намазды кемеліне жеткізіп оқы, әсіресе, таң намазын (үзбей әрі кемеліне жеткізіп) оқы. Өйткені таң намазына, әсіресе, қиямда тұрып Құран оқылғанда періштелер келіп, куә болады.
وَمِنَ ٱلَّيْلِ فَتَهَجَّدْ بِهِۦ نَافِلَةࣰ لَّكَ عَسَىٰٓ أَن يَبْعَثَكَ رَبُّكَ مَقَامࣰا مَّحْمُودࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Түн ішінде тұрып, Құран оқы һәм өзіңе парыз ретінде міндеттеген тәһәжжуд намазын өте. Сонда Раббыңның сені «Мақам Махмудқа» (ең биік, ең ауқымды шапағат тұғыры – мақтаулы тұғырға) шығаратындығынан үміт ете аласың.
وَقُل رَّبِّ أَدْخِلْنِي مُدْخَلَ صِدْقࣲ وَأَخْرِجْنِي مُخْرَجَ صِدْقࣲ وَٱجْعَل لِّي مِن لَّدُنكَ سُلْطَٰنࣰا نَّصِيرࣰا
(Сондай-ақ қандай да бір жерге аяқ басқан кезде һәм Мәдинаға таяп қалған осы шақта) былай деп дұға ет: «Уа, Раббым! Маған қандай да бір жерге аяқ басқанымда, хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде кіруді, сондай-ақ ол жерден шығарда да хақ мақсатпен, шынайы ниетпен һәм Өзіңе шын берілген күйде шығуды нәсіп еткейсің. Әрі Өз тарапыңнан маған мықты қолдау көрсетіп, айқын дәлел бергейсің».
وَقُلْ جَآءَ ٱلْحَقُّ وَزَهَقَ ٱلْبَٰطِلُۚ إِنَّ ٱلْبَٰطِلَ كَانَ زَهُوقࣰا
Сонымен қатар: «Ақиқат (хақ дін) келді, жалған (құдайлар мен діндер) ізім-қайым жоғалды. Шүбәсіз, жалған баянсыз келеді», – деп айт.
وَنُنَزِّلُ مِنَ ٱلْقُرْءَانِ مَا هُوَ شِفَآءࣱ وَرَحْمَةࣱ لِّلْمُؤْمِنِينَ وَلَا يَزِيدُ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا خَسَارࣰا
Біз Құранда мүміндер үшін шипа һәм рақым болатын аяттар түсіреміз. Алайда ол аяттар залымдарды тек одан сайын зиянға ұшыратуда.
وَإِذَآ أَنْعَمْنَا عَلَى ٱلْإِنسَٰنِ أَعْرَضَ وَنَـَٔا بِجَانِبِهِۦ وَإِذَا مَسَّهُ ٱلشَّرُّ كَانَ يَـُٔوسࣰا
(Міне, сондай залым) адамды үнемі нығметке бөлеп отырар болсақ, (Алладан) сырт айналып, қашқақтайды да тұрады. Ал басына қандай да бір жамандық келсе, бірден үмітсіздікке салынады.
قُلْ كُلࣱّ يَعْمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِۦ فَرَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَنْ هُوَ أَهْدَىٰ سَبِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед! Адамдарға мына ақиқатты айт): «Әрбір адамның іс-әрекеті, өзін-өзі ұстауы (сенімі мен дүниетанымы негізінде қалыптасқан) мінезіне, жан дүниесіне байланысты. Ендеше, кімнің ең тура жолда екенін Раббыларың біледі».
وَيَسْـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلرُّوحِۖ قُلِ ٱلرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَآ أُوتِيتُم مِّنَ ٱلْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلࣰا
Сондай-ақ олар сенен Рух жайлы сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген», – деп айт.
وَلَئِن شِئْنَا لَنَذْهَبَنَّ بِٱلَّذِيٓ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ بِهِۦ عَلَيْنَا وَكِيلًا
(Олар айтқандай, Құранды жазған сен емессің, Құранды Біз түсірудеміз). Егер қаласақ, өзіңе уахи еткен Құранды адамдардың жадынан һәм жазылған парақ беттерінен өшіріп тастаймыз. Содан кейін (оған қайта қол жеткізуің үшін) Бізге қарсы тұрып, өзіңе қол ұшын беретін бірде-бір қолдаушы таба алмайсың.
إِلَّا رَحْمَةࣰ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّ فَضْلَهُۥ كَانَ عَلَيْكَ كَبِيرࣰا
Алайда Раббыңның саған деген мейірімі шексіз. Оның саған деген (яғни, саған жасаған) жақсылығы, расында да, өте зор.
قُل لَّئِنِ ٱجْتَمَعَتِ ٱلْإِنسُ وَٱلْجِنُّ عَلَىٰٓ أَن يَأْتُوا۟ بِمِثْلِ هَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ لَا يَأْتُونَ بِمِثْلِهِۦ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضࣲ ظَهِيرࣰا
(Уа, Мұхаммед!) «Ант етемін! Егер күллі адамзат пен жындар дәл осы Құран сияқты бір кітап жазу үшін жиналса, тіпті сол мақсатта бір-біріне жан-жақты қолдау көрсетіп, күш біріктірсе де, бәрібір, дәл сондай кітап жаза алмайды», – деп айт.
وَلَقَدْ صَرَّفْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا ٱلْقُرْءَانِ مِن كُلِّ مَثَلࣲ فَأَبَىٰٓ أَكْثَرُ ٱلنَّاسِ إِلَّا كُفُورࣰا
Шүбәсіз, Біз бұл кітапта адамдарға (ақиқатты түсіндіру үшін) әр алуан тәмсілдер, мысалдар, дәлелдер келтірдік. Алайда олардың басым көпшілігі бәрібір ақиқаттан сырт айналып күпірлікте табандауда.
وَقَالُوا۟ لَن نُّؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفْجُرَ لَنَا مِنَ ٱلْأَرْضِ يَنۢبُوعًا
Кәпірлер пайғамбарға: «Сен бізге мына (шөлейт) жерден суы атқылаған бұлақ шығарып бермейінше саған әсте сенбейміз».
أَوْ تَكُونَ لَكَ جَنَّةࣱ مِّن نَّخِيلࣲ وَعِنَبࣲ فَتُفَجِّرَ ٱلْأَنْهَٰرَ خِلَٰلَهَا تَفْجِيرًا
«Немесе (осы арада) сенің құрма ағаштары мен жүзімге толы жайқалған бау-бақшаң болып, ондағы жеміс ағаштарының арасынан гүрілдеген өзендер ағызбағаныңша!»
أَوْ تُسْقِطَ ٱلسَّمَآءَ كَمَا زَعَمْتَ عَلَيْنَا كِسَفًا أَوْ تَأْتِيَ بِٱللَّهِ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةِ قَبِيلًا
«Я болмаса, өзің айтқандай аспанды бөлшектеп төбемізге құлатпайынша немесе пайғамбарлығыңа куә ретінде Алланы және періштелерді алдымызға келтірмейінше!»
أَوْ يَكُونَ لَكَ بَيْتࣱ مِّن زُخْرُفٍ أَوْ تَرْقَىٰ فِي ٱلسَّمَآءِ وَلَن نُّؤْمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيْنَا كِتَٰبࣰا نَّقْرَؤُهُۥۗ قُلْ سُبْحَانَ رَبِّي هَلْ كُنتُ إِلَّا بَشَرࣰا رَّسُولࣰا
«Яки, алтыннан соғылған үйің болмайынша немесе көкке көтерілмейінше, саған әсте сенбейміз. Алайда есіңде болсын! Көкке көтерілгеннен кейін, ол жақтан біз оқитын бір кітап түсірмесең, көкке көтерілгеніңе де сенбеспіз!» – деді. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Раббым кемшілік атаулыдан ада! Мен бар болғаны елші ретінде жіберілген жай ғана адам емеспін бе?» – деп айт.
وَمَا مَنَعَ ٱلنَّاسَ أَن يُؤْمِنُوٓا۟ إِذْ جَآءَهُمُ ٱلْهُدَىٰٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓا۟ أَبَعَثَ ٱللَّهُ بَشَرࣰا رَّسُولࣰا
Міне, сондықтан адамдарға тура жолдың қайнар көзі (болған пайғамбар мен кітап) келгенде, олардың көпшілігінің иман етуіне кедергі келтірген (басты себеп): «Сонда Алла (басқа ешкімді таппағандай) кәдімгі адам баласын елші пайғамбар етіп жіберді ме?» – деп қарсы келгендігі еді.
قُل لَّوْ كَانَ فِي ٱلْأَرْضِ مَلَٰٓئِكَةࣱ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَلَكࣰا رَّسُولࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Егер жер бетінде (адамдар секілді) жайбарақат өмір сүріп, періштелер жер басып жүрсе, онда Біз оларға көктен пайғамбар етіп періште түсірер едік», – деп айт.
قُلْ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْۚ إِنَّهُۥ كَانَ بِعِبَادِهِۦ خَبِيرَۢا بَصِيرࣰا
Сондай-ақ оларға: «Ендеше, мені мен сендердің араларыңда бір Алланың куә болғаны жеткілікті. Шүбәсіз, Ол құлдарының барлық жай-күйінен толық хабардар һәм олардың не істеп, не қойып жүргенін анық көруде», – деп айт.
وَمَن يَهْدِ ٱللَّهُ فَهُوَ ٱلْمُهْتَدِۖ وَمَن يُضْلِلْ فَلَن تَجِدَ لَهُمْ أَوْلِيَآءَ مِن دُونِهِۦۖ وَنَحْشُرُهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ عُمْيࣰا وَبُكْمࣰا وَصُمࣰّاۖ مَّأْوَىٰهُمْ جَهَنَّمُۖ كُلَّمَا خَبَتْ زِدْنَٰهُمْ سَعِيرࣰا
Алла кімді тура жолға салса, міне, сол ғана нағыз тура жолда. Ал кімді (өзі тілеп алғаны һәм соған лайық болғаны үшін) адастыратын болса, онда олар үшін Алладан басқа (тура жолға салатын һәм қолдайтын) жанашыр дос та, қорған да таба алмайсың. Біз қиямет күні ол кәпірлерді көрсоқыр, мылқау әрі саңырау күйінде етпетінен түсіріп, сүйреткен күйі махшар майданына жинаймыз. Олардың ақыр соңында пана тұтар тұрағы – жаһаннам. Оның оты бәсеңдеген сайын, қайтадан маздатып, алаулатқан үстіне алаулата түсеміз.
ذَٰلِكَ جَزَآؤُهُم بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا۟ بِـَٔايَٰتِنَا وَقَالُوٓا۟ أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمࣰا وَرُفَٰتًا أَءِنَّا لَمَبْعُوثُونَ خَلْقࣰا جَدِيدًا
Олардың жазасы – сол! Өйткені олар аяттарымызды, анық дәлелдерімізді (біліп тұрып) мойындамаған, әрі: «Сонда біз қуарған сүйекке айналып әрі күл болып топыраққа араласқаннан кейін, қайтадан тірілтіліп, жаңадан жаратыламыз ба?» – деп өздерінше уәж айтқан еді.
۞أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّ ٱللَّهَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ قَادِرٌ عَلَىٰٓ أَن يَخْلُقَ مِثْلَهُمْ وَجَعَلَ لَهُمْ أَجَلࣰا لَّا رَيْبَ فِيهِ فَأَبَى ٱلظَّٰلِمُونَ إِلَّا كُفُورࣰا
Сонда олар (көз алдарында қайтадан тірілуге қатысты орын алып жатқан көптеген оқиғалар мен құбылыстарға зер салып қарау арқылы) күллі аспан әлемі мен жерді жоқтан жаратқан Алланың өздеріндей адамды қайта жаратуға (яғни, оларды өлгеннен кейін қайта тірілтуге) толық құдіретті екенін көрмей ме? Алла олар үшін кесімді мерзім (яғни, өлетін һәм қайта тірілетін күнді) белгілеп қойды. Алайда қасарысқан залымдар сонда да күпірліктен өзгенің бәрінен бас тартуда (яғни күпірлікте табандауда).
قُل لَّوْ أَنتُمْ تَمْلِكُونَ خَزَآئِنَ رَحْمَةِ رَبِّيٓ إِذࣰا لَّأَمْسَكْتُمْ خَشْيَةَ ٱلْإِنفَاقِۚ وَكَانَ ٱلْإِنسَٰنُ قَتُورࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Егер сендер Раббымның рақым қазыналарына иелік ететін болсаңдар, жұмсала-жұмсала түгесіліп қалар ма екен деп қорқып, сараңдық қылар едіңдер. Расында, адам баласы өте сараң келеді», – деп айт.
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَىٰ تِسْعَ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتࣲۖ فَسْـَٔلْ بَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ إِذْ جَآءَهُمْ فَقَالَ لَهُۥ فِرْعَوْنُ إِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰمُوسَىٰ مَسْحُورࣰا
Біз кезінде Мұсаға тоғыз бірдей мұғжиза берген едік. Сонда не өзгерді? Исрайыл ұрпақтарынан сұра: Мұса оларға пайғамбар болып келгенде, (оларды құлдықтан құтқару үшін Перғауынға барып, оған аталмыш тоғыз мұғжизаның бәрін көрсеткен еді, алайда) Перғауын оған: «Ей, Мұса! Менің ойымша, сен сиқырланған адамсың!» – деген еді.
قَالَ لَقَدْ عَلِمْتَ مَآ أَنزَلَ هَٰٓؤُلَآءِ إِلَّا رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ بَصَآئِرَ وَإِنِّي لَأَظُنُّكَ يَٰفِرْعَوْنُ مَثْبُورࣰا
Сонда Мұса оған: «Анығында, сен бұл мұғжи-заларды адамдардың көзін ақиқатқа жеткізетін айқын дәлел ретінде түсірген күллі аспан әлемі мен жердің Раббысы ғана екенін жақсы білесің. Ендеше, ей, Перғауын! Менің ойымша, сен шынымен түбінде құритын адамсың», – деп жауап берді.
فَأَرَادَ أَن يَسْتَفِزَّهُم مِّنَ ٱلْأَرْضِ فَأَغْرَقْنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ جَمِيعࣰا
Іле-шала Перғауын Исрайыл ұрпақтарын Мысыр жерінен аластап қууды һәм біржола жойып жіберуді қалады. Алайда Біз оны және қасына ерткен әскерін түгелдей суға батырдық.
وَقُلْنَا مِنۢ بَعْدِهِۦ لِبَنِيٓ إِسْرَٰٓءِيلَ ٱسْكُنُوا۟ ٱلْأَرْضَ فَإِذَا جَآءَ وَعْدُ ٱلْـَٔاخِرَةِ جِئْنَا بِكُمْ لَفِيفࣰا
Осы оқиғадан кейін Исрайыл ұрпақтарына: «Ал енді мына жерге (Құдысқа) қоныс тебіңдер. Ақиреттің уағдалы уақыты (немесе сендерге қатысты кесілген екі бірдей уағдалы уақыттың ақырғысы) келген шақта барлығыңды бір жерге жинаймыз да, кесімді үкімімізді шығарамыз», – деп айттық.
وَبِٱلْحَقِّ أَنزَلْنَٰهُ وَبِٱلْحَقِّ نَزَلَۗ وَمَآ أَرْسَلْنَٰكَ إِلَّا مُبَشِّرࣰا وَنَذِيرࣰا
Біз Құранды ақиқат негізінде һәм күмән тудыратын нәрселер мен жалған атаулыдан ада, пәк күйде түсірдік, сөйтіп, ол ақиқаттың нақ өзі болып түсті. (Уа, Мұхаммед!) Біз сені (иман келтіріп, игі істер істегендерді) сүйіншілеп қуантушы әрі (теріс жолдарға түсіп, адасып жүргендерді) ескертуші ретінде ғана жібердік.
وَقُرْءَانࣰا فَرَقْنَٰهُ لِتَقْرَأَهُۥ عَلَى ٱلنَّاسِ عَلَىٰ مُكْثࣲ وَنَزَّلْنَٰهُ تَنزِيلࣰا
Сондай-ақ Біз Құранды адамдардың санасы мен жүрегіне әбден сіңіріп, байыппен оқуың үшін (оқиғаларға орай һәм басқа да қажеттіліктерге қарай) бөліп-бөліп әрі бірте-бірте түсірдік.
قُلْ ءَامِنُوا۟ بِهِۦٓ أَوْ لَا تُؤْمِنُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ مِن قَبْلِهِۦٓ إِذَا يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ يَخِرُّونَ لِلْأَذْقَانِ سُجَّدࣰا
Ендеше, мүшріктерге: «Сендер оған қаласаңдар, сеніңдер, қаласаңдар, сенбеңдер. Расында, бұрын-соңды өздеріне ілім нәсіп болған (Кітап иелерінің арасында) Құран оқылғанда (одан әсерленіп) бірден сәждеге жығылатын жандар бар», – деп айт.
وَيَقُولُونَ سُبْحَٰنَ رَبِّنَآ إِن كَانَ وَعْدُ رَبِّنَا لَمَفْعُولࣰا
Сондай-ақ олар: «Уа, кемшілік атаулыдан ада, мінсіз Раббымыз! Егер Раббымыз уәде берген болса, ол міндетті түрде орындалады», – деп айтады.
وَيَخِرُّونَ لِلْأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزِيدُهُمْ خُشُوعࣰا۩
Сөйтіп, олар жылаған күйде тағы да сәждеге жығылады. Міне, Құран олардың Аллаға деген сый-құрметін осылайша арттыра түседі.
قُلِ ٱدْعُوا۟ ٱللَّهَ أَوِ ٱدْعُوا۟ ٱلرَّحْمَٰنَۖ أَيࣰّا مَّا تَدْعُوا۟ فَلَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰۚ وَلَا تَجْهَرْ بِصَلَاتِكَ وَلَا تُخَافِتْ بِهَا وَٱبْتَغِ بَيْنَ ذَٰلِكَ سَبِيلࣰا
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Оған дұға еткендеріңде, қаласаңдар, «Алла» деп атаңдар, қаласаңдар, «Рахман» деп атаңдар. Қай есімін атап, дұға етсеңдер де, ең көркем есімдер Оған ғана тән!» – деп айт. Сондай-ақ намаз оқығаныңда дауысыңды қатты шығарма әрі тым бәсеңдетіп те жіберме, екеуінің ортасындағы жолды ұстан.
وَقُلِ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي لَمْ يَتَّخِذْ وَلَدࣰا وَلَمْ يَكُن لَّهُۥ شَرِيكࣱ فِي ٱلْمُلْكِ وَلَمْ يَكُن لَّهُۥ وَلِيࣱّ مِّنَ ٱلذُّلِّۖ وَكَبِّرْهُ تَكْبِيرَۢا
Сонымен қатар: «Бар мадақ пен шүкіршілік – баласы да, күллі жаратылысқа жүргізген билігінде серігі де болмаған, сондай-ақ қамқоршы досты қажетсінетіндей қауқарсыз да болмаған бір Аллаға тән», – деп тәкбір айтып, Оны ұлықта!
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.