بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
أَتَىٰٓ أَمْرُ ٱللَّهِ فَلَا تَسْتَعْجِلُوهُۚ سُبْحَٰنَهُۥ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Алланың ісі, әмірі (кәпірлердің басына келетін ауыр азап, қиямет-қайым) келіп қалды. Ендеше, (әй, кәпірлер пайғамбарға: «Бізді қорқытқан азабыңды тезірек келтірші, көрейік», – деп) осынау істің жедел жүзеге асуын тілемей-ақ қойыңдар. Алла (өтірік айтудан, сөзінде тұрмаудан һәм ұйғарған ісінің, пәрменінің орындалмай қалуы сияқты қауқарсыздық, кемшілік атаулыдан және) мүшріктердің Өзіне серік етіп қосқандарынан әлдеқайда ұлы әрі асқақ.
يُنَزِّلُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ بِٱلرُّوحِ مِنْ أَمْرِهِۦ عَلَىٰ مَن يَشَآءُ مِنْ عِبَادِهِۦٓ أَنْ أَنذِرُوٓا۟ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّآ أَنَا۠ فَٱتَّقُونِ
Алла періштелерді өзінің әмірі бойынша уахименен қалаған құлдарына түсіріп, оларға былай деп бұйырады: «Раббыларың «Менен басқа ешқандай құдай жоқ, олай болса, Маған қарсы келіп асылық қылудан һәм азабымнан қорқыңдар» дейді деп, адамдарды ескертіңдер»
خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ بِٱلْحَقِّۚ تَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ол күллі аспан әлемі мен жерді жайдан жай емес, хақты мақсат тұтып, ақиқатқа сүйенген мінсіз жүйе негізінде жаратты. Сондай-ақ Ол мүшріктердің Оған серік етіп қосқандарынан әлдеқайда ұлы әрі асқақ.
خَلَقَ ٱلْإِنسَٰنَ مِن نُّطْفَةࣲ فَإِذَا هُوَ خَصِيمࣱ مُّبِينࣱ
Ол адам баласын да (еркек пен әйелден бөлінген) бір тамшы судан жаратты. Ал ол болса, (шамасына қарамай Жаратқанға) анық қас дұшпан болып шыға келді.
وَٱلْأَنْعَٰمَ خَلَقَهَاۖ لَكُمْ فِيهَا دِفْءࣱ وَمَنَٰفِعُ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ
Сондай-ақ Ол (сендер үшін) төрт түлік малды да жаратты. Олардан өздеріңе жылу беретін (жүн, тері, қыл сынды) өнімдер алып, басқа да көптеген пайдаларын көресіңдер. (Олар беретін ет, сүт сынды) өнімдерін ішіп-жеп, қорек етесіңдер.
وَلَكُمْ فِيهَا جَمَالٌ حِينَ تُرِيحُونَ وَحِينَ تَسْرَحُونَ
Әрі оларды кешке жайылымнан айдап әкелгенде һәм таңертең өргізгенде, өзгеше күйге бөленіп, ләззат аласыңдар.
وَتَحْمِلُ أَثْقَالَكُمْ إِلَىٰ بَلَدࣲ لَّمْ تَكُونُوا۟ بَٰلِغِيهِ إِلَّا بِشِقِّ ٱلْأَنفُسِۚ إِنَّ رَبَّكُمْ لَرَءُوفࣱ رَّحِيمࣱ
Міне, сол жануарлар жүктеріңді шалғай елді мекендерге жеткізіп беруде. Егер олар болмаса, ол жерлерге машақатқа түсіп, арып-ашып зорға жетер едіңдер. Шүбәсіз, Раббыларың өте мейірбан, (әсіресе, әлжуаз, шарасыз құлдарына) ерекше мейірімді.
وَٱلْخَيْلَ وَٱلْبِغَالَ وَٱلْحَمِيرَ لِتَرْكَبُوهَا وَزِينَةࣰۚ وَيَخْلُقُ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Ол сендер мінсін әрі сәндеріңді келтірсін деп жылқыны, қашырды және есекті жаратты. Сондай-ақ Ол сендер білмейтін, тіпті ойларыңа да кіріп шықпайтын басқа да көптеген жаратылыстар жаратуда.
وَعَلَى ٱللَّهِ قَصْدُ ٱلسَّبِيلِ وَمِنْهَا جَآئِرࣱۚ وَلَوْ شَآءَ لَهَدَىٰكُمْ أَجْمَعِينَ
Тура жолды меңзеу Аллаға тиесілі (яғни Алланың ісі). Қисық, теріс жолдар да бар болғандай, сол теріс жолдарға түсіп кеткендер де баршылық. Егер Алла қаласа, (яғни, адамдарды бұл дүниеде іс-әрекеттері мен сөздерінде ықтиярлы етпеген болса), барлығыңды жаппай тура жолға салар еді.
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰۖ لَّكُم مِّنْهُ شَرَابࣱ وَمِنْهُ شَجَرࣱ فِيهِ تُسِيمُونَ
Ол сендер үшін аспаннан жауын жаудырады. Ішетін ауыз суларыңның қайнар көзі сол (жауын суы) болғандай, жан-жануарларыңды жаятын көкмайса мен ағаштар да сонымен суарылып өсіп-өнеді.
يُنۢبِتُ لَكُم بِهِ ٱلزَّرْعَ وَٱلزَّيْتُونَ وَٱلنَّخِيلَ وَٱلْأَعْنَٰبَ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَتَفَكَّرُونَ
Алла сол сумен сендер үшін егіндерді, зәйтун, құрма һәм жүзім бақтарын және әр алуан жемістерді өсіреді. Шүбәсіз, осының бәрінде ойланатын қауым үшін өте маңызды бір белгі, бір ғибрат бар.
وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيْلَ وَٱلنَّهَارَ وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَۖ وَٱلنُّجُومُ مُسَخَّرَٰتُۢ بِأَمْرِهِۦٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يَعْقِلُونَ
Сондай-ақ Ол сендерге түн мен күндізді, күн мен айды бағындырып қойды. Барлық жұлдыздар Оның әміріне бағынышты. Шүбәсіз, осында ақылға салып ойланатын қауым үшін анық белгілер мен қаншама ғибрат бар.
وَمَا ذَرَأَ لَكُمْ فِي ٱلْأَرْضِ مُخْتَلِفًا أَلْوَٰنُهُۥٓۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَذَّكَّرُونَ
Ол жер бетінде сендер үшін тағы қаншама түрлі-түсті жан-жануарлар мен өсімдіктер жаратты. Шынында, осының өзінде де ойланып ғибрат алатын қауым үшін бір белгі, бір ғибрат бар.
وَهُوَ ٱلَّذِي سَخَّرَ ٱلْبَحْرَ لِتَأْكُلُوا۟ مِنْهُ لَحْمࣰا طَرِيࣰّا وَتَسْتَخْرِجُوا۟ مِنْهُ حِلْيَةࣰ تَلْبَسُونَهَاۖ وَتَرَى ٱلْفُلْكَ مَوَاخِرَ فِيهِ وَلِتَبْتَغُوا۟ مِن فَضْلِهِۦ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
Сонымен қатар (сендер) жас ет жесін һәм сән үшін тағатын (інжу, маржан сынды) әшекей тастарды шығарсын деп теңізді үкіміне бағындырып, белгілі бір жүйеге келтірген де Алла. Кемелердің теңізде суды қақ жарып жүзіп бара жатқанын да көресің. Міне, осының бәрі сендерге Оның шексіз шарапаты мен түгесілмес қазынасынан өз несібелеріңді табуларың және (осынау нығметтері үшін Оған) үнемі шүкіршілік етулерің үшін.
وَأَلْقَىٰ فِي ٱلْأَرْضِ رَوَٰسِيَ أَن تَمِيدَ بِكُمْ وَأَنْهَٰرࣰا وَسُبُلࣰا لَّعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
Сондай-ақ айналғанда сендерді шайқалтып, теңселтпесін деп жерге мызғымас берік қазықтар (таулар) қағып қойды. Әрі онда барамын деген жерлеріңе қиналмай, адаспай жетулерің үшін өзендер мен жолдар (өткелдер) жасады.
وَعَلَٰمَٰتࣲۚ وَبِٱلنَّجْمِ هُمْ يَهْتَدُونَ
Һәм жолдарыңды адаспай табуларың үшін тағы басқа көптеген белгілер орнатып қойды. Соның ішінде (түн қатып жол жүретін) көптеген адамдар жұлдыздарға қарап жол табады.
أَفَمَن يَخْلُقُ كَمَن لَّا يَخْلُقُۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Ендеше, өздерің ойланып көріңдерші: (Бәрін жоқтан) жарататын (Алла) (еш нәрсе) жаратпайтынға (пұттарға) ұқсай ма?! Сәл де болса ойланып, ғибрат алмайсыңдар ма?!
وَإِن تَعُدُّوا۟ نِعْمَةَ ٱللَّهِ لَا تُحْصُوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَغَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Егер Алланың нығметін санайтын болсаңдар, санына әсте жете алмайсыңдар. Шүбәсіз, Алла (қанша күнә жасаса да тәубесіне келген құлдарына) өте кешірімді, ерекше мейірімді.
وَٱللَّهُ يَعْلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعْلِنُونَ
Алла нені жасырып, нені жария етіп жүргендеріңді жақсы біледі.
وَٱلَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَا يَخْلُقُونَ شَيْـࣰٔا وَهُمْ يُخْلَقُونَ
Мүшріктердің Аллаға серік етіп, алдында құлдық ұрып, дұға-мінәжат етіп жүрген (адам, періште, жын, табиғат немесе меңіреу пұттары) еш нәрсе жарата алмайды. Бір нәрсе жаратпақ түгіл, олардың өздері жаратылуда.
أَمْوَٰتٌ غَيْرُ أَحْيَآءࣲۖ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ
Анығында, олар тірі емес өліктер, (сондықтан олардың барлығы өздеріне өмір сыйлайтын біреуге мұқтаж). Олар тіпті қашан қайта тірілетінін де білмейді.
إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱۚ فَٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ قُلُوبُهُم مُّنكِرَةࣱ وَهُم مُّسْتَكْبِرُونَ
Олай болса, құдайларың – (теңдесі жоқ) жалғыз Құдай. Алайда ақиретке сенбейтіндердің жүрегі (осынау ұлы ақиқатты) жоққа шығаруда. Анығында, олар орынсыз көкірек керіп, тәкаппарлыққа салынуда.
لَا جَرَمَ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلْمُسْتَكْبِرِينَ
Алла олардың нені жасырып, нені жария етіп жүргенін жақсы біледі, әрі иман етуді ар санайтын, өркөкірек тәкаппарларды ұнатпайды.
وَإِذَا قِيلَ لَهُم مَّاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمْ قَالُوٓا۟ أَسَٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ
Оларға: «Раббыларың не түсірді?» – делінсе, «Бұрынғылардың аңыз-ертегілерін», – дейді.
لِيَحْمِلُوٓا۟ أَوْزَارَهُمْ كَامِلَةࣰ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ وَمِنْ أَوْزَارِ ٱلَّذِينَ يُضِلُّونَهُم بِغَيْرِ عِلْمٍۗ أَلَا سَآءَ مَا يَزِرُونَ
Сондықтан олар қиямет күні өз күнәларын толық арқалаумен қатар, білімсіздікпен өздері адастырған әлдекімдердің де күнәларының бір бөлігін арқалайтын болады. Расында, олардың арқалаған жүгі қандай жаман еді!
قَدْ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ فَأَتَى ٱللَّهُ بُنْيَٰنَهُم مِّنَ ٱلْقَوَاعِدِ فَخَرَّ عَلَيْهِمُ ٱلسَّقْفُ مِن فَوْقِهِمْ وَأَتَىٰهُمُ ٱلْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
Олардан бұрынғылар да (өздеріне келген пайғамбарларға) тұзақ құрған еді. Алайда Алла олардың (құрған тұзақтарын және) үйлері мен ордаларын түп-негізімен қопарып тастағанда, шаңырақтары төбелеріне құлап түсті. Міне, осынау азап оларға ойламаған (күтпеген) жерден келген еді.
ثُمَّ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ يُخْزِيهِمْ وَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمْ تُشَٰٓقُّونَ فِيهِمْۚ قَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْعِلْمَ إِنَّ ٱلْخِزْيَ ٱلْيَوْمَ وَٱلسُّوٓءَ عَلَى ٱلْكَٰفِرِينَ
Содан кейін қиямет күні Алла олардың абыройын айрандай төгіп, масқара қылады, әрі оларға: «Қане, Менің серіктерім?! Сендер (оларды Маған тең көріп,) солар үшін мүміндерге қас дұшпан болған едіңдер», – деп айтады. Ал өздеріне ілім нәсіп етілгендер болса, (ол күні): «Шүбәсіз, бүгін масқарашылық, қорлық әрі жамандық атаулының бәрі кәпірлердің еншісінде», – деп кәпірлерді табалайды.
ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمْۖ فَأَلْقَوُا۟ ٱلسَّلَمَ مَا كُنَّا نَعْمَلُ مِن سُوٓءِۭۚ بَلَىٰٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Періштелер мұндай кәпірлердің жанын (күпірлік пен күнәға белшелерінен батып) өз-өздеріне қиянат жасап жатқан кездерінде алады. Олар азап періштелерін көргенде, бірден тізе бүгіп: «Біздің қандай да бір жамандық істейміз деген ниетіміз болмаған еді», – деп ақталуға тырысады. Сонда оларға: «Жо-жоқ! Алла сендердің қай істі қандай ниетпен істегендеріңді өте жақсы біледі».
فَٱدْخُلُوٓا۟ أَبْوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَلَبِئْسَ مَثْوَى ٱلْمُتَكَبِّرِينَ
«Ендеше, жаһаннам қақпаларынан онда мәңгі-бақи қалу үшін кіріңдер!» – делінеді. Өркөкірек тәкаппарлардың ақырғы мекені (тұрағы) қандай жаман еді!
۞وَقِيلَ لِلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ مَاذَآ أَنزَلَ رَبُّكُمْۚ قَالُوا۟ خَيْرࣰاۗ لِّلَّذِينَ أَحْسَنُوا۟ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣱۚ وَلَدَارُ ٱلْـَٔاخِرَةِ خَيْرࣱۚ وَلَنِعْمَ دَارُ ٱلْمُتَّقِينَ
Аллаға асылық қылып, күнәға батудан қорыққан тақуа жандарға: «Раббыларың не түсірді», – делінсе, олар: «Тек жақсылық түсірді», – деп жауап береді. Бұл дүниеде өзінің әрдайым Алланың назарында екенін жадынан шығармай, үнемі игі істер істегендер үшін (ешкімнің ойына да кіріп шықпаған) керемет тосын сый бар. Ақирет мекені болса, әлбетте, бәрінен қайырлы, бәрінен артық. Тақуа жандардың ақырғы мекені (тұрағы) қандай ғажап еді!
جَنَّٰتُ عَدْنࣲ يَدْخُلُونَهَا تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۖ لَهُمْ فِيهَا مَا يَشَآءُونَۚ كَذَٰلِكَ يَجْزِي ٱللَّهُ ٱلْمُتَّقِينَ
Қисапсыз нығметке толы мәңгілік бақыт мекені Адн жаннаттары, олар сол жерге кіреді. Ол жерде (жайқалған жасыл баулардың арасынан және зәулім сарайлардың іргесінен) өзендер ағып жатады. Онда олар не қаласа, соның бәрі табылады. Міне, Алла тақуа жандарды осылай сый-сияпатқа бөлейді.
ٱلَّذِينَ تَتَوَفَّىٰهُمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ طَيِّبِينَ يَقُولُونَ سَلَٰمٌ عَلَيْكُمُ ٱدْخُلُوا۟ ٱلْجَنَّةَ بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Періштелер ондай тақуа жандардың жанын (күпірлік, кешірілмес күнә, зұлымдық атаулыдан ада болған) пәк күйінде алады. Һәм оларға: «Сендерге есендік пен тыныштық тілейміз! Істеген игі істерің үшін жұмаққа кіріңдер!» – деп қошемет көрсетеді.
هَلْ يَنظُرُونَ إِلَّآ أَن تَأْتِيَهُمُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ أَوْ يَأْتِيَ أَمْرُ رَبِّكَۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۚ وَمَا ظَلَمَهُمُ ٱللَّهُ وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Ол кәпір мүшріктер (иман етпей) нені күтуде? (Жан алатын, яки азап әкелетін) періштелердің түсуін бе? Әлде Раббыңның жермен-жексен ететін жойқын пәрменінің келуін бе? Олардан бұрынғылар да дәл солай істеген еді. Алла оларға әділетсіздік жасамады, керісінше, олар (Аллаға серік қосып, күпірлікте және күнәда табандап) өз-өзіне қиянат жасаумен болған еді (сөйтіп өз-өздерінің обалына қалған еді).
فَأَصَابَهُمْ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُوا۟ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Ақыр соңында істеген жамандықтарының кесірі өздеріне тиді және (пайғамбарға: «қане, келтіретін азабың болса, тезірек келтірсеңші», – деп) өздері мазаққа айналдырған азап өздеріне жан-жақтан құрсау салды.
وَقَالَ ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوا۟ لَوْ شَآءَ ٱللَّهُ مَا عَبَدْنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيْءࣲ نَّحْنُ وَلَآ ءَابَآؤُنَا وَلَا حَرَّمْنَا مِن دُونِهِۦ مِن شَيْءࣲۚ كَذَٰلِكَ فَعَلَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۚ فَهَلْ عَلَى ٱلرُّسُلِ إِلَّا ٱلْبَلَٰغُ ٱلْمُبِينُ
Аллаға өзгелерді серік етіп қосқандар: «Алла тағала қалағанда, біз де, ата-бабаларымыз да Одан өзге еш нәрсеге құлдық ұрып, табынбас едік һәм Оның бұйрығынсыз еш нәрсені харам қылмас та едік», – деп айтты. Олардан бұрынғы мүшріктер де солай істеген болатын. Ендеше, пайғамбарлардың міндеті (Алланың өздеріне тапсырған жолдауын) ашық түрде жеткізуден өзге не болмақ?!
وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةࣲ رَّسُولًا أَنِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ وَٱجْتَنِبُوا۟ ٱلطَّٰغُوتَۖ فَمِنْهُم مَّنْ هَدَى ٱللَّهُ وَمِنْهُم مَّنْ حَقَّتْ عَلَيْهِ ٱلضَّلَٰلَةُۚ فَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَٱنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلْمُكَذِّبِينَ
Расында, әр үмбетке «Бір Аллаға құлшылық етіңдер, адамдарды Алланың ақ жолынан тайдыратын тағұттан (шайтаннан, жалған құдайлардан, ел-жұртты Алланың ақ жолынан тайдырушы зұлым күштерден) аулақ жүріңдер!» деп ескертетін бір пайғамбар жібердік. Нәтижеде, Алла олардың бір бөлігіне тура жолға түсуді нәсіп етті, ал енді бір бөлігіне қатысты өздері соған лайық болғандықтан адасады деген лайықты да кесімді үкім шықты. Олай болса, жер бетін шарлап, (пайғамбарларға, олар әкелген қасиетті жолдауға) сенбегендердің ақыры не болғанын өз көздеріңмен көріңдер!
إِن تَحْرِصْ عَلَىٰ هُدَىٰهُمْ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي مَن يُضِلُّۖ وَمَا لَهُم مِّن نَّٰصِرِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Сен оларды тура жолға салу үшін қанша жерден ынталансаң да, Алла өзі адастырған құлдарын әсте тура жолға салмайды һәм ондайларға қол ұшын беретін бірде-бір жәрдемші де табылмайды.
وَأَقْسَمُوا۟ بِٱللَّهِ جَهْدَ أَيْمَٰنِهِمْ لَا يَبْعَثُ ٱللَّهُ مَن يَمُوتُۚ بَلَىٰ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقࣰّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Олар бар ынта-жігерімен: «Алла өлгенді қайта тірілтпейді», – деп Алланың атымен ант етті. Жоқ, тірілтеді! Бұл – Оның міндетті түрде жүзеге асырамын деп өз-өзіне берген хақ уәдесі. Алайда адамдардың көбі бұл ақиқатты білмейді.
لِيُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي يَخْتَلِفُونَ فِيهِ وَلِيَعْلَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ أَنَّهُمْ كَانُوا۟ كَٰذِبِينَ
Алла оларға өзара таласып-тартысқан нәрселерін (яғни, иман ақиқатын) ашып көрсету әрі күпірлік қылғандарға өтірікші кәззап болғандықтарын білдіру үшін барлық өлілерді қайта тірілтеді.
إِنَّمَا قَوْلُنَا لِشَيْءٍ إِذَآ أَرَدْنَٰهُ أَن نَّقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Біз бір нәрсенің болуын қалағанымызда, оған бар болғаны «Бол!» дейміз, сонда ол сол сәтте бола қалады.
وَٱلَّذِينَ هَاجَرُوا۟ فِي ٱللَّهِ مِنۢ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا۟ لَنُبَوِّئَنَّهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣰۖ وَلَأَجْرُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَكْبَرُۚ لَوْ كَانُوا۟ يَعْلَمُونَ
(Бір Аллаға сенгені үшін өз жерінде) әбден зәбір-жапа көргеннен кейін Алла үшін елін, жерін тастап һижрет еткендерді бұл дүниеде жайлы қонысқа жақсылап орналастырамыз. Ал ақиретте берілетін сый-сияпат болса, шәк-шүбәсіз одан әлдеқайда зор. Әттең, (адамдар) мұны білсе ғой!
ٱلَّذِينَ صَبَرُوا۟ وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Олар (Аллаға иман келтіргені үшін бастарына келген көптеген қиыншылықтарға) сабырлылық танытты әрі әрдайым Раббыларына ғана тәуекел етеді.
وَمَآ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ إِلَّا رِجَالࣰا نُّوحِيٓ إِلَيْهِمْۖ فَسْـَٔلُوٓا۟ أَهْلَ ٱلذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
(Уа, Мұхаммед! Ол мүшріктердің сенің пайғамбарлығыңды қарапайым адам баласы болғаның үшін қабылдамауы қисынсыз әрі негізсіз). Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де тек (өзің сияқты) Біз уахи беріп отырған ер кісілер болатын. (Ей, кәпірлер һәм басқа да адамдар,) егер (бұл ақиқатты) өздерің білмесеңдер, (уахиге сүйенген иләһи ілімнен сусындаған) шынайы ілім иелерінен сұраңдар!
بِٱلْبَيِّنَٰتِ وَٱلزُّبُرِۗ وَأَنزَلْنَآ إِلَيْكَ ٱلذِّكْرَ لِتُبَيِّنَ لِلنَّاسِ مَا نُزِّلَ إِلَيْهِمْ وَلَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
(Біз ол пайғамбарларды) айқын дәлелдер (мұғжизалар) һәм өсиетке толы иләһи парақтар және кітаптармен жібердік. (Уа, Мұхаммед!) Саған да осынау Зікірді (Құранды) адамдарға түсірілген (ақиқаттарды, иләһи үкімдерді, уағдалар мен ескертулерді) ашып түсіндіруің үшін түсірдік. Бәлкім, олар шындап әрі жүйелі түрде ойланар.
أَفَأَمِنَ ٱلَّذِينَ مَكَرُوا۟ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن يَخْسِفَ ٱللَّهُ بِهِمُ ٱلْأَرْضَ أَوْ يَأْتِيَهُمُ ٱلْعَذَابُ مِنْ حَيْثُ لَا يَشْعُرُونَ
(Хақ діннің адамдар арасында кең етек жаюына кедергі жасау үшін) түрлі жымысқы айла-амал істегендер Алланың өздерін жерге жұтқызып жібермейтіндігіне немесе күтпеген жерден келетін жойқын азаптың бастарына орнамайтындығына кәміл сенімді ме?!
أَوْ يَأْخُذَهُمْ فِي تَقَلُّبِهِمْ فَمَا هُم بِمُعْجِزِينَ
Яки (тіршілік күйбеңімен) ары-бері жүргендерінде Алланың азабының өздерін тырп еткізбей бас салмайтындығына сенімді ме? Ондай жағдайда олар Алланың азабына әсте тосқауыл бола алмайды.
أَوْ يَأْخُذَهُمْ عَلَىٰ تَخَوُّفࣲ فَإِنَّ رَبَّكُمْ لَرَءُوفࣱ رَّحِيمٌ
Немесе (естерін жиып, жөнге келер деп) күш-қуаттарын, мал-мүліктерін бірте-бірте кеміте һәм үрейлерін ала отырып, ақырында тырп еткізбей бас салмайтынына (сенімді ме?!). (Міне, Алла тағала ауыр азапқа душар етпей тұрып осылай жиі ескерту жасап, мұрсат береді). Өйткені Раббыларың (құлдарына) шын жанашыр, ерекше мейірімді.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ إِلَىٰ مَا خَلَقَ ٱللَّهُ مِن شَيْءࣲ يَتَفَيَّؤُا۟ ظِلَٰلُهُۥ عَنِ ٱلْيَمِينِ وَٱلشَّمَآئِلِ سُجَّدࣰا لِّلَّهِ وَهُمْ دَٰخِرُونَ
Олар Алла жаратқан әрбір нәрсенің көлеңкесінің бір Алланың әміріне бас иіп, сәжде еткен күйде бірде оң жақтан, бірде сол жақтан түсіп, айналшықтап жүргенін көрмеді ме?
وَلِلَّهِ يَسْجُدُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلْأَرْضِ مِن دَآبَّةࣲ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ وَهُمْ لَا يَسْتَكْبِرُونَ
Күллі аспан әлемі мен жердегі барлық тіршілік иелері мен періштелер Аллаға сәжде етеді һәм әсте көкірек керіп, тәкаппарланбайды.
يَخَافُونَ رَبَّهُم مِّن فَوْقِهِمْ وَيَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ۩
Олар өздерінің жалғыз иелері – Раббыларынан шынайы түрде қорқады әрі өздеріне бұйырылғанды бұлжытпай орындайды.
۞وَقَالَ ٱللَّهُ لَا تَتَّخِذُوٓا۟ إِلَٰهَيْنِ ٱثْنَيْنِۖ إِنَّمَا هُوَ إِلَٰهࣱ وَٰحِدࣱ فَإِيَّٰيَ فَٱرْهَبُونِ
Алла тағала: «Көп құдай былай тұрсын, тіпті екі құдайды да тәңір тұтпаңдар. Ол – тек жалғыз құдай. Ендеше, (өздеріңді қор қылатын көп қорқыныштан құтылып) Менен ғана қорқыңдар», – деп бұйырды.
وَلَهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَهُ ٱلدِّينُ وَاصِبًاۚ أَفَغَيْرَ ٱللَّهِ تَتَّقُونَ
Күллі аспан әлемі мен жердегінің барлығы Оның иелігінде. Толық мойынсұну (мінсіз құлшылық) әрдайым Оған арналады. Солай бола тұра, Алладан өзгеден қорқасыңдар ма?!
وَمَا بِكُم مِّن نِّعْمَةࣲ فَمِنَ ٱللَّهِۖ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ ٱلضُّرُّ فَإِلَيْهِ تَجْـَٔرُونَ
Қолдарыңдағы нығмет атаулының барлығы Алладан келді. Һәм содан кейін қандай да бір зиянға ұшырап, қиындыққа тап болсаңдар да Оған жалбарынасыңдар.
ثُمَّ إِذَا كَشَفَ ٱلضُّرَّ عَنكُمْ إِذَا فَرِيقࣱ مِّنكُم بِرَبِّهِمْ يُشْرِكُونَ
Алайда Ол сендерді сол зияннан, қиындықтан құтқарғаннан кейін араларыңнан бір топ шығып, бірден (өздерін жоқтан жаратқан, қамқор болған, сансыз нығметке бөлеген, қиындықтардан құтқарған) Раббыларына өзгелерді серік ете бастайды.
لِيَكْفُرُوا۟ بِمَآ ءَاتَيْنَٰهُمْۚ فَتَمَتَّعُوا۟ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
Олар осылай өздеріне берген нығметтеріміздің қадіріне жетпей күнәға батады. Ендеше, (ей, жақсылықты түсінбейтін рақметі жоқ кәпірлер,) өздеріңе берілген нығметтердің қызығын көре тұрыңдар. (Мұншама нығметтің қадірін білмеудің ақыры не екенін) әлі-ақ білетін боласыңдар!
وَيَجْعَلُونَ لِمَا لَا يَعْلَمُونَ نَصِيبࣰا مِّمَّا رَزَقْنَٰهُمْۗ تَٱللَّهِ لَتُسْـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمْ تَفْتَرُونَ
Ол мүшріктер өздеріне ризық ретінде берген нығметтерімізден не екенін (яғни, мәнісін, ақиқатын) өздері де білмейтін нәрселерге (меңіреу пұттарға) үлес бөледі (яғни, соларға арнап құрбандық шалып, солардың атынан садақа береді). (Ей, мүшріктер!) Аллаға серт! Сендер өз ойларыңнан шығарған осы өтіріктерің үшін міндетті түрде жауапқа тартыласыңдар.
وَيَجْعَلُونَ لِلَّهِ ٱلْبَنَٰتِ سُبْحَٰنَهُۥ وَلَهُم مَّا يَشْتَهُونَ
Сондай-ақ олар Аллаға қыз балаларды телиді – Алла балалы болудан асқақ – Ал өздері жақсы көріп қалаған (ұл) балаларды өздеріне ғана лайық көреді.
وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِٱلْأُنثَىٰ ظَلَّ وَجْهُهُۥ مُسْوَدࣰّا وَهُوَ كَظِيمࣱ
Олардың бірі «қызды болдың!» деп сүйіншіленгенде, жүзі түтігіп, іштей ашуға булығады.
يَتَوَٰرَىٰ مِنَ ٱلْقَوْمِ مِن سُوٓءِ مَا بُشِّرَ بِهِۦٓۚ أَيُمْسِكُهُۥ عَلَىٰ هُونٍ أَمْ يَدُسُّهُۥ فِي ٱلتُّرَابِۗ أَلَا سَآءَ مَا يَحْكُمُونَ
Содан ол өзіне жеткен хабардың (өзінің ойынша) жайсыздығынан ел-жұрттың көзіне түспеуге тырысады. Енді не істейді? Өмір бойы мұндай қорлыққа шыдап, ол бейшараны қолында ұстай ма? Жоқ әлде (тірідей) жерге көміп тастай ма? Олар өздерінше (өз балаларын «ұл, қыз» деп алалау және Аллаға бала телу арқылы) қандай жаман үкім беруде!
لِلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱلْـَٔاخِرَةِ مَثَلُ ٱلسَّوْءِۖ وَلِلَّهِ ٱلْمَثَلُ ٱلْأَعْلَىٰۚ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Ақиретке сенбейтіндерге осындай (жамандық мысалы) жағымсыз сипаттар тән әрі олар тек жағымсыз сипаттарымен еске алынады. Ал (баршаға үлгі болатын) ең ұлы қасиеттер бір Аллаға тән әрі Ол тек осынау ұлы қасиеттерімен еске алынады. Ол – Азиз (бәрінен үстем, асқақ әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен үкімінде көптеген хикметтер болатын асқан даналық иесі).
وَلَوْ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِظُلْمِهِم مَّا تَرَكَ عَلَيْهَا مِن دَآبَّةࣲ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمْ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمْ لَا يَسْتَـْٔخِرُونَ سَاعَةࣰ وَلَا يَسْتَقْدِمُونَ
Егер Алла адамдарды өздеріне немесе өзгеге жасаған зұлымдықтары үшін бірден жазалайтын болса, онда жер бетінде бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесін қалдырмас еді. Алайда Алла оларға мұрсат беріп, үкімін белгілі уақытқа дейін кейінге қалдыруда. Ал оларға берілген уақыт таусылып, ажалы жеткенде олар оны бір сәтке болсын кейінге шегере де, тездете де алмайды.
وَيَجْعَلُونَ لِلَّهِ مَا يَكْرَهُونَۚ وَتَصِفُ أَلْسِنَتُهُمُ ٱلْكَذِبَ أَنَّ لَهُمُ ٱلْحُسْنَىٰۚ لَا جَرَمَ أَنَّ لَهُمُ ٱلنَّارَ وَأَنَّهُم مُّفْرَطُونَ
Осылайша ол мүшріктер өздері ұнатпайтын, өздеріне лайық емес деп есептейтін нәрселерді Аллаға телиді (Аллаға лайық көреді). Һәм сөйте тұра олар ең жақсы нәрселердің әрі (екі дүниедегі) ең жақсы нәтиженің өздеріне ғана тән екенін алға тартып, тынбастан өтірік айтады. Әйтсе де олардың сыбағасы тозақ оты ғана һәм олар тозаққа айдалатындардың алды болады.
تَٱللَّهِ لَقَدْ أَرْسَلْنَآ إِلَىٰٓ أُمَمࣲ مِّن قَبْلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَٰنُ أَعْمَٰلَهُمْ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ ٱلْيَوْمَ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
(Уа, Мұхаммед!) Аллаға серт! Сенен бұрын да көптеген (мүшрік) қауымдарға пайғамбарлар жібердік. Алайда шайтан оларға жат істері мен қылықтарын кереметтей етіп көрсетті (сол үшін олар пайғамбарларды мойындамады). Міне, сол шайтан – бүгін де олардың жақын досы. Оларға да (бұрынғы кәпірлер душар болған) жан төзгісіз азап бар.
وَمَآ أَنزَلْنَا عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي ٱخْتَلَفُوا۟ فِيهِ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣰ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Саған бұл Кітапты (қасиетті Құранды) адамдардың өзара келісе алмаған (әсіресе, сенім) мәселелеріне қатысты ақиқатты ашып түсіндіруің үшін һәм иман келтіретін қауымға тура жолға бастаушы және рақым болсын деген мақсатта ғана түсірдік.
وَٱللَّهُ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَحْيَا بِهِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَسْمَعُونَ
Алла көктен жауын жаудырады және өлген жер бетіне онымен қайта жан бітіреді. Міне, осында (болмыстың үніне және уахиге) құлақ асатын қауым үшін анық белгі, ап-айқын дәлел бар.
وَإِنَّ لَكُمْ فِي ٱلْأَنْعَٰمِ لَعِبْرَةࣰۖ نُّسْقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهِۦ مِنۢ بَيْنِ فَرْثࣲ وَدَمࣲ لَّبَنًا خَالِصࣰا سَآئِغࣰا لِّلشَّٰرِبِينَ
Расында төрт түлік малда да сендер үшін ерекше ғибрат бар. Сендерге олардың ішек-қарнындағы жын мен қанның арасынан бөлініп шығатын, ішкен адамның тамағынан жеңіл өтетін, жағымды тап-таза сүт ішкіземіз.
وَمِن ثَمَرَٰتِ ٱلنَّخِيلِ وَٱلْأَعْنَٰبِ تَتَّخِذُونَ مِنْهُ سَكَرࣰا وَرِزْقًا حَسَنًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَعْقِلُونَ
Сондай-ақ құрма ағашының жемісі мен жүзімнен де шарап пен керемет (таза, пайдалы әрі дәмді) азық түрлерін аласыңдар. Міне, осында да ақылға салып ойланатын қауым үшін анық белгі, айқын дәлел бар.
وَأَوْحَىٰ رَبُّكَ إِلَى ٱلنَّحْلِ أَنِ ٱتَّخِذِي مِنَ ٱلْجِبَالِ بُيُوتࣰا وَمِنَ ٱلشَّجَرِ وَمِمَّا يَعْرِشُونَ
Раббың бал арасына: «Тауларға, ағаштарға, адамдар жасаған жаппалар (күркелер) мен омарталарға да ұя сал».
ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ فَٱسْلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلࣰاۚ يَخْرُجُ مِنۢ بُطُونِهَا شَرَابࣱ مُّخْتَلِفٌ أَلْوَٰنُهُۥ فِيهِ شِفَآءࣱ لِّلنَّاسِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّقَوْمࣲ يَتَفَكَّرُونَ
«Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп (жиған қорегіңмен) Раббыңның сен үшін оңтайластырған (яғни жеңілдетіп қойған ұяңа жеткізетін) жолдарына түс», – деп аян берді. Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады. Расында, осында да терең әрі жүйелі түрде ойланатын қауым үшін анық белгі, айқын ғибрат бар.
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمْ ثُمَّ يَتَوَفَّىٰكُمْۚ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرْذَلِ ٱلْعُمُرِ لِكَيْ لَا يَعْلَمَ بَعْدَ عِلْمࣲ شَيْـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمࣱ قَدِيرࣱ
Алла сендерді жоқтан жаратты және (белгілі уақытқа дейін өмір сүргізгеннен) кейін (ғұмырдың әр түрлі кезеңдерінде) жандарыңды алады. Араларыңда әбден қаусап, алжитын шаққа дейін жететіндер де бар. Ондайлар бұрын-соңды біраз нәрселер үйреніп, білген болса да, алжып, қайтадан түк білмейтін күйге түседі. Алла – Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі), Қадир (бәріне күші жететін аса құдіретті).
وَٱللَّهُ فَضَّلَ بَعْضَكُمْ عَلَىٰ بَعْضࣲ فِي ٱلرِّزْقِۚ فَمَا ٱلَّذِينَ فُضِّلُوا۟ بِرَآدِّي رِزْقِهِمْ عَلَىٰ مَا مَلَكَتْ أَيْمَٰنُهُمْ فَهُمْ فِيهِ سَوَآءٌۚ أَفَبِنِعْمَةِ ٱللَّهِ يَجْحَدُونَ
Алла ризық-несібе тұрғысынан біріңді біріңнен үстем (артық) қылды. Ризық-несібе тұрғысынан үстем етілгендер қол астындағы құлдары мен қызметшілеріне байлықта өздерімен терезесі теңесетіндей дәрежеде мал-пұл бермейді. Ендеше, олар қалай ғана Алланың өздеріне берген нығметін мойындамайды (әрі Оған өзгелерді серік етіп қосады)?!
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنْ أَنفُسِكُمْ أَزْوَٰجࣰا وَجَعَلَ لَكُم مِّنْ أَزْوَٰجِكُم بَنِينَ وَحَفَدَةࣰ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ أَفَبِٱلْبَٰطِلِ يُؤْمِنُونَ وَبِنِعْمَتِ ٱللَّهِ هُمْ يَكْفُرُونَ
Сондай-ақ Алла өз болмыстарыңнан өздерің үшін жұбайлар жаратты. Сол жұбайларың арқылы сендерге бала-шаға, немере-шөбере сүйгізді және таза әрі пайдалы азықтарды ризық етіп берді. Сөйте тұра ол кәпірлер жалған құдайларға сеніп, Алланың өздеріне берген нығметін мойындамай ма?!
وَيَعْبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَمْلِكُ لَهُمْ رِزْقࣰا مِّنَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ شَيْـࣰٔا وَلَا يَسْتَطِيعُونَ
Ол мүшріктер Алланы былай қойып, өздеріне аспаннан да, жерден де тауып берер ешқандай ризық-несібесі болмаған һәм сол ризық-несібеге ие болуға да қауқары жетпейтін әлденелерге табынады.
فَلَا تَضْرِبُوا۟ لِلَّهِ ٱلْأَمْثَالَۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ وَأَنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ
Бұдан былай ұқсату, салыстыру немесе мысал келтіру арқылы Аллаға еш нәрсені теңемеңдер. Алла (бәрін) біледі, ал сендер (көп нәрсені) білмейсіңдер.
۞ضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلًا عَبْدࣰا مَّمْلُوكࣰا لَّا يَقْدِرُ عَلَىٰ شَيْءࣲ وَمَن رَّزَقْنَٰهُ مِنَّا رِزْقًا حَسَنࣰا فَهُوَ يُنفِقُ مِنْهُ سِرࣰّا وَجَهْرًاۖ هَلْ يَسْتَوُۥنَۚ ٱلْحَمْدُ لِلَّهِۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Алла (көп құдайға құлдық ұрған бейшара мен бір Аллаға ғана құл болған адам арасындағы айырмашылықты түсіндіру үшін) мынадай мысал келтірді: Біреуі – әлдебіреудің құлақ кесті құлы болғандықтан еш нәрсеге құзыры жетпейтін бейшара адам, ал екіншісі – Біз өзіне керемет, мол ризық-несібе берген әрі сол несібесінен жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтын (еркін) адам. Бұл екеуі тең бе? Бар мақтау мен шүкіршілік (адам баласын ерікті етіп жаратқан және оның еркіндігін қорғау үшін хақ дін түсірген күллі болмыстың жалғыз иесі) Аллаға тән. Алайда адамдардың көбі мұны білмейді (сондықтан әлденелерді құдай тұтып, оларға құлдық ұрады).
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلࣰا رَّجُلَيْنِ أَحَدُهُمَآ أَبْكَمُ لَا يَقْدِرُ عَلَىٰ شَيْءࣲ وَهُوَ كَلٌّ عَلَىٰ مَوْلَىٰهُ أَيْنَمَا يُوَجِّههُّ لَا يَأْتِ بِخَيْرٍ هَلْ يَسْتَوِي هُوَ وَمَن يَأْمُرُ بِٱلْعَدْلِ وَهُوَ عَلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Алла (осы ақиқатты түсіндіру үшін) тағы да екі адамды мысалға келтірді: ол екеуінің біреуі – қолынан түк келмейтін, иесіне масыл болған мылқау. Иесі оған қандай іс тапсырса да одан ешқандай қайырлы (оңтайлы) нәтиже шығара алмайтын бейшара. Енді осындай бейшара адам мен өзгелерге әділ болуды бұйыратын әрі өзі де тура жолда болған адам тең бе?!
وَلِلَّهِ غَيْبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۚ وَمَآ أَمْرُ ٱلسَّاعَةِ إِلَّا كَلَمْحِ ٱلْبَصَرِ أَوْ هُوَ أَقْرَبُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرࣱ
Күллі аспан әлемі мен жердің тылсымын һәм ондағы болашаққа қатысты сырларды білу бір Аллаға ғана тән. Ал (сол ғайыптың бірі) қиямет (Алланың құдіретімен) қас қағым сәтте тіпті одан да аз уақытта орнайды. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсеге толық құдіретті.
وَٱللَّهُ أَخْرَجَكُم مِّنۢ بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمْ لَا تَعْلَمُونَ شَيْـࣰٔا وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمْعَ وَٱلْأَبْصَٰرَ وَٱلْأَفْـِٔدَةَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ
(Жан-жануарларға туа бітті түйсік беріп, оларды өмірге тез бейімделіп кететіндей етіп жаратқан) Алла сендерді аналарыңның құрсағынан түк білмейтін күйде шығарды һәм сендерге шүкіршілік етулерің үшін (һәм өмірге бірте-бірте бейімделу, үйрену арқылы толыққанды адам болып қалыптасуларың үшін) есту қабілетін, көз және жүрек (яғни, жүректегі рухани сезімдерді) нәсіп етті.
أَلَمْ يَرَوْا۟ إِلَى ٱلطَّيْرِ مُسَخَّرَٰتࣲ فِي جَوِّ ٱلسَّمَآءِ مَا يُمْسِكُهُنَّ إِلَّا ٱللَّهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Олар аспан кеңістігінде Алланың әміріне, орнатқан заңдылықтарына толық бағынған күйде самғап ұшқан құстарға зер салып қарамай ма? Оларды сол кеңістікте құлатпай ұстап тұрған Алладан басқа ешкім емес. Әлбетте, осының өзінде иман келтіретін қауым үшін көптеген белгілер, дәлелдер бар.
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۢ بُيُوتِكُمْ سَكَنࣰا وَجَعَلَ لَكُم مِّن جُلُودِ ٱلْأَنْعَٰمِ بُيُوتࣰا تَسْتَخِفُّونَهَا يَوْمَ ظَعْنِكُمْ وَيَوْمَ إِقَامَتِكُمْ وَمِنْ أَصْوَافِهَا وَأَوْبَارِهَا وَأَشْعَارِهَآ أَثَٰثࣰا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينࣲ
Алла сендерге (өздерің әрі малдарың үшін) тұратын әрі тынығып дамылдайтын үйлер (қора-жайлар) салуды нәсіп етті. Сондай-ақ төрт түлік малдың терісінен көшіп-қонған күндеріңде алып жүруге, құруға һәм жинауға ыңғайлы жеңіл үйлер, (жаппалар т.с.с.) жасап алуды әрі олардың жүнінен, жабағысы мен қылынан белгілі уақытқа (яғни, дүниеден озғанға) дейін киім-кешек, көрпе-жастық, төсеніш сынды тұрмыстық бұйымдарды және саудаға салатын заттарды жасауды нәсіп етті (яғни, аян беріп үйретті).
وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّمَّا خَلَقَ ظِلَٰلࣰا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلْجِبَالِ أَكْنَٰنࣰا وَجَعَلَ لَكُمْ سَرَٰبِيلَ تَقِيكُمُ ٱلْحَرَّ وَسَرَٰبِيلَ تَقِيكُم بَأْسَكُمْۚ كَذَٰلِكَ يُتِمُّ نِعْمَتَهُۥ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْلِمُونَ
Алла жаратқан нәрселерінен сендер үшін саябақтар, тауларда панажайлар, сондай-ақ сендерді ыстықтан (һәм суықтан) сақтайтын киім-кешектер мен соғыста (ауыр жарақат алудан) сақтайтын сауыттар жаратты. Міне, осылайша Алла өзіне толық бағынған шынайы мұсылман болсын деп сендерге берер нығметін (және ең үлкен нығметі хақ дін Исламды) толықтыруда.
فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ ٱلْبَلَٰغُ ٱلْمُبِينُ
(Уа, Мұхаммед!) Егер олар (осынау нығметтердің қадірін түсінбей күпірлікте қасарысқан күйде) сырт айналып кете берсе, сенің міндетің бар болғаны, ақиқатты ашып түсіндіру әрі жеткізу ғана.
يَعْرِفُونَ نِعْمَتَ ٱللَّهِ ثُمَّ يُنكِرُونَهَا وَأَكْثَرُهُمُ ٱلْكَٰفِرُونَ
Ол мүшріктер (өздері өмір бойы қызығын көріп келе жатқан) нығметтердің Алладан келгенін іштей біліп, мойындаса да, (Алладан өзгеге құлдық ұрып табыну арқылы) осынау нығметтерді жоққа шығарады. Олардың басым көпшілігі – жақсылықты түсінбейтін рақметі жоқ кәпірлер.
وَيَوْمَ نَبْعَثُ مِن كُلِّ أُمَّةࣲ شَهِيدࣰا ثُمَّ لَا يُؤْذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ
Күндердің күнінде әр үмбеттен (оларға хақ діннің жеткендігіне куәлік ететін) бір куәгерден шығарамыз. Содан кейін күпірлік қылғандарға дат айтып, кешірім сұрауға рұқсат етілмейді һәм олардан (өздерін Раббыларының разылығына бөлейтін) қандай да бір жақсы сөз айтып, сауапты іс істеу де талап етілмейді.
وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ ٱلْعَذَابَ فَلَا يُخَفَّفُ عَنْهُمْ وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ
(Аллаға өзге жалған құдайларды серік етіп қосу арқылы) ең үлкен зұлымдықты жасағандар ақиреттегі азапты көргенде қанша жерден ойбайға басып, жалынып-жалбарынса да (олардың жан айқайына ешкім құлақ аспайды және) көрген азаптары жеңілдетілмейді әрі (оларға сол азаптан құтылу үшін) ешқандай мұрсат та берілмейді.
وَإِذَا رَءَا ٱلَّذِينَ أَشْرَكُوا۟ شُرَكَآءَهُمْ قَالُوا۟ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ شُرَكَآؤُنَا ٱلَّذِينَ كُنَّا نَدْعُوا۟ مِن دُونِكَۖ فَأَلْقَوْا۟ إِلَيْهِمُ ٱلْقَوْلَ إِنَّكُمْ لَكَٰذِبُونَ
Мүшріктер өздерінің Аллаға серік етіп қосқан құдайларын (пұттарды, әулие-әнбиелерді, хан-патшаларды) көргенде: «Уа, Раббымыз! Міне, Өзіңді ұмыт қалдырып, жалынып-жалбарынған құдайларымыз (анығын айтқанда, бізді адастырғандар) осылар!» – дейді. Сонда олар бұларға: «Сендер барып тұрған суайтсыңдар», – деп айтып салады.
وَأَلْقَوْا۟ إِلَى ٱللَّهِ يَوْمَئِذٍ ٱلسَّلَمَۖ وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ
Сөйтіп, ол күні (кәпірлердің барлығы амалы құрып) Алланың алдында тізе бүгеді. Ойларынан шығарған жалған құдайлары оларды тәрк етіп, көзден ғайып болады.
ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ وَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ زِدْنَٰهُمْ عَذَابࣰا فَوْقَ ٱلْعَذَابِ بِمَا كَانُوا۟ يُفْسِدُونَ
Өздері күпірлік қылып, онымен қоймай ел-жұртты Алланың жолынан қақпайлағандарға келсек, оларға өздері бұзылып, қоғамның да шырқын бұзғаны үшін азап үстіне азап қосып береміз.
وَيَوْمَ نَبْعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةࣲ شَهِيدًا عَلَيْهِم مِّنْ أَنفُسِهِمْۖ وَجِئْنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَٰٓؤُلَآءِۚ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ ٱلْكِتَٰبَ تِبْيَٰنࣰا لِّكُلِّ شَيْءࣲ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣰ وَبُشْرَىٰ لِلْمُسْلِمِينَ
Күні келгенде әр үмбеттің өз ішінен оларға қарсы куәлік ететін бір куәгерден шығарамыз. (Уа, Мұхаммед!) Сені де (дініңнен хабардар болған) қауымыңа һәм барша үмбетіңе (яғни, қауымың мен үмбетіңнің кәпірлеріне) қарсы куәгер ретінде келтіреміз. Саған осынау Кітапты (Құранды) барлық нәрсені ашып түсіндіруші әрі Аллаға бағынған мұсылмандар үшін тура жолға бастаушы, рақым һәм сүйінші ретінде бөліп-бөліп түсірдік.
۞إِنَّ ٱللَّهَ يَأْمُرُ بِٱلْعَدْلِ وَٱلْإِحْسَٰنِ وَإِيتَآئِ ذِي ٱلْقُرْبَىٰ وَيَنْهَىٰ عَنِ ٱلْفَحْشَآءِ وَٱلْمُنكَرِ وَٱلْبَغْيِۚ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ
Расында, Алла әділдікті, Алланы көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап игі істер істеуді және туған-туысқа қол ұшын беріп қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зұлымдықтан (яғни, біреуге зорлық-зомбылық көрсетуден, кісі ақысын жеуден) мүлдем тыяды. Ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп, Алла тағала сендерге осылайша насихат айтып, жол сілтейді.
وَأَوْفُوا۟ بِعَهْدِ ٱللَّهِ إِذَا عَٰهَدتُّمْ وَلَا تَنقُضُوا۟ ٱلْأَيْمَٰنَ بَعْدَ تَوْكِيدِهَا وَقَدْ جَعَلْتُمُ ٱللَّهَ عَلَيْكُمْ كَفِيلًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ مَا تَفْعَلُونَ
Сондай-ақ серт байласқандарыңда Алланың сертінде (яғни Алланың атымен және Оның құзырында берген серттеріңде) тұрыңдар. Алланы кепіл ете отырып байлаған әрі мықтап бекіткен анттарыңды бұзбаңдар. Шүбәсіз, Алла не істеп, не қойып жүргендеріңді толық біледі.
وَلَا تَكُونُوا۟ كَٱلَّتِي نَقَضَتْ غَزْلَهَا مِنۢ بَعْدِ قُوَّةٍ أَنكَٰثࣰا تَتَّخِذُونَ أَيْمَٰنَكُمْ دَخَلَۢا بَيْنَكُمْ أَن تَكُونَ أُمَّةٌ هِيَ أَرْبَىٰ مِنْ أُمَّةٍۚ إِنَّمَا يَبْلُوكُمُ ٱللَّهُ بِهِۦۚ وَلَيُبَيِّنَنَّ لَكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ مَا كُنتُمْ فِيهِ تَخْتَلِفُونَ
Жібін жақсылап иіріп алғаннан кейін қайта тарқатып жіберіп, бүкіл еңбегін еш қылған байғұс әйелге ұқсап: Араларындағы қандай да бір қауым (саны жағынан, күш-қуат және байлық тұрғысынан) енді бір қауымнан үстем болғаны үшін серттеріңді бір-біріңді алдап-арбаудың, яки қиянат жасаудың құралы қылмаңдар. Шындығында, Алла осы арқылы сендерді сынап көруде. Алланың өзара келісе алмаған мәселелеріңе қатысты бар ақиқатты қиямет күні өздеріңе ашып баяндап беретіндігіне күмәндарың болмасын!
وَلَوْ شَآءَ ٱللَّهُ لَجَعَلَكُمْ أُمَّةࣰ وَٰحِدَةࣰ وَلَٰكِن يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِي مَن يَشَآءُۚ وَلَتُسْـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
Егер Алла қаласа (және сендерге ерік бермей мәжбүрлейтін болса), барлығыңды (бір сенім, бір шариғатпен жүретін) бір ғана үмбет қылар еді. Алайда Ол қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолға салады. (Бірақ Оның адастыруы мен тура жолға салуында сендердің ықтиярларыңның, ниеттерің мен іс-әрекеттеріңнің де белгілі үлесі болғандықтан) сендер (фәни дүниеде) істеген барлық істерің үшін міндетті түрде жауапқа тартыласыңдар.
وَلَا تَتَّخِذُوٓا۟ أَيْمَٰنَكُمْ دَخَلَۢا بَيْنَكُمْ فَتَزِلَّ قَدَمُۢ بَعْدَ ثُبُوتِهَا وَتَذُوقُوا۟ ٱلسُّوٓءَ بِمَا صَدَدتُّمْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَكُمْ عَذَابٌ عَظِيمࣱ
Серттеріңді бір-біріңді алдап-арбаудың құралы қылмаңдар. Әйтпесе тура жолға түсіп, аяқтарыңды нық басқаннан кейін өз аяқтарың да (сендерді үлгі тұтқан өзге ел-жұрттың аяғы да) тура жолдан тайып кетуі әбден мүмкін. Содан кейін Алланың жолынан тайғандарың һәм өзгелердің де сол жолға түсуіне бөгет жасағандарың үшін сазайларыңды тартасыңдар. Сондай-ақ ақиретте де сендерді алапат азап күтеді.
وَلَا تَشْتَرُوا۟ بِعَهْدِ ٱللَّهِ ثَمَنࣰا قَلِيلًاۚ إِنَّمَا عِندَ ٱللَّهِ هُوَ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ
Алланың сертін арзан бағаға (жалған дүниенің болмашы қызығына) сатпаңдар! Егер біле білсеңдер, Алланың құзырындағы нығмет пен сый-сияпат сендер үшін әлдеқайда қайырлы, (әлдеқайда артық).
مَا عِندَكُمْ يَنفَدُ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ بَاقࣲۗ وَلَنَجْزِيَنَّ ٱلَّذِينَ صَبَرُوٓا۟ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Сендердің қолдарыңдағы дүние түгелдей таусылып бітеді. Ал Алланың құзырындағылар мәңгілік. Біз (өмірдегі түрлі қиыншылықтарға әрі әмірімізге бағынып, тыйғандарымыздан тыйылуда) сабырлылық танытқандарды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін негізге ала отырып, сый-сияпатқа бөлейміз.
مَنْ عَمِلَ صَٰلِحࣰا مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤْمِنࣱ فَلَنُحْيِيَنَّهُۥ حَيَوٰةࣰ طَيِّبَةࣰۖ وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім мүмін ретінде (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер атқарса, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып, сый-сияпатқа бөлейміз.
فَإِذَا قَرَأْتَ ٱلْقُرْءَانَ فَٱسْتَعِذْ بِٱللَّهِ مِنَ ٱلشَّيْطَٰنِ ٱلرَّجِيمِ
Ендеше, Құран оқитын кезде Алланың рақымы мен құзырынан қуылған шайтанның уәсуәсасынан (сақтай көр деп) Алладан пана тіле.
إِنَّهُۥ لَيْسَ لَهُۥ سُلْطَٰنٌ عَلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَلَىٰ رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ
Негізінде, иман келтірген және Раббыларына толық тәуекел еткен жандарға оның ешқандай да пәрмені жүрмейді.
إِنَّمَا سُلْطَٰنُهُۥ عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَوَلَّوْنَهُۥ وَٱلَّذِينَ هُم بِهِۦ مُشْرِكُونَ
Оның ықпалы тек оны дос тұтқандарға және оны Аллаға серік етіп қосқандарға ғана жүретін болады.
وَإِذَا بَدَّلْنَآ ءَايَةࣰ مَّكَانَ ءَايَةࣲ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يُنَزِّلُ قَالُوٓا۟ إِنَّمَآ أَنتَ مُفْتَرِۭۚ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Біз (хақ діннің негіздерін адамдардың ой-санасы мен жүректеріне жақсылап орнықтыру және оны кемеліне жеткізу кезеңінде уақытқа һәм басқа да талаптарға сай етіп) қандай да бір аяттың орнына басқа бір аят түсіргенімізде – Алла алдыңғы аят пен кейінгі аятта не түсіргенін жақсы білетін болса да – (уа, Мұхаммед!) саған кәпірлер: «Сен бар болғаны, Алланың атын пайдаланып жүрген өтірікшісің!» – дейді. Жо-жоқ, олардың көпшілігі ақиқатты (һәм істің мәнісін) білмейді.
قُلْ نَزَّلَهُۥ رُوحُ ٱلْقُدُسِ مِن رَّبِّكَ بِٱلْحَقِّ لِيُثَبِّتَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَهُدࣰى وَبُشْرَىٰ لِلْمُسْلِمِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға былай деп айт: «Раббым былай дейді: «Бұл Құранды иман келтіргендерге табандылық нәсіп ету (һәм үсті-үстіне аяттар, үкімдер түсіріп, иманын күшейте түсу) мақсатында және мұсылмандар үшін тура жолға бастаушы һәм сүйінші есебінде Раббыңнан ақиқатпен Рухул-Қудус (Жәбірейіл періште) түсірді».
وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّهُمْ يَقُولُونَ إِنَّمَا يُعَلِّمُهُۥ بَشَرࣱۗ لِّسَانُ ٱلَّذِي يُلْحِدُونَ إِلَيْهِ أَعْجَمِيࣱّ وَهَٰذَا لِسَانٌ عَرَبِيࣱّ مُّبِينٌ
Біз олардың сен жайлы «Оған Құранды бір адам үйретеді» дегенін білеміз. Олардың ақиқаттан ауытқып, (өздерінше Мұхаммедке Құранды үйретіп жүр деп) болжаған адамының тілі бөгде тіл, ал мына Құран болса ап-анық, көркем араб тілінде.
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ لَا يَهْدِيهِمُ ٱللَّهُ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Алла аяттарына иман етпейтін (қыңыр кәпірлерді) тура жолға салмайды. Һәм оларға жан төзгісіз азап бар.
إِنَّمَا يَفْتَرِي ٱلْكَذِبَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْكَٰذِبُونَ
Анығында, Алланың аяттарына иман етпейтіндер ғана үнемі Алланың атын пайдаланып, өтірік айтады. Нағыз суайттар, міне, солар!
مَن كَفَرَ بِٱللَّهِ مِنۢ بَعْدِ إِيمَٰنِهِۦٓ إِلَّا مَنْ أُكْرِهَ وَقَلْبُهُۥ مُطْمَئِنُّۢ بِٱلْإِيمَٰنِ وَلَٰكِن مَّن شَرَحَ بِٱلْكُفْرِ صَدْرࣰا فَعَلَيْهِمْ غَضَبࣱ مِّنَ ٱللَّهِ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمࣱ
Кімде-кім иман келтіргеннен кейін Аллаға күпірлік қылып, көңілі күпірлікке толық ауатын болса, ондайлардың басына Алланың қаһары жауады һәм олар үшін алапат азап бар. Алайда жүрегі иман нұрымен нұрланып, көңілі жай тапқан соң, қатты қысым көріп күпірлік сөзді еріксіз айтқан жанның жөні бөлек.
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱسْتَحَبُّوا۟ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا عَلَى ٱلْـَٔاخِرَةِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْكَٰفِرِينَ
Бұл – олардың көңілінің дүниедегі қу тіршілікке ауып, оны ақиреттен артық көргендігінің салдары. Алла күпірлікте қасарысқан кәпір қауымды әсте тура жолға салмайды.
أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَسَمْعِهِمْ وَأَبْصَٰرِهِمْۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْغَٰفِلُونَ
Олар – жүрегін, құлағын және көзін Алланың өзі мөрлеп, мүлдем сезбейтіндей етіп тастаған жандар. Міне, солар – (ақиқатты көруден, естуден және түсінуден қалған) нағыз ғапылдар.
لَا جَرَمَ أَنَّهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Күмәндарың болмасын! Ақиретте де нағыз зиян шегетіндер (яғни, бар жақсылықтан құр қалатындар) солар болады.
ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ هَاجَرُوا۟ مِنۢ بَعْدِ مَا فُتِنُوا۟ ثُمَّ جَٰهَدُوا۟ وَصَبَرُوٓا۟ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعْدِهَا لَغَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Сонымен қатар иман келтіргені үшін жазықсыз жапа шегіп, қысым көргеннен соң Алла үшін һижрет еткен, содан кейін Алла жолында қасық қаны қалғанша күрескен, аянбай еңбек еткен әрі басқа түскен қиыншылықтарға сабырлылық танытқан жандарға Раббың өзі жар болады. Содан кейін Раббың (олардың осынау игі істерінің қарымын оларға күнәларын кешіріп, мейіріміне бөлеу арқылы қайтарады). Өйткені Ол – өте кешірімді, ерекше мейірімді.
۞يَوْمَ تَأْتِي كُلُّ نَفْسࣲ تُجَٰدِلُ عَن نَّفْسِهَا وَتُوَفَّىٰ كُلُّ نَفْسࣲ مَّا عَمِلَتْ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ
Күндердің күнінде әркім тек өзінің қара басын ғана аман алып қалу үшін жанталасады. Әрбір жанға дүниеде істеген істерінің қарымы толық қайтарылады әрі ешкімге әділетсіздік жасалмайды.
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلࣰا قَرْيَةࣰ كَانَتْ ءَامِنَةࣰ مُّطْمَئِنَّةࣰ يَأْتِيهَا رِزْقُهَا رَغَدࣰا مِّن كُلِّ مَكَانࣲ فَكَفَرَتْ بِأَنْعُمِ ٱللَّهِ فَأَذَٰقَهَا ٱللَّهُ لِبَاسَ ٱلْجُوعِ وَٱلْخَوْفِ بِمَا كَانُوا۟ يَصْنَعُونَ
Алла (ғибрат аларсыңдар деп) мынадай бір ауылды мысалға келтірді: ол ауыл бейбіт, мамыражай еді. Ризық-несібесі жан-жақтан ағыл-тегіл келіп жататын. Алайда ол ауылдың халқы Алланың осынау нығметтерінің қадірін біле қоймады (шүкіршілік етудің орнына күпірлік қылды). Сөйтіп, Алла оларға істеген күнәлары үшін аштық пен қорқыныштың шекпенін кигізіп, ащы дәмін таттырды.
وَلَقَدْ جَآءَهُمْ رَسُولࣱ مِّنْهُمْ فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمُ ٱلْعَذَابُ وَهُمْ ظَٰلِمُونَ
Расында, оларға өз араларынан (анық мұғжизалармен) бір пайғамбар келді, алайда олар оны бірден өтірікші санап, пайғамбарлығын мойындамады. Сөйтіп, зұлымдық жасап жүргенде, тосыннан келген азап оларды тырп еткізбей басып қалды.
فَكُلُوا۟ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ حَلَٰلࣰا طَيِّبࣰا وَٱشْكُرُوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ إِن كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ
Ендеше, Алланың өздеріңе берген ризық-несібесінен адал әрі таза күйінде жеп-ішіңдер. Бір Аллаға ғана құлшылық ететін болсаңдар, берген нығметтерінің қадірін біліп, шүкіршілік етіңдер.
إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيْكُمُ ٱلْمَيْتَةَ وَٱلدَّمَ وَلَحْمَ ٱلْخِنزِيرِ وَمَآ أُهِلَّ لِغَيْرِ ٱللَّهِ بِهِۦۖ فَمَنِ ٱضْطُرَّ غَيْرَ بَاغࣲ وَلَا عَادࣲ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Алла сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам қылды. Ал кімде-кім (басына аштан өлу қаупі төнгендіктен) осыларды жеуге мәжбүр болып, өзгенің құқығын аяқ асты етпеу әрі мұқтаждық мөлшерінен (яғни, талшық етерлік мөлшерден) асырмау шартымен жесе, шүбәсіз, Алла – өте кешірімді, ерекше мейірімді.
وَلَا تَقُولُوا۟ لِمَا تَصِفُ أَلْسِنَتُكُمُ ٱلْكَذِبَ هَٰذَا حَلَٰلࣱ وَهَٰذَا حَرَامࣱ لِّتَفْتَرُوا۟ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَفْتَرُونَ عَلَى ٱللَّهِ ٱلْكَذِبَ لَا يُفْلِحُونَ
(Алладан және пайғамбардан келген қандай да бір дәлелге сүйенбестен) тілдеріңнің өтірік сипаттауымен «Мынау адал, мынау арам» деп айтпаңдар! Олай айтатын болсаңдар, (адал немесе арам деп үкім беру бір Аллаға ғана тән болғандықтан) Алланың атынан өтірік айтқан боласыңдар. Аллаға өтірік сөзді теліп, Оның атынан өтірік айтатындар әсте мақсат-мұратына жетпейді (әсте оңбайды).
مَتَٰعࣱ قَلِيلࣱ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
(Ол кәпірлердің көксегені) болмашы дүниелік нәрселер. Ал ақиретте оларды жан төзгісіз азап күтуде.
وَعَلَى ٱلَّذِينَ هَادُوا۟ حَرَّمْنَا مَا قَصَصْنَا عَلَيْكَ مِن قَبْلُۖ وَمَا ظَلَمْنَٰهُمْ وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Яһудилерге бұдан бұрын өзіңе баяндап берген (негізінен адал болған кейбір таза һәм пайдалы азық түрлерін асылық қылғаны үшін) арам қылдық. Осылай істеу арқылы Біз оларға қиянат жасамадық, керісінше, олар (Алланың үкіміне бағынбай) өз-өздеріне үнемі қиянат жасаумен болды.
ثُمَّ إِنَّ رَبَّكَ لِلَّذِينَ عَمِلُوا۟ ٱلسُّوٓءَ بِجَهَٰلَةࣲ ثُمَّ تَابُوا۟ مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ وَأَصْلَحُوٓا۟ إِنَّ رَبَّكَ مِنۢ بَعْدِهَا لَغَفُورࣱ رَّحِيمٌ
Анығында, Раббың білместікпен немесе нәпсісіне еріп жамандық жасап, содан кейін (ісінің күнә екенін біле салысымен) уақыт оздырмай тәубе етіп, түзелгендерге өзі жар болады. Сенің Раббың шәк-шүбәсіз (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған құлдарына) өте кешірімді, ерекше мейірімді.
إِنَّ إِبْرَٰهِيمَ كَانَ أُمَّةࣰ قَانِتࣰا لِّلَّهِ حَنِيفࣰا وَلَمْ يَكُ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ
Шүбәсіз, Ибраһим жалған діндердің бәрінен сырт айналып, бір Аллаға ғана сиынған һәм Аллаға жан-тәнімен берілген бір өзі бір үмбет болған еді. Ол әсте мүшрік(тердің қатарында) болған емес.
شَاكِرࣰا لِّأَنْعُمِهِۚ ٱجْتَبَىٰهُ وَهَدَىٰهُ إِلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ
Ол Алланың нығметтеріне әрдайым шүкіршілік ететін. Алла оны таңдаған һәм тура жолға салған еді.
وَءَاتَيْنَٰهُ فِي ٱلدُّنْيَا حَسَنَةࣰۖ وَإِنَّهُۥ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ لَمِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Біз оған дүние тіршілігінде бар жақсылықты бердік. Сондай-ақ ол ақиретте де сөзсіз ізгі жандардың қатарында болады.
ثُمَّ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ أَنِ ٱتَّبِعْ مِلَّةَ إِبْرَٰهِيمَ حَنِيفࣰاۖ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Біз саған да: «Жалған діндерден сырт айналып, бір Аллаға ғана сиынған күйде Ибраһимнің дінін ұстан!» – деп уахи еттік. Өйткені Ибраһим әсте мүшріктердің қатарында болған емес еді.
إِنَّمَا جُعِلَ ٱلسَّبْتُ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱخْتَلَفُوا۟ فِيهِۚ وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُوا۟ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ
Сенбі – тек сол күн жайлы (жұмыс істеуге болады немесе болмайды деп) өзара таласып-тартысқандары үшін ғана харам күн болып белгіленді (яғни, ол күні яһудилерге ғана жұмыс істеуге тыйым салынды). Ендеше, Раббың қиямет күні олардың өзара таласып-тартысқан мәселелеріне қатысты билік айтып, кесімді үкімін міндетті түрде шығарады.
ٱدْعُ إِلَىٰ سَبِيلِ رَبِّكَ بِٱلْحِكْمَةِ وَٱلْمَوْعِظَةِ ٱلْحَسَنَةِۖ وَجَٰدِلْهُم بِٱلَّتِي هِيَ أَحْسَنُۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُهْتَدِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Раббыңның жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз-насихат айту арқылы шақыр! Сондай-ақ (Алла жолында) күресу (немесе сөз таластыру) керек болғанда әрдайым сөз бен іс-әрекеттің ең жақсысын таңда. Шүбәсіз, Раббың өзінің тура жолынан кімнің тайып кеткенін жақсы білетіні сияқты тура жолына түскендерді (һәм түсетіндерді) де өте жақсы біледі.
وَإِنْ عَاقَبْتُمْ فَعَاقِبُوا۟ بِمِثْلِ مَا عُوقِبْتُم بِهِۦۖ وَلَئِن صَبَرْتُمْ لَهُوَ خَيْرࣱ لِّلصَّٰبِرِينَ
(Уа, мүміндер!) Егер өздеріңе жамандық жасағанның сазайын тартқызбақ болсаңдар, тиісті жазасын ғана беріңдер (яғни, өздеріңе жасалған жамандықтың есесін қайтарғандарыңда шектен шықпаңдар). Ал егер сабырлылық танытып, кешірім етсеңдер, олай істеу сабырлылық танытқандар үшін әлдеқайда қайырлы.
وَٱصْبِرْ وَمَا صَبْرُكَ إِلَّا بِٱللَّهِۚ وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَلَا تَكُ فِي ضَيْقࣲ مِّمَّا يَمْكُرُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Сен сабырлылық таныт! Өйткені сенің сабырлылық танытуың бір Алла үшін әрі Оның қолдауымен ғана болады. Күпірлікте қасарысқандар үшін (яғни, олардың жат қылықтарына, өзіңнен сырт айналғанына бола) мұңайма. Сондай-ақ олардың (еңбегіңді еш қылу һәм ел-жұртты хақ жолдан тайдыру үшін) жасаған қитұрқы жоспарлары мен құрған тұзақтарына бола тарығып, күйзелме.
إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوا۟ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحْسِنُونَ
Расында, Алла азабынан қорыққан құлдарымен әрі Хақ тағаланың, өздерін көріп бақылап тұрғанын жадында ұстап үнемі игі істер істейтін ізгі жандармен бірге.
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.