الٓرۚ تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ وَقُرْءَانࣲ مُّبِينࣲ
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – Кітаптың, ақиқатты баяндайтын айқын да қасиетті Құранның аяттары.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓرۚ تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ وَقُرْءَانࣲ مُّبِينࣲ
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – Кітаптың, ақиқатты баяндайтын айқын да қасиетті Құранның аяттары.
رُّبَمَا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْ كَانُوا۟ مُسْلِمِينَ
Күпірлік қылғандар күндердің күнінде: «Қап, мұсылман болғанымызда ғой!» – деп күйінеді.
ذَرْهُمْ يَأْكُلُوا۟ وَيَتَمَتَّعُوا۟ وَيُلْهِهِمُ ٱلْأَمَلُۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Оларды өз жайына қалдыр, ішсін, жесін, қу тіршіліктің қызығына батып жүре берсін һәм сағым үміт оларды алдарқата тұрсын. Алдағы уақытта олар әлі-ақ білетін болады.
وَمَآ أَهْلَكْنَا مِن قَرْيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابࣱ مَّعْلُومࣱ
Біз ешбір елді мекенді мерзімсіз жойған емеспіз.
مَّا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَـْٔخِرُونَ
Ешбір қауым ажалынан бұрын құрымайды һәм (ажалы келгенде) оны кейінге шегере де алмайды.
وَقَالُوا۟ يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِي نُزِّلَ عَلَيْهِ ٱلذِّكْرُ إِنَّكَ لَمَجْنُونࣱ
Кәпірлер (Мұхаммедті): «Әй, өзіне (ескерту мен насихатқа толы) Кітап түскен жан! Сен расында да жындысың!»
لَّوْ مَا تَأْتِينَا بِٱلْمَلَٰٓئِكَةِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
«Егер айтқаның рас болса, бізге періштелерді әкеліп көрсетпеймісің?!» – деп мазақтаған еді.
مَا نُنَزِّلُ ٱلْمَلَٰٓئِكَةَ إِلَّا بِٱلْحَقِّ وَمَا كَانُوٓا۟ إِذࣰا مُّنظَرِينَ
Анығында, Біз періштелерді (еріккеннен немесе біреудің ермегі үшін емес) белгілі хикметпен, ақиқат негізінде түсіреміз. Ал түсірген кезімізде (азапқа лайық болған қауымға) бір сәтке де мұрсат берілмейді.
إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا ٱلذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
Шүбәсіз, осынау зікірді (Құранды) Біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз.
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ فِي شِيَعِ ٱلْأَوَّلِينَ
Расында, сенен бұрын (әр алуан сенім мен пікірлерді ұстанып, топ-топқа бөлініп) өмір сүрген алғашқы қауымдарға да пайғамбарлар жібердік.
وَمَا يَأْتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ
Олар өздеріне пайғамбар келсе болды, оны мін-детті түрде келемеждеп, мазаққа айналдыратын еді.
كَذَٰلِكَ نَسْلُكُهُۥ فِي قُلُوبِ ٱلْمُجْرِمِينَ
Біз сол күпірлікті (алғашқы қауымдардың ішіндегі пайғамбарларды мазақ қылған күнәһарлардың жүрегіне қалай салған болсақ, сенің үмбетіңнің ішіндегі) күнәһарлардың жүрегіне де дәл солай саламыз.
لَا يُؤْمِنُونَ بِهِۦ وَقَدْ خَلَتْ سُنَّةُ ٱلْأَوَّلِينَ
Олар Құранға сенбейді, өйткені (соларға ұқсаған) алғашқы буын кәпірлердің қылығы белгілі. (Әйтсе де алғашқы кәпірлердің басына келгендер оларға аян).
وَلَوْ فَتَحْنَا عَلَيْهِم بَابࣰا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَظَلُّوا۟ فِيهِ يَعْرُجُونَ
Тіпті (Құранның хақ екенін дәлелдеу үшін мұғжиза көрсетіп) ол кәпірлерге аспанның бір қақпасын айқара ашсақ және олар жоғары көтерілсе де,
لَقَالُوٓا۟ إِنَّمَا سُكِّرَتْ أَبْصَٰرُنَا بَلْ نَحْنُ قَوْمࣱ مَّسْحُورُونَ
олар міндетті түрде: «Бұл бір көз байлаушылықтан басқа түк те емес, біздің көзіміз байланды. Расын айтқанда, біз басы дуаланған қауымбыз», – дейді.
وَلَقَدْ جَعَلْنَا فِي ٱلسَّمَآءِ بُرُوجࣰا وَزَيَّنَّٰهَا لِلنَّٰظِرِينَ
Біз көкте шоқ жұлдыздарды жараттық және тамсанып қарайтындар үшін көкті безендіріп қорғадық.
وَحَفِظْنَٰهَا مِن كُلِّ شَيْطَٰنࣲ رَّجِيمٍ
Һәм оны (Алланың рақымы мен құзырынан) қуылған барлық шайтандардан қорыдық.
إِلَّا مَنِ ٱسْتَرَقَ ٱلسَّمْعَ فَأَتْبَعَهُۥ شِهَابࣱ مُّبِينࣱ
Ал (жындар мен шайтандардың арасынан) әлдекім ұрланып тың тыңдайтын болса, жарқыраған ақпа жұлдыз оның соңына түседі де (бір адым жерге жіберместен көзін жояды).
وَٱلْأَرْضَ مَدَدْنَٰهَا وَأَلْقَيْنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتْنَا فِيهَا مِن كُلِّ شَيْءࣲ مَّوْزُونࣲ
Біз жер жүзін кеңінен жайдық, оған мызғымас тауларды қазықтай қақтық және одан хикметпен өлшенген әр алуан өсімдіктер өсірдік.
وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَٰيِشَ وَمَن لَّسْتُمْ لَهُۥ بِرَٰزِقِينَ
Сондай-ақ онда сендерге һәм ризығы сендердің қолдарыңда болмаған (яғни, ризығын тауып беруге қауқарларың жетпейтін) басқа да жаратылыстарға арнап көптеген тіршілік көздерін жараттық.
وَإِن مِّن شَيْءٍ إِلَّا عِندَنَا خَزَآئِنُهُۥ وَمَا نُنَزِّلُهُۥٓ إِلَّا بِقَدَرࣲ مَّعْلُومࣲ
Не нәрсенің болмасын қазыналары Біздің құзырымызда. Біз оны белгілі мөлшерде ғана түсіреміз.
وَأَرْسَلْنَا ٱلرِّيَٰحَ لَوَٰقِحَ فَأَنزَلْنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَأَسْقَيْنَٰكُمُوهُ وَمَآ أَنتُمْ لَهُۥ بِخَٰزِنِينَ
Желдерді ұрықтандырушы ретінде жібердік. Сөйтіп көктен жауын жаудырып, сол арқылы сендерді сумен қамтамасыз еттік. Сол суды жерге (яғни, жер асты су арналарына, бұлақтарға, өзен-көлдерге) айналдырдық, оны баға жетпес қазына ретінде сақтап отырған да сендер емессіңдер.
وَإِنَّا لَنَحْنُ نُحْيِۦ وَنُمِيتُ وَنَحْنُ ٱلْوَٰرِثُونَ
Шүбәсіз, өмір сыйлайтын да, оны қайтып алатын да мына Біз. Һәм соңында (күллі жаратылыс атаулы өлгеннен кейін) бәріне мұрагер болып, мәңгі-бақи қалатын да мына Біз.
وَلَقَدْ عَلِمْنَا ٱلْمُسْتَقْدِمِينَ مِنكُمْ وَلَقَدْ عَلِمْنَا ٱلْمُسْتَـْٔخِرِينَ
Шынында, Біз сендерден бұрын өткендерді де, кейін келетіндерді де өте жақсы білеміз.
وَإِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَحْشُرُهُمْۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمࣱ
Олардың бәрін махшарға жинайтын да сенің Раббың. Ол – Хаким (әр ісі мен үкімі көптеген хикметтерге толы болған асқан даналық иесі), Алим (шексіз ілім иесі).
وَلَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ مِن صَلْصَٰلࣲ مِّنْ حَمَإࣲ مَّسْنُونࣲ
Біз адамды құрғақ, күйдірілмеген әрі кескінделген қара балшықтан жараттық.
وَٱلْجَآنَّ خَلَقْنَٰهُ مِن قَبْلُ مِن نَّارِ ٱلسَّمُومِ
Ал жындарды оған дейін терідегі ұсақ саңылаулардан тәнге еніп кете алатын түтінсіз оттан жараттық.
وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَٰٓئِكَةِ إِنِّي خَٰلِقُۢ بَشَرࣰا مِّن صَلْصَٰلࣲ مِّنْ حَمَإࣲ مَّسْنُونࣲ
Есіңде болса, Раббың періштелерге: «Мен құрғақ, күйдірілмеген әрі кескінделген қара балшықтан адам жаратамын».
فَإِذَا سَوَّيْتُهُۥ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُوا۟ لَهُۥ سَٰجِدِينَ
«Оған толыққанды (ең көркем) кескін-келбет беріп, ішіне Өз Рухымнан үрлегенімде (яғни рухты жаратып, оған жан бітіргенімде) оған бірден (сый-құрмет көрсетіп) сәжде етіңдер», – деген еді.
فَسَجَدَ ٱلْمَلَٰٓئِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ
Сонда барлық періштелер бірден сәжде етті.
إِلَّآ إِبْلِيسَ أَبَىٰٓ أَن يَكُونَ مَعَ ٱلسَّٰجِدِينَ
Тек Ібіліс қана сәжде етпеді, ол сәжде еткендермен бірге болуды қаламады.
قَالَ يَٰٓإِبْلِيسُ مَا لَكَ أَلَّا تَكُونَ مَعَ ٱلسَّٰجِدِينَ
Сонда Алла одан: «Әй, Ібіліс! Саған не болды? Неліктен сәжде етушілерге қосылмадың?» – деп сұрады.
قَالَ لَمْ أَكُن لِّأَسْجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقْتَهُۥ مِن صَلْصَٰلࣲ مِّنْ حَمَإࣲ مَّسْنُونࣲ
Ібіліс: «Мен құрғақ, күйдірілмеген әрі кескінделген қара балшықтан жаратқан адамыңа сәжде ете алмас едім», – деді.
قَالَ فَٱخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمࣱ
Алла оған: «Ендеше, шық ол жерден! Сен бұдан былай құзырымнан һәм рақымымнан қуылған малғұнсың».
وَإِنَّ عَلَيْكَ ٱللَّعْنَةَ إِلَىٰ يَوْمِ ٱلدِّينِ
«Шүбәсіз, сен енді қиямет күніне дейін лағынет қамытын киесің», – деді.
قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِيٓ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Ібіліс: «Уа, Раббым! Ендеше, адамдар (өліп) қайта тірілетін күнге дейін маған мұрсат бер», – деді.
قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلْمُنظَرِينَ
Алла оған: «Жақсы, саған мұрсат берілді».
إِلَىٰ يَوْمِ ٱلْوَقْتِ ٱلْمَعْلُومِ
«Алайда Маған ғана мәлім болған күнге (яғни, қиямет күніне) дейін», – деп айтты.
قَالَ رَبِّ بِمَآ أَغْوَيْتَنِي لَأُزَيِّنَنَّ لَهُمْ فِي ٱلْأَرْضِ وَلَأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
Ібіліс: «Уа, Раббым! Мені азғырып, адастырғаның (сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), олар үшін жер бетіндегі (қу дүние мен күнә атаулыны) көздің жауын алатындай етіп безендіріп қоямын, сөйтіп олардың барлығын азғырып, тура жолдан тайдырамын».
إِلَّا عِبَادَكَ مِنْهُمُ ٱلْمُخْلَصِينَ
«Алайда ықыласты құлдарыңның жөні басқа (мен оларды тура жолдан тайдыра алмаймын)», – деді.
قَالَ هَٰذَا صِرَٰطٌ عَلَيَّ مُسْتَقِيمٌ
Сонда Алла: «Міне, (ықыласқа, шынайылыққа һәм толық мойынсұнушылыққа негізделген) осынау жол – Өзім кепіл болған нағыз тура жол».
إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَٰنٌ إِلَّا مَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلْغَاوِينَ
«Менің (ықыласты һәм Маған толық мойынсұнған) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың (пәрменің) жүрмейді. Сенің ықпалың тек өзіңе ерген адасқан азғындарға ғана жүретін болады», – деп айтты.
وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوْعِدُهُمْ أَجْمَعِينَ
Шүбәсіз, олардың (яғни Ібіліс пен оған ергендердің) бәрінің ақырында барып, бас қосатын межелі жері – жаһаннам.
لَهَا سَبْعَةُ أَبْوَٰبࣲ لِّكُلِّ بَابࣲ مِّنْهُمْ جُزْءࣱ مَّقْسُومٌ
Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың ішінен арнайы топтар бөлінген (яғни, олардың ішінен қай топтың қай қақпадан кіретіні белгілі).
إِنَّ ٱلْمُتَّقِينَ فِي جَنَّٰتࣲ وَعُيُونٍ
Ал Аллаға лайықты түрде тағзым етіп, Оған асылық қылудан сақтанған тақуа жандар жұмақ бақшаларында, бастаулардың басында болады.
ٱدْخُلُوهَا بِسَلَٰمٍ ءَامِنِينَ
(Оларға): «Ол жерге есендікпен һәм үрей мен уайым атаулыдан арылған күйде кіріңдер», – делінеді.
وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنْ غِلٍّ إِخْوَٰنًا عَلَىٰ سُرُرࣲ مُّتَقَٰبِلِينَ
Олардың көкірегіндегі өшпенділік, ыза-кек, қызғаныш сынды жағымсыз сезімдерді суырып алып тастаймыз. Сөйтіп олар бір-біріне дос-бауыр болып, жұмсақ төсектердің үстінде біріне-бірі жылы шыраймен қарасып (әңгіме-дүкен құрып) отырады.
لَا يَمَسُّهُمْ فِيهَا نَصَبࣱ وَمَا هُم مِّنْهَا بِمُخْرَجِينَ
Олар онда ешқандай қиыншылық, машақат көрмейді һәм ол жерден әсте шығарылмайды.
۞نَبِّئْ عِبَادِيٓ أَنِّيٓ أَنَا ٱلْغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
(Уа, Мұхаммед!) Құлдарымға Менің шынымен өте кешірімді, (әсіресе, мүмін құлдарыма) ерекше мейірімді екенімнен хабардар ет!
وَأَنَّ عَذَابِي هُوَ ٱلْعَذَابُ ٱلْأَلِيمُ
Сонымен қатар азабым да жан төзгісіз.
وَنَبِّئْهُمْ عَن ضَيْفِ إِبْرَٰهِيمَ
Сондай-ақ оларға Ибраһимнің қонақтары жайлы айтып бер.
إِذْ دَخَلُوا۟ عَلَيْهِ فَقَالُوا۟ سَلَٰمࣰا قَالَ إِنَّا مِنكُمْ وَجِلُونَ
Олар Ибраһимнің үйіне кіріп келгенде: «Есендік, тыныштық тілейміз!» – деп сәлем берді. Ибраһим болса: «Расында, біз сендерден бір түрлі секем алып, қорқып тұрмыз», – деді.
قَالُوا۟ لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ عَلِيمࣲ
Сонда бейтаныс қонақтар: «Қорықпа! Шынында, біз сені сондай ілімдар ұл баламен сүйіншілейміз», – деді.
قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِي عَلَىٰٓ أَن مَّسَّنِيَ ٱلْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ
Ибраһим оларға таңданып: «Сонда сендер мені әбден қартайған шағымда (ұлды боласың деп) қуантпақсыңдар ма?! Сендер осынау қуанышты хабарды неге сүйеніп айтып тұрсыңдар?» – деді.
قَالُوا۟ بَشَّرْنَٰكَ بِٱلْحَقِّ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلْقَٰنِطِينَ
Сонда олар: «Біз сені ақиқатпен сүйіншіледік. Ендеше, үмітсіздердің қатарына қосылма», – деді.
قَالَ وَمَن يَقْنَطُ مِن رَّحْمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ
Ибраһим де: «Тура жолдан адасқандардан өзге кім Раббысының рақымынан үмітін үзеді дейсің», – деді.
قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا ٱلْمُرْسَلُونَ
Содан кейін ол келген қонақтардан: «Уа, елшілер! Бұдан басқа қандай шаруамен келдіңдер?» – деп сұрады.
قَالُوٓا۟ إِنَّآ أُرْسِلْنَآ إِلَىٰ قَوْمࣲ مُّجْرِمِينَ
Олар: «Біз, негізінен, күнәға белшесінен батқан күнәһар қауымға (оларды жермен-жексен ету үшін) жіберілдік».
إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمْ أَجْمَعِينَ
«Луттың отбасынан басқаларын (жаппай құртамыз). Ал Луттың отбасын түгелдей аман алып қаламыз».
إِلَّا ٱمْرَأَتَهُۥ قَدَّرْنَآ إِنَّهَا لَمِنَ ٱلْغَٰبِرِينَ
«Тек әйелін (азаптан) құтқармаймыз. Біз оның пешенесіне жұртта қалып, зауал табатындардың арасында болуды жаздық», – деп жауап берді.
فَلَمَّا جَآءَ ءَالَ لُوطٍ ٱلْمُرْسَلُونَ
Содан елшілер Луттың үйіне келді.
قَالَ إِنَّكُمْ قَوْمࣱ مُّنكَرُونَ
Сонда Лут та олардан секем алып: «Расында, сендер бізге бейтаныс жандарсыңдар», – деді.
قَالُوا۟ بَلْ جِئْنَٰكَ بِمَا كَانُوا۟ فِيهِ يَمْتَرُونَ
Елшілер оған: «Біз (Раббыңның елшілеріміз) саған (жай келген жоқпыз), күнәһар қауымыңның үнемі шәк келтіріп келген нәрсесін (азапты) әкелдік».
وَأَتَيْنَٰكَ بِٱلْحَقِّ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ
«Біз саған ақиқатпен (қауымыңа қатысты сөзсіз орындалатын кесімді үкіммен) келдік. Біз рас айтып тұрмыз».
فَأَسْرِ بِأَهْلِكَ بِقِطْعࣲ مِّنَ ٱلَّيْلِ وَٱتَّبِعْ أَدْبَٰرَهُمْ وَلَا يَلْتَفِتْ مِنكُمْ أَحَدࣱ وَٱمْضُوا۟ حَيْثُ تُؤْمَرُونَ
«Ал өзің түннің бір уақытында отбасыңмен жолға шық. Өзің олардың соңынан жүріп отыр, араларыңнан ешкім артына бұрылып қарайламасын. Өздеріңе бұйырылған жерге қарай жүре беріңдер», – деп айтты.
وَقَضَيْنَآ إِلَيْهِ ذَٰلِكَ ٱلْأَمْرَ أَنَّ دَابِرَ هَٰٓؤُلَآءِ مَقْطُوعࣱ مُّصْبِحِينَ
Содан оған «Таңсәріге жуық олар (күнәһарлар) түп-тұқиянымен құритын болады» деген кесімді пәрменді уахи еттік.
وَجَآءَ أَهْلُ ٱلْمَدِينَةِ يَسْتَبْشِرُونَ
(Жүзінен нұр тамған жас жігіттер кейпінде келген елшілер жайлы естіген) қала халқы бір-бірінен сүйінші сұрап, (Луттың үйіне) ентелеп жетіп келді.
قَالَ إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ ضَيْفِي فَلَا تَفْضَحُونِ
Сонда Лут оларға: «Бұлар – менің қонақтарым. Садағаларың кетейін, мені олардың алдында ұятқа қалдырмаңдар!»
وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ
«Алладан қорқыңдар! Мені ұятқа қалдырмаң-дар!» – деп жалынды.
قَالُوٓا۟ أَوَلَمْ نَنْهَكَ عَنِ ٱلْعَٰلَمِينَ
Қауымы оған: «Біз сені ел-жұрттың ісіне араласудан тыймап па едік?! (Кім көрінгенге араша түсіп, жолымызға кесе-көлденең тұруыңа тыйым салмап па едік?)» – деп бірден қарсы келді.
قَالَ هَٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِيٓ إِن كُنتُمْ فَٰعِلِينَ
Лут оларға: «Егер керек десеңдер (табиғи қажеттіліктеріңді өтегілерің келсе,) міне, қыздарым (соларға үйленіңдер)», – деді.
لَعَمْرُكَ إِنَّهُمْ لَفِي سَكْرَتِهِمْ يَعْمَهُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Сенің өміріңмен ант етейін! Шүбәсіз, олар (нәпсіқұмарлыққа бой алдырған күйде) мас болып, мәңгіріп жүр.
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلصَّيْحَةُ مُشْرِقِينَ
Ақырында, Күн шығып келе жатқанда, жер жарған ащы айқай (ғаламат жарылыс) оларды тырп еткізбей басып қалды.
فَجَعَلْنَا عَٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِمْ حِجَارَةࣰ مِّن سِجِّيلٍ
Сөйтіп сол (қарғыс атқан) елді мекеннің астын үстіне келтірдік һәм ондағы азғын қауымның төбесінен (тозақ отына) күйдірілген балшықтан тас жаудырдық.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّلْمُتَوَسِّمِينَ
Міне, осы уақиғалардың мәнін жете түсінетін көкірек көзі ашық парасатты жандар үшін қаншама анық белгі, ғибрат бар.
وَإِنَّهَا لَبِسَبِيلࣲ مُّقِيمٍ
(Жермен-жексен болған) сол елді мекен (яғни солардың қираған жұрты әлі күнге дейін Шам еліне апаратын) жол үстінде тұр.
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّلْمُؤْمِنِينَ
Шүбәсіз, осында мүміндер үшін бір белгі, бір ғибрат бар.
وَإِن كَانَ أَصْحَٰبُ ٱلْأَيْكَةِ لَظَٰلِمِينَ
Әйка халқы да шынымен (күпірлік пен күнәға белшесінен батқан) залымдар еді.
فَٱنتَقَمْنَا مِنْهُمْ وَإِنَّهُمَا لَبِإِمَامࣲ مُّبِينࣲ
Оларға да лайықты жазасын бердік. Сол (Құдайдың қаһарына ұшыраған) екі елді мекеннің де қираған жұрты тура жол үстінде.
وَلَقَدْ كَذَّبَ أَصْحَٰبُ ٱلْحِجْرِ ٱلْمُرْسَلِينَ
Хижр халқы да елшілік міндетпен келген пайғамбарларды өтірікші санап, мойындамады.
وَءَاتَيْنَٰهُمْ ءَايَٰتِنَا فَكَانُوا۟ عَنْهَا مُعْرِضِينَ
Біз оларға анық дәлелдеріміз бен мұғжизалары-мызды ұсындық. Алайда олар сол мұғжизалардан үнемі сырт айналды.
وَكَانُوا۟ يَنْحِتُونَ مِنَ ٱلْجِبَالِ بُيُوتًا ءَامِنِينَ
Олар тау-тасты үңгіп үй жасап алып, ішінде өздерін қауіпсіздікте сезінетін еді.
فَأَخَذَتْهُمُ ٱلصَّيْحَةُ مُصْبِحِينَ
Бірде таңертең жер жарған ащы айқай оларды да тырп еткізбей басып қалды.
فَمَآ أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Олардың өмір бойғы тапқаны мен жасағаны өздеріне түк те пайда бермеді.
وَمَا خَلَقْنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَآ إِلَّا بِٱلْحَقِّۗ وَإِنَّ ٱلسَّاعَةَ لَـَٔاتِيَةࣱۖ فَٱصْفَحِ ٱلصَّفْحَ ٱلْجَمِيلَ
Біз күллі аспан әлемі мен жерді және екеуінің арасындағы жаратылыс атаулыны жайдан жай емес, хақты мақсат тұтып, ақиқатқа сүйенген мінсіз жүйе негізінде жараттық. Қиямет күні міндетті түрде орнайды. Ендеше, сен (ел-жұрттың қатесін, қиянатын) әрдайым кешіріп, жақсылық жасау жолын ұстан.
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلْخَلَّٰقُ ٱلْعَلِيمُ
Шүбәсіз, сенің Раббың – ұлы һәм теңдессіз Жаратушы, бәрін толық білуші, шексіз ілім иесі.
وَلَقَدْ ءَاتَيْنَٰكَ سَبْعࣰا مِّنَ ٱلْمَثَانِي وَٱلْقُرْءَانَ ٱلْعَظِيمَ
Ант етейік! Біз саған «Сәбғу мәсәни» мен осынау ұлы Құранды бердік.
لَا تَمُدَّنَّ عَيْنَيْكَ إِلَىٰ مَا مَتَّعْنَا بِهِۦٓ أَزْوَٰجࣰا مِّنْهُمْ وَلَا تَحْزَنْ عَلَيْهِمْ وَٱخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ
Кәпірлердің бір бөлігіне берген дүниелік өткінші нығметтерімізге қызығып көз сүзбе. Сондай-ақ (иман етпеді, ақиқатты түсінбеді деп) олар үшін мұңайма. Мүміндерге жанашыр, кішіпейіл әрі жәрдемші бол!
وَقُلْ إِنِّيٓ أَنَا ٱلنَّذِيرُ ٱلْمُبِينُ
(Уа, Мұхаммед! Қауымыңа): «Шүбәсіз мен, (сендерді Құдайдың қаһарына ұшырап, азапқа душар болудан сақтандыру үшін келген) анық ескертушімін», – деп айт.
كَمَآ أَنزَلْنَا عَلَى ٱلْمُقْتَسِمِينَ
(Маған құлақ аспайтын болсаңдар, бастарыңа) тура Құранның өзіне ұнаған жерін алып, қалған үкімдеріне мұрын шүйіргендердің басына келтірген азабымыз сияқты (азап орнайды).
ٱلَّذِينَ جَعَلُوا۟ ٱلْقُرْءَانَ عِضِينَ
Олар (Құранның бір бөлігіне сеніп, енді бір бөлігіне сенбей) Құранды жіктеп тастаған еді.
فَوَرَبِّكَ لَنَسْـَٔلَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ
Раббыңа серт! Біз олардың барлығын сөзсіз жауапқа тартамыз.
عَمَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Істеген осындай орынсыз істері мен қылықтары үшін (жауапқа тартамыз).
فَٱصْدَعْ بِمَا تُؤْمَرُ وَأَعْرِضْ عَنِ ٱلْمُشْرِكِينَ
Енді өзіңе бұйырылғанды (бар күш-жігеріңді аямай) ашық түрде айтып жеткіз. Мүшріктерден теріс айнал (олардың қарсылығына қарама, сөздеріне мүлдем мән берме).
إِنَّا كَفَيْنَٰكَ ٱلْمُسْتَهْزِءِينَ
Мазақ қылушыларға қарсы Біздің саған қолдау көрсеткеніміз әбден жеткілікті.
ٱلَّذِينَ يَجْعَلُونَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۚ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ
Олар Алла тұрғанда өздерінше басқаларды да құдай тұтады. Алайда олар жақында (Аллаға өзгелерді серік етіп қосудың неге әкеліп соғатынын) білетін болады.
وَلَقَدْ نَعْلَمُ أَنَّكَ يَضِيقُ صَدْرُكَ بِمَا يَقُولُونَ
Олардың осындай күпір сөздерінен көкірегіңнің қарс айырылатынын, қатты қамығатыныңды Біз жақсы білеміз.
فَسَبِّحْ بِحَمْدِ رَبِّكَ وَكُن مِّنَ ٱلسَّٰجِدِينَ
Ендеше, Рабыңның кемшілік, мұқтаждық атаулыдан ада әрі мінсіз екенін айтып жар сал әрі Оған мақтау айт! Әрдайым сәжде етушілердің қатарынан табыл.
وَٱعْبُدْ رَبَّكَ حَتَّىٰ يَأْتِيَكَ ٱلْيَقِينُ
Сондай-ақ дәм-тұзың таусылып, ажалың жеткенше Раббыңа құлшылық ет!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.