بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓمٓرۚ تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِۗ وَٱلَّذِيٓ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ ٱلْحَقُّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ
Әлиф, Ләм, Мим, Ра. (Құранның ішіндегі және осы сүредегі барлық) сөздер саған түскен Кітаптың аяттары. Саған Раббыңнан түскен (бұл Құран) ақиқаттың нақ өзі. Алайда адамдардың көбі бәрібір иман етпейді.
ٱللَّهُ ٱلَّذِي رَفَعَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ بِغَيْرِ عَمَدࣲ تَرَوْنَهَاۖ ثُمَّ ٱسْتَوَىٰ عَلَى ٱلْعَرْشِۖ وَسَخَّرَ ٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَۖ كُلࣱّ يَجْرِي لِأَجَلࣲ مُّسَمࣰّىۚ يُدَبِّرُ ٱلْأَمْرَ يُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّكُم بِلِقَآءِ رَبِّكُمْ تُوقِنُونَ
Алла күллі аспан әлемін өздерің көріп тұрғандай тіреусіз көтерді. Содан кейін Аршқа «истиуа» етті (яғни, Аршқа шексіз билігін жүргізді, Аршпен бірге күллі жаратылыс атаулыны толық меңгеріп, шексіз үкімін жүргізді). Күн мен айды (сендерге қызмет еттіру үшін) Өзіне бағынышты қылды. Олардың әрбірі өзі үшін алдын-ала белгіленген ақтық сәтке дейін (көк жүзінде) жүзіп кетіп барады. Ол – күндердің күнінде Раббыларыңа қауышатындықтарыңа еш күмәнсіз иман етулерің үшін (белгілі бір жүйеге негізделген болмыстағы) барлық істерді Өзі жүргізуде, бәрін қадағалап басқаруда әрі ақиқаттың барлық белгілері мен дәлелдерін жан-жақты ашып түсіндіруде.
وَهُوَ ٱلَّذِي مَدَّ ٱلْأَرْضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنْهَٰرࣰاۖ وَمِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ جَعَلَ فِيهَا زَوْجَيْنِ ٱثْنَيْنِۖ يُغْشِي ٱلَّيْلَ ٱلنَّهَارَۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يَتَفَكَّرُونَ
Сондай-ақ Ол жерді кеңінен жайды және оның ішінен қазықтай қағылған тауларды көтеріп, өзендер ағызды. Ондағы әрбір жемісті жұп-жұбымен жаратты һәм үнемі күндізді түнмен бүркеуде. Міне, осылардың бәрінде ойланатын қауым үшін сөзсіз көптеген белгілер мен дәлелдер бар.
وَفِي ٱلْأَرْضِ قِطَعࣱ مُّتَجَٰوِرَٰتࣱ وَجَنَّٰتࣱ مِّنْ أَعْنَٰبࣲ وَزَرْعࣱ وَنَخِيلࣱ صِنْوَانࣱ وَغَيْرُ صِنْوَانࣲ يُسْقَىٰ بِمَآءࣲ وَٰحِدࣲ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَىٰ بَعْضࣲ فِي ٱلْأُكُلِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَٰتࣲ لِّقَوْمࣲ يَعْقِلُونَ
Жер бетінде іргелес (алайда біріне-бірі ұқсамайтын) құрлықтар бар. Сондай-ақ әр алуан жүзім баулары, егістік алқаптары мен бір түптен бірнешеу болып шыққан немесе дара біткен құрма ағаштары бар. Осылардың барлығы бір сумен суғарылады. Алайда Біз оларды (дәмі, иісі, түр-түсі, нәрлілігі мен сапасы жағынан) әртүрлі етіп, бірінен бірін артық қыламыз. Міне, осылардың бәрінде ақылға салып ойланатын қауым үшін сөзсіз көптеген белгілер мен дәлелдер бар.
۞وَإِن تَعْجَبْ فَعَجَبࣱ قَوْلُهُمْ أَءِذَا كُنَّا تُرَٰبًا أَءِنَّا لَفِي خَلْقࣲ جَدِيدٍۗ أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِرَبِّهِمْۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ ٱلْأَغْلَٰلُ فِيٓ أَعْنَاقِهِمْۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلنَّارِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Егер таңғалар болсаң, «сонда біз шіріп, топыраққа айналғаннан кейін тірілеміз бе?» дейтіндердің сөзіне таңғалу керек. Міне, солар – Раббыларына күпірлік қылғандар әрі олар мойындарына (өздерін тозаққа сүйрейтін) ажырғы салынған бейбақтар. Олар – тозақтықтар, олар сонда мәңгі-бақи болады.
وَيَسْتَعْجِلُونَكَ بِٱلسَّيِّئَةِ قَبْلَ ٱلْحَسَنَةِ وَقَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهِمُ ٱلْمَثُلَٰتُۗ وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو مَغْفِرَةࣲ لِّلنَّاسِ عَلَىٰ ظُلْمِهِمْۖ وَإِنَّ رَبَّكَ لَشَدِيدُ ٱلْعِقَابِ
Олар саған: «Қане, бізді қорқытқан азабыңды тезірек келтірсеңші», – деп, бастарына жақсылықтан бұрын жамандықтың тезірек келгенін тілейді. Әйтсе де олардан бұрын (өмір сүріп лайықты жазасын тартқан күнәһар қауымдар сияқты) ғибратқа толы талай мысалдар шынымен орын алған болатын. Алайда Раббың адамдар қанша жерден зұлымдық істесе де оларға кешірімді. Расында, Раббыңның жазасы тым қатты.
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْهِ ءَايَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦٓۗ إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرࣱۖ وَلِكُلِّ قَوْمٍ هَادٍ
Күпірлік қылғандар: «(Пайғамбармын деп жүрген) бұл кісіге Раббысынан анық дәлел түсуі тиіс емес пе?» – дейді. (Уа, Мұхаммед!) «Сен тек ескертушісің.Әр қауымның тура жолға бастайтын бір жол басшысы бар».
ٱللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَحْمِلُ كُلُّ أُنثَىٰ وَمَا تَغِيضُ ٱلْأَرْحَامُ وَمَا تَزْدَادُۚ وَكُلُّ شَيْءٍ عِندَهُۥ بِمِقْدَارٍ
Алла әрбір ұрғашы жыныстың не көтергенін, құрсақтардың нені кемітіп, нені арттыратынын, нені түсіріп (яғни, қай құрсақтың түсік тастап немесе ай-күні толмай босанатынын), нені мерзімінен асырып жіберетінін толық біледі. Оның құзырында барлық нәрсе өлшеулі.
عَٰلِمُ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلْكَبِيرُ ٱلْمُتَعَالِ
Ол ғайыпты да, жарияны да (яғни, сезім мүшелерімен сезіп-білу мүмкін емес тылсым әлемді де, жария әлемді де) толық білуші. Ол – ұлы да асқақ.
سَوَآءࣱ مِّنكُم مَّنْ أَسَرَّ ٱلْقَوْلَ وَمَن جَهَرَ بِهِۦ وَمَنْ هُوَ مُسْتَخْفِۭ بِٱلَّيْلِ وَسَارِبُۢ بِٱلنَّهَارِ
Араларыңнан сөзін құпия түрде айтқан да, ашық айтқан да немесе түн ішінде жасырынған да, күндіз ашықтан-ашық бой көрсеткен де Ол үшін бірдей.
لَهُۥ مُعَقِّبَٰتࣱ مِّنۢ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِۦ يَحْفَظُونَهُۥ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّىٰ يُغَيِّرُوا۟ مَا بِأَنفُسِهِمْۗ وَإِذَآ أَرَادَ ٱللَّهُ بِقَوْمࣲ سُوٓءࣰا فَلَا مَرَدَّ لَهُۥۚ وَمَا لَهُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَالٍ
Расында (Алла) қандай да бір қауым өз ішінде өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді. Алланың әмірімен оны (адамды) алдынан да, артынан да алма-кезек бақылайтын һәм қорғайтын, не істеп, не қойғанын түгел жазып отыратын періштелер бар. Қандай да бір қауым өз ішінде (рухани тұрғыдан жұтап) өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді). Егер Алла бір қауымның басына қандай да бір жамандықтың келуін қаласа, оның бетін ешкім де қайтара алмайды. Адамдарға Алладан өзге қамқор болатын ешкім жоқ.
هُوَ ٱلَّذِي يُرِيكُمُ ٱلْبَرْقَ خَوْفࣰا وَطَمَعࣰا وَيُنشِئُ ٱلسَّحَابَ ٱلثِّقَالَ
Ол сендерге найзағайды һәм үрей салатын, һәм үміт отын жағатындай етіп көрсетеді, әрі қорғасындай ауыр сауын бұлттарды жаратады.
وَيُسَبِّحُ ٱلرَّعْدُ بِحَمْدِهِۦ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ مِنْ خِيفَتِهِۦ وَيُرْسِلُ ٱلصَّوَٰعِقَ فَيُصِيبُ بِهَا مَن يَشَآءُ وَهُمْ يُجَٰدِلُونَ فِي ٱللَّهِ وَهُوَ شَدِيدُ ٱلْمِحَالِ
Күннің күркірі Оны мінсіз, кемшілік атаулыдан ада һәм ұлы екенін айтып мадақтайды. Періштелер де Оны ерекше құрметпен әрі қорқа отырып, ұлықтайды. Сондай-ақ Ол қалағанының төбесіне жай түсіреді. Сонда да (кәпірлер) Аллаға қатысты мәселелерде сөз таластыруда. Анығында, Оның жазасы тым қатты.
لَهُۥ دَعْوَةُ ٱلْحَقِّۚ وَٱلَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِهِۦ لَا يَسْتَجِيبُونَ لَهُم بِشَيْءٍ إِلَّا كَبَٰسِطِ كَفَّيْهِ إِلَى ٱلْمَآءِ لِيَبْلُغَ فَاهُ وَمَا هُوَ بِبَٰلِغِهِۦۚ وَمَا دُعَآءُ ٱلْكَٰفِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَٰلࣲ
Қабыл болатын дұға – Оған оқылған дұға. Мүшріктердің Оны былай қалдырып, дұға етіп жалбарынған пұттары олардың бірде-бір дұғасына жауап бере алмайды. (Алладан өзгеге жалбарынғанның жай-күйі) аузыма су құйылсын деп, алдындағы бұлаққа қос алақанын жайған күйде отырған адамға ұқсайды. Алайда (ол солай тұра берсе,) су оның аузына әсте жетпейді. Міне, кәпірлердің дұға-мінәжаты (дәл сондай) бекершілік, жауапсыз қалатын дұға, одан басқа түк емес.
وَلِلَّهِ يَسْجُدُ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ طَوْعࣰا وَكَرْهࣰا وَظِلَٰلُهُم بِٱلْغُدُوِّ وَٱلْـَٔاصَالِ۩
Күллі аспан әлеміндегі және жердегі жаратылыс атаулы, тіпті олардың көлеңкесі де ерікті һәм еріксіз түрде ертелі-кеш Аллаға құлдық ұрып, сәжде етуде.
قُلْ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ قُلِ ٱللَّهُۚ قُلْ أَفَٱتَّخَذْتُم مِّن دُونِهِۦٓ أَوْلِيَآءَ لَا يَمْلِكُونَ لِأَنفُسِهِمْ نَفْعࣰا وَلَا ضَرࣰّاۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي ٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْبَصِيرُ أَمْ هَلْ تَسْتَوِي ٱلظُّلُمَٰتُ وَٱلنُّورُۗ أَمْ جَعَلُوا۟ لِلَّهِ شُرَكَآءَ خَلَقُوا۟ كَخَلْقِهِۦ فَتَشَٰبَهَ ٱلْخَلْقُ عَلَيْهِمْۚ قُلِ ٱللَّهُ خَٰلِقُ كُلِّ شَيْءࣲ وَهُوَ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّٰرُ
(Уа, Мұхаммед!) Енді олардан: «Күллі аспан әлемі мен жердің Раббысы (оларды жоқтан жаратып, белгілі жүйеге салған һәм бәріне тіреу болып тұрған) кім?» – деп сұра. (Олар амалсыздан Алла деп жауап беретіндіктен, бұл сұрағыңа өзің-ақ жауап беріп): «Алла!» – деп айт. Оларға: «Сонда сендер Оны былай қойып, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, тіпті өз бастарына төнген бәленің бетін де қайтара алмайтын бірқатар қамқор ие әрі дос тауып алдыңдар ма?» – де. Сондай-ақ олардан: «Соқыр мен көретін адам тең бе? Қараңғы түнектер мен жарық нұр тең бе?» – деп сұра. Әлде олар Алланың жаратқанындай жарата алатын Аллаға тең келетін бірқатар серіктерді тапқандықтан, жарату ісі олардың басын қатырып, нағыз Жаратушының кім екенін біле алмай дал болып жүр ме? Оларға: «Алла – барлық нәрсенің жаратушысы. Ол жалғыз әрі бәрінен үстем», – деп айт.
أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءࣰ فَسَالَتْ أَوْدِيَةُۢ بِقَدَرِهَا فَٱحْتَمَلَ ٱلسَّيْلُ زَبَدࣰا رَّابِيࣰاۖ وَمِمَّا يُوقِدُونَ عَلَيْهِ فِي ٱلنَّارِ ٱبْتِغَآءَ حِلْيَةٍ أَوْ مَتَٰعࣲ زَبَدࣱ مِّثْلُهُۥۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ ٱللَّهُ ٱلْحَقَّ وَٱلْبَٰطِلَۚ فَأَمَّا ٱلزَّبَدُ فَيَذْهَبُ جُفَآءࣰۖ وَأَمَّا مَا يَنفَعُ ٱلنَّاسَ فَيَمْكُثُ فِي ٱلْأَرْضِۚ كَذَٰلِكَ يَضْرِبُ ٱللَّهُ ٱلْأَمْثَالَ
Ол аспаннан жауын жаудырады, сөйтіп, сай-саладағы өзендер мен жылғалар әрқайсысы арнасына (көлеміне) қарай тасып ағады. Тасып аққан су бетіндегі көпіріп шыққан көбіктерді ағызып әкетеді. Сондай-ақ адамдардың әшекей немесе басқа да бұйымдарды жасау үшін отқа қойып балқытқан түрлі-түсті кендерден де сондай көбік шығады. Міне, Алла ақиқат пен жалғанды мынадай мысал келтіру арқылы түсіндіреді: көбік көп ұзамай-ақ жоқ болады, ал адамдардың пайдасына жарайтын өзек болса, жерде тұрақтап қалады. Міне, Алла осылайша мысалдар келтіреді.
لِلَّذِينَ ٱسْتَجَابُوا۟ لِرَبِّهِمُ ٱلْحُسْنَىٰۚ وَٱلَّذِينَ لَمْ يَسْتَجِيبُوا۟ لَهُۥ لَوْ أَنَّ لَهُم مَّا فِي ٱلْأَرْضِ جَمِيعࣰا وَمِثْلَهُۥ مَعَهُۥ لَٱفْتَدَوْا۟ بِهِۦٓۚ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ سُوٓءُ ٱلْحِسَابِ وَمَأْوَىٰهُمْ جَهَنَّمُۖ وَبِئْسَ ٱلْمِهَادُ
Раббыларының шақыруын қабыл алғандарға ең керемет сый (жаннат) бар. Ал Оның шақыруын қабыл алмағандарға келсек, олар (күндердің күнінде) дүниенің бар байлығы мен ондағы шексіз мүмкіндіктер және соның тағы да бір есесі өздерінің ғана қолында болса, бастарына келетін ауыр азаптан құтылу үшін, соның бәрін өтем ретінде төлер еді. Міне, солар қатаң жауапқа тартылады. Олардың ақырында барып паналайтын жері – жаһаннам. Ол қандай жаман жатақ десеңші.
۞أَفَمَن يَعْلَمُ أَنَّمَآ أُنزِلَ إِلَيْكَ مِن رَّبِّكَ ٱلْحَقُّ كَمَنْ هُوَ أَعْمَىٰٓۚ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُو۟لُوا۟ ٱلْأَلْبَٰبِ
(Уа, Мұхаммед!) Саған Раббыңнан түсірілген (Құранның) хақ екенін білетін адам мен (көкірегі көр, көңілі) соқыр адам тең бе? Дегенмен, ақылы һәм түсінігі барлар ғана ойланып, ғибрат алады.
ٱلَّذِينَ يُوفُونَ بِعَهْدِ ٱللَّهِ وَلَا يَنقُضُونَ ٱلْمِيثَٰقَ
Аллаға берген уәдесінде тұратындар мен сертті бұзбайтындар, міне, солар.
وَٱلَّذِينَ يَصِلُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيَخْشَوْنَ رَبَّهُمْ وَيَخَافُونَ سُوٓءَ ٱلْحِسَابِ
Олар Алланың «үзбей жалғастырыңдар» деп бұйырған (адамдар арасындағы туыстық, достық сынды) қарым-қатынастарды үзбей жалғастырады. Раббыларынан шын именеді һәм қатаң жауаптан қатаң түрде жауапқа тартылудан қорқады.
وَٱلَّذِينَ صَبَرُوا۟ ٱبْتِغَآءَ وَجْهِ رَبِّهِمْ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَأَنفَقُوا۟ مِمَّا رَزَقْنَٰهُمْ سِرࣰّا وَعَلَانِيَةࣰ وَيَدْرَءُونَ بِٱلْحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمْ عُقْبَى ٱلدَّارِ
Сондай-ақ олар Раббыларының разылығына бөленуді көксеп (Алла жолында жүріп тап болған әрбір қиындыққа) сабырлылық танытып, намазды кемеліне жеткізіп үзбей оқиды, өздеріне Біз ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-парасат, білім т.с.с.) нығметтерден (Алла жолында) жасырын һәм жария түрде жұмсайды және жамандықтың қарымын әрдайым жақсылықпен қайтарады. (Міне, сондықтан да шаттыққа толы) ақирет мекені солардың еншісінде.
جَنَّٰتُ عَدْنࣲ يَدْخُلُونَهَا وَمَن صَلَحَ مِنْ ءَابَآئِهِمْ وَأَزْوَٰجِهِمْ وَذُرِّيَّٰتِهِمْۖ وَٱلْمَلَٰٓئِكَةُ يَدْخُلُونَ عَلَيْهِم مِّن كُلِّ بَابࣲ
(Қисапсыз нығметке толы мәңгілік шаттық мекені) Адн жұмақтары: бұл жұмақтарға олармен бірге әке-шешесі, ата-бабалары, жұбайлары және ұрпақтарының арасындағы ізгі жандар да кіреді. Періштелер әр есіктен кіріп келіп оларға былай деп айтады:
سَلَٰمٌ عَلَيْكُم بِمَا صَبَرْتُمْۚ فَنِعْمَ عُقْبَى ٱلدَّارِ
«(Дүниедегі қиыншылықтарға) сабырлылық танытқандарың үшін сендерге «Сәләмун аләйкум» деп тыныштық, есендік тілейміз! Осынау ақырғы ақирет мекені қандай керемет!»
وَٱلَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهْدَ ٱللَّهِ مِنۢ بَعْدِ مِيثَٰقِهِۦ وَيَقْطَعُونَ مَآ أَمَرَ ٱللَّهُ بِهِۦٓ أَن يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي ٱلْأَرْضِ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوٓءُ ٱلدَّارِ
Ал (Аллаға иман келтіріп, пайғамбарға толық бағынуға қатысты) Аллаға берген уәдесінде тұрмай сертін бұзғандарға, Алла бұйырған (туыстық, достық) қарым-қатынастарды үзіп, азғындыққа бастап жер бетінде лаң салып бүлік шығарғандарға келсек, олардың сыбағасы лағынет (Алланың рақымынан мәңгілікке аласталу) және ең жаман мекен тозақ болмақ.
ٱللَّهُ يَبْسُطُ ٱلرِّزْقَ لِمَن يَشَآءُ وَيَقْدِرُۚ وَفَرِحُوا۟ بِٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَا فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ إِلَّا مَتَٰعࣱ
Алла (белгілі хикметтерге байланысты әрі дүние сынақ мекені болғандықтан) қалағанына ризық-несібені молынан береді, қалағанына аз әрі өлшеп береді. Алайда олар (мұның парқына бармағандықтан) дүниенің қу тіршілігіне мәз болып қонышынан басып жүр. Әйтсе де дүниенің қу тіршілігі ақиретпен салыстырғанда (көзді ашып-жұмғанша өте шығатын) баянсыз қызық қана.
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْهِ ءَايَةࣱ مِّن رَّبِّهِۦۚ قُلْ إِنَّ ٱللَّهَ يُضِلُّ مَن يَشَآءُ وَيَهْدِيٓ إِلَيْهِ مَنْ أَنَابَ
Күпірлік қылғандар: «(Пайғамбармын деп жүрген) бұл кісіге Раббысынан анық дәлел түсуі тиіс емес пе?» – дейді. Оларға: «Алла қалағанын адастырады және Өзіне бар ықыласымен бет бұрғанды тура жолға салады», – деп айт.
ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُم بِذِكْرِ ٱللَّهِۗ أَلَا بِذِكْرِ ٱللَّهِ تَطْمَئِنُّ ٱلْقُلُوبُ
Міне, солар – иман келтірген әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық қанағаттанады!
ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ طُوبَىٰ لَهُمْ وَحُسْنُ مَـَٔابࣲ
Иә, олар иман келтіріп, көптеген игі істер атқарды. Олар қандай бақытты! Ақырында баратын ең керемет мекен де соларға тән!
كَذَٰلِكَ أَرْسَلْنَٰكَ فِيٓ أُمَّةࣲ قَدْ خَلَتْ مِن قَبْلِهَآ أُمَمࣱ لِّتَتْلُوَا۟ عَلَيْهِمُ ٱلَّذِيٓ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ وَهُمْ يَكْفُرُونَ بِٱلرَّحْمَٰنِۚ قُلْ هُوَ رَبِّي لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ مَتَابِ
(Уа, Мұхаммед!) Міне, осылайша өзіңе уахи етілген кітапты Рахманға күпірлік келтірген қауымға оқып, түсіндіріп беруің үшін сені өздерінен бұрын талай үмбеттер өткен сол бір үмбетке пайғамбар етіп жібердік. Ендеше,: «Ол (Рахман) – менің Раббым! Одан басқа құдай жоқ. Оған ғана тәуекел еттім және түбінде Оған қайтамын», – деп айт.
وَلَوْ أَنَّ قُرْءَانࣰا سُيِّرَتْ بِهِ ٱلْجِبَالُ أَوْ قُطِّعَتْ بِهِ ٱلْأَرْضُ أَوْ كُلِّمَ بِهِ ٱلْمَوْتَىٰۗ بَل لِّلَّهِ ٱلْأَمْرُ جَمِيعًاۗ أَفَلَمْ يَا۟يْـَٔسِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَن لَّوْ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَهَدَى ٱلنَّاسَ جَمِيعࣰاۗ وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ تُصِيبُهُم بِمَا صَنَعُوا۟ قَارِعَةٌ أَوْ تَحُلُّ قَرِيبࣰا مِّن دَارِهِمْ حَتَّىٰ يَأْتِيَ وَعْدُ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُخْلِفُ ٱلْمِيعَادَ
Құранның қасиеті сол, егер (кәпірлерді иманға келтіру үшін мұғжиза ретінде) таулар көшірілетін, яки жер тілім-тілім болып жарылатын немесе өлілерге тіл бітірілетін болса, мұның бәрі тек Құран арқылы жүзеге асар еді. Анығында, (жаратылыс атаулыға, адамзатқа қатысты) бар өкім бір Аллаға ғана тән (Ол не бұйырам, қандай үкім шығарам десе де Өзі біледі). Егер Алла қаласа, күллі адамзатты жаппай тура жолға салар еді, иман келтіргендер соны әлі күнге дейін білмей ме? Әлде олардың енді ешкім иманға келмейді деп үміті үзілді ме? Сонымен қатар, Алланың уағдасы орындалғанға (қиямет орнағанға) дейін өз қолымен істеген істерінің (өздері орнатқан ережелер мен жүйелерінің) кесірінен күпірлік қылғандардың басына бәле жауады немесе мекендері де жанап өтетін бәледен аман қалмайды. Шүбәсіз, Алла уәдесінен таймайды.
وَلَقَدِ ٱسْتُهْزِئَ بِرُسُلࣲ مِّن قَبْلِكَ فَأَمْلَيْتُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ثُمَّ أَخَذْتُهُمْۖ فَكَيْفَ كَانَ عِقَابِ
(Уа, Мұхаммед!) Шүбәсіз, сенен бұрын да көптеген пайғамбарлар тәлкекке ұшыраған. Алайда Мен күпірлік қылғандарды бірден жазаламай (райынан қайтып, тәубесіне келсін деп) біраз уақыт мұрсат бердім, содан соң олардың сазайын бердім. Сонда олар Менің жазамның қандай екенін көрді!
أَفَمَنْ هُوَ قَآئِمٌ عَلَىٰ كُلِّ نَفْسِۭ بِمَا كَسَبَتْۗ وَجَعَلُوا۟ لِلَّهِ شُرَكَآءَ قُلْ سَمُّوهُمْۚ أَمْ تُنَبِّـُٔونَهُۥ بِمَا لَا يَعْلَمُ فِي ٱلْأَرْضِ أَم بِظَٰهِرࣲ مِّنَ ٱلْقَوْلِۗ بَلْ زُيِّنَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مَكْرُهُمْ وَصُدُّوا۟ عَنِ ٱلسَّبِيلِۗ وَمَن يُضْلِلِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِنْ هَادࣲ
Әрбір адамның не істеп, не қойып жүргенін, қандай сауап алып, нендей күнәға батып жүргенін толық көріп, бақылаушы Алла (олардың сазайын бере алмай ма?). Һәм олар Аллаға серік қосуда. Ол мүшріктерге: «Ендеше, оларды (яғни Аллаға серік етіп қосқандарыңды «құдай» деп атағаннан шынымен құдай болып кететін болса,) солай атай беріңдер. Не болмаса сендер Алланы жер-жаһанда шынымен бар болған, алайда Ол білмейтін бір ақиқаттан хабардар етейін деп пе едіңдер? Жоқ, әлде ойдан шығарылған бос сөзге алданып жүрсіңдер ме?» – деп айт. Анығында, күпірлік қылғандарға істеген қулық-сұмдықтары, құрған тұзақтары (шайтан тарапынан безендіріп) кереметтей етіліп көрсетілуде һәм олар осылайша тура жолдан қақпайлануда. Алла кімде-кімді адастырса, оны тура жолға ешкім сала алмайды.
لَّهُمْ عَذَابࣱ فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَاۖ وَلَعَذَابُ ٱلْـَٔاخِرَةِ أَشَقُّۖ وَمَا لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن وَاقࣲ
Олар үшін бұл дүниеде азап бар. Ал ақирет азабы болса, сөзсіз одан әлдеқайда ауыр. Оларды Алладан қорғап қалатын да ешкім жоқ.
۞مَّثَلُ ٱلْجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلْمُتَّقُونَۖ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُۖ أُكُلُهَا دَآئِمࣱ وَظِلُّهَاۚ تِلْكَ عُقْبَى ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوا۟ۚ وَّعُقْبَى ٱلْكَٰفِرِينَ ٱلنَّارُ
Тақуа жандарға уәде етілген жаннат бақшалары-ның мысалы мынадай: (Бау-бақшаларының және зәулім сарайларының) іргесінен өзендер ағып жатады. Жемістері сияқты көлеңкелері де мәңгілік. Міне, Аллаға асылық қылудан сақтанған тақуа жандардың ақыры осындай. Ал кәпірлердің ақыры – тозақ оты.
وَٱلَّذِينَ ءَاتَيْنَٰهُمُ ٱلْكِتَٰبَ يَفْرَحُونَ بِمَآ أُنزِلَ إِلَيْكَۖ وَمِنَ ٱلْأَحْزَابِ مَن يُنكِرُ بَعْضَهُۥۚ قُلْ إِنَّمَآ أُمِرْتُ أَنْ أَعْبُدَ ٱللَّهَ وَلَآ أُشْرِكَ بِهِۦٓۚ إِلَيْهِ أَدْعُوا۟ وَإِلَيْهِ مَـَٔابِ
(Уа, Мұхаммед!) Бізден бұрын-соңды кітап алғандар саған түсірілген Құранға қуанады. Алайда сол топтардың арасында Құранның бір бөлігін жоққа шығаратындар да бар. Ендеше, сен оларға: «Мен тек қана бір Аллаға құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік етіп қоспауға бұйырылдым. Мен тек Оған шақырамын және Оған қайтамын!» – деп айт.
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلْنَٰهُ حُكْمًا عَرَبِيࣰّاۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعْتَ أَهْوَآءَهُم بَعْدَ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلْعِلْمِ مَا لَكَ مِنَ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا وَاقࣲ
Міне, осылайша бұл Құранды араб тілінде ақырғы үкім және хикмет бастауы ретінде түсірдік. Олай болса, өзіңе осыншама ілім келгеннен кейін, солардың (яғни, Құранды мойындамаған кітап иелерінің) қалауына еріп, айтқанымен жүретін болсаң, ондай жағдайда саған Алла тарапынан ешбір қамқор дос та, қорған да жоқ.
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلࣰا مِّن قَبْلِكَ وَجَعَلْنَا لَهُمْ أَزْوَٰجࣰا وَذُرِّيَّةࣰۚ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأْتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ ٱللَّهِۗ لِكُلِّ أَجَلࣲ كِتَابࣱ
Сенен бұрын да талай пайғамбар жібердік һәм оларға да жар сүюді, ұрпақ сүюді нәсіп еттік. Сондай-ақ ешбір пайғамбар Алланың рұқсатынсыз бірде-бір мұғжиза көрсеткен емес. Әр кезеңнің жазылған кітабы (өз жазмышы, әр істің белгілі межесі, әр меженің үкімі) бар.
يَمْحُوا۟ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ وَيُثْبِتُۖ وَعِندَهُۥٓ أُمُّ ٱلْكِتَٰبِ
Алла (жазғаны мен үкімдерінің ішінен) қалағанын өшіреді, қалағанын сол күйі қалдырады. Негізгі кітап (Лаухул-Махфуз) Оның құзырында.
وَإِن مَّا نُرِيَنَّكَ بَعْضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمْ أَوْ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِنَّمَا عَلَيْكَ ٱلْبَلَٰغُ وَعَلَيْنَا ٱلْحِسَابُ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға уәде еткен азабымыздың кейбірін көзіңнің тірісінде саған көрсететін болсақ, яки, көрсетпей-ақ сені о дүниеге аттандырсақ не өзгереді дейсің? Сенің міндетің – тек қана ақиқатты жеткізу, ал жауапқа тартып, әркімге лайықты қарымын қайтару (лайықты сыйын немесе жазасын беру) – Біздің ісіміз.
أَوَلَمْ يَرَوْا۟ أَنَّا نَأْتِي ٱلْأَرْضَ نَنقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَاۚ وَٱللَّهُ يَحْكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكْمِهِۦۚ وَهُوَ سَرِيعُ ٱلْحِسَابِ
Сонда ол кәпірлер Біздің (шексіз ілімімізді, қалауымызды және құдіретімізді жерге бағыттап) жерді жан-жағынан бірте-бірте кемітіп, қусырып келе жатқанымызды (яғни хақ дін Исламның күн санап күшейіп жер бетіне бірте-бірте жайылып, күш алып келе жатқанын һәм өз жерлерінің күн санап кеміп, тарылып бара жатқанын) көрмей ме? Алла үкім шығарады, Оның үкімінің соңына түсіп, өзгерте алатын немесе жойып жібере алатын ешкім жоқ. Сондай-ақ Ол – жауапқа өте жылдам тартушы.
وَقَدْ مَكَرَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ فَلِلَّهِ ٱلْمَكْرُ جَمِيعࣰاۖ يَعْلَمُ مَا تَكْسِبُ كُلُّ نَفْسࣲۗ وَسَيَعْلَمُ ٱلْكُفَّٰرُ لِمَنْ عُقْبَى ٱلدَّارِ
Олардан бұрынғылар да айла-амалдың, қулық-сұмдықтың түр-түрін істеп баққан еді. Алайда амал атаулының барлығы Аллаға тән (яғни Ол барлық айла-амалдарды, тұзақтарды түкке тұрғысыз етіп, әркез өз үкімін жүргізеді) һәм әрбір жанның не істеп, не қойып (қандай сауап алып, нендей күнәға батып) жүргенін жақсы біледі. Кәпірлер (бұл дүниеде) кімнің ақырының жақсы боларын әлі-ақ біледі.
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ لَسْتَ مُرْسَلࣰاۚ قُلْ كَفَىٰ بِٱللَّهِ شَهِيدَۢا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ وَمَنْ عِندَهُۥ عِلْمُ ٱلْكِتَٰبِ
Күпірлік қылғандар саған: «Сен арнайы жіберілген пайғамбар емессің», – дейді. Оларға: «Мені мен сендердің араларыңда бір Алланың куә болғаны жеткілікті. Сондай-ақ иләһи Кітаптан сусындаған ілім иелерінің де куәлігі жетіп артылады», – деп айт.
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.