الٓرۚ تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ ٱلْمُبِينِ
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – ақиқатты баяндайтын, (Хақтан келгені) айқын Кітаптың аяттары.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
الٓرۚ تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱلْكِتَٰبِ ٱلْمُبِينِ
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл сөздер – ақиқатты баяндайтын, (Хақтан келгені) айқын Кітаптың аяттары.
إِنَّآ أَنزَلْنَٰهُ قُرْءَٰنًا عَرَبِيࣰّا لَّعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ
Сендер ой жүгіртсін, түсінсін деп, Біз ол Кітапты арабша Құран түрінде түсірдік.
نَحْنُ نَقُصُّ عَلَيْكَ أَحْسَنَ ٱلْقَصَصِ بِمَآ أَوْحَيْنَآ إِلَيْكَ هَٰذَا ٱلْقُرْءَانَ وَإِن كُنتَ مِن قَبْلِهِۦ لَمِنَ ٱلْغَٰفِلِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Біз саған бұл Құранды уахи ету арқылы өткеннің ғибратқа толы деректерінің ішіндегі ең керемет бір хикаяны баяндап береміз. Анығында сен бұрын-соңды бұдан бейхабар едің.
إِذْ قَالَ يُوسُفُ لِأَبِيهِ يَٰٓأَبَتِ إِنِّي رَأَيْتُ أَحَدَ عَشَرَ كَوْكَبࣰا وَٱلشَّمْسَ وَٱلْقَمَرَ رَأَيْتُهُمْ لِي سَٰجِدِينَ
Бірде Юсуф әкесіне: «Әкешім! Мен түсімде аспандағы он бір жұлдыздың және Күн мен Айдың маған тағзым жасап, сәжде етіп тұрғанын көрдім», – деді.
قَالَ يَٰبُنَيَّ لَا تَقْصُصْ رُءْيَاكَ عَلَىٰٓ إِخْوَتِكَ فَيَكِيدُوا۟ لَكَ كَيْدًاۖ إِنَّ ٱلشَّيْطَٰنَ لِلْإِنسَٰنِ عَدُوࣱّ مُّبِينࣱ
Сонда әкесі: «Балам! Бұл түсіңді бауырларыңа айтпа! Олар (қызғанышпен) саған тұзақ құрып, пәле ойлап жүрмесін, өйткені шайтан адам баласына анық дұшпан (оларды саған қарсы азғыруы мүмкін)».
وَكَذَٰلِكَ يَجْتَبِيكَ رَبُّكَ وَيُعَلِّمُكَ مِن تَأْوِيلِ ٱلْأَحَادِيثِ وَيُتِمُّ نِعْمَتَهُۥ عَلَيْكَ وَعَلَىٰٓ ءَالِ يَعْقُوبَ كَمَآ أَتَمَّهَا عَلَىٰٓ أَبَوَيْكَ مِن قَبْلُ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْحَٰقَۚ إِنَّ رَبَّكَ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
«Ал енді көрген түсіңе келсек, Раббың (пайғамбарлыққа) сені таңдайды, саған түстерді, құбылыстар мен уақиғаларды жоруды үйретеді. Сондай-ақ бұдан бұрын аталарың Ибраһим мен Исхаққа жақсылығы мен нығметтерін толық бергеніндей, саған және әкең Яқубтың әулетіне де жақсылығы мен нығметтерін толық нәсіп етеді. Шүбәсіз, Раббың – Алим (шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әр үкімінде көптеген хикметтер болған асқан даналық иесі)».
۞لَّقَدْ كَانَ فِي يُوسُفَ وَإِخْوَتِهِۦٓ ءَايَٰتࣱ لِّلسَّآئِلِينَ
Ақиқатты білгісі келетіндер мен сұрастырушылар үшін Юсуф пен бауырларының басынан кешкен оқиғаларда көптеген ғибратты өнегелер бар.
إِذْ قَالُوا۟ لَيُوسُفُ وَأَخُوهُ أَحَبُّ إِلَىٰٓ أَبِينَا مِنَّا وَنَحْنُ عُصْبَةٌ إِنَّ أَبَانَا لَفِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينٍ
Бірде бауырлары өзара: «Юсуф пен оның туған бауыры әкемізге бізден де сүйікті. Әйтсе де біз екеуіне қарағанда әлдеқайда күшті (һәм әкемізге қолғабыс етуші) топпыз. Әкеміз анық алжасуда», – десті.
ٱقْتُلُوا۟ يُوسُفَ أَوِ ٱطْرَحُوهُ أَرْضࣰا يَخْلُ لَكُمْ وَجْهُ أَبِيكُمْ وَتَكُونُوا۟ مِنۢ بَعْدِهِۦ قَوْمࣰا صَٰلِحِينَ
Сонда араларынан біреу: «Ендеше, Юсуфты өлтіріңдер немесе (қайтып келмейтіндей етіп) шалғайдағы бір қиянға апарып тастаңдар. Сонда әкелеріңнің көңілі толықтай өздеріңе ауады. Содан кейін тәубе етіп, ізгі қауым боласыңдар», – деді.
قَالَ قَآئِلࣱ مِّنْهُمْ لَا تَقْتُلُوا۟ يُوسُفَ وَأَلْقُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلْجُبِّ يَلْتَقِطْهُ بَعْضُ ٱلسَّيَّارَةِ إِن كُنتُمْ فَٰعِلِينَ
Енді біреуі: «Жоқ, Юсуфты өлтірмеңдер. Бір құдықтың ішіне тастай салыңдар бәлкім, ары-бері өткен керуендердің бірі (тастанды бала екен деп) өзімен бірге ала кетер. Егер оған қарсы қандай да бір шара қолданатын болсаңдар, осылай істеңдер», – деп пікір айтты.
قَالُوا۟ يَٰٓأَبَانَا مَا لَكَ لَا تَأْمَ۬نَّا عَلَىٰ يُوسُفَ وَإِنَّا لَهُۥ لَنَٰصِحُونَ
(Содан олар әкелеріне келіп): «Әкетай! Осы бізге Юсуфты сеніп тапсырмайтыныңыз қалай? Біз оның шынайы жанашырымыз ғой».
أَرْسِلْهُ مَعَنَا غَدࣰا يَرْتَعْ وَيَلْعَبْ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
«Ертең бізбен бірге жіберіңіз, (бала емес пе) ішіп-жеп, ойнап-күліп қайтсын. Біз оны (бір сәтке де көзден таса қылмай) қорғаштап жүреміз», – деді.
قَالَ إِنِّي لَيَحْزُنُنِيٓ أَن تَذْهَبُوا۟ بِهِۦ وَأَخَافُ أَن يَأْكُلَهُ ٱلذِّئْبُ وَأَنتُمْ عَنْهُ غَٰفِلُونَ
Әкелері оларға: «Оны Өздеріңмен бірге алып кетсеңдер, мен уайымдаймын ғой. Оны ұмытып, асыр салып ойнап-күліп жүргендеріңде қасқыр жеп кете ме деп қорқамын», – деді.
قَالُوا۟ لَئِنْ أَكَلَهُ ٱلذِّئْبُ وَنَحْنُ عُصْبَةٌ إِنَّآ إِذࣰا لَّخَٰسِرُونَ
Олар: «Біз сияқты тепсе темір үзетін бір топ жігіт тұрғанда оны қасқырға беріп қойып қарап тұрсақ, бізді қара бассын!» – деді.
فَلَمَّا ذَهَبُوا۟ بِهِۦ وَأَجْمَعُوٓا۟ أَن يَجْعَلُوهُ فِي غَيَٰبَتِ ٱلْجُبِّۚ وَأَوْحَيْنَآ إِلَيْهِ لَتُنَبِّئَنَّهُم بِأَمْرِهِمْ هَٰذَا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Содан олар ақыры (әкелерін көндіріп) Юсуфты өздерімен бірге ала кетті де, бір ауыздан оны құдық түбіне тастауды ұйғарды. (Юсуф құдық түбінде отырғанда) оған: «Күмәнің болмасын! Күндердің күнінде олардың бұл ісін күтпеген жерде естеріне саласың, сонда олар (сенің Юсуф екеніңді) сезбей де қалады», – деп уахи еттік.
وَجَآءُوٓ أَبَاهُمْ عِشَآءࣰ يَبْكُونَ
Олар қас қарайғанда жылап-еңіреп әкелеріне келді.
قَالُوا۟ يَٰٓأَبَانَآ إِنَّا ذَهَبْنَا نَسْتَبِقُ وَتَرَكْنَا يُوسُفَ عِندَ مَتَٰعِنَا فَأَكَلَهُ ٱلذِّئْبُۖ وَمَآ أَنتَ بِمُؤْمِنࣲ لَّنَا وَلَوْ كُنَّا صَٰدِقِينَ
Олар келген бойда: «Әке! Юсуфты заттарымыздың маңына тастап, өзіміз асыр салып ойнап жарысып кеткен едік. Қайтып келеміз дегенше болмай оны қасқыр жеп кетіпті. Бірақ қанша жерден шынымызды айтсақ та бізге сенбейсіз-ау», – деді.
وَجَآءُو عَلَىٰ قَمِيصِهِۦ بِدَمࣲ كَذِبࣲۚ قَالَ بَلْ سَوَّلَتْ لَكُمْ أَنفُسُكُمْ أَمْرࣰاۖ فَصَبْرࣱ جَمِيلࣱۖ وَٱللَّهُ ٱلْمُسْتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ
Олар Юсуфтың жейдесін бөгде біреудің қанына былғап әкелген еді. Сонда әкелері: «Жоқ, бәлкім, нәпсілерің сендерді азғырып, басқа бір сұмдық іске итермелеген шығар. Енді маған жақсылап сабыр етуден басқа не қалды. Сендер айтып отырған бұл сұмдыққа қарсы бір Алладан ғана жәрдем тіленеді», – деп бір Аллаға тәуекел етті.
وَجَآءَتْ سَيَّارَةࣱ فَأَرْسَلُوا۟ وَارِدَهُمْ فَأَدْلَىٰ دَلْوَهُۥۖ قَالَ يَٰبُشْرَىٰ هَٰذَا غُلَٰمࣱۚ وَأَسَرُّوهُ بِضَٰعَةࣰۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِمَا يَعْمَلُونَ
Содан бір керуен келіп, сушыларын суға жіберді. Сушы шелегін құдыққа салып кеп жіберді. (Бір қараса, шелегіне бір кішкентай ұл бала жармасып алып шығып келеді екен) сушы: «Сүйінші! Мынау бір бала ғой!» – деп айқайлап жіберді. Сөйтіп олар оны сатып пайда көру үшін өзге дүниелерінің арасына жасырып қойды. Алайда Алла олардың не істеп, не қоятынын жақсы білетін.
وَشَرَوْهُ بِثَمَنِۭ بَخْسࣲ دَرَٰهِمَ مَعْدُودَةࣲ وَكَانُوا۟ فِيهِ مِنَ ٱلزَّٰهِدِينَ
Содан олар оны азын-аулақ тиын-тебенге сатып жіберді. Олар одан тезірек құтылу үшін оны тым төмен бағалаған еді.
وَقَالَ ٱلَّذِي ٱشْتَرَىٰهُ مِن مِّصْرَ لِٱمْرَأَتِهِۦٓ أَكْرِمِي مَثْوَىٰهُ عَسَىٰٓ أَن يَنفَعَنَآ أَوْ نَتَّخِذَهُۥ وَلَدࣰاۚ وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلْأَرْضِ وَلِنُعَلِّمَهُۥ مِن تَأْوِيلِ ٱلْأَحَادِيثِۚ وَٱللَّهُ غَالِبٌ عَلَىٰٓ أَمْرِهِۦ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Оны сатып алған мысырлық әйелге: «Оны алақаныңа салып әлпеште. Кім біледі, бәлкім, бізге пайдасын тигізер, не болмаса бауырымызға салып бала етіп алармыз», – деді. Осылайша Юсуфқа барған жерінде сенімді тұрақ нәсіп етіп, жақсы жағдай жасадық. Сондай-ақ оған түстерді, түрлі құбылыстар мен уақиғалардың желісін жоруды үйретуші едік. Алла қалауын, шығарған үкімін жүзеге асыруға толық құдіретті. Алайда адамдардың дені мұны білмейді.
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُۥٓ ءَاتَيْنَٰهُ حُكْمࣰا وَعِلْمࣰاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلْمُحْسِنِينَ
Сөйтіп ол ер жетіп, кәмелетке толғанда, оған асқан ақыл-парасат пен даналық һәм ерекше ілім нәсіп еттік. Міне, Біз ізгілікке жаны құштар, Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап, игі істер істейтін ізгі жандарды осылай сый-сияпатқа бөлейміз.
وَرَٰوَدَتْهُ ٱلَّتِي هُوَ فِي بَيْتِهَا عَن نَّفْسِهِۦ وَغَلَّقَتِ ٱلْأَبْوَٰبَ وَقَالَتْ هَيْتَ لَكَۚ قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ رَبِّيٓ أَحْسَنَ مَثْوَايَۖ إِنَّهُۥ لَا يُفْلِحُ ٱلظَّٰلِمُونَ
Содан Юсуф тұрған үйдегі әйел онымен ашына-жай болуды қалады. Оны азғыруға тырысып, есіктердің бәрін іштен іліп алды да, «Қане, келші маған!» – деді. Ол: «Алла сақтасын! Расында, (сіздің күйеуіңіз) менің қожайыным маған пана болып, көп қамқорлық көрсетті (оған қалайша опасыздық жасамақпын). Опасыз залымдар әсте мақсат-мұратына жетпейді һәм оңбайды», – деді.
وَلَقَدْ هَمَّتْ بِهِۦۖ وَهَمَّ بِهَا لَوْلَآ أَن رَّءَا بُرْهَٰنَ رَبِّهِۦۚ كَذَٰلِكَ لِنَصْرِفَ عَنْهُ ٱلسُّوٓءَ وَٱلْفَحْشَآءَۚ إِنَّهُۥ مِنْ عِبَادِنَا ٱلْمُخْلَصِينَ
Әйелдің көңілі оған әбден ауып (тұрса да), оны баурап алудың амалын ойлады. Егер Раббысының (ар-ұятты сақтауға, ненің жақсы, ненің жаман екеніне қатысты) айқын дәлелін көрмегенде, бәлкім, Юсуфтың көңілі де оған ауар еді. Міне, осылайша жамандық пен арсыздықты одан аластадық. Шүбәсіз, ол Біздің ықыласты қылынған құлдарымыздың бірі болатын.
وَٱسْتَبَقَا ٱلْبَابَ وَقَدَّتْ قَمِيصَهُۥ مِن دُبُرࣲ وَأَلْفَيَا سَيِّدَهَا لَدَا ٱلْبَابِۚ قَالَتْ مَا جَزَآءُ مَنْ أَرَادَ بِأَهْلِكَ سُوٓءًا إِلَّآ أَن يُسْجَنَ أَوْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Содан (бірі қашып, бірі қуып) екеуі де есікке қарай ұмтылды. (Юсуфты қуған) әйел оның жейдесін арт жағынан тартып жыртты. Сол мезетте екеуі босағада әйелдің күйеуімен ұшырасып қалды. Сонда әйелі бірден: «Отбасыңа арам ниетпен жамандық жасағысы келгеннің жазасы зынданға тасталу немесе жан төзгісіз азапқа тартылудан өзге не болмақ?» – деді.
قَالَ هِيَ رَٰوَدَتْنِي عَن نَّفْسِيۚ وَشَهِدَ شَاهِدࣱ مِّنْ أَهْلِهَآ إِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن قُبُلࣲ فَصَدَقَتْ وَهُوَ مِنَ ٱلْكَٰذِبِينَ
Юсуф: «Негізінде, ол өзі менімен ашына болуды қалап, азғыруға тырысты», – деп өзіне жабылған жаланы мойындамады. Сонда әйелдің сол арадағы бір туысы: «Егер жейдесі алдынан жыртылған болса, онда әйелдің сөзі рас, ал Юсуфтың өтірікші болғаны».
وَإِن كَانَ قَمِيصُهُۥ قُدَّ مِن دُبُرࣲ فَكَذَبَتْ وَهُوَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
«Ал егер оның жейдесі артынан жыртылған болса, онда әйелдікі өтірік те, Юсуфтың шыншыл болғаны», – деп куәлік етті.
فَلَمَّا رَءَا قَمِيصَهُۥ قُدَّ مِن دُبُرࣲ قَالَ إِنَّهُۥ مِن كَيْدِكُنَّۖ إِنَّ كَيْدَكُنَّ عَظِيمࣱ
Содан қожайын жейденің артынан жыртылғанын көріп, әйеліне: «Бұл анық сендердің сайқалдықтарың! Сендердің сайқалдықтарың өте сұмдық қой!» – деді.
يُوسُفُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَاۚ وَٱسْتَغْفِرِي لِذَنۢبِكِۖ إِنَّكِ كُنتِ مِنَ ٱلْخَاطِـِٔينَ
Содан кейін Юсуфқа: «Уа, Юсуф! Сен енді бұл жайды ұмыт, тісіңнен шығармай-ақ қой», – деп өтініш білдірді де, әйеліне бұрылып: «Күнәң үшін кешірім тіле. Сен расында да үлкен қателік істеп, күнәға баттың», – деді.
۞وَقَالَ نِسْوَةࣱ فِي ٱلْمَدِينَةِ ٱمْرَأَتُ ٱلْعَزِيزِ تُرَٰوِدُ فَتَىٰهَا عَن نَّفْسِهِۦۖ قَدْ شَغَفَهَا حُبًّاۖ إِنَّا لَنَرَىٰهَا فِي ضَلَٰلࣲ مُّبِينࣲ
(Ел құлағы елу дегендей ақырында өсек тарап) қаладағы әйелдер: «Уәзірдің әйелі қол астындағы бір жас жігітпен ашына болуды қалап, оны азғырыпты-мыс. Шын ғашық болып қалыпты. Байғұс әйел анық алжасқан екен», – деп бір-біріне сөз тасысты.
فَلَمَّا سَمِعَتْ بِمَكْرِهِنَّ أَرْسَلَتْ إِلَيْهِنَّ وَأَعْتَدَتْ لَهُنَّ مُتَّكَـࣰٔا وَءَاتَتْ كُلَّ وَٰحِدَةࣲ مِّنْهُنَّ سِكِّينࣰا وَقَالَتِ ٱخْرُجْ عَلَيْهِنَّۖ فَلَمَّا رَأَيْنَهُۥٓ أَكْبَرْنَهُۥ وَقَطَّعْنَ أَيْدِيَهُنَّ وَقُلْنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا هَٰذَا بَشَرًا إِنْ هَٰذَآ إِلَّا مَلَكࣱ كَرِيمࣱ
Олардың өсегі уәзірдің әйелінің құлағына тигенде, ол әлгі әйелдерге кісі жіберіп, барлығын қонаққа шақырды. Олар үшін дастархан жайып, әрқайсысының алдына бір-бір пышақтан қойды. Қонақ әйелдер қолына пышақ алып, алдындағы жеміс-жидекке бас қойған сәтте, ол Юсуфқа: «Қане, шығып, оларға көрін», – деп бұйырды. Әйелдер оны көргенде, ауызы ашылып аңырайды да қалды әрі сұлулығына тамсанып отырып өз қолын қалай кесіп алғандарын да сезбей қалды һәм: «О, Алла, сақтай көр! Бұл адам емес, бұл бір керім періштенің өзі ғой!» – деді.
قَالَتْ فَذَٰلِكُنَّ ٱلَّذِي لُمْتُنَّنِي فِيهِۖ وَلَقَدْ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفْسِهِۦ فَٱسْتَعْصَمَۖ وَلَئِن لَّمْ يَفْعَلْ مَآ ءَامُرُهُۥ لَيُسْجَنَنَّ وَلَيَكُونࣰا مِّنَ ٱلصَّٰغِرِينَ
Сонда уәзірдің әйелі: «Міне, сендердің мені жазғыруларыңа себеп болған жан – осы. Мен расында да онымен ашына болуды қалап, оны азғырдым, алайда ол нәпсісін тізгіндеп, арын сақтай білді. Егер ол әлі де өзіне бұйырғанымды істемесе, міндетті түрде зынданға тасталады һәм әбден қор болады», – деді.
قَالَ رَبِّ ٱلسِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِيٓ إِلَيْهِۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُن مِّنَ ٱلْجَٰهِلِينَ
Сол кезде Юсуф (әйелдердің арбап-азғыруынан құтылу үшін): «Уа, Раббым! Мыналардың маған істе деп отырған ісін істегенше, зынданға жабылғаным артық. Егер олардың бәлесінің бетін ары қылмасаң (қулық-сұмдығынан сақтамасаң), оларға көңілім ауып, (ақ пен қараны ажырата алмайтын, ажыратса да біліп тұрып күнәға баратын) надандардың біріне айналуым ғажап емес», – деп Аллаға жалбарынды.
فَٱسْتَجَابَ لَهُۥ رَبُّهُۥ فَصَرَفَ عَنْهُ كَيْدَهُنَّۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ
Раббысы оның тілегін бірден қабыл алып, әйелдердің бәлесінен сақтады. Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (шексіз ілім иесі).
ثُمَّ بَدَا لَهُم مِّنۢ بَعْدِ مَا رَأَوُا۟ ٱلْـَٔايَٰتِ لَيَسْجُنُنَّهُۥ حَتَّىٰ حِينࣲ
Содан сарай әміршілері дәлелдерді өз көзімен көріп, мәселенің анық-қанығын біліп тұрса да, (сарайдағы өсек-аяң тыйылсын деген оймен) Юсуфты біраз уақыт зынданға жаба тұруды ұйғарды.
وَدَخَلَ مَعَهُ ٱلسِّجْنَ فَتَيَانِۖ قَالَ أَحَدُهُمَآ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَعْصِرُ خَمْرࣰاۖ وَقَالَ ٱلْـَٔاخَرُ إِنِّيٓ أَرَىٰنِيٓ أَحْمِلُ فَوْقَ رَأْسِي خُبْزࣰا تَأْكُلُ ٱلطَّيْرُ مِنْهُۖ نَبِّئْنَا بِتَأْوِيلِهِۦٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Зынданға онымен бірге екі жас жігіт те түскен еді. Бір күні олардың бірі: «Түсімде жүзім сығып шарап жасап жүр екенмін», – десе, екіншісі: «Мен төбеме нан көтеріп алыппын әрі оны құстар шоқып жеп жатыр екен», – деп, көрген түстерін Юсуфқа айтып берді. Содан кейін екеуі: «Бізге осы түсімізді жорып берші, біз сенің ізгілікке жаны құмар ізгі жандардың бірі екеніңді байқап отырмыз», – деп өтініш айтты.
قَالَ لَا يَأْتِيكُمَا طَعَامࣱ تُرْزَقَانِهِۦٓ إِلَّا نَبَّأْتُكُمَا بِتَأْوِيلِهِۦ قَبْلَ أَن يَأْتِيَكُمَاۚ ذَٰلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّيٓۚ إِنِّي تَرَكْتُ مِلَّةَ قَوْمࣲ لَّا يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ كَٰفِرُونَ
Юсуф ол екеуіне: «(Осыдан қарап тұрыңдар, қазір екеуіңе тамақ келеді.) Сендерге ішіп-жеулерің үшін қай кезде болмасын, қандай да бір тағам келер болса, оның қандай тағам екенін келмей тұрып дөп басып айтып бере аламын. Бұл – Раббымның маған арнайы түрде үйреткен ілімдерінің бірі. Өйткені мен Аллаға иман етпейтін һәм ақиретті мойындамайтын қауымның дінін тәрк еттім».
وَٱتَّبَعْتُ مِلَّةَ ءَابَآءِيٓ إِبْرَٰهِيمَ وَإِسْحَٰقَ وَيَعْقُوبَۚ مَا كَانَ لَنَآ أَن نُّشْرِكَ بِٱللَّهِ مِن شَيْءࣲۚ ذَٰلِكَ مِن فَضْلِ ٱللَّهِ عَلَيْنَا وَعَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
«Мен әрдайым өз бабаларым Ибраһим, Исхақ және Яқубтың дінін ұстандым. Бізде не нәрсені болмасын Аллаға тең көріп, серік етіп қосу мүлдем болған емес. Бұл (таухид сенімі) – Алланың бізге һәм күллі адамзатқа деген бірден-бір жақсылығы, үлкен нығметі. Алайда өкініштісі, адамдардың дені (осынау жақсылығы үшін) Аллаға шүкіршілік етпеуде».
يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجْنِ ءَأَرْبَابࣱ مُّتَفَرِّقُونَ خَيْرٌ أَمِ ٱللَّهُ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّارُ
«Уа, менің түрмелес жолдастарым! (Өздерің айтыңдаршы! Жаратуды һәм жаратылыс атаулыны басқаруды әр алуан құдайлардың ісі деп біліп) әртүрлі құдайларға табынған жақсы ма, әлде қаһары мен құдіреті күшті бір Аллаға табынған жақсы ма?!»
مَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِهِۦٓ إِلَّآ أَسْمَآءࣰ سَمَّيْتُمُوهَآ أَنتُمْ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلْطَٰنٍۚ إِنِ ٱلْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ أَمَرَ أَلَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّآ إِيَّاهُۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلْقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
«Сендердің Алладан өзге табынып жүргендерің өздерің әрі ата-бабаларың ойдан шығарған атаулар (яғни құр аты бар меңіреу пұттар) ғана. Алла тағала олардың құдай екеніне қатысты ешқандай дәлел түсірген емес. Жалпы алғанда, үкім айту бір Аллаға ғана тән. Ол өзінен басқаға табынбауды бұйырды. Міне, ең дұрыс, ең түзу дін – осы. Алайда өкініштісі, адамдардың көбі мұны білмейді».
يَٰصَٰحِبَيِ ٱلسِّجْنِ أَمَّآ أَحَدُكُمَا فَيَسْقِي رَبَّهُۥ خَمْرࣰاۖ وَأَمَّا ٱلْـَٔاخَرُ فَيُصْلَبُ فَتَأْكُلُ ٱلطَّيْرُ مِن رَّأْسِهِۦۚ قُضِيَ ٱلْأَمْرُ ٱلَّذِي فِيهِ تَسْتَفْتِيَانِ
«Уа, менің түрмелес жолдастарым! Түстеріңе келсек, біреуің (бостандыққа шығып) бұрынғыдай қожайынына шарап құйып беретін болады, енді бірің дарға асылып, басын құзғын құстар шоқып жейді. Екеуің сұраған істің үкімі осылай кесілді (өтініштерің бойынша түстерің жорылып, тағдырларың шешілді)», – деді.
وَقَالَ لِلَّذِي ظَنَّ أَنَّهُۥ نَاجࣲ مِّنْهُمَا ٱذْكُرْنِي عِندَ رَبِّكَ فَأَنسَىٰهُ ٱلشَّيْطَٰنُ ذِكْرَ رَبِّهِۦ فَلَبِثَ فِي ٱلسِّجْنِ بِضْعَ سِنِينَ
Содан Юсуф әлгі екеуінің түрмеден шығады-ау дегеніне: «Қожайыныңа мен жайлы айт (кінәсіз екенімді есіне сал)», – деп тапсырды. Алайда шайтан оған қожайынына Юсуфтың жағдайын айтуды ұмыттырды. Сөйтіп, Юсуф тағы бірнеше жыл зынданда отырды.
وَقَالَ ٱلْمَلِكُ إِنِّيٓ أَرَىٰ سَبْعَ بَقَرَٰتࣲ سِمَانࣲ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافࣱ وَسَبْعَ سُنۢبُلَٰتٍ خُضْرࣲ وَأُخَرَ يَابِسَٰتࣲۖ يَٰٓأَيُّهَا ٱلْمَلَأُ أَفْتُونِي فِي رُءْيَٰيَ إِن كُنتُمْ لِلرُّءْيَا تَعْبُرُونَ
Күндердің күнінде патша: «Мен бір түс көрдім. Түсімде жеті бірдей семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатыр екен деймін. Сондай-ақ жеті көк масақ пен жеті қураған масақ көрдім. Уа, данагөйлер! Егер түс жоруды білсеңдер, осы түсімді жорып беріңдер!» – деп бұйырды.
قَالُوٓا۟ أَضْغَٰثُ أَحْلَٰمࣲۖ وَمَا نَحْنُ بِتَأْوِيلِ ٱلْأَحْلَٰمِ بِعَٰلِمِينَ
Олар: «Тым шым-шытырық түс екен. Біз мұндай түстерді жори алмаймыз», – деді.
وَقَالَ ٱلَّذِي نَجَا مِنْهُمَا وَٱدَّكَرَ بَعْدَ أُمَّةٍ أَنَا۠ أُنَبِّئُكُم بِتَأْوِيلِهِۦ فَأَرْسِلُونِ
Сол кезде (зынданда Юсуфқа түс жорытқан) екі жігіттің түрмеден құтылғаны мұншама уақыттан кейін Юсуф (һәм оның өтініші) есіне түсіп: «Мен сіздерге бұл түстің жорамалын айтып беремін. Ол үшін мені (зынданға) жіберіңіздер», – деді.
يُوسُفُ أَيُّهَا ٱلصِّدِّيقُ أَفْتِنَا فِي سَبْعِ بَقَرَٰتࣲ سِمَانࣲ يَأْكُلُهُنَّ سَبْعٌ عِجَافࣱ وَسَبْعِ سُنۢبُلَٰتٍ خُضْرࣲ وَأُخَرَ يَابِسَٰتࣲ لَّعَلِّيٓ أَرْجِعُ إِلَى ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَعْلَمُونَ
Сөйтіп ол (зынданға барып): «Юсуф! Уа, шыншыл мүбәрак жан! Жеті бірдей семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқан һәм жеті көк масақ пен жеті қураған масақ болған түсті бізге жорып берші. Мен бұл түстің жорамалын (өз аузыңнан естіп), соны білгісі келіп отырған маңызды адамдарға барып айтып берейін. Сонда олар бұл түстің дұрыс жорамалын һәм сенің қадір-қасиетіңді білетін болады деп сенемін», – деді.
قَالَ تَزْرَعُونَ سَبْعَ سِنِينَ دَأَبࣰا فَمَا حَصَدتُّمْ فَذَرُوهُ فِي سُنۢبُلِهِۦٓ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّمَّا تَأْكُلُونَ
Юсуф оған: «Әдеттегідей жеті жыл қатарынан егін саласыңдар. Алайда орылған егіннен қорек етуге аздап бастырып алып, қалғанын түгелдей масағымен сақтарсыңдар».
ثُمَّ يَأْتِي مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ سَبْعࣱ شِدَادࣱ يَأْكُلْنَ مَا قَدَّمْتُمْ لَهُنَّ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّمَّا تُحْصِنُونَ
«Содан кейін жеті жылға созылатын қуаңшылық пен жұт келеді. Осы жеті жылғы жұт алдын-ала жиған-терген астықтарыңның тұқымдыққа сақтайтын азын-аулақ бөлігінен басқасын түгін қалдырмай жалмайды».
ثُمَّ يَأْتِي مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ عَامࣱ فِيهِ يُغَاثُ ٱلنَّاسُ وَفِيهِ يَعْصِرُونَ
«Оның артынан елдің бәрі жауын-шашынға қарық болатын, жеміс-жидектерден шырын сығып, жан-жануарлардан мол сүт алатын берекелі жыл келеді».
وَقَالَ ٱلْمَلِكُ ٱئْتُونِي بِهِۦۖ فَلَمَّا جَآءَهُ ٱلرَّسُولُ قَالَ ٱرْجِعْ إِلَىٰ رَبِّكَ فَسْـَٔلْهُ مَا بَالُ ٱلنِّسْوَةِ ٱلَّٰتِي قَطَّعْنَ أَيْدِيَهُنَّۚ إِنَّ رَبِّي بِكَيْدِهِنَّ عَلِيمࣱ
Патша (Юсуфтың жоруын естіген соң): «Оны дәргейіме әкеліңдер», – деп бұйырды. Патшаның елшісі Юсуфты алып кету үшін зынданға келгенде, Юсуф оған: «Жоқ, алдымен қожайыныңа қайта бар да, одан әлгі (мені көргенде) қолдарын кесіп алған әйелдер жайлы (ақиқатты біле ме екен соны) сұра. Шүбәсіз, Раббым олардың қулық-сұмдықтарын жақсы біледі», – деді.
قَالَ مَا خَطْبُكُنَّ إِذْ رَٰوَدتُّنَّ يُوسُفَ عَن نَّفْسِهِۦۚ قُلْنَ حَٰشَ لِلَّهِ مَا عَلِمْنَا عَلَيْهِ مِن سُوٓءࣲۚ قَالَتِ ٱمْرَأَتُ ٱلْعَزِيزِ ٱلْـَٰٔنَ حَصْحَصَ ٱلْحَقُّ أَنَا۠ رَٰوَدتُّهُۥ عَن نَّفْسِهِۦ وَإِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Патша әйелдерден: «Юсуфпен араларыңда не болған еді? Ашына болуды қалап, азғырғандарыңда ол қайтіп еді?» – деп сұрады. Әйелдер: «Алла сақтасын! Біз оның қылдай қиянатын, бірде-бір жамандығын білген де, көрген де емеспіз», – деп жауап берді. Сонда уәзірдің әйелі: «Міне, енді ақиқаттың беті ашылды. Мен онымен ашына болуды қалап, азғырған едім. Ол анық шыншыл да, түзу адамдардың бірі», – деп қатесін мойындады.
ذَٰلِكَ لِيَعْلَمَ أَنِّي لَمْ أَخُنْهُ بِٱلْغَيْبِ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي كَيْدَ ٱلْخَآئِنِينَ
Юсуф (әйелдердің өзі жайлы не айтқанын естігенде): «Бұлай істеуімнің бірден-бір себебі, қожайыныма өзі жоқта опасыздық жасамағанымды һәм Алланың опасыздардың қулық-сұмдықтарын, айла-шарғыларын әсте ілгері бастырмайтынын білсін дегенім еді».
۞وَمَآ أُبَرِّئُ نَفْسِيٓۚ إِنَّ ٱلنَّفْسَ لَأَمَّارَةُۢ بِٱلسُّوٓءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّيٓۚ إِنَّ رَبِّي غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
«Сонымен қатар, мен өзімді әсте ақтамаймын. Өйткені қу нәпсі әрдайым жамандықты бұйырады. Ал Раббым (нәпсінің азғыруынан сақтап) рақымына бөлегеннің жөні бөлек. Шүбәсіз, Раббым – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (мүмін құлдарына ерекше мейірімді), – деді.
وَقَالَ ٱلْمَلِكُ ٱئْتُونِي بِهِۦٓ أَسْتَخْلِصْهُ لِنَفْسِيۖ فَلَمَّا كَلَّمَهُۥ قَالَ إِنَّكَ ٱلْيَوْمَ لَدَيْنَا مَكِينٌ أَمِينࣱ
Патша: «Оны дереу дәргейіме алып келіңдер. Өзіме арнайы кеңесші етіп алайын», – деп бұйырды. Сөйтіп Юсуфпен сөйлескеннен кейін: «Сен бүгіннен бастап біздің алдымызда жоғары мәртебелі, сенімді тұлға боласың», – деді.
قَالَ ٱجْعَلْنِي عَلَىٰ خَزَآئِنِ ٱلْأَرْضِۖ إِنِّي حَفِيظٌ عَلِيمࣱ
Сонда Юсуф оған: «Ендеше, мені бұл жердің (Мысыр елінің) қазыналарын басқарушы етіп тағайында. Өйткені мен қазынаны ұстай алатын сенімді әрі қазына ісін жүргізуді жақсы білетін адаммын», – деді.
وَكَذَٰلِكَ مَكَّنَّا لِيُوسُفَ فِي ٱلْأَرْضِ يَتَبَوَّأُ مِنْهَا حَيْثُ يَشَآءُۚ نُصِيبُ بِرَحْمَتِنَا مَن نَّشَآءُۖ وَلَا نُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Міне, Біз осылайша Юсуфқа Мысыр жерінде қалаған жеріне отырып, қалаған ісін істей алатындай (қай жерде болмасын сөзі жүретіндей) етіп жақсылап орын тептірдік. Біз қалаған құлымызды осылай ерекше рақымымызға бөлейміз, әрі Алланы көріп тұрғандай, ең болмаса, Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап, игі істер істейтін ізгі жандардың сауабын (еңбегін) зая етпейміз.
وَلَأَجْرُ ٱلْـَٔاخِرَةِ خَيْرࣱ لِّلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَكَانُوا۟ يَتَّقُونَ
Сондай-ақ иман келтіріп, Аллаға қарсы келуден қорыққан тақуа жандар үшін ақиреттегі сый-сияпат әлдеқайда қайырлы.
وَجَآءَ إِخْوَةُ يُوسُفَ فَدَخَلُوا۟ عَلَيْهِ فَعَرَفَهُمْ وَهُمْ لَهُۥ مُنكِرُونَ
Күндердің күнінде Юсуфтың бауырлары (қуаңшылыққа ұшырап, қатты қысылғандықтан) Мысырға келіп, Юсуфтың дәргейіне бас сұқты. Юсуф оларды бірден таныса да, олар оның кім екенін шырамытқан да жоқ.
وَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمْ قَالَ ٱئْتُونِي بِأَخࣲ لَّكُم مِّنْ أَبِيكُمْۚ أَلَا تَرَوْنَ أَنِّيٓ أُوفِي ٱلْكَيْلَ وَأَنَا۠ خَيْرُ ٱلْمُنزِلِينَ
Юсуф олардың көліктеріне артатын жүктерін дайындатқан соң: «Келесі жолы өздеріңмен бірге бір әкеден туған жалғыз бауырларыңды да ала келіңдер. Менің өлшеуішпен дұрыс өлшеп, сұрағандарыңды толық беріп жатқанымды һәм өзгелерден әлдеқайда қонақжай екенімді көріп тұрған жоқсыңдар ма?!»
فَإِن لَّمْ تَأْتُونِي بِهِۦ فَلَا كَيْلَ لَكُمْ عِندِي وَلَا تَقْرَبُونِ
«Егер оны ертіп келмесеңдер, менен бір өлшеуіш (бір түйір) бидай да ала алмайсыңдар һәм содан кейін (бір нәрсе сұрамақ түгіл) маңайыма да жолаушы болмаңдар», – деді.
قَالُوا۟ سَنُرَٰوِدُ عَنْهُ أَبَاهُ وَإِنَّا لَفَٰعِلُونَ
Сонда бауырлары: «Оны әкесінен сұрап алудың бір амалын тауып, айтқаныңызды орындауға тырысамыз», – деді.
وَقَالَ لِفِتْيَٰنِهِ ٱجْعَلُوا۟ بِضَٰعَتَهُمْ فِي رِحَالِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَعْرِفُونَهَآ إِذَا ٱنقَلَبُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَهْلِهِمْ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ
Юсуф бидай өлшейтін қызметшілеріне: «Олардың бидай ақысы деп берген дүниелерін білдірмей жүктерінің арасына салып жіберіңдер. Үйлеріне барғанда, мұны көріп, бізге тағы да келер», – деп айтты.
فَلَمَّا رَجَعُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَبِيهِمْ قَالُوا۟ يَٰٓأَبَانَا مُنِعَ مِنَّا ٱلْكَيْلُ فَأَرْسِلْ مَعَنَآ أَخَانَا نَكْتَلْ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ
Юсуфтың бауырлары әкелеріне қайтып оралғанда (көліктерін де доғармастан): «Әкей! Бізге бұдан былай бір түйір бидай берілмейтін болды. Сол үшін қолыңдағы бауырымызды бізбен бірге жібер, соның арқасында біраз бидай алып қайтайық. Оған қарап жүреміз», – деді.
قَالَ هَلْ ءَامَنُكُمْ عَلَيْهِ إِلَّا كَمَآ أَمِنتُكُمْ عَلَىٰٓ أَخِيهِ مِن قَبْلُ فَٱللَّهُ خَيْرٌ حَٰفِظࣰاۖ وَهُوَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ
Әкелері Яқуб оларға: «Сендерге бұдан бұрын оның үлкен бауырын сеніп тапсырғанымдай, енді оның өзін аманат етейін бе?! Ең жақсы қорған – Алла! Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі», – деді.
وَلَمَّا فَتَحُوا۟ مَتَٰعَهُمْ وَجَدُوا۟ بِضَٰعَتَهُمْ رُدَّتْ إِلَيْهِمْۖ قَالُوا۟ يَٰٓأَبَانَا مَا نَبْغِيۖ هَٰذِهِۦ بِضَٰعَتُنَا رُدَّتْ إِلَيْنَاۖ وَنَمِيرُ أَهْلَنَا وَنَحْفَظُ أَخَانَا وَنَزْدَادُ كَيْلَ بَعِيرࣲۖ ذَٰلِكَ كَيْلࣱ يَسِيرࣱ
Олар жүктерін ашқанда, бидай ақысы деп алып барған дүниелерінің өздеріне түгелдей қайтарылғанын көріп: «Уа, әкей! Бізге бұдан артық не керек? Міне, (бидайдың ақысына төлеу үшін алып барған) мына дүниелеріміз бізге толықтай қайтарылыпты. Енді (осы дүниемен) бала-шағамызға тағы да бидай әкелсек болады. Бауырымызды қорғаймыз һәм бақандай бір түйенің жүгін артық аламыз. Бұл өзі бір оңай олжа болайын деп тұр», – деді.
قَالَ لَنْ أُرْسِلَهُۥ مَعَكُمْ حَتَّىٰ تُؤْتُونِ مَوْثِقࣰا مِّنَ ٱللَّهِ لَتَأْتُنَّنِي بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يُحَاطَ بِكُمْۖ فَلَمَّآ ءَاتَوْهُ مَوْثِقَهُمْ قَالَ ٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلࣱ
Әкелері: «Жоқ. Барлығың бірдей қолды болып, амалдарың құрымайынша (немесе қырылып қалмайынша), оны маған қалайда қайта әкелеміз деп Алланың атымен ант-су ішіп сөз бермесеңдер, оны сендермен бірге жібермеймін», – деді. Олар әкелерінің алдында ант-су ішіп, уәде бергенде: «Айтқан сөзімізге Алланың өзі куә һәм кепіл (яғни, берілген уәденің орындалып, орындалмауы Алланың қалауы мен құдіретіне байланысты)», – деді.
وَقَالَ يَٰبَنِيَّ لَا تَدْخُلُوا۟ مِنۢ بَابࣲ وَٰحِدࣲ وَٱدْخُلُوا۟ مِنْ أَبْوَٰبࣲ مُّتَفَرِّقَةࣲۖ وَمَآ أُغْنِي عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيْءٍۖ إِنِ ٱلْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِۖ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُۖ وَعَلَيْهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُتَوَكِّلُونَ
Яқуб ұлдары сапарға аттанарда: «Уа, балаларым! Қалаға барғанда барлығың бір қақпадан кірмей, бөлек қақпалардан кіріңдер. Шындығында, мен (қанша жерден ақыл айтсам да) сендерді Алланың жазғанынан сақтап қала алмаймын. Қалай дегенмен кесімді үкім айту, шексіз билік бір Аллаға ғана тән. Сол үшін де мен Оған ғана арқа сүйеп тәуекел етемін. Өзіне сүйеу іздеген ғаріп жандардың барлығы (яғни, күллі адамзат) Оған ғана арқа сүйеп тәуекел етуі керек», – деп насихат айтты.
وَلَمَّا دَخَلُوا۟ مِنْ حَيْثُ أَمَرَهُمْ أَبُوهُم مَّا كَانَ يُغْنِي عَنْهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيْءٍ إِلَّا حَاجَةࣰ فِي نَفْسِ يَعْقُوبَ قَضَىٰهَاۚ وَإِنَّهُۥ لَذُو عِلْمࣲ لِّمَا عَلَّمْنَٰهُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Сөйтіп, олар әкелері бұйырғандай қалаға әртүрлі қақпадан кірді. Алайда әкелері Яқубтың көңіліндегі бір қалауы орындалғаны болмаса, мұндай сақтық шарасы оларға Алланың жазғанының қасында түк емес еді. Яқуб – Біз тәлім берген ерекше ілім иесі еді (ол тағдырға сену һәм налымау керек екендігін жақсы білетін). Бірақ адамдардың көбі бұл ақиқатты білмейді.
وَلَمَّا دَخَلُوا۟ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيْهِ أَخَاهُۖ قَالَ إِنِّيٓ أَنَا۠ أَخُوكَ فَلَا تَبْتَئِسْ بِمَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Олар Юсуфтың дәргейіне бас сұққанда, ол өзінің туған бауырын құшағына алып: «Мен сенің туған бауырыңмын, олардың осыған дейін істеген істеріне налыма», – деді.
فَلَمَّا جَهَّزَهُم بِجَهَازِهِمْ جَعَلَ ٱلسِّقَايَةَ فِي رَحْلِ أَخِيهِ ثُمَّ أَذَّنَ مُؤَذِّنٌ أَيَّتُهَا ٱلْعِيرُ إِنَّكُمْ لَسَٰرِقُونَ
Юсуф бауырларының көліктеріне артатын жүктерін дайындатып жатқанда, сусын құятын бағалы ыдысты туған бауырының жүгінің арасына тықтырып қойды. Содан керуеншілер жолға шығып, біраз жерге ұзағанда, арттарынан жеткен қуғыншылардың басшысы: «Әй, керуеншілер! Сендер ұрысыңдар! Тоқтаңдар!» – деп дауыстады.
قَالُوا۟ وَأَقْبَلُوا۟ عَلَيْهِم مَّاذَا تَفْقِدُونَ
Керуеншілер қуғыншыларға жалт қарап: «Оу, нелеріңді жоғалтып алдыңдар?» – деді.
قَالُوا۟ نَفْقِدُ صُوَاعَ ٱلْمَلِكِ وَلِمَن جَآءَ بِهِۦ حِمْلُ بَعِيرࣲ وَأَنَا۠ بِهِۦ زَعِيمࣱ
Қуғыншылардың басшысы: «Патшаның сусын құятын бағалы ыдысы жоғалды, соны іздеп жүрміз. Оны тауып әкелгенге сыйақы ретінде бір түйеге жүк боларлық астық беріледі. Мен кепілдік беремін», – деді.
قَالُوا۟ تَٱللَّهِ لَقَدْ عَلِمْتُم مَّا جِئْنَا لِنُفْسِدَ فِي ٱلْأَرْضِ وَمَا كُنَّا سَٰرِقِينَ
Сонда керуеншілер: «Уаллаһи! Өздерің де білесіңдер, біз бұл жерге бүлік шығарып, лаң салу үшін келмедік. Біз ұры емеспіз», – деді.
قَالُوا۟ فَمَا جَزَٰٓؤُهُۥٓ إِن كُنتُمْ كَٰذِبِينَ
Қуғыншылар: «Жарайды, ал егер өтірікші болып шықсаңдар, ұрының жазасы қандай болмақ?» – деді.
قَالُوا۟ جَزَٰٓؤُهُۥ مَن وُجِدَ فِي رَحْلِهِۦ فَهُوَ جَزَٰٓؤُهُۥۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي ٱلظَّٰلِمِينَ
Олар: «Оның сазайы: ол ыдыс кімнің жүгінен шықса, сол дүниесі ұрланған кісінің құлақ кесті құлы болады. Біз ұрлық жасаған залымдарды солай жазалаймыз», – деді.
فَبَدَأَ بِأَوْعِيَتِهِمْ قَبْلَ وِعَآءِ أَخِيهِ ثُمَّ ٱسْتَخْرَجَهَا مِن وِعَآءِ أَخِيهِۚ كَذَٰلِكَ كِدْنَا لِيُوسُفَۖ مَا كَانَ لِيَأْخُذَ أَخَاهُ فِي دِينِ ٱلْمَلِكِ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ نَرْفَعُ دَرَجَٰتࣲ مَّن نَّشَآءُۗ وَفَوْقَ كُلِّ ذِي عِلْمٍ عَلِيمࣱ
(Сөйтіп, керуен кері қайтты. Юсуф) туған бауырының жүгінен бұрын өзге бауырларының жүктерін тінте бастады. Ақыр соңында, ыдыс туған бауырының жүгінен шықты (осылайша бауыры өзінің қасында қалатын болды). Міне, Біз Юсуфқа осындай амал-тәсіл үйреттік. Әйтпесе, патшаның діні (заңы) бойынша бауырын алып қала алмас еді. Алайда Алла не қаласа, сол болады. Біз осылайша қалаған пендеміздің мерейін біртіндеп асырамыз. Сондай-ақ әр білгірдің үстінде бір білгір бар (ал бәрінен артық білетін Алла бар).
۞قَالُوٓا۟ إِن يَسْرِقْ فَقَدْ سَرَقَ أَخࣱ لَّهُۥ مِن قَبْلُۚ فَأَسَرَّهَا يُوسُفُ فِي نَفْسِهِۦ وَلَمْ يُبْدِهَا لَهُمْۚ قَالَ أَنتُمْ شَرࣱّ مَّكَانࣰاۖ وَٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا تَصِفُونَ
Бауырлары: («Не деуге болады?) Егер ұрлаған осы болса, бұдан бұрын туған бауыры да ұрлық жасаған болатын», – деп Юсуфқа жала жапты. Юсуф бұл жалаға қанша налыса да іштен тынып, бауырларына ішінен: «Не десеңдер де, дәл қазір сендердің жағдайларың тым мүшкіл. Ал айтқан сөздеріңнің ақиқатын Алла жақсы біледі (сондықтан сендерге налып қайтемін)», – деді.
قَالُوا۟ يَٰٓأَيُّهَا ٱلْعَزِيزُ إِنَّ لَهُۥٓ أَبࣰا شَيْخࣰا كَبِيرࣰا فَخُذْ أَحَدَنَا مَكَانَهُۥٓۖ إِنَّا نَرَىٰكَ مِنَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Содан олар: «Уа, мәртебелі уәзір! Бұның (сарғайып күтіп отырған) қарт әкесі бар еді. Оның орнына біздің бірімізді алып қалсаң етті. Байқауымызша, сен түсінігі мол, ізгілікке жаны құмар жақсы адамсың», – деп жалынды.
قَالَ مَعَاذَ ٱللَّهِ أَن نَّأْخُذَ إِلَّا مَن وَجَدْنَا مَتَٰعَنَا عِندَهُۥٓ إِنَّآ إِذࣰا لَّظَٰلِمُونَ
Юсуф оларға: «(Жазықсызды жазалаудан) Алла сақтасын! Біз дүниемізді кімнің жүгінен тапсақ, соны ғана алып қаламыз. Әйтпесе біздің залым болғанымыз ғой», – деді.
فَلَمَّا ٱسْتَيْـَٔسُوا۟ مِنْهُ خَلَصُوا۟ نَجِيࣰّاۖ قَالَ كَبِيرُهُمْ أَلَمْ تَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ أَبَاكُمْ قَدْ أَخَذَ عَلَيْكُم مَّوْثِقࣰا مِّنَ ٱللَّهِ وَمِن قَبْلُ مَا فَرَّطتُمْ فِي يُوسُفَۖ فَلَنْ أَبْرَحَ ٱلْأَرْضَ حَتَّىٰ يَأْذَنَ لِيٓ أَبِيٓ أَوْ يَحْكُمَ ٱللَّهُ لِيۖ وَهُوَ خَيْرُ ٱلْحَٰكِمِينَ
Олар бауырларын құтқара алмайтындығына көзі жетіп, үміті үзілген соң, оңашаланып алып өзара күбірлесіп кеңесе бастады. Іле араларындағы жасы үлкені: «Әкелеріңе Алланың атымен ант-су ішіп (оны қалайда қайтып алып келеміз деп) уәде бергендеріңді және бұдан бұрын да Юсуфқа қатысты айыпты болғандарыңды (яғни, оның обалына қалғандарыңды) білесіңдер ғой? Ендеше, мен әкем рұқсат еткенге дейін немесе Алла маған қатысты үкімін айтқанға дейін, бұл жерден табан аудармаймын. Алла – үкім айтушылардың ең қайырлысы, ең әділі.
ٱرْجِعُوٓا۟ إِلَىٰٓ أَبِيكُمْ فَقُولُوا۟ يَٰٓأَبَانَآ إِنَّ ٱبْنَكَ سَرَقَ وَمَا شَهِدْنَآ إِلَّا بِمَا عَلِمْنَا وَمَا كُنَّا لِلْغَيْبِ حَٰفِظِينَ
Ал сендер әкелеріңе барыңдар да, «Әкей! Ұлың ұрлық жасады. Біз нақты көріп-білгенімізге ғана куәлік етудеміз. Біз ғайыпты бағып жүрген жоқпыз ғой! (Оны қорғаймыз деп өзіңе уәде бергенімізде бұлай боларын кім білген)»
وَسْـَٔلِ ٱلْقَرْيَةَ ٱلَّتِي كُنَّا فِيهَا وَٱلْعِيرَ ٱلَّتِيٓ أَقْبَلْنَا فِيهَاۖ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ
«Бізге сенбесең, біз барған ауылдан һәм бірге келген керуеннен сұра. Біз рас айтып тұрмыз» деп айтыңдар», – деді.
قَالَ بَلْ سَوَّلَتْ لَكُمْ أَنفُسُكُمْ أَمْرࣰاۖ فَصَبْرࣱ جَمِيلٌۖ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَأْتِيَنِي بِهِمْ جَمِيعًاۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْحَكِيمُ
Содан қалған ағайындылар қайтып келіп, әкелеріне болған жайды баяндап берді. Сонда әкелері (ішінен): «Жоқ, бәлкім, нәпсілерің сендерді азғырып, басқа бір сұмдық іске итермелеген шығар. Енді маған жақсылап сабыр етуден басқа не қалды. Алла олардың барлығын төрт көзі түгел күйінде кері қайтарады деп үміт етемін. Өйткені Ол – Алим (шексіз ілім иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісі көптеген хикметтерге толы асқан даналық иесі)», – деді.
وَتَوَلَّىٰ عَنْهُمْ وَقَالَ يَٰٓأَسَفَىٰ عَلَىٰ يُوسُفَ وَٱبْيَضَّتْ عَيْنَاهُ مِنَ ٱلْحُزْنِ فَهُوَ كَظِيمࣱ
Содан кейін әкелері олардан сырт айналып, қайғыдан құса болып: «Қайран, Юсуфым-ай!» – деп егіліп, көз жасына ерік берді. Ақырында, жылай-жылай көзіне ақ түсіп, көруден де қалды. Сонда да ұлдарына деген ашу-ызасын сыртқа шығармай, ішінен тынды.
قَالُوا۟ تَٱللَّهِ تَفْتَؤُا۟ تَذْكُرُ يُوسُفَ حَتَّىٰ تَكُونَ حَرَضًا أَوْ تَكُونَ مِنَ ٱلْهَٰلِكِينَ
Жақындары оны: «Уаллаһи! Қаншама уақыт өтті, әлі де Юсуфты ойлай бересің, аузыңнан тастамайсың. Бұлай жалғаса берсе, не ауыр дертке шалдығасың, не құсадан өлесің», – деп мүсіркеді.
قَالَ إِنَّمَآ أَشْكُوا۟ بَثِّي وَحُزْنِيٓ إِلَى ٱللَّهِ وَأَعْلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Яқуб оларға: «Мен шерімді, қайғы-мұңымды бір Аллаға ғана шағамын Һәм Алланың маған үйреткен ілімінің арқасында сендер білмегенді білемін», – деді.
يَٰبَنِيَّ ٱذْهَبُوا۟ فَتَحَسَّسُوا۟ مِن يُوسُفَ وَأَخِيهِ وَلَا تَا۟يْـَٔسُوا۟ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِۖ إِنَّهُۥ لَا يَا۟يْـَٔسُ مِن رَّوْحِ ٱللَّهِ إِلَّا ٱلْقَوْمُ ٱلْكَٰفِرُونَ
(Бірде Яқуб ұлдарын Мысыр еліне аттандырып): «Уа, ұлдарым! (Мысырға) барыңдар да, Юсуф пен бауыры жайлы жан-жақты сұрастырып біліңдер. Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Расында, кәпір қауымнан басқа ешкім Алланың рақымынан үмітін үзбейді», – деді.
فَلَمَّا دَخَلُوا۟ عَلَيْهِ قَالُوا۟ يَٰٓأَيُّهَا ٱلْعَزِيزُ مَسَّنَا وَأَهْلَنَا ٱلضُّرُّ وَجِئْنَا بِبِضَٰعَةࣲ مُّزْجَىٰةࣲ فَأَوْفِ لَنَا ٱلْكَيْلَ وَتَصَدَّقْ عَلَيْنَآۖ إِنَّ ٱللَّهَ يَجْزِي ٱلْمُتَصَدِّقِينَ
Олар (Мысырға келе салысымен) Юсуфтың дәргейіне бас сұғып: «Уа, мәртебелі уәзір! Біз де, бала-шағамыз да жоқшылық тауқыметін тартып отырмыз. Бұл жолғы әкелген дүниелеріміз мардымсыз. Алайда сен (қолымыздағы болмашы дүниеге қарамай) бұл жолы да молынан бергейсің, бізге берген қайыр-садақаң болсын! Алла қайыр-садақа бергендерді мол сый-сияпатқа бөлейді», – деп өтініш айтты.
قَالَ هَلْ عَلِمْتُم مَّا فَعَلْتُم بِيُوسُفَ وَأَخِيهِ إِذْ أَنتُمْ جَٰهِلُونَ
Сол кезде Юсуф оларға: «Надан кездеріңде Юсуф пен бауырына не істегендеріңді білесіңдер ме?!» – деді.
قَالُوٓا۟ أَءِنَّكَ لَأَنتَ يُوسُفُۖ قَالَ أَنَا۠ يُوسُفُ وَهَٰذَآ أَخِيۖ قَدْ مَنَّ ٱللَّهُ عَلَيْنَآۖ إِنَّهُۥ مَن يَتَّقِ وَيَصْبِرْ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Сонда олар: «Апыр-ау осы сен, иә сен, шынымен Юсуфсың ба?!» – деді таңырқап. Юсуф: «Иә, мен Юсуфпын, ал мынау – менің туған бауырым. Алла бізді жарылқап, жақсылығына бөледі. Кімде-кім (Жаратқанға) асылық қылудан сақтанса әрі басына түскен тауқыметке сабырлылық танытса, Алла ондай ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейді», – деді.
قَالُوا۟ تَٱللَّهِ لَقَدْ ءَاثَرَكَ ٱللَّهُ عَلَيْنَا وَإِن كُنَّا لَخَٰطِـِٔينَ
Сонда бауырлары: «Уаллаһи! Алла тағала расында да сені таңдап, бізден үстем еткен екен. Біз шынымен де үлкен қателік істеппіз», – деп кезінде ағат кеткенін мойындады.
قَالَ لَا تَثْرِيبَ عَلَيْكُمُ ٱلْيَوْمَۖ يَغْفِرُ ٱللَّهُ لَكُمْۖ وَهُوَ أَرْحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ
Юсуф оларға: «Бүгін сендерге (өткен іске бола) сөгіс жоқ! (Мен бәріңді баяғыда-ақ кешіріп қойғанмын). Алла да сендерді кешірсін. Өйткені Ол – мейірімділердің ең мейірімдісі».
ٱذْهَبُوا۟ بِقَمِيصِي هَٰذَا فَأَلْقُوهُ عَلَىٰ وَجْهِ أَبِي يَأْتِ بَصِيرࣰا وَأْتُونِي بِأَهْلِكُمْ أَجْمَعِينَ
«Ал енді мына жейдемді алып барыңдар да, әкемнің жүзіне жабыңдар, сонда оның көзі ашылады. Содан кейін барлығың бала-шағаларыңды алып, маған келіңдер», – деп бұйырды.
وَلَمَّا فَصَلَتِ ٱلْعِيرُ قَالَ أَبُوهُمْ إِنِّي لَأَجِدُ رِيحَ يُوسُفَۖ لَوْلَآ أَن تُفَنِّدُونِ
Керуен жолға шыққанда, әкелері (шалғайдағы үйінде отырып-ақ) қасындағыларға: «Егер мені алжасты демесеңдер, мен Юсуфтың иісін сезіп тұрмын», – деді.
قَالُوا۟ تَٱللَّهِ إِنَّكَ لَفِي ضَلَٰلِكَ ٱلْقَدِيمِ
Алайда қасындағылар оған: «Уаллаһи! Бұл Сенің баяғы сандырағың ғой», – деді.
فَلَمَّآ أَن جَآءَ ٱلْبَشِيرُ أَلْقَىٰهُ عَلَىٰ وَجْهِهِۦ فَٱرْتَدَّ بَصِيرࣰاۖ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّيٓ أَعْلَمُ مِنَ ٱللَّهِ مَا لَا تَعْلَمُونَ
Хабаршы сүйінші сұрай келіп, жейдені Яқубтың жүзіне жапқанда, көзі бірден ашылды. (Оның артынан ұлдары да келіп жетті) сонда Яқуб ұлдарына: «Мен сендерге Алланың маған үйреткен ілімінің арқасында сендер білмегенді білемін деп айтпадым ба?» – деді.
قَالُوا۟ يَٰٓأَبَانَا ٱسْتَغْفِرْ لَنَا ذُنُوبَنَآ إِنَّا كُنَّا خَٰطِـِٔينَ
Ұлдары: «Әкей! Күнә-қателіктеріміз үшін Алладан кешірім тілегейсің! Біз расында да үлкен қателік істеппіз», – деді.
قَالَ سَوْفَ أَسْتَغْفِرُ لَكُمْ رَبِّيٓۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Яқуб оларға: «Сендер үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (тәубеге келген құлдарына ерекше мейірімді)», – деді.
فَلَمَّا دَخَلُوا۟ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيْهِ أَبَوَيْهِ وَقَالَ ٱدْخُلُوا۟ مِصْرَ إِن شَآءَ ٱللَّهُ ءَامِنِينَ
Яқубтың әулеті (Мысыр шаһарына жетіп, өздерін қошеметпен қарсы алу үшін шыққан) Юсуфтың қасына тақап келгенде, Юсуф ата-анасын құшағын жайып, ерекше қошеметпен қарсы алды және келгендердің бәріне: «Алланың қалауымен Мысырға (үрейден, уайым-қайғыдан арылған күйде) қорықпай кіріңдер!» – деді.
وَرَفَعَ أَبَوَيْهِ عَلَى ٱلْعَرْشِ وَخَرُّوا۟ لَهُۥ سُجَّدࣰاۖ وَقَالَ يَٰٓأَبَتِ هَٰذَا تَأْوِيلُ رُءْيَٰيَ مِن قَبْلُ قَدْ جَعَلَهَا رَبِّي حَقࣰّاۖ وَقَدْ أَحْسَنَ بِيٓ إِذْ أَخْرَجَنِي مِنَ ٱلسِّجْنِ وَجَآءَ بِكُم مِّنَ ٱلْبَدْوِ مِنۢ بَعْدِ أَن نَّزَغَ ٱلشَّيْطَٰنُ بَيْنِي وَبَيْنَ إِخْوَتِيٓۚ إِنَّ رَبِّي لَطِيفࣱ لِّمَا يَشَآءُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلْعَلِيمُ ٱلْحَكِيمُ
Содан Юсуф ата-анасын құрметтеп өзінің тағына отырғызды. Ата-анасынан бастап барлық бауырлары оған тағзым етіп, бас иді. Сонда Юсуф әкесіне: «Әкей! Бұрын бала күнімде көрген түсімнің жоруы, міне, осы. Раббым сол түсімді расқа шығарды. Ол расында да мені жарылқап, маған үлкен жақсылық жасады. Мені түрмеден шығарды һәм шайтан мені мен бауырларымның арасын алшақтатып, береке-бірлігімізді бұзған соң, сендерді сахарадан мұнда әкеліп бәрімізді қайта қауыштырды. Раббым шынында да қалағанын ең жақсы түрде әрі ешкімге сездірместен жүзеге асырушы. Ол – Алим (шексіз ілім иесі), Хаким (әр үкімі мен әр ісі көптеген хикметтерге толы асқан даналық иесі)», – деді.
۞رَبِّ قَدْ ءَاتَيْتَنِي مِنَ ٱلْمُلْكِ وَعَلَّمْتَنِي مِن تَأْوِيلِ ٱلْأَحَادِيثِۚ فَاطِرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ أَنتَ وَلِيِّۦ فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِۖ تَوَفَّنِي مُسْلِمࣰا وَأَلْحِقْنِي بِٱلصَّٰلِحِينَ
Содан кейін Аллаға: «Уа, Раббым! Сен маған билік бердің һәм түстердің, түрлі құбылыстар мен уақиғалардың желісін (мәнін) жоруды үйреттің. Уа, күллі аспан әлемі мен жердің жаратушысы! Сен бұл дүниеде де, ақиретте де менің қамқоршы иемсің. Жанымды мұсылман күйінде алғайсың һәм мені ізгі құлдарыңның қатарына қосқайсың!» – деп жалбарынды.
ذَٰلِكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَۖ وَمَا كُنتَ لَدَيْهِمْ إِذْ أَجْمَعُوٓا۟ أَمْرَهُمْ وَهُمْ يَمْكُرُونَ
(Уа, Расулым!) Міне, бұлар – (сен бұрын-соңды естіп, білмеген) ғайыптан хабарлар, оны саған уахи жолымен жеткізудеміз. Әйтпесе, олар бір сұмдық іске бел байлап, айла-амалдарын ойластырып жатқанда, сен олардың қасында емес едің.
وَمَآ أَكْثَرُ ٱلنَّاسِ وَلَوْ حَرَصْتَ بِمُؤْمِنِينَ
Есіңде болсын! Сен қанша жерден қаласаң да, адамдардың көбі (шынайы түрде) иман етпейді.
وَمَا تَسْـَٔلُهُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍۚ إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرࣱ لِّلْعَٰلَمِينَ
Әйтсе де сен (Құранды насихаттап жеткізгенің үшін) олардан ақы сұрап отырған жоқсың. Ол (Құран) бар болғаны күллі әлемге ескерту һәм насихат қана.
وَكَأَيِّن مِّنْ ءَايَةࣲ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ يَمُرُّونَ عَلَيْهَا وَهُمْ عَنْهَا مُعْرِضُونَ
Күллі аспан әлемі мен жерде (Құрандағы ақиқаттарға айғақ болатын) қаншама дәлелдер бар! Алайда олар сол дәлелдердің ортасында жүрсе де бейқамдық танытып, оларға мүлдем мән бермеуде.
وَمَا يُؤْمِنُ أَكْثَرُهُم بِٱللَّهِ إِلَّا وَهُم مُّشْرِكُونَ
Олардың көбі Аллаға серік қоспай иман етпейді (Алла бар деп сенсе де, Оған өзге нәрселерді серік етіп қосады).
أَفَأَمِنُوٓا۟ أَن تَأْتِيَهُمْ غَٰشِيَةࣱ مِّنْ عَذَابِ ٱللَّهِ أَوْ تَأْتِيَهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغْتَةࣰ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ
Сонда олар Алланың азабына жаппай ұшырамайтынына немесе қаннен-қаперсіз тіршілік етіп жүргенінде қиямет-қайымның аяқ астынан орнамайтынына сенімді ме?!
قُلْ هَٰذِهِۦ سَبِيلِيٓ أَدْعُوٓا۟ إِلَى ٱللَّهِۚ عَلَىٰ بَصِيرَةٍ أَنَا۠ وَمَنِ ٱتَّبَعَنِيۖ وَسُبْحَٰنَ ٱللَّهِ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلْمُشْرِكِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Міне, менің жолым – осы. Мен Аллаға көрегендікпен, нақты дәлелге сүйене отырып (адамдардың сана-сезіміне, ой-өрісіне сай түрде) шақырамын. Мен және маған ергендер, міне, осындаймыз. Алланы мінсіз, күллі кемшілік атаулыдан ада деп ұлықтаймын. Мен мүшрік емеспін», – деп айт.
وَمَآ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ إِلَّا رِجَالࣰا نُّوحِيٓ إِلَيْهِم مِّنْ أَهْلِ ٱلْقُرَىٰٓۗ أَفَلَمْ يَسِيرُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ فَيَنظُرُوا۟ كَيْفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْۗ وَلَدَارُ ٱلْـَٔاخِرَةِ خَيْرࣱ لِّلَّذِينَ ٱتَّقَوْا۟ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ
Сенен бұрын жіберген елшілеріміз де тек (өзің сияқты) елді мекеннен шыққан, Бізден уахи алып отырған ер кісілер болатын. Олар (мүшріктер) жер-жаһанды кезіп, өздерінен бұрын өткен (кәпір) қауымдардың ақыры не болғанын көрмей ме?! Ендеше, Аллаға қарсы келіп, асы болудан сақтанған тақуалар үшін ақирет мекені әлдеқайда қайырлы. Әлі де ақылға салып, ойланбайсыңдар ма?!
حَتَّىٰٓ إِذَا ٱسْتَيْـَٔسَ ٱلرُّسُلُ وَظَنُّوٓا۟ أَنَّهُمْ قَدْ كُذِبُوا۟ جَآءَهُمْ نَصْرُنَا فَنُجِّيَ مَن نَّشَآءُۖ وَلَا يُرَدُّ بَأْسُنَا عَنِ ٱلْقَوْمِ ٱلْمُجْرِمِينَ
(Бұрын-соңды Алланың қаһарына ұшыраған қауымдарға жіберілген) пайғамбарлар (күпірлікте қасарысқан қауымдарының иманға келуінен) үмітін үзетіндей жағдайға жеткенде һәм (айтқан сөздері түгелдей өтірікке шығарылып) толықтай терістелген шақта оларға Біздің жәрдеміміз жетті. Міне, Біз осылайша қалағанымызды құтқарамыз. Күнәға белшесінен батқан күнәһар қауымға төнген жазамыздың беті әсте қайтарылмайды.
لَقَدْ كَانَ فِي قَصَصِهِمْ عِبْرَةࣱ لِّأُو۟لِي ٱلْأَلْبَٰبِۗ مَا كَانَ حَدِيثࣰا يُفْتَرَىٰ وَلَٰكِن تَصْدِيقَ ٱلَّذِي بَيْنَ يَدَيْهِ وَتَفْصِيلَ كُلِّ شَيْءࣲ وَهُدࣰى وَرَحْمَةࣰ لِّقَوْمࣲ يُؤْمِنُونَ
Сол пайғамбарларға қатысты әңгімелерде ақыл иелері үшін (еріксіз ойға қалдыратын) бір ғибрат бар. Біліп қойыңдар, бұл Құран ойдан шығарылған жай сөз емес. Керісінше, ол өзінен бұрын түскен иләһи кітаптарды (әу бастағы бұрмаланбаған күйінде) растайды. Сондай-ақ ол түсіндірілуі керек болған барлық нәрсені ашып түсіндіреді және иман етуге бейім һәм иман мәселесін тереңдей түсуге қабілетті жандар үшін тура жолға бастайтын жолбасшы әрі рақым болып табылады.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.