Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран11. Һуд
11 · сүре

Һуд

123 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

الٓرۚ كِتَٰبٌ أُحْكِمَتْ ءَايَٰتُهُۥ ثُمَّ فُصِّلَتْ مِن لَّدُنْ حَكِيمٍ خَبِيرٍ

Әлиф, Ләм, Ра. Бұл (Құран) – аяттары кемеліне жеткізілген, содан кейін толық әрі жан-жақты баяндалып, Хаким (асқан даналық иесі), Хабир (бәрінен хабардар) Алладан келген кітап.

2

أَلَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّا ٱللَّهَۚ إِنَّنِي لَكُم مِّنْهُ نَذِيرࣱ وَبَشِيرࣱ

(Осынау кітап сендерге) Алладан өзгеге құлшылық етпеу үшін берілді. Ал мен, расында да, сендерге Алладан келген (иман мен ізгі істердің қарымтасы – кешірім мен мол сый-сияпат екенін) сүйіншілеуші әрі (азғындық пен қиянаттың ақыры ауыр азап екенін) ескертушімін.

3

وَأَنِ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِ يُمَتِّعْكُم مَّتَٰعًا حَسَنًا إِلَىٰٓ أَجَلࣲ مُّسَمࣰّى وَيُؤْتِ كُلَّ ذِي فَضْلࣲ فَضْلَهُۥۖ وَإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمࣲ كَبِيرٍ

Сондай-ақ (бұл кітап сендерге) күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін істеген күнәларыңа өкінген күйде Оған ниет білдіріп, бет бұрыңдар деп берілді. Сол арқылы сендерді белгілі мерзімге дейін (яғни, дәм-тұздарың таусылғанша) өмірдің қызығына батырсын және (құлшылығы, адамгершілігі жағынан елден ерек) әрбір ізгі жанның істеген ізгі істерінің қарымын қайтарсын. Ал егер олай істемей тура жолдан бас тартып, иманнан сырт айналсаңдар, бастарыңа ұлы күннің азабының келуінен қорқамын.

4

إِلَى ٱللَّهِ مَرْجِعُكُمْۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ

Түбінде (бәрің) Аллаға қайтасыңдар. Оның құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.

5

أَلَآ إِنَّهُمْ يَثْنُونَ صُدُورَهُمْ لِيَسْتَخْفُوا۟ مِنْهُۚ أَلَا حِينَ يَسْتَغْشُونَ ثِيَابَهُمْ يَعْلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعْلِنُونَۚ إِنَّهُۥ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ

Көрдіңдер ме? Ол кәпірлер (Құран оқылып, насихат айтылғанда, басын бұғып, бүкжиіп) кірпідей жиырылып, Алла елшісінен жасырынуға тырысады һәм бүркеніштерімен басын бүркейді. Алайда Алла тағала олардың тіпті (есік-терезелерін жауып алып) көрпелерімен бүркеніп алған кездеріндегі ішке бүккенін де, жария еткенін де біледі. Ол, еш шүбәсіз, көкіректегі сырлардың бәрін білуші.

6

۞وَمَا مِن دَآبَّةࣲ فِي ٱلْأَرْضِ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِ رِزْقُهَا وَيَعْلَمُ مُسْتَقَرَّهَا وَمُسْتَوْدَعَهَاۚ كُلࣱّ فِي كِتَٰبࣲ مُّبِينࣲ

Жер-жаһанда ризығы Алладан келмейтін бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Сондай-ақ Ол (әрбір тіршілік иесінің анасының құрсағынан бастап бұл дүниеде) жүріп-тұратын жерін де, өлетін (һәм қойылатын) жерін де нақты біледі. Мұның барлығы анық Кітапта (Ләухул-Махфузда) жазулы.

7

وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامࣲ وَكَانَ عَرْشُهُۥ عَلَى ٱلْمَآءِ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلࣰاۗ وَلَئِن قُلْتَ إِنَّكُم مَّبْعُوثُونَ مِنۢ بَعْدِ ٱلْمَوْتِ لَيَقُولَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓا۟ إِنْ هَٰذَآ إِلَّا سِحْرࣱ مُّبِينࣱ

Ол күллі аспан әлемі мен жерді алты күнде жаратты. Оның Аршы судың үстінде еді. Жер мен көкті жаратқандағы мақсаты – сендерді сынау арқылы араларыңнан кімнің (Раббысының өзін көріп бақылап тұрғанын терең сезіне отырып) игі істер істейтінін анықтау. Егер адамдарға: «Өлгеннен кейін барлығың қайта тірілесіңдер», – деп айтсаң, күпірлік қылғандар (осы ақиқатты жеткізген Құранды меңзеп): «Бұл нағыз сиқырдан, айқын көзбояушылықтан басқа түк те емес», – дейді.

8

وَلَئِنْ أَخَّرْنَا عَنْهُمُ ٱلْعَذَابَ إِلَىٰٓ أُمَّةࣲ مَّعْدُودَةࣲ لَّيَقُولُنَّ مَا يَحْبِسُهُۥٓۗ أَلَا يَوْمَ يَأْتِيهِمْ لَيْسَ مَصْرُوفًا عَنْهُمْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُوا۟ بِهِۦ يَسْتَهْزِءُونَ

Егер оларды бірден азаптамай, бастарына келтіретін азапты (бірқатар себептер мен хикметтерге байланысты) белгілі уақытқа дейін кейінге қалдырсақ, олар (ащы мысқылмен): «Бұл азаптың келуіне не кедергі келіп тұр?!» – дейді. Ендеше, естеріңде болсын, сол азап бастарына келген күні оның беті қайтарылмайды. Олар мазаққа айналдырған азап өздеріне жан-жақтан құрсау салады.

9

وَلَئِنْ أَذَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ مِنَّا رَحْمَةࣰ ثُمَّ نَزَعْنَٰهَا مِنْهُ إِنَّهُۥ لَيَـُٔوسࣱ كَفُورࣱ

Егер адам баласына рақымымыз түсіп, қандай да бір игіліктің дәмін таттырсақ, әрі содан кейін оны одан тартып алып қойсақ, ол бірден бар жақсылықтан күдерін үзген үмітсіз әрі алғыс айтуды білмейтін адам болып шыға келеді.

10

وَلَئِنْ أَذَقْنَٰهُ نَعْمَآءَ بَعْدَ ضَرَّآءَ مَسَّتْهُ لَيَقُولَنَّ ذَهَبَ ٱلسَّيِّـَٔاتُ عَنِّيٓۚ إِنَّهُۥ لَفَرِحࣱ فَخُورٌ

Ал егер басына түскен қиындықтан кейін оған қандай да бір нығметтің дәмін таттырсақ, еш шүбәсіз: «Қиыншылық пен жамандық атаулыдан біржола құтылдым-ау әйтеуір!» – деп (бұдан былай әсте қиындыққа тап болмайтындай) орынсыз тайраңдап, мақтанып жер-көкке сыймай кетеді.

11

إِلَّا ٱلَّذِينَ صَبَرُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ أُو۟لَٰٓئِكَ لَهُم مَّغْفِرَةࣱ وَأَجْرࣱ كَبِيرࣱ

Алайда (екі жағдайда да) сабыр етіп, (жақсылықтан үмітін үзбей, орынсыз мақтангөйлікке басып шолжаңдамай Алланың разылығына бөлейтін) игі істер атқарғандардың жөні бөлек. Міне, сондай ізгі жандар үшін кешірім мен үлкен сый-сияпат бар.

12

فَلَعَلَّكَ تَارِكُۢ بَعْضَ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيْكَ وَضَآئِقُۢ بِهِۦ صَدْرُكَ أَن يَقُولُوا۟ لَوْلَآ أُنزِلَ عَلَيْهِ كَنزٌ أَوْ جَآءَ مَعَهُۥ مَلَكٌۚ إِنَّمَآ أَنتَ نَذِيرࣱۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ وَكِيلٌ

(Уа, Мұхаммед!) Кәпірлердің сені меңзеп: «Оған (көктен) қазына түссе қайтеді немесе оған (айтқанын растап отыратын) бір періште ере келсе қайтер еді?!» – деп айтқаны үшін (тағы да сөзімді мойындамай, мазаққа айналдырар ма екен деп) көңілің тарығып, бәлкім, өзіңе уахи етілген кейбір аяттарды оларға жеткізбей-ақ қойсам ба дерсің. Алайда сен тек ескертуші ғанасың (олардың иман келтіріп, келтірмеуіне жауапты емессің). Ал барлық істерді реттеуші, нәтиженің қалай боларын белгілеуші, бар нәрсенің шынайы иесі, қамқоршысы бір Алла.

13

أَمْ يَقُولُونَ ٱفْتَرَىٰهُۖ قُلْ فَأْتُوا۟ بِعَشْرِ سُوَرࣲ مِّثْلِهِۦ مُفْتَرَيَٰتࣲ وَٱدْعُوا۟ مَنِ ٱسْتَطَعْتُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمْ صَٰدِقِينَ

Әлде олар (сен жайлы): «Оны (Құранды) өз ойынан шығарып, Аллаға телуде», – дей ме? Оларға: «Егер осы сөздерің рас, бәрің шыншыл болсаңдар, қане, сендер де ойдан осыған ұқсас он сүре құрап көріңдер. Алладан басқа жәрдемге шақыра алатындарыңның бәрін шақырыңдар».

14

فَإِلَّمْ يَسْتَجِيبُوا۟ لَكُمْ فَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّمَآ أُنزِلَ بِعِلْمِ ٱللَّهِ وَأَن لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ

«Егер жәрдемге шақырғандарың (яғни, пұттарың, білгірлерің, би-шешендерің) сендерге қол ұшын бере алмаса, біліп қойыңдар, Құран тек қана Алланың шексіз ілімімен түсірілді және Одан басқа құдай жоқ. Ендеше, мұсылман боласыңдар ғой?» – деп айт.

15

مَن كَانَ يُرِيدُ ٱلْحَيَوٰةَ ٱلدُّنْيَا وَزِينَتَهَا نُوَفِّ إِلَيْهِمْ أَعْمَٰلَهُمْ فِيهَا وَهُمْ فِيهَا لَا يُبْخَسُونَ

Кімде-кім (істеген игі істері арқылы) осы дүние мен оның сән-салтанатын ғана қаласа, оларға дүниеде істеген игі істерінің қарымын толық қайтарамыз. Бұл дүниеде олардың еншісі кемітілмейді.

16

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَيْسَ لَهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ إِلَّا ٱلنَّارُۖ وَحَبِطَ مَا صَنَعُوا۟ فِيهَا وَبَٰطِلࣱ مَّا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ

Алайда ақиретте оларға тозақ отынан басқа еш нәрсе бұйырмайды. Олардың жалған дүниеде істеген бүкіл істері, тіпті жақсылықтарына дейін дүниеде қалып, ақирет тұрғысынан зая кетті, істеген барлық ісі түкке тұрғысыз болып қалды.

17

أَفَمَن كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّهِۦ وَيَتْلُوهُ شَاهِدࣱ مِّنْهُ وَمِن قَبْلِهِۦ كِتَٰبُ مُوسَىٰٓ إِمَامࣰا وَرَحْمَةًۚ أُو۟لَٰٓئِكَ يُؤْمِنُونَ بِهِۦۚ وَمَن يَكْفُرْ بِهِۦ مِنَ ٱلْأَحْزَابِ فَٱلنَّارُ مَوْعِدُهُۥۚ فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةࣲ مِّنْهُۚ إِنَّهُ ٱلْحَقُّ مِن رَّبِّكَ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يُؤْمِنُونَ

Ендеше, Раббысынан келген айқын дәлелге (Құранға) сүйенген, сондай-ақ Раббысының сол дәлелдің артынан жіберген куәларынан (яғни, басқа да мұғжизаларынан) қолдау тапқан және одан бұрын жолбасшы әрі рақым ретінде келген Мұсаның кітабымен расталған жан өткінші дүниені ғана таңдаған кісімен тең бе?! Міне, солар оған (Құранға) кәміл сенеді. Ал енді қайсыбір топтардан (діндер мен ағымдардан) кімде-кім оған иланбай күпірлік қылса, соңында барар жері тозақ оты болмақ. Ендеше, оған қатысты титтей де күмәнің болмасын! Ол, расында да, Раббыңнан келген ақиқаттың нақ өзі. Алайда адамдардың көбі бұған иман етпейді.

18

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ ٱفْتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبًاۚ أُو۟لَٰٓئِكَ يُعْرَضُونَ عَلَىٰ رَبِّهِمْ وَيَقُولُ ٱلْأَشْهَٰدُ هَٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ كَذَبُوا۟ عَلَىٰ رَبِّهِمْۚ أَلَا لَعْنَةُ ٱللَّهِ عَلَى ٱلظَّٰلِمِينَ

Өз ойынан өтірік айтып, соны Аллаға телігеннен (яғни, Алланың сөзін бұрмалап, өтірік айтқаннан) асқан залым бар ма? Олар күндердің күнінде Раббыларының құзырына әкелінеді, сонда куәгерлер: «Міне, Раббыларына өтірік таңғандар (Алланың сөзін бұрмалап өтірік айтқандар) осылар!» – деп куәлік етеді. Біліп қойыңдар! Алла (Өзінің сөзін бұрмалаған, өтірік айтқан) залымдарды рақымынан аластаған.

19

ٱلَّذِينَ يَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجࣰا وَهُم بِٱلْـَٔاخِرَةِ هُمْ كَٰفِرُونَ

Олар ел-жұрттың алдын тосып, Алланың жолына түсуіне бөгет жасайды һәм оны бұралаң жол етіп көрсеткісі келеді, сондай-ақ олар – ақиретті жоққа шығарушы кәпірлер.

20

أُو۟لَٰٓئِكَ لَمْ يَكُونُوا۟ مُعْجِزِينَ فِي ٱلْأَرْضِ وَمَا كَانَ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِنْ أَوْلِيَآءَۘ يُضَٰعَفُ لَهُمُ ٱلْعَذَابُۚ مَا كَانُوا۟ يَسْتَطِيعُونَ ٱلسَّمْعَ وَمَا كَانُوا۟ يُبْصِرُونَ

Олар жер бетінде Алланың пәрмені мен қалауын жүзеге асыруына әсте бөгет бола алмайды. Сондай-ақ олар (өздеріне қорған һәм қамқор болады деп, көптеген құдайларды ойдан шығарса да), оларға Алладан өзге шын қорған һәм қамқор болатын құдай жоқ. (Өздері адасқанмен қоймай, өзгелерді де тура жолдан тайдырғандықтан, ақиретте) олар үшін азап еселене түседі. Өйткені олар (өздеріне берілген есту, көру сынды баға жетпес қабілеттерді орынды қолданбағандықтан) ақиқатты ести алмайтын, көрмейтін де еді.

21

أُو۟لَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا۟ يَفْتَرُونَ

Өз-өздерін зиянға ұшыратып, құрдымға батырғандар, міне, солар, әрі ойдан шығарған құдайлары оларды тәрк етіп, көзден ғайып болды.

22

لَا جَرَمَ أَنَّهُمْ فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ هُمُ ٱلْأَخْسَرُونَ

Ақиретте ең үлкен зиянға ұшырайтындардың солар екені даусыз!

23

إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَأَخْبَتُوٓا۟ إِلَىٰ رَبِّهِمْ أُو۟لَٰٓئِكَ أَصْحَٰبُ ٱلْجَنَّةِۖ هُمْ فِيهَا خَٰلِدُونَ

Ал иман келтіріп, игі істер істеген һәм Раббыларына шын көңілден берілгендерге келсек, олар – жұмақтықтар. Олар онда мәңгі-бақи қалып (бақытты ғұмыр кешеді).

24

۞مَثَلُ ٱلْفَرِيقَيْنِ كَٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْأَصَمِّ وَٱلْبَصِيرِ وَٱلسَّمِيعِۚ هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًاۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ

Бұл екі топтың бірі көр соқырлар мен кереңдерге ұқсаса, енді бірі көретіндер мен еститіндерге ұқсайды. Бұл екеуі тең бе?! Ендеше, ойланып, ғибрат алатын шақтарың келмеді ме?!

25

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِۦٓ إِنِّي لَكُمْ نَذِيرࣱ مُّبِينٌ

Расында, Нұхты өз қауымына пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол қауымына: «Мен, шынында да, сендердің игіліктерің үшін келген анық ескертушімін»

26

أَن لَّا تَعْبُدُوٓا۟ إِلَّا ٱللَّهَۖ إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ أَلِيمࣲ

«Алладан өзгеге құлшылық етпеңдер! (Егер бұған көнбесеңдер), бастарыңа ғаламат бір күннің азабының келуінен қорқамын», – деді.

27

فَقَالَ ٱلْمَلَأُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَوْمِهِۦ مَا نَرَىٰكَ إِلَّا بَشَرࣰا مِّثْلَنَا وَمَا نَرَىٰكَ ٱتَّبَعَكَ إِلَّا ٱلَّذِينَ هُمْ أَرَاذِلُنَا بَادِيَ ٱلرَّأْيِ وَمَا نَرَىٰ لَكُمْ عَلَيْنَا مِن فَضْلِۭ بَلْ نَظُنُّكُمْ كَٰذِبِينَ

Сонда қауымының күпірлікте қасарысқан шонжарлары: «Біздің ойымызша, сен де өзіміз сияқты кәдуілгі пендесің. Бұған қоса, саған арамыздағы жаман-жәутіктерден өзге ешкімнің ергенін көрмей тұрмыз. Сондай-ақ байқауымызша, мына сендер-дің бізден ешқандай да артықшылықтарың жоқ. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», – деді.

28

قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَءَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّي وَءَاتَىٰنِي رَحْمَةࣰ مِّنْ عِندِهِۦ فَعُمِّيَتْ عَلَيْكُمْ أَنُلْزِمُكُمُوهَا وَأَنتُمْ لَهَا كَٰرِهُونَ

Нұх оларға: «Уа, қауымым! (Сендер солай дейсіңдер,) ал егер мен Раббымнан келген нақты дәлелге сүйенсем ше? Яки, Ол мені ерекше рақымына бөлеп (пайғамбарлық міндет берген) болса әрі сендерге соны көретін көз бермесе ше? Онда не шара?! Қаламасаңдар да оны сендерге күштеп қабылдатамыз ба?!»

29

وَيَٰقَوْمِ لَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ مَالًاۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى ٱللَّهِۚ وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ۚ إِنَّهُم مُّلَٰقُوا۟ رَبِّهِمْ وَلَٰكِنِّيٓ أَرَىٰكُمْ قَوْمࣰا تَجْهَلُونَ

«Уа, қауымым! Мен осылай насихат айтқаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақымды Алланың өзі береді. Сондай-ақ мен иман келтіргендерді маңайымнан қуа да алмаймын. Әрине, олар да күндердің күнінде Раббыларына қауышады (һәм Раббыларынан лайықты сый-сияпаттарын алады). Алайда мен сендердің надандықтың шырмауынан шыға алмай жүрген қауым екендеріңді көріп тұрмын».

30

وَيَٰقَوْمِ مَن يَنصُرُنِي مِنَ ٱللَّهِ إِن طَرَدتُّهُمْۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ

«Уа, қауымым! Егер оларды маңайымнан қуып жіберсем, мені Алланың қаһарынан кім қорғап қала алады? Өздерің сәл болса да ойланбайсыңдар ма?!»

31

وَلَآ أَقُولُ لَكُمْ عِندِي خَزَآئِنُ ٱللَّهِ وَلَآ أَعْلَمُ ٱلْغَيْبَ وَلَآ أَقُولُ إِنِّي مَلَكࣱ وَلَآ أَقُولُ لِلَّذِينَ تَزْدَرِيٓ أَعْيُنُكُمْ لَن يُؤْتِيَهُمُ ٱللَّهُ خَيْرًاۖ ٱللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا فِيٓ أَنفُسِهِمْ إِنِّيٓ إِذࣰا لَّمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

«Сендерге «Алланың қазыналары алақанымда» демеймін. «Ғайыпты білемін» немесе «мен періштемін» деп те айтпаймын. Сондай-ақ сендер көзге ілмейтін жандар жайлы «Алла оларға ешқандай да жақсылық бұйыртпайды» деп те айтпаймын. Алла олардың жан-дүниесін, (ішкі сарайындағы барлық ой-ниетін) жақсы біледі. (Егер мен сендерге құлақ асып, оларды маңайымнан аластасам немесе «Алла оларды мүлдем жарылқамайды» десем) онда залымдардың бірі болғаным.

32

قَالُوا۟ يَٰنُوحُ قَدْ جَٰدَلْتَنَا فَأَكْثَرْتَ جِدَٰلَنَا فَأْتِنَا بِمَا تَعِدُنَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ

Сонда олар: «Әй, Нұх! Сен бізбен әбден сөз таластырдың, тіпті шектен шықтың. Егер айтқаның рас болса, бастарыңа келеді деп бізді қорқытып жүрген азабыңды, қане, келтірші көрейік», – деді.

33

قَالَ إِنَّمَا يَأْتِيكُم بِهِ ٱللَّهُ إِن شَآءَ وَمَآ أَنتُم بِمُعْجِزِينَ

Нұх оларға: «Қаласа, оны бастарыңа келтіретін бір Алла ғана. Егер азабын шынымен келтірем десе, сендер Оған бөгет бола алмайсыңдар (әрі ешқайда қашып құтыла алмайсыңдар)».

34

وَلَا يَنفَعُكُمْ نُصْحِيٓ إِنْ أَرَدتُّ أَنْ أَنصَحَ لَكُمْ إِن كَانَ ٱللَّهُ يُرِيدُ أَن يُغْوِيَكُمْۚ هُوَ رَبُّكُمْ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

«Егер Алла (күпірлікте шектен шыққандарың үшін) көздеріңді жоюды қаласа, сендердің игіліктерің үшін қанша жерден насихат айтсам да, оның сендерге ешқандай да пайдасы тимейді. Ол – (сендерге әрдайым жақсылық ойлайтын, сендерді жоқтан бар еткен) Раббыларың, бәрің де Оған қайтудасыңдар», – деп жауап берді.

35

أَمْ يَقُولُونَ ٱفْتَرَىٰهُۖ قُلْ إِنِ ٱفْتَرَيْتُهُۥ فَعَلَيَّ إِجْرَامِي وَأَنَا۠ بَرِيٓءࣱ مِّمَّا تُجْرِمُونَ

(Уа, Мұхаммед!) Әлде ол мүшріктер сен жайлы осы ғибратқа толы оқиғаларды һәм соларды қамтыған Құранды өз ойынан шығарған дей ме? Ендеше, оларға: «Егер оны өз ойымнан шығарған болсам, өз күнәм (өз обалым) өзіме. (Ал егер күпірлікте қасарысып, маған жала жапқан болсаңдар, онда) сендердің арқалаған күнәларыңнан мен аулақпын», – деп айт.

36

وَأُوحِيَ إِلَىٰ نُوحٍ أَنَّهُۥ لَن يُؤْمِنَ مِن قَوْمِكَ إِلَّا مَن قَدْ ءَامَنَ فَلَا تَبْتَئِسْ بِمَا كَانُوا۟ يَفْعَلُونَ

Сөйтіп, соңында Нұхқа: «Қауымыңнан бұрын-соңды иман келтіргендерден өзге енді ешкім иманға келмейді. Олай болса, кәпірлердің істеп жүрген түрлі қылықтарына бола мұңайма».

37

وَٱصْنَعِ ٱلْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا وَلَا تُخَٰطِبْنِي فِي ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓا۟ إِنَّهُم مُّغْرَقُونَ

«Біздің тікелей бақылауымыз һәм уахи арқылы жөн сілтеуімізбен (жөн-жобасын өзіңе көрсетіп берген) кемені жаса һәм күпірлікте табандап, өз-өзіне қиянат жасаған залымдарға араша түсемін деп, Маған өтініш айтып, тіл қатушы болма. Енді олар, сөзсіз, суға кетіп, құрдымға батады», – деп уахи етілді.

38

وَيَصْنَعُ ٱلْفُلْكَ وَكُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ مَلَأࣱ مِّن قَوْمِهِۦ سَخِرُوا۟ مِنْهُۚ قَالَ إِن تَسْخَرُوا۟ مِنَّا فَإِنَّا نَسْخَرُ مِنكُمْ كَمَا تَسْخَرُونَ

Нұх кеме жасап жатқанда, қауымының шонжарлары маңынан өткен сайын, оны мазақтайтын еді. Нұх оларға: «Қазір сендер бізді мазақтаудасыңдар, әлбетте, күндердің күнінде біз де өздеріңді дәл солай мазаққа айналдырамыз», – деп айтты.

39

فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ مَن يَأْتِيهِ عَذَابࣱ يُخْزِيهِ وَيَحِلُّ عَلَيْهِ عَذَابࣱ مُّقِيمٌ

«Сол кезде кімнің өзін қор қылатын алапат азапқа ұшырайтынын һәм (ақиреттегі) мәңгілік азаптың кімнің еншісіне тиетінін білетін боласыңдар», – деп айтты.

40

حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَ أَمْرُنَا وَفَارَ ٱلتَّنُّورُ قُلْنَا ٱحْمِلْ فِيهَا مِن كُلࣲّ زَوْجَيْنِ ٱثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيْهِ ٱلْقَوْلُ وَمَنْ ءَامَنَۚ وَمَآ ءَامَنَ مَعَهُۥٓ إِلَّا قَلِيلࣱ

Сөйтіп, ақырында жойқын пәрменіміз жетіп, қазан қайнай бастағанда (әр жерден су атқылай бастағанда), Нұхқа: «Жан-жануарлардың әр түрінен бір-бір жұптан, хақында (Құдайдың қаһарына ұшырайды деген) үкім шыққандарды қоспағанда жанұяңды және өзіңе иман келтіргендерді кемеге міңгіз», – деп бұйырдық. Ал онымен бірге иман келтіргендер өте аз еді.

41

۞وَقَالَ ٱرْكَبُوا۟ فِيهَا بِسْمِ ٱللَّهِ مَجْرٜىٰهَا وَمُرْسَىٰهَآۚ إِنَّ رَبِّي لَغَفُورࣱ رَّحِيمࣱ

Сонда Нұх (кемеге мінетіндерге): «Кемеге мініңдер! Оның жүйткіп жүзуі де, тоқтауы да Алланың атымен. Раббым, расында да, (тәубеге келген құлдарына) өте кешірімді, (әсіресе, мүмін құлдарына) ерекше мейірімді», – деді.

42

وَهِيَ تَجْرِي بِهِمْ فِي مَوْجࣲ كَٱلْجِبَالِ وَنَادَىٰ نُوحٌ ٱبْنَهُۥ وَكَانَ فِي مَعْزِلࣲ يَٰبُنَيَّ ٱرْكَب مَّعَنَا وَلَا تَكُن مَّعَ ٱلْكَٰفِرِينَ

Кеме оларды алып, таудай-таудай толқындардың арасымен ағызып бара жатқанда, Нұх кеме сыртында анадай жерде қалып бара жатқан ұлына (әкелік мейіріммен): «Балам! Кел, сен де бізбен бірге кемеге мін, кәпірлерге қосылма!» – деп дауыстады.

43

قَالَ سَـَٔاوِيٓ إِلَىٰ جَبَلࣲ يَعْصِمُنِي مِنَ ٱلْمَآءِۚ قَالَ لَا عَاصِمَ ٱلْيَوْمَ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِ إِلَّا مَن رَّحِمَۚ وَحَالَ بَيْنَهُمَا ٱلْمَوْجُ فَكَانَ مِنَ ٱلْمُغْرَقِينَ

Күпірлікте қасарысқан ұлы: «Биік тауға шығып, судан аман қаламын», – деді. Нұх оған: «Бүгін Алланың жойқын пәрменінен аман алып қалатын бірде-бір қорған жоқ. Тек Алла кімді мейіріміне бөлесе, сол ғана аман қалмақ», – деді. Сол сәтте араларын алып толқын бөліп кетті де, ұлы суға батып, құрдымға кеткендердің бірі болды.

44

وَقِيلَ يَٰٓأَرْضُ ٱبْلَعِي مَآءَكِ وَيَٰسَمَآءُ أَقْلِعِي وَغِيضَ ٱلْمَآءُ وَقُضِيَ ٱلْأَمْرُ وَٱسْتَوَتْ عَلَى ٱلْجُودِيِّۖ وَقِيلَ بُعْدࣰا لِّلْقَوْمِ ٱلظَّٰلِمِينَ

Соңында Алладан «Уа, жер, суыңды жұт! Уа, аспан, нөсеріңді тоқтат!» деген пәрмен келді. Сөйтіп, су тартылды, Алланың қалауымен іс тамам болды. Кеме Жудий тауының үстіне келіп тоқтады һәм: «Залым қауым сол күйі құрысын, аулақ кетсін!» – делінді.

45

وَنَادَىٰ نُوحࣱ رَّبَّهُۥ فَقَالَ رَبِّ إِنَّ ٱبْنِي مِنْ أَهْلِي وَإِنَّ وَعْدَكَ ٱلْحَقُّ وَأَنتَ أَحْكَمُ ٱلْحَٰكِمِينَ

Сонда Нұх Раббысына: «Уа, Раббым! Суға кеткен ұлым, расында, менің жанұямнан, бауыр етім – балам еді. Шүбәсіз, уәдең хақ. Сен билік айтушылардың ең әділісің», – деп жалбарынды.

46

قَالَ يَٰنُوحُ إِنَّهُۥ لَيْسَ مِنْ أَهْلِكَۖ إِنَّهُۥ عَمَلٌ غَيْرُ صَٰلِحࣲۖ فَلَا تَسْـَٔلْنِ مَا لَيْسَ لَكَ بِهِۦ عِلْمٌۖ إِنِّيٓ أَعِظُكَ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلْجَٰهِلِينَ

Алла: «Уа, Нұх! Ол, шындығында, сенің жанұяңнан емес. Өйткені ол сенімі мен іс-әрекеттері дұрыс адам емес еді. Олай болса, өзің нақты білмейтін мәселені қозғап, маған өтініш айтпа. Надандардың қатарына қосылып кетпеуің үшін саған насихат айтамын», – деді.

47

قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَعُوذُ بِكَ أَنْ أَسْـَٔلَكَ مَا لَيْسَ لِي بِهِۦ عِلْمࣱۖ وَإِلَّا تَغْفِرْ لِي وَتَرْحَمْنِيٓ أَكُن مِّنَ ٱلْخَٰسِرِينَ

Сонда Нұх: «Уа, Раббым! Өзім нақты білмейтін мәселені қозғап, Өзіңе өтініш айтудан мені сақтай көр! Егер мені кешіріп, мейіріміңе бөлемесең, мен де зиянға ұшырағандардың бірі боламын», – деді.

48

قِيلَ يَٰنُوحُ ٱهْبِطْ بِسَلَٰمࣲ مِّنَّا وَبَرَكَٰتٍ عَلَيْكَ وَعَلَىٰٓ أُمَمࣲ مِّمَّن مَّعَكَۚ وَأُمَمࣱ سَنُمَتِّعُهُمْ ثُمَّ يَمَسُّهُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمࣱ

Соңында Нұхқа: «Уа, Нұх! Кемеден өзіңе және қасыңдағы мүміндерге һәм олардың ұрпақтарынан шығатын мүмін қауымдарға Біз нәсіп ететін есендікпен және мол берекемен түс! Сондай-ақ (келешек ұрпақтың ішінде иман етпейтін) кейбір қауымдар да болады. Біз оларға (белгілі уақытқа дейін өмір сүру мүмкіндігін беріп) дүниенің қызығын көрсетеміз, содан кейін Бізден олардың басына жан төзгісіз азап келеді», – делінді.

49

تِلْكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلْغَيْبِ نُوحِيهَآ إِلَيْكَۖ مَا كُنتَ تَعْلَمُهَآ أَنتَ وَلَا قَوْمُكَ مِن قَبْلِ هَٰذَاۖ فَٱصْبِرْۖ إِنَّ ٱلْعَٰقِبَةَ لِلْمُتَّقِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Міне, бұлар – ғайыптан хабарлар, Біз саған оны уахи арқылы жеткізудеміз. Өзің де, қауымың да бұдан бұрын олар жайлы еш нәрсе білмейтін едіңдер. Ендеше, (Алла жолында басыңа түскен ауыртпалықтарға мойымай) сабырлылық таныт. Шүбәсіз, жеңіс Алладан шын именетін тақуаларға тән.

50

وَإِلَىٰ عَادٍ أَخَاهُمْ هُودࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥٓۖ إِنْ أَنتُمْ إِلَّا مُفْتَرُونَ

Сондай-ақ Ад қауымына да өз бауырлары Һудты (пайғамбар етіп) жібердік. Ол да қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені Одан басқа құдай жоқ. Анығында, сендер Аллаға өзгелерді серік етіп қосу арқылы Оған жала жабудан басқа түк бітіріп жүрген жоқсыңдар».

51

يَٰقَوْمِ لَآ أَسْـَٔلُكُمْ عَلَيْهِ أَجْرًاۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَى ٱلَّذِي فَطَرَنِيٓۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ

«Уа, қауымым! Мен пайғамбарлық міндетімді атқарғаным үшін сендерден ақы сұрамаймын. Ақымды мені жоқтан жаратқан (Алланың) өзі береді. Өздерің сәл болса да ақылға салып, ойланбайсыңдар ма?»

52

وَيَٰقَوْمِ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِ يُرْسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارࣰا وَيَزِدْكُمْ قُوَّةً إِلَىٰ قُوَّتِكُمْ وَلَا تَتَوَلَّوْا۟ مُجْرِمِينَ

«Уа, қауымым! Осы күнге дейін істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған шын пейілмен бет бұрыңдар. Сонда Ол сендер үшін көктен құтты да берекелі мол жауын жаудырады. Күштеріңе күш қосып, қажыр-қайраттарыңды арттыра түседі. Насихатыма құлақ аспай сырт айналып, күнәһар болып кетпеңдер», – деп насихат айтты.

53

قَالُوا۟ يَٰهُودُ مَا جِئْتَنَا بِبَيِّنَةࣲ وَمَا نَحْنُ بِتَارِكِيٓ ءَالِهَتِنَا عَن قَوْلِكَ وَمَا نَحْنُ لَكَ بِمُؤْمِنِينَ

Сондағы қауымының жауабы: «Уа, Һуд! Сен бізге айқын дәлелмен, анық мұғжизамен келмедің. Әрі біз сен айтты екен деп, құдайларымызды тәрк етпейміз, саған иман келтірмейміз».

54

إِن نَّقُولُ إِلَّا ٱعْتَرَىٰكَ بَعْضُ ءَالِهَتِنَا بِسُوٓءࣲۗ قَالَ إِنِّيٓ أُشْهِدُ ٱللَّهَ وَٱشْهَدُوٓا۟ أَنِّي بَرِيٓءࣱ مِّمَّا تُشْرِكُونَ

«Біздің саған: «Кейбір құдайларымыз төбеңнен аямай ұрған екен», – деуден басқа айтарымыз жоқ». Сонда Һуд оларға: «Ендеше, Алланы куә етемін, өздерің де куә болыңдар. Мен, расында, сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан (яғни пұттарға және басқа да жаратылыс атаулыға табынудан) аулақпын».

55

مِن دُونِهِۦۖ فَكِيدُونِي جَمِيعࣰا ثُمَّ لَا تُنظِرُونِ

«Оған серік етіп қосқан өзге құдайларыңның бірде-бірін мойындамаймын. Ал енді бәрің жиналып, маған бір сәтке де тағат таптырмай қалағандарыңша ор қазып, қалаған тұзақтарыңды құрыңдар».

56

إِنِّي تَوَكَّلْتُ عَلَى ٱللَّهِ رَبِّي وَرَبِّكُمۚ مَّا مِن دَآبَّةٍ إِلَّا هُوَ ءَاخِذُۢ بِنَاصِيَتِهَآۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ صِرَٰطࣲ مُّسْتَقِيمࣲ

«Мен менің де, сендердің де Раббыларың бір Аллаға тәуекел еттім. (Жер-жаһанда) Ол кекілінен ұстамаған (яғни Өзіне толық бағындырмаған) бірде-бір қыбырлаған тіршілік иесі жоқ. Раббымның (әр ісінде, әр үкімінде) тура жолда екені шүбәсіз».

57

فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقَدْ أَبْلَغْتُكُم مَّآ أُرْسِلْتُ بِهِۦٓ إِلَيْكُمْۚ وَيَسْتَخْلِفُ رَبِّي قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّونَهُۥ شَيْـًٔاۚ إِنَّ رَبِّي عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ حَفِيظࣱ

«Ал егер (сөзімді елемей) осы хақ жолдан сырт айналатын болсаңдар, мен өздеріңе жеткізуім керек болған иләһи пәрмендерді толық жеткіздім. (Егер осы беттеріңнен танбасаңдар) Раббым қаласа, сендерді жоқ қылып, орындарыңа басқа бір қауым әкеледі. Оған сендер бөгет бола алмайсыңдар, (күпірлікте табандап) ешқандай зиян да тигізе алмайсыңдар. Шүбәсіз, Раббым – барлық нәрсені көріп, бақылаушы әрі (құлдарының барлық ісін) жазып алушы», – деді.

58

وَلَمَّا جَآءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا هُودࣰا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ بِرَحْمَةࣲ مِّنَّا وَنَجَّيْنَٰهُم مِّنْ عَذَابٍ غَلِيظࣲ

(Алайда Ад қауымы райынан қайтпады.) Нәтижеде, өздеріне қатысты жойқын пәрменіміз келіп жеткенде, (иман келтіріп, игі істер істегені үшін) рақымымызбен Һудты және онымен бірге иман келтіргендерді азаптан құтқардық. Шынында, оларды тым ауыр азаптан аман алып қалдық.

59

وَتِلْكَ عَادࣱۖ جَحَدُوا۟ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمْ وَعَصَوْا۟ رُسُلَهُۥ وَٱتَّبَعُوٓا۟ أَمْرَ كُلِّ جَبَّارٍ عَنِيدࣲ

Міне, Ад қауымы – осы! Олар Раббыларының аяттарын (Оның бар екенін, дара, жалғыз екенін көрсететін дәлелдерді көріп, біліп тұрып) мойындамады. Ол аз болғандай (өздеріне жіберілген пайғамбарға қарсыласу арқылы) Оның бүкіл пайғамбарларына қарсы келді және ақиқатқа жаны қас әрбір тәкаппар, тоңмойын озбырдың әміріне бағынып, айтқанымен жүрді.

60

وَأُتْبِعُوا۟ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنْيَا لَعْنَةࣰ وَيَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۗ أَلَآ إِنَّ عَادࣰا كَفَرُوا۟ رَبَّهُمْۗ أَلَا بُعْدࣰا لِّعَادࣲ قَوْمِ هُودࣲ

Сөйтіп, олар бұл дүниеде де, қиямет күнінде де Алланың рақымынан аласталып, қарғысқа ұшырауға лайық болды. Иә, Ад қауымы Раббыларына күпірлік қылды. Нәтижеде, Һудтың қауымы Ад құрдымға кетіп, құрып тынды!

61

۞وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَٰلِحࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥۖ هُوَ أَنشَأَكُم مِّنَ ٱلْأَرْضِ وَٱسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا فَٱسْتَغْفِرُوهُ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِۚ إِنَّ رَبِّي قَرِيبࣱ مُّجِيبࣱ

Сондай-ақ Сәмуд халқына да өз бауырлары Салихты (пайғамбар етіп) жібердік. Ол да (өзге пайғамбарлар сияқты) қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етсеңдер! Өйткені Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді жерден жаратты (яғни, тәндеріңді топырақтан жаратып, жерден шыққан өсімдіктермен азықтандырды) әрі сол жер бетінде өмір сүріп, оны көркейтулеріңді қалады. Ендеше, (осы күнге дейін) істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған шын пейілмен бет бұрыңдар. Шүбәсіз, Раббым құлдарына өте жақын, олардың тәубесі мен дұға-мінәжаттарын қабыл етуші.

62

قَالُوا۟ يَٰصَٰلِحُ قَدْ كُنتَ فِينَا مَرْجُوࣰّا قَبْلَ هَٰذَآۖ أَتَنْهَىٰنَآ أَن نَّعْبُدَ مَا يَعْبُدُ ءَابَآؤُنَا وَإِنَّنَا لَفِي شَكࣲّ مِّمَّا تَدْعُونَآ إِلَيْهِ مُرِيبࣲ

Қауымы оған: «Әй, Салих! Сен бұдан бұрын арамыздағы зор үміт артатын кісіміз едің. Енді келіп, бізді ата-бабаларымыз сиынып келген құдайларға табынудан тыймақсың ба? Шындығында, бізді үндеп отырған мына жаңа сеніміңе күмәнмен қараймыз, қатты шәк келтіреміз», – деді.

63

قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَءَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّي وَءَاتَىٰنِي مِنْهُ رَحْمَةࣰ فَمَن يَنصُرُنِي مِنَ ٱللَّهِ إِنْ عَصَيْتُهُۥۖ فَمَا تَزِيدُونَنِي غَيْرَ تَخْسِيرࣲ

Салих болса, оларға: «Уа, қауымым! (Сендер солай дейсіңдер,) ал егер мен Раббымнан келген нақты дәлелге сүйенген болсам ше? Яки, Ол мені ерекше рақымына бөлеп (пайғамбарлық міндет берген) болса ше? Ендеше, мен (өзіме берілген міндетті дұрыс орындамай) Аллаға асылық қылсам, мені Оның қаһарынан кім сақтап қала алады?! Сендердің мені одан сайын кесірге ұшыратқаннан басқа маған титтей де пайдаларың болмайды».

64

وَيَٰقَوْمِ هَٰذِهِۦ نَاقَةُ ٱللَّهِ لَكُمْ ءَايَةࣰۖ فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِيٓ أَرْضِ ٱللَّهِۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءࣲ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابࣱ قَرِيبࣱ

«Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Расында, сендерге Раббыларыңнан айқын дәлел, мұғжиза келді. Міне, мынау – айқын белгі (мұғжиза) ретінде Алланың сендер үшін жаратқан аруанасы. Оны жайына қоя беріңдер Алланың жерінде емін-еркін жайылып жүре берсін. Оған тиісуші болмаңдар, әйтпесе, көп ұзамай бастарыңа азап келеді», – деді.

65

فَعَقَرُوهَا فَقَالَ تَمَتَّعُوا۟ فِي دَارِكُمْ ثَلَٰثَةَ أَيَّامࣲۖ ذَٰلِكَ وَعْدٌ غَيْرُ مَكْذُوبࣲ

Алайда олар (Салих пайғамбардың сөзіне құлақ аспай) аруананы бауыздап тастады. Сонда Салих оларға: «Ендеше, мекендеріңде тағы үш күн жалған өмірдің қызығын көре тұрыңдар (содан кейін бастарыңа не келерін бірге көреміз). Міне, бұл – жалған болуы мүмкін емес хақ уағда», – деді.

66

فَلَمَّا جَآءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا صَٰلِحࣰا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ بِرَحْمَةࣲ مِّنَّا وَمِنْ خِزْيِ يَوْمِئِذٍۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ ٱلْقَوِيُّ ٱلْعَزِيزُ

(Сөйтіп, үш күннен кейін Сәмуд қауымына қатысты) жойқын пәрменіміз келіп жеткенде, (иман келтіріп, игі істер атқарғандары) рақымымызбен Салихты және онымен бірге иман келтіргендерді азаптан әрі сол күннің қорлығынан құтқардық. Шүбәсіз, Раббың Қауи (тым күшті), Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы).

67

وَأَخَذَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ ٱلصَّيْحَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِي دِيَٰرِهِمْ جَٰثِمِينَ

Содан (күпірлікте табандап,) өздеріне һәм өзгелерге қиянат жасаған қауым жер жарған ащы айқайға (ғаламат жарылысқа) тап болды да, тұрған жерлерінде (жүрегі жарылып, етбетінен сұлап түскен бойда) сіресіп, сеспей қатты да қалды.

68

كَأَن لَّمْ يَغْنَوْا۟ فِيهَآۗ أَلَآ إِنَّ ثَمُودَا۟ كَفَرُوا۟ رَبَّهُمْۗ أَلَا بُعْدࣰا لِّثَمُودَ

Құдды бұрын-соңды ол жерде мүлдем рақатқа батып, өмір сүрмегендей бір демде көзі жойылды. Иә, Сәмуд қауымы Раббыларына күпірлік қылды! Міне, сондықтан да Сәмуд қауымы құрдымға кетіп, құрып тынды!

69

وَلَقَدْ جَآءَتْ رُسُلُنَآ إِبْرَٰهِيمَ بِٱلْبُشْرَىٰ قَالُوا۟ سَلَٰمࣰاۖ قَالَ سَلَٰمࣱۖ فَمَا لَبِثَ أَن جَآءَ بِعِجْلٍ حَنِيذࣲ

Бір күні (періште) елшілеріміз (жас жігіттер кейпінде) Ибраһимге қуанышты хабармен келіп, сәлем берді. Ибраһим олардың сәлемін алды да, көп кідірмей алдарына көмбеге піскен бұзау етін тартты.

70

فَلَمَّا رَءَآ أَيْدِيَهُمْ لَا تَصِلُ إِلَيْهِ نَكِرَهُمْ وَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةࣰۚ قَالُوا۟ لَا تَخَفْ إِنَّآ أُرْسِلْنَآ إِلَىٰ قَوْمِ لُوطࣲ

Алайда алдарына қойылған асқа қол созбағанын көргенде, бұл қылықтарын жақтырмады әрі олардан секем алып, іштей қорқа бастады. Мұны сезген елшілер оған: «Қорықпа! Негізі, біз Луттың қауымына (жермен-жексен ету үшін) жіберілдік», – деді.

71

وَٱمْرَأَتُهُۥ قَآئِمَةࣱ فَضَحِكَتْ فَبَشَّرْنَٰهَا بِإِسْحَٰقَ وَمِن وَرَآءِ إِسْحَٰقَ يَعْقُوبَ

Сол кезде Ибраһимнің жұбайы да қастарында олардың әңгімесін тыңдап тұрған еді. Ол бірден (етеккірі келгенін сезді де) күлімсіреді. Сонда Біз оны Исхаққа және оның артынан Яқубқа жүкті болатынын айтып қуанттық.

72

قَالَتْ يَٰوَيْلَتَىٰٓ ءَأَلِدُ وَأَنَا۠ عَجُوزࣱ وَهَٰذَا بَعْلِي شَيْخًاۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيْءٌ عَجِيبࣱ

Ол аң-таң болып: «Масқара! Өзім кейуана, мына күйеуім қария болғанда бала табамын ба?! Бұл, расында да, таңғаларлық нәрсе!» – деді.

73

قَالُوٓا۟ أَتَعْجَبِينَ مِنْ أَمْرِ ٱللَّهِۖ رَحْمَتُ ٱللَّهِ وَبَرَكَٰتُهُۥ عَلَيْكُمْ أَهْلَ ٱلْبَيْتِۚ إِنَّهُۥ حَمِيدࣱ مَّجِيدࣱ

Періштелер оған: «Алланың ісіне таңғалып тұрмысың? Уа, үй иелері! Сендерге Алланың рақымы мен мол берекеті жаусын! Шүбәсіз, Алла (сансыз нығмет пен жақсылық иесі ретінде) шексіз мадаққа, шүкіршілікке һәм ұлықталуға әбден лайық», – деді.

74

فَلَمَّا ذَهَبَ عَنْ إِبْرَٰهِيمَ ٱلرَّوْعُ وَجَآءَتْهُ ٱلْبُشْرَىٰ يُجَٰدِلُنَا فِي قَوْمِ لُوطٍ

Ибраһим есін алған үрейден айығып, өзіне қуанышты хабар жеткеннен кейін, бірден Луттың қауымы жайлы елшілерімізбен сөз таластыра бастады.

75

إِنَّ إِبْرَٰهِيمَ لَحَلِيمٌ أَوَّٰهࣱ مُّنِيبࣱ

Расында, Ибраһим – өте жұмсақ, салиқалы, Аллаға көп жалбарынатын һәм Оған жан-тәнімен ниет қойып, бет бұрған жан еді.

76

يَٰٓإِبْرَٰهِيمُ أَعْرِضْ عَنْ هَٰذَآۖ إِنَّهُۥ قَدْ جَآءَ أَمْرُ رَبِّكَۖ وَإِنَّهُمْ ءَاتِيهِمْ عَذَابٌ غَيْرُ مَرْدُودࣲ

Елші періштелер оған: «Уа, Ибраһим! Бұл мәселені қозғамай-ақ қой! Шүбәсіз, Раббыңның үкімі шығып, жойқын пәрмені келіп қойды. Енді олардың басына беті қайтарылмайтын азаптың келетіні сөзсіз», – деп кесіп айтты.

77

وَلَمَّا جَآءَتْ رُسُلُنَا لُوطࣰا سِيٓءَ بِهِمْ وَضَاقَ بِهِمْ ذَرْعࣰا وَقَالَ هَٰذَا يَوْمٌ عَصِيبࣱ

Содан елшілеріміз (жүзінен нұр тамған келбетті жас жігіттер кейпінде) Лутқа келгенде, Лут оларға қорған бола алмай қаламын ба деп, көкірегі шерге толып, қатты қысылғаннан: «Бұл өзі бір өте ауыр күн болды-ау!» – деді.

78

وَجَآءَهُۥ قَوْمُهُۥ يُهْرَعُونَ إِلَيْهِ وَمِن قَبْلُ كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ قَالَ يَٰقَوْمِ هَٰٓؤُلَآءِ بَنَاتِي هُنَّ أَطْهَرُ لَكُمْۖ فَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَلَا تُخْزُونِ فِي ضَيْفِيٓۖ أَلَيْسَ مِنكُمْ رَجُلࣱ رَّشِيدࣱ

Қауымы (ауылдарына бөтен жас жігіттердің келгенін естіп) бұзық пиғылмен Луттың үйіне ентелеп жетіп келді. Олар мұндай арсыздықты, жамандық атаулыны бұрыннан істейтін (тіпті әдетке айналдырып алған) еді. Лут олардың алдынан шығып: «Уа, қауымым! Мінеки, қыздарым(ыз) сендер үшін (Алланың ақ некесімен) таза һәм адал болатын солар. Алладан қорқыңдар! Мені қонақтарымның алдында ұятқа қалдырып, масқара қылмаңдар! Араларыңда бірде-бір есті адамның болмағаны ма?!» – деп, оларды райынан қайтаруға тырысты.

79

قَالُوا۟ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا لَنَا فِي بَنَاتِكَ مِنْ حَقࣲّ وَإِنَّكَ لَتَعْلَمُ مَا نُرِيدُ

Қауымы: «Қыздарыңда жұмысымыз жоқ, олардың бізді мүлдем қызықтырмайтынын өзің білесің ғой. Сен біздің не тілейтінімізді де өте жақсы білесің!» – деп айқайлады.

80

قَالَ لَوْ أَنَّ لِي بِكُمْ قُوَّةً أَوْ ءَاوِيٓ إِلَىٰ رُكْنࣲ شَدِيدࣲ

Сонда Лут: «Әттең! Сендерге төтеп берер күш-қуатым болғанда ғой! Немесе бір берік қамалым болып, соны пана қылар ма едім?!» – деп аһ ұрды.

81

قَالُوا۟ يَٰلُوطُ إِنَّا رُسُلُ رَبِّكَ لَن يَصِلُوٓا۟ إِلَيْكَۖ فَأَسْرِ بِأَهْلِكَ بِقِطْعࣲ مِّنَ ٱلَّيْلِ وَلَا يَلْتَفِتْ مِنكُمْ أَحَدٌ إِلَّا ٱمْرَأَتَكَۖ إِنَّهُۥ مُصِيبُهَا مَآ أَصَابَهُمْۚ إِنَّ مَوْعِدَهُمُ ٱلصُّبْحُۚ أَلَيْسَ ٱلصُّبْحُ بِقَرِيبࣲ

Сол сәтте елші періштелер: «Уа, Лут! Расында, біз Раббыңның елшілеріміз. Қорықпа, олар саған түк те істей алмайды. Түннің бір уақытында отбасыңмен жолға шық, араларыңнан ешкім артына қайырылып қараушы болмасын. Тек жұбайыңның жөні басқа. Өйткені қауымыңа жететін зауал оған да жетеді. Біліп қой, олардың зауал шағы – таңсәрі. Таңсәрі де таяп қалды емес пе?!» – деп Луттың қатты қобалжыған көңілін орнына түсірді.

82

فَلَمَّا جَآءَ أَمْرُنَا جَعَلْنَا عَٰلِيَهَا سَافِلَهَا وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهَا حِجَارَةࣰ مِّن سِجِّيلࣲ مَّنضُودࣲ

Соңында жойқын пәрменіміз жүзеге асқанда, сол (күнәһарлар жайлаған) елді мекеннің астын үстіне келтірдік һәм төбесінен (тозақ отына) күйдірілген балшықтан тас жаудырдық.

83

مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَۖ وَمَا هِيَ مِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ بِبَعِيدࣲ

Ол – (әрбірінің кімге барып тиетіні алдын-ала белгіленіп) Раббыңның құзырында таңбаланған тастар. Мұндай тас нөсері қай уақыттың һәм қай жердің болса да залымдарынан қашық емес.

84

۞وَإِلَىٰ مَدْيَنَ أَخَاهُمْ شُعَيْبࣰاۚ قَالَ يَٰقَوْمِ ٱعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُۥۖ وَلَا تَنقُصُوا۟ ٱلْمِكْيَالَ وَٱلْمِيزَانَۖ إِنِّيٓ أَرَىٰكُم بِخَيْرࣲ وَإِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمࣲ مُّحِيطࣲ

Мәдиян халқына да өз бауырлары Шұғайыбты пайғамбар етіп жібердік. Ол да (өзге пайғамбарлар сияқты) қауымына: «Уа, қауымым! Бір Аллаға ғана құлшылық етіңдер! Өйткені сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуіш пен таразыдан жемеңдер. Мен сендердің (адал жол, маңдай терлеріңмен таппаған һәм зекет, садақасы өтелмеген) мол байлыққа кенелгендеріңді көрудемін. Сондықтан сендер үшін азабымен құрсау салушы ғаламат күннен қорқамын».

85

وَيَٰقَوْمِ أَوْفُوا۟ ٱلْمِكْيَالَ وَٱلْمِيزَانَ بِٱلْقِسْطِۖ وَلَا تَبْخَسُوا۟ ٱلنَّاسَ أَشْيَآءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا۟ فِي ٱلْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

«Уа, қауымым! Өлшеуіш пен таразыны дұрыс тартып, әділ ұстаңдар! Ел-жұртқа тиесілі дүниені жымқырып, елге қиянат жасамаңдар. Жер бетінде лаң салып, бүлік шығармаңдар».

86

بَقِيَّتُ ٱللَّهِ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَۚ وَمَآ أَنَا۠ عَلَيْكُم بِحَفِيظࣲ

«Егер шынымен мүмін болсаңдар, онда Алланың өздеріңе бұйырған адал ризығы өздеріңе әлдеқайда қайырлы. Мен сендердің (игіліктерің үшін насихат айтудамын, әйтпесе, төбелеріңнен төніп, әрдайым бақылап тұратын) қорушыларың емеспін», – деп жанашырлықпен насихат айтты.

87

قَالُوا۟ يَٰشُعَيْبُ أَصَلَوٰتُكَ تَأْمُرُكَ أَن نَّتْرُكَ مَا يَعْبُدُ ءَابَآؤُنَآ أَوْ أَن نَّفْعَلَ فِيٓ أَمْوَٰلِنَا مَا نَشَٰٓؤُا۟ۖ إِنَّكَ لَأَنتَ ٱلْحَلِيمُ ٱلرَّشِيدُ

Қауымы оған: «Әй, Шұғайыб! Ата-бабаларымыз сиынып келген құдайларымызды тәрк етуімізді һәм мал-мүлкімізді өз білгенімізше жұмсаудан тиылуымызды сенің намазың (яғни, уағыздап жүрген дінің) бұйыра ма?! Әсілі, сен өте жұмсақ һәм көкірек көзі ашық есті жан едің ғой», – деді.

88

قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَءَيْتُمْ إِن كُنتُ عَلَىٰ بَيِّنَةࣲ مِّن رَّبِّي وَرَزَقَنِي مِنْهُ رِزْقًا حَسَنࣰاۚ وَمَآ أُرِيدُ أَنْ أُخَالِفَكُمْ إِلَىٰ مَآ أَنْهَىٰكُمْ عَنْهُۚ إِنْ أُرِيدُ إِلَّا ٱلْإِصْلَٰحَ مَا ٱسْتَطَعْتُۚ وَمَا تَوْفِيقِيٓ إِلَّا بِٱللَّهِۚ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَإِلَيْهِ أُنِيبُ

Сонда Шұғайыб оларға: «Уа, қауымым! (Сендер солай дейсіңдер,) ал егер мен Раббымнан келген нақты дәлелге сүйенген болсам (яғни, маған пайғамбарлық міндет шынымен берілген болса) Һәм Ол мені (түгесілмес қазынасынан рухани әрі дүниелік тұрғыдан) жақсылап ризықтандырған болса, мен (сендерді тура жолға шақырудан басқа) не істеуім керек?! Сондай-ақ мен сендерді кейбір нәрселерден тыйып алып, өзім соларды істейін деп жүрген жоқпын. Бар қалауым – қолымнан келгенше сендерді түзету ғана. Бұл ісімде табысқа жетуім бір Алланың қолдауымен ғана болмақ. Мен Оған тәуекел еттім һәм бір Өзіне ғана жан-тәніммен ниет қойып, бет бұрамын».

89

وَيَٰقَوْمِ لَا يَجْرِمَنَّكُمْ شِقَاقِيٓ أَن يُصِيبَكُم مِّثْلُ مَآ أَصَابَ قَوْمَ نُوحٍ أَوْ قَوْمَ هُودٍ أَوْ قَوْمَ صَٰلِحࣲۚ وَمَا قَوْمُ لُوطࣲ مِّنكُم بِبَعِيدࣲ

«Уа, қауымым! Маған көрсеткен қарсылықтарың мен дұшпандықтарың сендерді Нұх қауымының немесе Һуд қауымының, яки Салихтың қауымының басына келген жойқын апат сияқты бір апатқа ұшыратып жүрмесін! (Сондай-ақ Алланың қаһарына ұшыраған) Лут қауымының мекені де сендерден қашық емес».

90

وَٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ ثُمَّ تُوبُوٓا۟ إِلَيْهِۚ إِنَّ رَبِّي رَحِيمࣱ وَدُودࣱ

«(Осы күнге дейін) істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған шын пейілмен бет бұрыңдар. Шүбәсіз, Раббым (Өзіне шын ниетімен бет бұрған құлдарына) өте мейірімді, оларға деген сүйіспеншілігі ерекше әрі шексіз», – деді.

91

قَالُوا۟ يَٰشُعَيْبُ مَا نَفْقَهُ كَثِيرࣰا مِّمَّا تَقُولُ وَإِنَّا لَنَرَىٰكَ فِينَا ضَعِيفࣰاۖ وَلَوْلَا رَهْطُكَ لَرَجَمْنَٰكَۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيْنَا بِعَزِيزࣲ

Ал қауымы оған: «Әй, Шұғайыб! Біз сенің айтқандарыңның көбін түсінбейміз һәм сені арамыздағы дәрменсіз, бейшара біреу деп білеміз (ендеше, саған қалай құлақ аспақпыз?!) Егер елге елеулі бірқатар жақының болмағанда, сені міндетті түрде таспен ұрып өлтіретін едік. Сенің арамызда ешқандай қадір-қасиетің де, бізге қарсы тұрар қауқарың да жоқ», – деп сес көрсетті.

92

قَالَ يَٰقَوْمِ أَرَهْطِيٓ أَعَزُّ عَلَيْكُم مِّنَ ٱللَّهِ وَٱتَّخَذْتُمُوهُ وَرَآءَكُمْ ظِهْرِيًّاۖ إِنَّ رَبِّي بِمَا تَعْمَلُونَ مُحِيطࣱ

Шұғайыб олардың бұл сөзіне күйініп: «Уа, қауымым! Сонда Алланы (яғни, сөзін, пәрменін) мүлдем керек қылмай, Одан сырт айналатындай менің жақындарым сендер үшін Алладан да қадірлі әрі үстем бе?! Шүбәсіз, Раббым не істеп, не қойып жүргендеріңді толық білуші, бәрін көруде һәм естуде».

93

وَيَٰقَوْمِ ٱعْمَلُوا۟ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنِّي عَٰمِلࣱۖ سَوْفَ تَعْلَمُونَ مَن يَأْتِيهِ عَذَابࣱ يُخْزِيهِ وَمَنْ هُوَ كَٰذِبࣱۖ وَٱرْتَقِبُوٓا۟ إِنِّي مَعَكُمْ رَقِيبࣱ

«Уа, қауымым! Ендеше, (осылайша күпірлікте қасарысқан күйде) қолдарыңнан не келсе, соның бәрін істеп бағыңдар, мен де өз міндетімді атқарудан танбаймын. Күндердің күнінде кімнің басына қор қылатын алапат азаптың келетінін һәм кімнің өтірікші суайт екенін әлі-ақ білетін боласыңдар! Ал енді сол күнді күтіңдер, мен де сендермен бірге күтемін», – деп жауап қатты.

94

وَلَمَّا جَآءَ أَمْرُنَا نَجَّيْنَا شُعَيْبࣰا وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ بِرَحْمَةࣲ مِّنَّا وَأَخَذَتِ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ ٱلصَّيْحَةُ فَأَصْبَحُوا۟ فِي دِيَٰرِهِمْ جَٰثِمِينَ

Соңында жойқын пәрменіміз келіп жеткенде, рақымымызбен Шұғайыбты және онымен бірге иман келтіргендерді (иман келтіріп, игі істер атқарғандарды) апаттан құтқардық. Ал (күпірлікте табандап) өздеріне һәм өзгелерге қиянат жасағандар жантүршігерлік қорқынышты дауысқа (жарылысқа) тап болды да, тұрған жерлерінде (жүректері жарылып, етбетінен сұлап түскен бойда) сіресіп, сеспей қатты да қалды.

95

كَأَن لَّمْ يَغْنَوْا۟ فِيهَآۗ أَلَا بُعْدࣰا لِّمَدْيَنَ كَمَا بَعِدَتْ ثَمُودُ

Олар бұрын-соңды ол жерде мүлдем рақатқа батып, өмір сүрмегендей бір демде көздері жойылды. Иә, Сәмуд қауымының құрып тынғанындай, Мәдиян халқы да сол күйі құрып кетсін!

96

وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلْطَٰنࣲ مُّبِينٍ

Біз Мұсаны да (пайғамбар екенін көрсететін) аят-дәлелдерімізбен, айқын да үстем құжатпен (мұғжизамен) жібердік.

97

إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَإِي۟هِۦ فَٱتَّبَعُوٓا۟ أَمْرَ فِرْعَوْنَۖ وَمَآ أَمْرُ فِرْعَوْنَ بِرَشِيدࣲ

Перғауын мен оның шонжарларына (жібердік). Алайда олар (яғни шонжарлар мен халық) Перғауынның пәрменіне бағынды. Әйтсе де, Перғауынның пәрмені орынды да, әділ де емес еді.

98

يَقْدُمُ قَوْمَهُۥ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ فَأَوْرَدَهُمُ ٱلنَّارَۖ وَبِئْسَ ٱلْوِرْدُ ٱلْمَوْرُودُ

Ол қиямет күні (бір отар қойды суға бастаған текедей) қауымын бастаған бойда тозаққа алып барып тоғытады. Шынында, олар (су екен деп) баратын тозақ неткен жаман «суат» еді!

99

وَأُتْبِعُوا۟ فِي هَٰذِهِۦ لَعْنَةࣰ وَيَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِۚ بِئْسَ ٱلرِّفْدُ ٱلْمَرْفُودُ

Олар бұл жалғанда да, қиямет күнінде де Алланың рақымынан аласталып, лағынетке ұшырады. Бұл лағынет неткен жаман сый, неткен жаман сыбаға еді!

100

ذَٰلِكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلْقُرَىٰ نَقُصُّهُۥ عَلَيْكَۖ مِنْهَا قَآئِمࣱ وَحَصِيدࣱ

(Уа, Мұхаммед!) Міне, бұл – апатқа ұшыраған елді мекендердің ғибратқа толы бірер деректері. Оларды өзіңе қысқаша баяндаудамыз. Кейбіреулерінің ізі әлі күнге дейін сақталып тұрса, енді біреулері бейне түбімен орылған егіндей тып-типыл құрыған.

101

وَمَا ظَلَمْنَٰهُمْ وَلَٰكِن ظَلَمُوٓا۟ أَنفُسَهُمْۖ فَمَآ أَغْنَتْ عَنْهُمْ ءَالِهَتُهُمُ ٱلَّتِي يَدْعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مِن شَيْءࣲ لَّمَّا جَآءَ أَمْرُ رَبِّكَۖ وَمَا زَادُوهُمْ غَيْرَ تَتْبِيبࣲ

Біз оларға әсте қиянат жасамадық, керісінше, олар өз-өзінің обалына қалды. Раббыңның жойқын пәрмені (жазасы) жеткенде, Алланы былай қойып табынған әрі тағзым етіп жалбарынған құдайлары оларға түк те пайда бермеді. Пайда бергені былай тұрсын, одан сайын зиян тигізіп, зардап шеккізгеннен басқа түкке де жарамады.

102

وَكَذَٰلِكَ أَخْذُ رَبِّكَ إِذَآ أَخَذَ ٱلْقُرَىٰ وَهِيَ ظَٰلِمَةٌۚ إِنَّ أَخْذَهُۥٓ أَلِيمࣱ شَدِيدٌ

Міне, Раббың залым елді мекендердің сазайын бергенде осылай жазалайды. Шүбәсіз, Оның жазасы жан төзгісіз, тым қатты.

103

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَـَٔايَةࣰ لِّمَنْ خَافَ عَذَابَ ٱلْـَٔاخِرَةِۚ ذَٰلِكَ يَوْمࣱ مَّجْمُوعࣱ لَّهُ ٱلنَّاسُ وَذَٰلِكَ يَوْمࣱ مَّشْهُودࣱ

Шынында, осы уақиғалардың бәрінде ақирет азабынан қорқатындар үшін сабақ боларлық ғибрат бар. Ол – күллі адамзат ғарасат майданына жиналатын күн һәм ол – күллі жаратылыстың көретін күні.

104

وَمَا نُؤَخِّرُهُۥٓ إِلَّا لِأَجَلࣲ مَّعْدُودࣲ

Біз ол күнді өзіміз белгілеп, бекіткен санаулы мерзімнен кешіктірмейміз. (Яғни, дүниенің де күні санаулы.)

105

يَوْمَ يَأْتِ لَا تَكَلَّمُ نَفْسٌ إِلَّا بِإِذْنِهِۦۚ فَمِنْهُمْ شَقِيࣱّ وَسَعِيدࣱ

Сол күн туғанда, Алланың рұқсатынсыз бірде-бір жан тіл қата алмайды. Міне, сол күні біреулер сормаңдай, енді біреулер бақытты болмақ.

106

فَأَمَّا ٱلَّذِينَ شَقُوا۟ فَفِي ٱلنَّارِ لَهُمْ فِيهَا زَفِيرࣱ وَشَهِيقٌ

Сормаңдай болғандарға келсек, олар тозақта (азап шегеді). Ондағы жан төзгісіз азаптан қатты ентігіп, жан дауыстары шығып, ақырып-өкірумен болады.

107

خَٰلِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلْأَرْضُ إِلَّا مَا شَآءَ رَبُّكَۚ إِنَّ رَبَّكَ فَعَّالࣱ لِّمَا يُرِيدُ

(Ақиретке тән) күллі аспан әлемі мен жер қанша тұрса, олар да сол жерде сонша уақыт (яғни, мәңгі-бақи) қала береді. Алайда Раббың басқаша қаласа, оның жөні бөлек. Шүбәсіз, Раббың қалағанын міндетті түрде істейді.

108

۞وَأَمَّا ٱلَّذِينَ سُعِدُوا۟ فَفِي ٱلْجَنَّةِ خَٰلِدِينَ فِيهَا مَا دَامَتِ ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلْأَرْضُ إِلَّا مَا شَآءَ رَبُّكَۖ عَطَآءً غَيْرَ مَجْذُوذࣲ

Ал шынайы бақытқа кенелгендер жұмақта болады һәм (ақиретке тән) күллі аспан әлемі мен жер қанша тұрса, олар да сол жерде сонша уақыт (яғни, мәңгі-бақи) қала береді. Алайда Раббың басқаша қаласа, оның жөні бөлек. Олар жұмақта толассыз сый-сияпатқа кенеледі.

109

فَلَا تَكُ فِي مِرْيَةࣲ مِّمَّا يَعْبُدُ هَٰٓؤُلَآءِۚ مَا يَعْبُدُونَ إِلَّا كَمَا يَعْبُدُ ءَابَآؤُهُم مِّن قَبْلُۚ وَإِنَّا لَمُوَفُّوهُمْ نَصِيبَهُمْ غَيْرَ مَنقُوصࣲ

(Уа, Мұхаммед!) Бұл мүшріктердің табынған нәрселерінің жалған екендігіне (һәм сол табынғаны оларды түптің-түбінде құрдымға батыратындығына) қатысты ешқандай күмәнің болмағанындай (ешкімнің де күмәні болмауы керек). Бұдан бұрын ата-бабалары не нәрсеге қалай табынса, олар да соларға дәл солай табынуда. Біз де өз кезегімізде олардың өздеріне лайық сыбағаларын кем-кетіксіз толық береміз.

110

وَلَقَدْ ءَاتَيْنَا مُوسَى ٱلْكِتَٰبَ فَٱخْتُلِفَ فِيهِۚ وَلَوْلَا كَلِمَةࣱ سَبَقَتْ مِن رَّبِّكَ لَقُضِيَ بَيْنَهُمْۚ وَإِنَّهُمْ لَفِي شَكࣲّ مِّنْهُ مُرِيبࣲ

(Уа, Мұхаммед!) Біз Мұсаға да Кітап берген едік. Сонда (сенің қауымыңның Құранға қатысты қайшылықта болғаны сияқты) оның қауымының арасында да Тәуратқа қатысты қайшылықтар туды. Егер Раббыңның бұрын-соңды құлдарына қатысты айтқан кесімді сөзі (яғни, оларды дәм-тұзы таусылғанша өмір сүргізу және бұл дүниеде істеген жақсы-жаман істерінің қарымын негізінен о дүниеде қайтаратындығы жайлы үкімі) болмағанда, иман келтіргендер мен етпегендер арасында кесімді үкім баяғыда беріліп, бұл мәселеге нүкте қойылған болар еді. Алайда олар Алланың Кітабына күмәнмен қарайды.

111

وَإِنَّ كُلࣰّا لَّمَّا لَيُوَفِّيَنَّهُمْ رَبُّكَ أَعْمَٰلَهُمْۚ إِنَّهُۥ بِمَا يَعْمَلُونَ خَبِيرࣱ

Раббың олардың әрқайсысының (яғни, Кітапқа сенгендердің де, сенбегендердің де) істерінің қарымын толық қайтарады. Ол олардың істеп жүрген істерінің бәрінен хабардар екені шүбәсіз.

112

فَٱسْتَقِمْ كَمَآ أُمِرْتَ وَمَن تَابَ مَعَكَ وَلَا تَطْغَوْا۟ۚ إِنَّهُۥ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرࣱ

(Уа, Мұхаммед!) Ендеше, өзіңе бұйырылған-дай тура бол (қандай мәселеде болмасын өзіңе қалай әрекет ет деп бұйырылса, дәл солай әрекет ет). Сондай-ақ Аллаға бет бұрып, тәубеге келіп, саған қосылғандар да турашыл болсын. Тура жолдан ауытқып, шектен шықпаңдар. Шүбәсіз, Ол не істеп, не қойып жүргендеріңді толық көруде.

113

وَلَا تَرْكَنُوٓا۟ إِلَى ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ فَتَمَسَّكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِنْ أَوْلِيَآءَ ثُمَّ لَا تُنصَرُونَ

Сондай-ақ өзгенің де, өзінің де обалына қалып жүрген залымдарға сәл де болса көңілдерің ауып, ықыластарың түспесін (оларға мүлдем көңіл салмаңдар), әйтпесе (екі дүниеде де) отқа күйесіңдер. Шындығында, сендердің Алладан өзге қорғандарың да, қамқор достарың да жоқ. Содан кейін Одан да қолдау таппайсыңдар.

114

وَأَقِمِ ٱلصَّلَوٰةَ طَرَفَيِ ٱلنَّهَارِ وَزُلَفࣰا مِّنَ ٱلَّيْلِۚ إِنَّ ٱلْحَسَنَٰتِ يُذْهِبْنَ ٱلسَّيِّـَٔاتِۚ ذَٰلِكَ ذِكْرَىٰ لِلذَّٰكِرِينَ

Күндіздің екі уақытында (бесін, екінті), сондай-ақ түннің күндізге таяу уақыттарында (таңсәрі, ақшам, құптан) намаз оқы. Шынында, жақсылықтар жамандықтарды (яғни, кішігірім күнәларды) жояды. Бұл – ойланып, ғибрат алатындар үшін айтылған бірер насихат.

115

وَٱصْبِرْ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُحْسِنِينَ

(Сондай-ақ құлшылық етуде, жақсылық жасауда, күнә атаулыдан аулақ болуда һәм Алла жолында жүріп, тап болған қиыншылықтарға) сабырлылық таныт. Расында, Алла Өзін көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында (қаперінде) ұстап, игі істер істейтін ізгі жандардың сауабын (еңбегін) зая етпейді.

116

فَلَوْلَا كَانَ مِنَ ٱلْقُرُونِ مِن قَبْلِكُمْ أُو۟لُوا۟ بَقِيَّةࣲ يَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْفَسَادِ فِي ٱلْأَرْضِ إِلَّا قَلِيلࣰا مِّمَّنْ أَنجَيْنَا مِنْهُمْۗ وَٱتَّبَعَ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوا۟ مَآ أُتْرِفُوا۟ فِيهِ وَكَانُوا۟ مُجْرِمِينَ

Сендерден бұрынғы дәуірлерде өмір сүрген қауымдардың ішінде жер бетінде бүлік шығып, бұзғыншылық орын алмауы үшін аянбай еңбек еткен (иман, ілім, көркем мінез-құлық және игі істер сынды) өшпес құндылық иелері болғанда ғой. Өкінішке қарай, олардың арасында осынау ұлы мақсатта еңбек еткені үшін (азаптан) аман алып қалғандарымыз өте аз болды. Ал (Аллаға серік қосу сынды ең үлкен зұлымдықты істеген әрі өзінің де, өзгенің де обалына қалған) залымдарға келсек, олар байлық пен сән-салтанаттың буына мас болып, дүниенің рақаты мен қызығын қуып, күнәдан көз ашпады.

117

وَمَا كَانَ رَبُّكَ لِيُهْلِكَ ٱلْقُرَىٰ بِظُلْمࣲ وَأَهْلُهَا مُصْلِحُونَ

Раббың халқы бірін-бірі түзетуге тырысатын елді мекендерді (ескертуші пайғамбарлар жіберместен) зұлымдықпен апатқа ұшыратып, жермен-жексен етпейді, олай істеген де емес.

118

وَلَوْ شَآءَ رَبُّكَ لَجَعَلَ ٱلنَّاسَ أُمَّةࣰ وَٰحِدَةࣰۖ وَلَا يَزَالُونَ مُخْتَلِفِينَ

Егер Алла қаласа, әлбетте, күллі адамзатты (бір шариғатпен жүретін) бір ғана үмбет етер еді, алайда (оларға ықтияр, таңдау еркі берілді). Сөйтіп олар (қанша жерден ескерту алса да) ақиқаттан ауытқып, әртүрлі теріс жолдарға түсіп кете берді.

119

إِلَّا مَن رَّحِمَ رَبُّكَۚ وَلِذَٰلِكَ خَلَقَهُمْۗ وَتَمَّتْ كَلِمَةُ رَبِّكَ لَأَمْلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلْجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجْمَعِينَ

Алайда Раббың кімді (бойындағы кейбір маңызды қасиеттері үшін) рақымына бөлеп, тура жолға салған болса, оның жөні бөлек. Анығында, Алла оларды сол үшін (яғни, Алланы танып, тура жолды тапқандардың мәңгілік бақытқа жетуі және адасқандардың мәңгілік бақытсыздыққа душар болуы үшін) жаратты. Нәтижеде, Раббыңның әу баста айтқан «Мен тозақты жындар мен адамдардың арасынан соған кіруге лайық болғандармен толтырамын» деген сөзі расталады.

120

وَكُلࣰّا نَّقُصُّ عَلَيْكَ مِنْ أَنۢبَآءِ ٱلرُّسُلِ مَا نُثَبِّتُ بِهِۦ فُؤَادَكَۚ وَجَآءَكَ فِي هَٰذِهِ ٱلْحَقُّ وَمَوْعِظَةࣱ وَذِكْرَىٰ لِلْمُؤْمِنِينَ

(Уа, Мұхаммед!) Өзіңе айтылғандардың барлығы – пайғамбарлардың өмірінен алынған, сенің жүрегіңді орнықтыратын ғибратқа толы үзінділер. Осы деректерде саған ақиқаттың нақ өзі, ал мүміндерге насихат пен ескерту келді.

121

وَقُل لِّلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ ٱعْمَلُوا۟ عَلَىٰ مَكَانَتِكُمْ إِنَّا عَٰمِلُونَ

Ал қазір иман етпегендерге: «Ендеше, (осылайша күпірлікте қасарысқан күйде) қолдарыңнан келгеннің бәрін істеп бағыңдар, біз де өз міндетімізді атқарудан танбаймыз».

122

وَٱنتَظِرُوٓا۟ إِنَّا مُنتَظِرُونَ

«Олай болса, бұл істің соңы немен бітерін күтіңдер, біз де күтудеміз», – деп айт.

123

وَلِلَّهِ غَيْبُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَإِلَيْهِ يُرْجَعُ ٱلْأَمْرُ كُلُّهُۥ فَٱعْبُدْهُ وَتَوَكَّلْ عَلَيْهِۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعْمَلُونَ

Күллі аспан әлемі мен жерге тән ғайыпты толық білу бір Аллаға ғана тән. Ақырында, барлық істер бір Алланың құзырына жөнелтіліп (Оның қарауына ұсынылып, үкіміне жүгініледі). Ендеше, Оған ғана құлшылық ет һәм тәуекел ет. Есіңде болсын! Раббың сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен бейхабар емес.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play