ٱلْقَارِعَةُ
«әл-Қариға! (Құлақты жаратын һәм жүректі ұшыратын қатты әрі ащы дауыс!)
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
ٱلْقَارِعَةُ
«әл-Қариға! (Құлақты жаратын һәм жүректі ұшыратын қатты әрі ащы дауыс!)
مَا ٱلْقَارِعَةُ
әл-Қариғаның не екенін білесің бе?
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْقَارِعَةُ
(Алла білдірмесе,) әл-Қариғаның не екенін қайдан білесің?
يَوْمَ يَكُونُ ٱلنَّاسُ كَٱلْفَرَاشِ ٱلْمَبْثُوثِ
Ол күні адамдар жан-жаққа шашылған пәруанадай болады.
وَتَكُونُ ٱلْجِبَالُ كَٱلْعِهْنِ ٱلْمَنفُوشِ
Таулар болса, түрлі-түсті түтілген жүндей болады.
فَأَمَّا مَن ثَقُلَتْ مَوَٰزِينُهُۥ
Сонда кімнің таразысы (сауап жағынан) ауыр басса,
فَهُوَ فِي عِيشَةࣲ رَّاضِيَةࣲ
ол өзі дән риза болатын өмірге қадам басады.
وَأَمَّا مَنْ خَفَّتْ مَوَٰزِينُهُۥ
Ал кімнің таразысы (иман және сауапты істерден жұрдай болып) жеңіл тартса,
فَأُمُّهُۥ هَاوِيَةࣱ
оның паналайтын жері «хауия» (жаһаннамның түпсіз шұқыры) болмақ.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا هِيَهْ
Оның (яғни, сол бір түпсіз шұңқырдың) не екенін білесің бе?
نَارٌ حَامِيَةُۢ
Лаулаған қызуы күшті от!
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.