Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран100. Адият
100 · сүре

Адият

11 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

وَٱلْعَٰدِيَٰتِ ضَبْحࣰا

(Алла жолында атқа қонған) жауынгерлердің танаулап шапқан сәйгүліктеріне серт!

2

فَٱلْمُورِيَٰتِ قَدْحࣰا

Тұяқтарынан от шашып, ұшқын атып шапқан (сәйгүліктерге серт),

3

فَٱلْمُغِيرَٰتِ صُبْحࣰا

Сондай қарқынды екпінмен таңсәріде жауға шапқан (сәйгүліктерге серт),

4

فَأَثَرْنَ بِهِۦ نَقْعࣰا

Шапқанда шаң боратқан (сәйгүліктерге серт),

5

فَوَسَطْنَ بِهِۦ جَمْعًا

Сол екпінмен барып жау шебіне енген (сәйгүліктерге серт!)

6

إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لِرَبِّهِۦ لَكَنُودࣱ

Шынында, адам баласы – Раббысының жақсылығын көрмейтін рақметі жоқ жаратылыс.

7

وَإِنَّهُۥ عَلَىٰ ذَٰلِكَ لَشَهِيدࣱ

Бұған, шүбәсіз, өзі де куә.

8

وَإِنَّهُۥ لِحُبِّ ٱلْخَيْرِ لَشَدِيدٌ

Оның мал-­дүниеге деген құмарлығы өте күшті.

9

۞أَفَلَا يَعْلَمُ إِذَا بُعْثِرَ مَا فِي ٱلْقُبُورِ

Әлде ол қабірдегілер тірілтіліп, сыртқа ақтарылғанда (Алланың жақсылығын көрмеудің не екенін) түсінбеймін деп ойлай ма?

10

وَحُصِّلَ مَا فِي ٱلصُّدُورِ

Көкіректерде (иман-күпірлік, шүкіршілігі жоқтық, ниет-­пиғыл сынды) не бар болса, соның бәрі әшкере болған шақта (жағдайы қандай боларын ойламай ма?)

11

إِنَّ رَبَّهُم بِهِمْ يَوْمَئِذࣲ لَّخَبِيرُۢ

Міне, әсіресе, сол күні Раббылары олардан (яғни, дүниедегі барлық жай-­күйлерінен) хабардар.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play