Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран99. Зилзәл
99 · сүре

Зилзәл

8 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

إِذَا زُلْزِلَتِ ٱلْأَرْضُ زِلْزَالَهَا

Жер алапат сілкініспен сілкінген кезде...

2

وَأَخْرَجَتِ ٱلْأَرْضُ أَثْقَالَهَا

Сондай-ақ жер қойнындағы бар жүкті сыртқа ақтарып тастағанда...

3

وَقَالَ ٱلْإِنسَٰنُ مَا لَهَا

Адам баласы: «Бұған не болды?» – деп зәре-­құты қалмай шошыған кезде...

4

يَوْمَئِذࣲ تُحَدِّثُ أَخْبَارَهَا

Міне, сол күні Жер, үстінде бұрын­-соңды болып өткен бар істің хабарын түп-түгел баяндайды.

5

بِأَنَّ رَبَّكَ أَوْحَىٰ لَهَا

Өйткені Раббың оған бұларды (яғни, кімнің не істеп, не қойғанын) уахи арқылы білдіреді.

6

يَوْمَئِذࣲ يَصْدُرُ ٱلنَّاسُ أَشْتَاتࣰا لِّيُرَوْا۟ أَعْمَٰلَهُمْ

Сол күні адамдар дүниедегі жақсы­-жаман істерінің нәтижесі өздеріне көрсетілу үшін қабірлері-нен шығып, топ­-топқа бөлініп (ғарасат майданына) бет алады.

7

فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرࣰا يَرَهُۥ

Ендеше, кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады.

8

وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةࣲ شَرࣰّا يَرَهُۥ

Ал кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play