أَلْهَىٰكُمُ ٱلتَّكَاثُرُ
Ата текпен, мал-дүниенің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден алдарқатты, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
أَلْهَىٰكُمُ ٱلتَّكَاثُرُ
Ата текпен, мал-дүниенің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден алдарқатты, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.
حَتَّىٰ زُرْتُمُ ٱلْمَقَابِرَ
Тіпті қабірлерге дейін жеттіңдер (енді қабірлерді де мақтан тұтып, бейіт тұрғызуда да өзара жарысатын болдыңдар).
كَلَّا سَوْفَ تَعْلَمُونَ
Жоқ, бұларың мүлдем дұрыс емес! (Ажалдарың келгенде мұның не екенін) әлі-ақ білесіңдер.
ثُمَّ كَلَّا سَوْفَ تَعْلَمُونَ
Жо-жоқ, (мұнымен іс бітпейді, өлгеннен соң қайта тіріліп, қабірлеріңнен шығарыласыңдар, міне, сонда бұл қылықтарыңның қандай жаман екенін) білетін боласыңдар.
كَلَّا لَوْ تَعْلَمُونَ عِلْمَ ٱلْيَقِينِ
Жо-жоқ! Егер мұны ілімге сүйенетін нақтылықпен білгендеріңде, (мұндай жат қылыққа бармас едіңдер).
لَتَرَوُنَّ ٱلْجَحِيمَ
(Алайда мұндай жат қылықтарыңды қоймасаңдар,) шүбәсіз, жалын атқан жаһаннамды көресіңдер.
ثُمَّ لَتَرَوُنَّهَا عَيْنَ ٱلْيَقِينِ
Ақырында, оны өз көздеріңмен көресіңдер.
ثُمَّ لَتُسْـَٔلُنَّ يَوْمَئِذٍ عَنِ ٱلنَّعِيمِ
Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.