Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран96. Аләқ
96 · сүре

Аләқ

19 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

ٱقْرَأْ بِٱسْمِ رَبِّكَ ٱلَّذِي خَلَقَ

Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!

2

خَلَقَ ٱلْإِنسَٰنَ مِنْ عَلَقٍ

Ол адамды (жатырға жабысатын) жабысқақ жасушадан жаратты.

3

ٱقْرَأْ وَرَبُّكَ ٱلْأَكْرَمُ

Оқы! Сенің Раббың – асқан жомарт!

4

ٱلَّذِي عَلَّمَ بِٱلْقَلَمِ

(Ол – адам баласына) қаламмен жазуды үйретті.

5

عَلَّمَ ٱلْإِنسَٰنَ مَا لَمْ يَعْلَمْ

Адам баласына білмегенін үйретті.

6

كَلَّآ إِنَّ ٱلْإِنسَٰنَ لَيَطْغَىٰٓ

Алайда (Оның мұншама нығметтеріне қарамас-тан) адам баласы, шынында да, (Раббысына) бағынбай азғындайды.

7

أَن رَّءَاهُ ٱسْتَغْنَىٰٓ

Өзін (Аллаға) мұқтаж еместей көріп.

8

إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجْعَىٰٓ

Әйтсе де, шындығында, (өлгеннен соң) қайтар жол Раббыңа болмақ!

9

أَرَءَيْتَ ٱلَّذِي يَنْهَىٰ

Мына тыйым салып, бөгет болып жатқанды көремісің?

10

عَبْدًا إِذَا صَلَّىٰٓ

(Ізгілік пен құлшылықта кемелдікке жеткен) құл намазға тұрғанда (намаз оқуына тыйым салып жатқанды көремісің?).

11

أَرَءَيْتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلْهُدَىٰٓ

Бұған не дейсің, солай істегені дұрыс па? Егер ол құл тура жолда болса ше?

12

أَوْ أَمَرَ بِٱلتَّقْوَىٰٓ

немесе ел­-жұртты Аллаға шын тағзым етіп, Оған қарсы келуден барынша сақтануға шақырып жүрсе ше?

13

أَرَءَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ

Ал мынаған не дейсің? Бұған керісінше әлгі (тыйым салушы) адам ақиқаттқа сенбей, одан сырт айналып жүрсе ше?

14

أَلَمْ يَعْلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ

Сонда ол Алланың кімнің не істеп, не қойып жүргенін көріп тұрғанын білмей ме?

15

كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعَۢا بِٱلنَّاصِيَةِ

Жо-­жоқ! Бұлай болмайды. Егер бұл ұстанымынан (өзі құлшылық етпеумен қоймай, өзге елдің де құлшылық етуіне кедергі жасаудан) қайтпаса, оны кекілінен ұстаған күйде жаһаннамға сүйрейміз.

16

نَاصِيَةࣲ كَٰذِبَةٍ خَاطِئَةࣲ

Өтірік пен күнәға бөккен маңдай шашынан...

17

فَلْيَدْعُ نَادِيَهُۥ

(Өзіне жақтас болған әлгі) мәжілісін қалағанынша жәрдемге шақырсын!

18

سَنَدْعُ ٱلزَّبَانِيَةَ

Біз де (жаһаннамдағы жауапты періштелер) Зәбәнилерді шақырамыз.

19

كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَٱسْجُدْ وَٱقْتَرِب۩

Жо-­жоқ! Оның бұл қылығы мүлдем дұрыс емес! Оған мойынсұнба! Раббыңа сәжде ет һәм әрдайым Оған жақындататын жолда бол!

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play