Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран95. Тин
95 · сүре

Тин

8 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

وَٱلتِّينِ وَٱلزَّيْتُونِ

Інжірге және зәйтүнге серт!

2

وَطُورِ سِينِينَ

Синай тауына (серт!)

3

وَهَٰذَا ٱلْبَلَدِ ٱلْأَمِينِ

Сондай-ақ осынау тыныш, бейбіт шаһарға (серт!)

4

لَقَدْ خَلَقْنَا ٱلْإِنسَٰنَ فِيٓ أَحْسَنِ تَقْوِيمࣲ

Шүбәсіз, Біз адам баласын ең көркем, ең керемет бейнеде жараттық.

5

ثُمَّ رَدَدْنَٰهُ أَسْفَلَ سَٰفِلِينَ

Содан соң оны ең төменге (яғни жаратылыс атаулының ең төменгі деңгейіне) түсірдік.

6

إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَعَمِلُوا۟ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَلَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُونࣲ

Алайда иман келтіріп, ізгі де сауапты істер істе-гендердің жөні бөлек. Олар үшін әсте түгесілмейтін қисапсыз сый-сияпат бар.

7

فَمَا يُكَذِّبُكَ بَعْدُ بِٱلدِّينِ

(Уа, адам баласы!) Ендеше, (Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын) Дін күніне сенбеуіңнің себебі не?

8

أَلَيْسَ ٱللَّهُ بِأَحْكَمِ ٱلْحَٰكِمِينَ

Алла – үкім етушілердің ең әділі, ең абзалы емес пе?

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play