بَرَآءَةࣱ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦٓ إِلَى ٱلَّذِينَ عَٰهَدتُّم مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ
Бұл – Алла және елшісінен сендермен келісім жасасқан мүшріктерге соңғы ескерту.
بَرَآءَةࣱ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦٓ إِلَى ٱلَّذِينَ عَٰهَدتُّم مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ
Бұл – Алла және елшісінен сендермен келісім жасасқан мүшріктерге соңғы ескерту.
فَسِيحُوا۟ فِي ٱلْأَرْضِ أَرْبَعَةَ أَشْهُرࣲ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱللَّهَ مُخْزِي ٱلْكَٰفِرِينَ
(Ей, уәдесінде тұрмайтын мүшріктер!) Міне, сендерге мұрсат, бүгіннен бастап жер бетін төрт ай бойы қалағандарыңша шарлаңдар. Алайда біліп қойыңдар, бәрібір де Алладан ешқайда қашып құтыла алмайсыңдар. Шүбәсіз, Алла кәпірлерді (екі дүниеде де) қор қылады.
وَأَذَٰنࣱ مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦٓ إِلَى ٱلنَّاسِ يَوْمَ ٱلْحَجِّ ٱلْأَكْبَرِ أَنَّ ٱللَّهَ بَرِيٓءࣱ مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ وَرَسُولُهُۥۚ فَإِن تُبْتُمْ فَهُوَ خَيْرࣱ لَّكُمْۖ وَإِن تَوَلَّيْتُمْ فَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِي ٱللَّهِۗ وَبَشِّرِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
Бұл – ұлы қажылық күні Алладан және елшісінен күллі адамзатқа үндеу: расында, Алла һәм елшісі (бұдан былай уәдесінде тұрмайтын) мүшріктермен ат кекілін кесіседі. Алайда (ей, мүшріктер) Аллаға серік қосуды доғарып, тәубеге келсеңдер, өздерің үшін жақсы болады. Ал егер алған беттеріңнен қайтпай, теріс қарап кетсеңдер, онда біліп қойыңдар, бәрібір Алладан ешқайда да қашып құтыла алмайсыңдар! (Уа, Мұхаммед!) Күпірлік қылғандарды жан төзгісіз азаппен сүйіншіле!
إِلَّا ٱلَّذِينَ عَٰهَدتُّم مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ ثُمَّ لَمْ يَنقُصُوكُمْ شَيْـࣰٔا وَلَمْ يُظَٰهِرُوا۟ عَلَيْكُمْ أَحَدࣰا فَأَتِمُّوٓا۟ إِلَيْهِمْ عَهْدَهُمْ إِلَىٰ مُدَّتِهِمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَّقِينَ
Алайда өздеріңмен келісімге келгеннен кейін, келісімнің шарттарын толық орындаған һәм сендерге қарсы ешкімге қолдау көрсетпеген мүшріктердің жөні бөлек. Ендеше, сендер де олармен жасаған келісімді мерзімі аяқталғанша, бұзбаңдар. Шүбәсіз, Алла Өзіне қарсы келуден барынша сақтанатын (уәдеге берік) тақуа жандарды өте жақсы көреді.
فَإِذَا ٱنسَلَخَ ٱلْأَشْهُرُ ٱلْحُرُمُ فَٱقْتُلُوا۟ ٱلْمُشْرِكِينَ حَيْثُ وَجَدتُّمُوهُمْ وَخُذُوهُمْ وَٱحْصُرُوهُمْ وَٱقْعُدُوا۟ لَهُمْ كُلَّ مَرْصَدࣲۚ فَإِن تَابُوا۟ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُا۟ ٱلزَّكَوٰةَ فَخَلُّوا۟ سَبِيلَهُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Соғысуға болмайтын харам айлар өткен соң (келісімді бұзған) соғысқұмар қанқұйлы мүшріктерді көрген жерлеріңде өлтіріңдер, бас салып тұтқындаңдар, қыспаққа алыңдар һәм олардың жолын торыңдар. Егер тәубеге келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубесіне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (тәубе етіп, Өзіне бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
وَإِنْ أَحَدࣱ مِّنَ ٱلْمُشْرِكِينَ ٱسْتَجَارَكَ فَأَجِرْهُ حَتَّىٰ يَسْمَعَ كَلَٰمَ ٱللَّهِ ثُمَّ أَبْلِغْهُ مَأْمَنَهُۥۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ قَوْمࣱ لَّا يَعْلَمُونَ
Бұдан басқа, егер мүшріктердің бірі сенен пана тілесе, оны қанатыңның астына ал. Сонда ол үшін Алланың сөзін есту мүмкіндігі туады (бәлкім, иман келтірер). Содан кейін оны баратын һәм өзін қауіпсіздікте сезінетін жеріне дейін аман-есен жеткізіп таста. Өйткені олар расында да иманның, хақ діннің не екенін білмейтін ақиқаттан бейхабар қауым.
كَيْفَ يَكُونُ لِلْمُشْرِكِينَ عَهْدٌ عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ رَسُولِهِۦٓ إِلَّا ٱلَّذِينَ عَٰهَدتُّمْ عِندَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِۖ فَمَا ٱسْتَقَٰمُوا۟ لَكُمْ فَٱسْتَقِيمُوا۟ لَهُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلْمُتَّقِينَ
(Уәдеде тұрмайтын) бұзақы мүшріктердің Алламен әрі елшісімен қандай келісімі болмақ?! Алайда Харам мешітінің маңайында өздеріңмен келісімге келген мүшріктердің жөні бөлек. Олардың сендермен қарым-қатынасы дұрыс, сәлемі түзу болса, сендердің де олармен қарым-қатынастарың дұрыс болсын. Шүбәсіз, Алла Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанатын, (уәдеге берік) тақуа жандарды өте жақсы көреді.
كَيْفَ وَإِن يَظْهَرُوا۟ عَلَيْكُمْ لَا يَرْقُبُوا۟ فِيكُمْ إِلࣰّا وَلَا ذِمَّةࣰۚ يُرْضُونَكُم بِأَفْوَٰهِهِمْ وَتَأْبَىٰ قُلُوبُهُمْ وَأَكْثَرُهُمْ فَٰسِقُونَ
(Уәдеде тұрмайтын) бұзақы мүшріктермен қандай келісім болмақ?! Егер олар сендерден үстем түссе, сендермен арадағы келісімге де, берілген антқа да қарамайды. Сендерді құр ауызбен риза қылып, көңілдеріңді аулайды, алайда жүректері мүлдем басқаша соғады (яғни, көңілдері сендерді еш жақтырмайды). Олардың басым көпшілігі – адамгершіліктен безген азғындар.
ٱشْتَرَوْا۟ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ ثَمَنࣰا قَلِيلࣰا فَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِهِۦٓۚ إِنَّهُمْ سَآءَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Олар келісімді бұзып, Алланың (уәдеге берік болуды бұйыратын) аяттарын болмашы дүниеге сатып жіберді де, ел-жұртты Алланың жолынан қақпайлады. Расында, олардың бұл әрекеті қандай жаман еді!
لَا يَرْقُبُونَ فِي مُؤْمِنٍ إِلࣰّا وَلَا ذِمَّةࣰۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُعْتَدُونَ
Ондайлар мүміндерге (қастық жасауға) келгенде ешқандай антқа да, келісімге де, құқыққа да қарамайды. Міне, солар – барып тұрған шектен шыққан қаскүнемдер.
فَإِن تَابُوا۟ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُا۟ ٱلزَّكَوٰةَ فَإِخْوَٰنُكُمْ فِي ٱلدِّينِۗ وَنُفَصِّلُ ٱلْـَٔايَٰتِ لِقَوْمࣲ يَعْلَمُونَ
Егер олар тәубеге келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм зекет берсе, онда олар діндес бауырларың болады. Біз бір нәрсе білетін әрі түсінетін қауым үшін аяттарымызды, міне, осылай егжей-тегжейлі баяндаймыз.
وَإِن نَّكَثُوٓا۟ أَيْمَٰنَهُم مِّنۢ بَعْدِ عَهْدِهِمْ وَطَعَنُوا۟ فِي دِينِكُمْ فَقَٰتِلُوٓا۟ أَئِمَّةَ ٱلْكُفْرِ إِنَّهُمْ لَآ أَيْمَٰنَ لَهُمْ لَعَلَّهُمْ يَنتَهُونَ
Егер олар ант-су ішіп, келісім жасағаннан кейін келісімді бұзса, һәм онымен қоймай, діндеріңе тіл тигізсе, онда ондай күпірліктің көсемдеріне қарсы соғыс ашыңдар. Өйткені олардың антының пәтуасы жоқ (яғни, оларда антқа берік болу деген түсінік жоқтың қасы). Бәлкім, сонда олар (ең болмаса, сендерге және діндеріңе қастандық жасаудан) тыйылар.
أَلَا تُقَٰتِلُونَ قَوْمࣰا نَّكَثُوٓا۟ أَيْمَٰنَهُمْ وَهَمُّوا۟ بِإِخْرَاجِ ٱلرَّسُولِ وَهُم بَدَءُوكُمْ أَوَّلَ مَرَّةٍۚ أَتَخْشَوْنَهُمْۚ فَٱللَّهُ أَحَقُّ أَن تَخْشَوْهُ إِن كُنتُم مُّؤْمِنِينَ
Антын бұзған әрі Алла елшісін атамекенінен қуып шығуға бел байлаған бәтуасыз қауыммен соғыспайсыңдар ма?! Тіпті сендерге қарсы соғысты бірінші болып бастаған да солар еді. Әлде олардан қорқасыңдар ма?! Егер шынымен мүмін болсаңдар, онда өзгеден емес бір Алладан ғана қорқуға тиіссіңдер.
قَٰتِلُوهُمْ يُعَذِّبْهُمُ ٱللَّهُ بِأَيْدِيكُمْ وَيُخْزِهِمْ وَيَنصُرْكُمْ عَلَيْهِمْ وَيَشْفِ صُدُورَ قَوْمࣲ مُّؤْمِنِينَ
Олармен (яғни ондай бүлікшіл, бәтуасыз қаскөй кәпірлермен) соғысыңдар. Алла оларды сендердің қолдарыңмен жазалап, қор қылсын. Оларға қарсы сендерге жәрдем беріп, жеңіске жеткізсін әрі (солардан әбден қысым көрген көңілі жарым) мүмін қауымның көңілін жайландырсын.
وَيُذْهِبْ غَيْظَ قُلُوبِهِمْۗ وَيَتُوبُ ٱللَّهُ عَلَىٰ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Һәм олардың жүрегіндегі (көкірегіндегі) ашу-ызаны бассын. Алла қалаған пендесіне тәубеге келуді нәсіп етеді. Алла – Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
أَمْ حَسِبْتُمْ أَن تُتْرَكُوا۟ وَلَمَّا يَعْلَمِ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ جَٰهَدُوا۟ مِنكُمْ وَلَمْ يَتَّخِذُوا۟ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلَا رَسُولِهِۦ وَلَا ٱلْمُؤْمِنِينَ وَلِيجَةࣰۚ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ
Жоқ әлде, Алла араларыңдағы Өзінің жолында аянбай күресетіндер мен Алладан, елшісінен және мүміндерден өзгелерді сырлас дос һәм пана тұтпайтындарды әбден анықтап алмастан, бәріңді жайларыңа қалдырады деп ойладыңдар ма?! Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.
مَا كَانَ لِلْمُشْرِكِينَ أَن يَعْمُرُوا۟ مَسَٰجِدَ ٱللَّهِ شَٰهِدِينَ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِم بِٱلْكُفْرِۚ أُو۟لَٰٓئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ وَفِي ٱلنَّارِ هُمْ خَٰلِدُونَ
Өздерінің кәпір екендігін (сөздерімен және істерімен) көрсетіп, соған өздері куәлік етіп отырған мүшріктердің Алланың мешіттерін көркейтуі (яғни онда шын көңілмен қызмет етіп, шынайы түрде құлшылық етуі) ақылға сыятын іс емес. Өйткені олардың (құлшылық орнын көркейтеміз деген желеумен) істеген бүкіл істері бекер. Олар тозақта мәңгі-бақи қалады.
إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَٰجِدَ ٱللَّهِ مَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَأَقَامَ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَى ٱلزَّكَوٰةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلَّا ٱللَّهَۖ فَعَسَىٰٓ أُو۟لَٰٓئِكَ أَن يَكُونُوا۟ مِنَ ٱلْمُهْتَدِينَ
Алланың мешіттерін тек Аллаға және ақиретке иман келтірген, намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитын, зекетті толық беретін, сондай-ақ Алладан өзге ешкімнен именбейтін шынайы мүміндер ғана лайықты деңгейде көркейте алады. Міне, солар тура жолдан таймай, мақсат-мұраттарына жетуге үміт ете алады.
۞أَجَعَلْتُمْ سِقَايَةَ ٱلْحَآجِّ وَعِمَارَةَ ٱلْمَسْجِدِ ٱلْحَرَامِ كَمَنْ ءَامَنَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَجَٰهَدَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ لَا يَسْتَوُۥنَ عِندَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Сонда сендер тек қажылыққа келгендерді сумен қамтамасыз ету әрі Харам мешітін күтіп, көркейту ісін Аллаға және ақирет күніне кәміл сенетін һәм Алла жолында жан-тәнімен күресетін жандардың ісімен тең көресіңдер ме?! Бұл екеуі Алланың алдында тең емес. Алла озбыр қауымды тура жолға салмайды, мақсат-мұратына да жеткізбейді.
ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ وَهَاجَرُوا۟ وَجَٰهَدُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ بِأَمْوَٰلِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ أَعْظَمُ دَرَجَةً عِندَ ٱللَّهِۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْفَآئِزُونَ
Иман келтіріп, Алла үшін қоныс аударған һәм Алла жолында дүние-мүлкін де, шыбын жанын да аямай күресетіндер Алланың алдында ең жоғары мәртебеге ие. Нағыз жетістікке жеткендер – солар.
يُبَشِّرُهُمْ رَبُّهُم بِرَحْمَةࣲ مِّنْهُ وَرِضْوَٰنࣲ وَجَنَّٰتࣲ لَّهُمْ فِيهَا نَعِيمࣱ مُّقِيمٌ
Раббылары оларды шексіз рақымына бөлей-тіндігімен, оларға разы болып, оларды да Өзінен разы ететіндігімен әрі түгесілмес мәңгілік нығметке толы жаннат бақшаларымен сүйіншілейді.
خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدًاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عِندَهُۥٓ أَجْرٌ عَظِيمࣱ
Олар жұмақта мәңгі-бақи қалады (да, қайғы-мұңсыз бақытты ғұмыр кешеді). Шүбәсіз, ең үлкен сый-сияпат Алланың дәргейінде.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تَتَّخِذُوٓا۟ ءَابَآءَكُمْ وَإِخْوَٰنَكُمْ أَوْلِيَآءَ إِنِ ٱسْتَحَبُّوا۟ ٱلْكُفْرَ عَلَى ٱلْإِيمَٰنِۚ وَمَن يَتَوَلَّهُم مِّنكُمْ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ
Уа, иман келтіргендер! Егер әкелерің мен туған бауырларың күпірлікті иманнан артық көретін болса, оларды өздеріңе жақын дос, сырлас тұтпаңдар. Араларыңнан кімде-кім оларды дос тұтатын болса, міне, солар – өз-өздеріне қиянат жасаушылардың нақ өзі.
قُلْ إِن كَانَ ءَابَآؤُكُمْ وَأَبْنَآؤُكُمْ وَإِخْوَٰنُكُمْ وَأَزْوَٰجُكُمْ وَعَشِيرَتُكُمْ وَأَمْوَٰلٌ ٱقْتَرَفْتُمُوهَا وَتِجَٰرَةࣱ تَخْشَوْنَ كَسَادَهَا وَمَسَٰكِنُ تَرْضَوْنَهَآ أَحَبَّ إِلَيْكُم مِّنَ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَجِهَادࣲ فِي سَبِيلِهِۦ فَتَرَبَّصُوا۟ حَتَّىٰ يَأْتِيَ ٱللَّهُ بِأَمْرِهِۦۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْفَٰسِقِينَ
(Уа, Мұхаммед! Оларға): «Егер де әкелерің, балаларың, бауырларың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таянған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан қорқатын сауда-саттық кәсіптерің және өздеріңе ұнайтын үй-жайларың сендер үшін Алладан, пайғамбарынан және Оның жолындағы күрестен сүйікті һәм маңызды болса, онда Алланың пәрменін (алапат азабын) күтіңдер. Алла (қу дүниені жанындай жақсы көретін) азғын қауымды әсте тура жолға салмайды (әрі оларды екі дүниеде де шын бақытты қылмайды)», – деп айт.
لَقَدْ نَصَرَكُمُ ٱللَّهُ فِي مَوَاطِنَ كَثِيرَةࣲ وَيَوْمَ حُنَيْنٍ إِذْ أَعْجَبَتْكُمْ كَثْرَتُكُمْ فَلَمْ تُغْنِ عَنكُمْ شَيْـࣰٔا وَضَاقَتْ عَلَيْكُمُ ٱلْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ ثُمَّ وَلَّيْتُم مُّدْبِرِينَ
Шүбәсіз, Алла сендерге көп жерде, әсіресе, Хунейн соғысында жәрдем берді. Сол күні қараларыңның көптігіне масаттанған едіңдер. Алайда оның сендерге түк те пайдасы тимеді, сондай-ақ (сол күні қиналғандарың соншалық) жер беті кеңдігіне қарамастан сендерге тар келген еді. Содан кейін жалт беріп, тұра қашқан едіңдер.
ثُمَّ أَنزَلَ ٱللَّهُ سَكِينَتَهُۥ عَلَىٰ رَسُولِهِۦ وَعَلَى ٱلْمُؤْمِنِينَ وَأَنزَلَ جُنُودࣰا لَّمْ تَرَوْهَا وَعَذَّبَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ ٱلْكَٰفِرِينَ
Алайда содан кейін Алла пайғамбары мен мүміндерге рақымын түсіріп, оларды үрейден арылтып, жан тыныштығына бөледі, сондай-ақ сендер көре алмаған жасақтар түсіріп, күпірлікте қасарысқандарды жойқын жеңіліске ұшыратып, азаптады. Кәпірлердің лайықты жазасы міне сол!
ثُمَّ يَتُوبُ ٱللَّهُ مِنۢ بَعْدِ ذَٰلِكَ عَلَىٰ مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Осынау оқиғалардан кейін Алла қалаған құлдарына тәубеге келуді, күпірліктен арылып, хақ дінге қайта оралуды нәсіп етеді. Алла – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (тәубеге келіп, Өзіне біржолата бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді).
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِنَّمَا ٱلْمُشْرِكُونَ نَجَسࣱ فَلَا يَقْرَبُوا۟ ٱلْمَسْجِدَ ٱلْحَرَامَ بَعْدَ عَامِهِمْ هَٰذَاۚ وَإِنْ خِفْتُمْ عَيْلَةࣰ فَسَوْفَ يُغْنِيكُمُ ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦٓ إِن شَآءَۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
Уа, иман келтіргендер! Мүшріктер – (рухани тұрғыдан) лас адамдар. Сондықтан олар биылғы жылдан кейін Харам мешітіне жоламасын. Егер (мүшріктер бұдан былай Меккені зиярат етпейтіндіктен, табыс көзінен айырылып) кедей болып қаламыз деп қорықсаңдар, Алла қаласа, сендерді шексіз шарапатына бөлеп байытады. Шүбәсіз, Алла – Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
قَٰتِلُوا۟ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَلَا بِٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَلَا يُحَرِّمُونَ مَا حَرَّمَ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ وَلَا يَدِينُونَ دِينَ ٱلْحَقِّ مِنَ ٱلَّذِينَ أُوتُوا۟ ٱلْكِتَٰبَ حَتَّىٰ يُعْطُوا۟ ٱلْجِزْيَةَ عَن يَدࣲ وَهُمْ صَٰغِرُونَ
(Уа, мүміндер!): Кітап иелері болса да, Аллаға және ақирет күніне кәміл сенбейтін, Алланың һәм елшісінің харам қылғанын харам деп санамайтын әрі хақ дінді ұстанбайтын кәпірлер алдарыңда құрметпен бас иген күйде, жизия салығын өз қолдарымен әкеліп төлегенге дейін, олармен соғысыңдар.
وَقَالَتِ ٱلْيَهُودُ عُزَيْرٌ ٱبْنُ ٱللَّهِ وَقَالَتِ ٱلنَّصَٰرَى ٱلْمَسِيحُ ٱبْنُ ٱللَّهِۖ ذَٰلِكَ قَوْلُهُم بِأَفْوَٰهِهِمْۖ يُضَٰهِـُٔونَ قَوْلَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِن قَبْلُۚ قَٰتَلَهُمُ ٱللَّهُۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
(Уа, Мұхаммед алдыңа келген кейбір) яһудилер: «Узәйір – Алланың ұлы», – десе, христиандар: «Иса Мәсіх – Алланың ұлы», – дейді. Бұл олардың баяғы кәпірлердің сөзіне еліктеп, құр ауызбен айтқан (дәлелсіз, дәйексіз) сандырағы ғана. Алла олардың жанын алсын! Қалай ақиқаттан адасып, хақ жолдан қақпайланып, жалғанға қалай бой алдырып жүргендерін көрмеймісің?!
ٱتَّخَذُوٓا۟ أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَٰنَهُمْ أَرْبَابࣰا مِّن دُونِ ٱللَّهِ وَٱلْمَسِيحَ ٱبْنَ مَرْيَمَ وَمَآ أُمِرُوٓا۟ إِلَّا لِيَعْبُدُوٓا۟ إِلَٰهࣰا وَٰحِدࣰاۖ لَّآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ سُبْحَٰنَهُۥ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Яһудилер өз хахамдарын (машайықтарын), христиандар болса, өз дінбасыларын – Алланы былай қалдырып – тәңір тұтты (яғни, Алланың үкімін былай қалдырып, солардың адал дегенін – адал, арам дегенін – арам деп қабылдады). Сондай-ақ христиандар Мәриямұлы Иса Мәсіхті де тәңір тұтты. Асылында, оларға бір Құдайға ғана құлшылық етіңдер деп бұйырылған еді. Одан (яғни Алладан) басқа құдай жоқ. Алла мінсіз, олардың Өзіне серік етіп қосқандарынан аулақ һәм ұлы.
يُرِيدُونَ أَن يُطْفِـُٔوا۟ نُورَ ٱللَّهِ بِأَفْوَٰهِهِمْ وَيَأْبَى ٱللَّهُ إِلَّآ أَن يُتِمَّ نُورَهُۥ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْكَٰفِرُونَ
Олар Алланың нұрын (яғни хақ дін Исламды немесе Құранды) ауыздарымен үрлеп сөндіруді көксейді. Алла болса, кәпірлер қанша жерден жақтырмаса да, Нұрын тамамдап, жарқырата түсуден басқа еш нәрсеге разы болмайды.
هُوَ ٱلَّذِيٓ أَرْسَلَ رَسُولَهُۥ بِٱلْهُدَىٰ وَدِينِ ٱلْحَقِّ لِيُظْهِرَهُۥ عَلَى ٱلدِّينِ كُلِّهِۦ وَلَوْ كَرِهَ ٱلْمُشْرِكُونَ
Мүшріктер қанша жерден жақтырмаса да, Алла хақ дін Исламның мерейін өзге дін (өзге жүйе) атаулының барлығынан үстем ету үшін пайғамбарын тура жол және хақ дінмен жіберді.
۞يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ إِنَّ كَثِيرࣰا مِّنَ ٱلْأَحْبَارِ وَٱلرُّهْبَانِ لَيَأْكُلُونَ أَمْوَٰلَ ٱلنَّاسِ بِٱلْبَٰطِلِ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۗ وَٱلَّذِينَ يَكْنِزُونَ ٱلذَّهَبَ وَٱلْفِضَّةَ وَلَا يُنفِقُونَهَا فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَبَشِّرْهُم بِعَذَابٍ أَلِيمࣲ
Уа, иман келтіргендер! Шүбәсіз, яһудилердің машайықтары мен христиан дінбасыларының көпшілігі (иләһи Кітаптағы үкімдерді бұрмалап, пара алу және дінді табыс көзіне айналдыру арқылы) ел-жұрттың дүние-мүлкін сөзсіз арам жолмен жеуде һәм оларды Алланың ақ жолынан қақпайлауда. Ендеше, (ашкөздікке салынып) алтын мен күмісті үсті-үстіне жиып, оны Алла жолында жұмсамайтындарды жан төзгісіз азаппен «сүйіншіле».
يَوْمَ يُحْمَىٰ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ فَتُكْوَىٰ بِهَا جِبَاهُهُمْ وَجُنُوبُهُمْ وَظُهُورُهُمْۖ هَٰذَا مَا كَنَزْتُمْ لِأَنفُسِكُمْ فَذُوقُوا۟ مَا كُنتُمْ تَكْنِزُونَ
Қиямет күні дүниеде (ашкөздікке салынып) үсті-үстіне жиылған алтын мен күміс тозақ отына қыздырылып, онымен иелерінің маңдайлары, бүйірлері және арқаларыы күйдіріледі һәм оларға: «Міне, мыналар – қара бастарың үшін жиғандарың. Ал енді сол (ашкөздікпен) жиған дүниелеріңнің (ащы) дәмін татыңдар», – делінеді.
إِنَّ عِدَّةَ ٱلشُّهُورِ عِندَ ٱللَّهِ ٱثْنَا عَشَرَ شَهْرࣰا فِي كِتَٰبِ ٱللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ مِنْهَآ أَرْبَعَةٌ حُرُمࣱۚ ذَٰلِكَ ٱلدِّينُ ٱلْقَيِّمُۚ فَلَا تَظْلِمُوا۟ فِيهِنَّ أَنفُسَكُمْۚ وَقَٰتِلُوا۟ ٱلْمُشْرِكِينَ كَآفَّةࣰ كَمَا يُقَٰتِلُونَكُمْ كَآفَّةࣰۚ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلْمُتَّقِينَ
Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, (адамзаттың игілігі үшін) ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар. Сондай-ақ соғысқұмар мүшріктердің (еш нәрсеге қарамай) сендерге қарсы жаппай жұмыла соғысқанындай, сендер де оларға қарсы жаппай жұмыла соғысыңдар. Біліп қойыңдар, Алла қашан да Өзіне тиісінше тағзым ететін әрі Өзіне қарсы келіп асы болудан барынша сақтанатын тақуа құлдарымен бірге!
إِنَّمَا ٱلنَّسِيٓءُ زِيَادَةࣱ فِي ٱلْكُفْرِۖ يُضَلُّ بِهِ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ يُحِلُّونَهُۥ عَامࣰا وَيُحَرِّمُونَهُۥ عَامࣰا لِّيُوَاطِـُٔوا۟ عِدَّةَ مَا حَرَّمَ ٱللَّهُ فَيُحِلُّوا۟ مَا حَرَّمَ ٱللَّهُۚ زُيِّنَ لَهُمْ سُوٓءُ أَعْمَٰلِهِمْۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْكَٰفِرِينَ
«Нәсий» (яғни, қасиетті айларды кейінге шегеру) әдеті – күпірлікте шектен шығу, одан басқа түк те емес. Күпірлік қылғандар солай істеу арқылы адасқан үстіне адасуда. Сөйтіп, олар Алланың (дау-дамайды, соғысуды харам еткен) қасиетті айларының санын толтырып, Алланың харам қылғанын өздеріне адал етіп алу үшін қасиетті айлардың бірін бір жылы жай айға жатқызса, келесі жылы қайтадан қасиетті айға жатқызады. Олардың мұндай сорақы қылықтары (шайтан тарапынан) «безендіріліп» өздеріне сондай керемет істей көрсетілді. Алла (ондай күпірлікте қасарысқан) кәпір қауымды әсте тура жолға салмайды.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَا لَكُمْ إِذَا قِيلَ لَكُمُ ٱنفِرُوا۟ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ٱثَّاقَلْتُمْ إِلَى ٱلْأَرْضِۚ أَرَضِيتُم بِٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا مِنَ ٱلْـَٔاخِرَةِۚ فَمَا مَتَٰعُ ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا فِي ٱلْـَٔاخِرَةِ إِلَّا قَلِيلٌ
Уа, иман келтіргендер! Сендерге не көрінді? Сендерге: «Алла жолында (Тәбукке) жаппай аттаныңдар», – делінгенде, дүниеге бой алдырып, бейне бір жерге жабысып қалғандай отырған жерлеріңнен қозғалмадыңдар. Әлде ақиреттен гөрі дүниенің қу тіршілігіне разы болып, соны артық көрдіңдер ме?! Әйтсе де, бұл жалғанның қызығы ақиреттің жанында түкке тұрғысыз.
إِلَّا تَنفِرُوا۟ يُعَذِّبْكُمْ عَذَابًا أَلِيمࣰا وَيَسْتَبْدِلْ قَوْمًا غَيْرَكُمْ وَلَا تَضُرُّوهُ شَيْـࣰٔاۗ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءࣲ قَدِيرٌ
Осыдан өздеріңе бұйырылғандай (Алла жолында) жаппай атқа қонбайтын болсаңдар, Алла сендерді жан төзгісіз азапқа душар етіп, (көздеріңді жояды да) орындарыңа басқа қауымды әкеледі. Сөйтіп, (соғысқа аттанбау арқылы) Оған титтей де зиян келтіре алмайсыңдар. Алланың құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.
إِلَّا تَنصُرُوهُ فَقَدْ نَصَرَهُ ٱللَّهُ إِذْ أَخْرَجَهُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ثَانِيَ ٱثْنَيْنِ إِذْ هُمَا فِي ٱلْغَارِ إِذْ يَقُولُ لِصَٰحِبِهِۦ لَا تَحْزَنْ إِنَّ ٱللَّهَ مَعَنَاۖ فَأَنزَلَ ٱللَّهُ سَكِينَتَهُۥ عَلَيْهِ وَأَيَّدَهُۥ بِجُنُودࣲ لَّمْ تَرَوْهَا وَجَعَلَ كَلِمَةَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ ٱلسُّفْلَىٰۗ وَكَلِمَةُ ٱللَّهِ هِيَ ٱلْعُلْيَاۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٌ
Егер Пайғамбарға қол ұшын бермейтін болсаңдар, өздеріңе мәлім, Алла оған (бұған дейін сендерсіз-ақ) үнемі қолдау көрсетіп келді. Естеріңде болса, күпірлік қылғандар оны атамекенінен қуып шыққан кезде, жол үстіндегі үңгірде екі кісінің бірі болып жасырынып отырғанда, (қуғыншылар үңгірдің аузына тақап келсе де, еш қам жеместен Аллаға тәуекел еткен күйі) қасындағы жолдасына: «Уайымдама! Шүбәсіз, Алла бізбен бірге», – деген еді. Сөйтіп, Алла оған жүрегін орнықтырып, жан тыныштығына бөлейтін рақымын түсірді һәм сендер көре алмаған жасақтар жіберіп, қолдады. Сондай-ақ күпірлік еткендердің жалған дағуасын қор қылды (яғни, олардың жалған сенімі мен сөздерін және соған негізделген бүкіл істерін түкке тұрғысыз етті). Ал Алланың хақ сөзі мен хақ діні болса, қашан да асқақ әрі ұлы болып қала бермек. Алла – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
ٱنفِرُوا۟ خِفَافࣰا وَثِقَالࣰا وَجَٰهِدُوا۟ بِأَمْوَٰلِكُمْ وَأَنفُسِكُمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ ذَٰلِكُمْ خَيْرࣱ لَّكُمْ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ
(Уа, мүміндер!) Өздеріңе мейлі жеңіл, мейлі ауыр тисін, жағдайларың мейлі нашар, мейлі жақсы болсын (мейлі жас, мейлі кәрі болыңдар, қару-жарақтарың аз болсын, көп болсын, жаяу болса да, көлікпен болса да) жаппай аттаныңдар және дүние-мүліктеріңді де, шыбын жандарыңды да аямай Алла жолында (өздеріңе соғыс ашқан бүлікшіл бұзақы кәпірлермен) соғысыңдар. Біле білсеңдер, сендер үшін сол қайырлы.
لَوْ كَانَ عَرَضࣰا قَرِيبࣰا وَسَفَرࣰا قَاصِدࣰا لَّٱتَّبَعُوكَ وَلَٰكِنۢ بَعُدَتْ عَلَيْهِمُ ٱلشُّقَّةُۚ وَسَيَحْلِفُونَ بِٱللَّهِ لَوِ ٱسْتَطَعْنَا لَخَرَجْنَا مَعَكُمْ يُهْلِكُونَ أَنفُسَهُمْ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ
Егер барар жерде оңай олжа болғанда һәм жол аяғы жақын болғанда, олар (мұнафықтар) саған сөзсіз ілесер еді. Алайда машақаты көп бұл жорық олар үшін тым қашық һәм ауыр болып көрінді. Сөйтіп, олар: «Егер шамамыз келсе, міндетті түрде сендермен бірге шығар едік», – деп жоқ жерден сылтау айтып, Алланың атымен ант-су ішетін болады. Осылайша олар өз-өздерінің түбіне жетуде. Алла олардың өтірікші кәззап екенін сөзсіз біледі.
عَفَا ٱللَّهُ عَنكَ لِمَ أَذِنتَ لَهُمْ حَتَّىٰ يَتَبَيَّنَ لَكَ ٱلَّذِينَ صَدَقُوا۟ وَتَعْلَمَ ٱلْكَٰذِبِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Алла сені кешірсін! Рас айтқандар өзіңе аян болмай тұрып һәм өтірікші кәззаптарды анықтап, біліп алмай тұрып, жорыққа шықпау үшін алдыңа неше түрлі сылтау айтып келген әлгі екіжүзділерге неге рұқсат бердің?!
لَا يَسْتَـْٔذِنُكَ ٱلَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ أَن يُجَٰهِدُوا۟ بِأَمْوَٰلِهِمْ وَأَنفُسِهِمْۗ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلْمُتَّقِينَ
Аллаға және ақирет күніне кәміл сенетіндер дүние-мүліктері мен шыбын жанын пида етуге тура келетін Алла жолындағы соғысқа қатыспау үшін сенен әсте рұқсат сұрамайды. Алла Өзіне тиісінше тағзым ететін һәм әміріне қарсы келуден барынша сақтанатын тақуа жандарды жақсы біледі.
إِنَّمَا يَسْتَـْٔذِنُكَ ٱلَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَٱرْتَابَتْ قُلُوبُهُمْ فَهُمْ فِي رَيْبِهِمْ يَتَرَدَّدُونَ
Алла жолындағы соғысқа қатыспау үшін неше түрлі сылтау айтып сенен рұқсат сұрайтындар Аллаға һәм ақирет күніне мүлдем сенбейтіндер мен жүректерін күмән жайлап, сол күмәннің шырмауынан шыға алмай жүргендер ғана.
۞وَلَوْ أَرَادُوا۟ ٱلْخُرُوجَ لَأَعَدُّوا۟ لَهُۥ عُدَّةࣰ وَلَٰكِن كَرِهَ ٱللَّهُ ٱنۢبِعَاثَهُمْ فَثَبَّطَهُمْ وَقِيلَ ٱقْعُدُوا۟ مَعَ ٱلْقَٰعِدِينَ
Егер олар шынымен жорыққа шыққысы келсе, қару-жарақтарын сайлап, сөзсіз алдын-ала қамданар еді. Алайда Алла олардың өзіңмен бірге жорыққа шығуын қаламады, сондықтан оларды (жорыққа шығуға құлықсыз етіп) ұстап қалды. Сөйтіп, оларға: «Ендеше, үйлеріңде отырғандармен бірге (омалып) отыра беріңдер!» – делінді.
لَوْ خَرَجُوا۟ فِيكُم مَّا زَادُوكُمْ إِلَّا خَبَالࣰا وَلَأَوْضَعُوا۟ خِلَٰلَكُمْ يَبْغُونَكُمُ ٱلْفِتْنَةَ وَفِيكُمْ سَمَّٰعُونَ لَهُمْۗ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّٰلِمِينَ
Егер олар сендермен бірге жорыққа шыққанда, жоқ жерден бүлік шығарып, елдің шырқын бұзғаннан басқа түк бітірмес еді. Сөйтіп, берекелеріңді кетіру үшін араларыңда тыным таппай шапқылап (сөз тасумен болар) еді. Оның үстіне, араларыңда оларға құлақ асатындар да бар еді. Алла опасыз залымдарды жақсы біледі.
لَقَدِ ٱبْتَغَوُا۟ ٱلْفِتْنَةَ مِن قَبْلُ وَقَلَّبُوا۟ لَكَ ٱلْأُمُورَ حَتَّىٰ جَآءَ ٱلْحَقُّ وَظَهَرَ أَمْرُ ٱللَّهِ وَهُمْ كَٰرِهُونَ
Олар бұдан бұрын да араларыңда бүлік шығаруды қалап, саған қарсы талай қитұрқы әрекеттер ұйымдастырған болатын. Алайда олар қанша жерден жақтырмаса да, ақырында, ақиқат өз тұғырына қонды және Алланың әмірі (діні) баршаға аян болып, үстемдік құрды.
وَمِنْهُم مَّن يَقُولُ ٱئْذَن لِّي وَلَا تَفْتِنِّيٓۚ أَلَا فِي ٱلْفِتْنَةِ سَقَطُوا۟ۗ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِيطَةُۢ بِٱلْكَٰفِرِينَ
Араларыңда алдыңа келіп: «Маған рұқсат ет (бұл жорыққа қатыспай-ақ қояйын). Сау басымды бүлікпен бәлеге қалдыра көрме», – дейтіндер де бар. Задында, олар онсыз да бүлікпен бәлеге белшесінен батқан күйде. Шүбәсіз, тозақ (оты) кәпірлерді жан-жағынан орап, қаумалап құрсап алады.
إِن تُصِبْكَ حَسَنَةࣱ تَسُؤْهُمْۖ وَإِن تُصِبْكَ مُصِيبَةࣱ يَقُولُوا۟ قَدْ أَخَذْنَآ أَمْرَنَا مِن قَبْلُ وَيَتَوَلَّوا۟ وَّهُمْ فَرِحُونَ
Егер саған қандай да бір жақсылық кез келсе, бұл олардың көңіліне қаяу түсіреді. Ал басыңа қандай да бір жамандық келсе, өздерінше масаттанып: «Алдын-ала сақтық жасағанымыз қандай жақсы болған!» – деп төбелері көкке жетіп, өзіңнен сырт айналып кетеді.
قُل لَّن يُصِيبَنَآ إِلَّا مَا كَتَبَ ٱللَّهُ لَنَا هُوَ مَوْلَىٰنَاۚ وَعَلَى ٱللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ ٱلْمُؤْمِنُونَ
Ендеше, оларға: «Алла маңдайымызға не жазса, соны ғана көреміз. Ол біздің жалғыз Иеміз. Сондықтан шынайы мүміндер бір Аллаға ғана тәуекел етсін», – деп айт.
قُلْ هَلْ تَرَبَّصُونَ بِنَآ إِلَّآ إِحْدَى ٱلْحُسْنَيَيْنِۖ وَنَحْنُ نَتَرَبَّصُ بِكُمْ أَن يُصِيبَكُمُ ٱللَّهُ بِعَذَابࣲ مِّنْ عِندِهِۦٓ أَوْ بِأَيْدِينَاۖ فَتَرَبَّصُوٓا۟ إِنَّا مَعَكُم مُّتَرَبِّصُونَ
Сондай-ақ оларға: «Сонда сендер біздің қос жақсылықтың біріне кенелуімізден (яғни, жеңіске жетуімізден немесе шейіт болуымыздан) басқа не күтудесіңдер?! Ал біз болсақ, Алланың сендерді Өз тарапынан немесе біздің қолымызбен азапқа душар етуін күтудеміз. Ендеше, күтіңдер, біз де сендермен бірге әліптің артын бағайық (сөйтіп, ақырында бастарыңа қандай күн туарын көрейік)!» – деп айт.
قُلْ أَنفِقُوا۟ طَوْعًا أَوْ كَرْهࣰا لَّن يُتَقَبَّلَ مِنكُمْ إِنَّكُمْ كُنتُمْ قَوْمࣰا فَٰسِقِينَ
(Уа, Мұхаммед! Осы жорыққа атсалысып мал-пұлынан садақа берген екіжүзділерге): «Садақаны мейлі шын көңілден беріңдер, мейлі амалсыздан беріңдер, бәрібір бергендерің әсте қабыл болмайды. Сендер расында да адамгершіліктен безіп, хақ жолдан мүлдем тайған қауымсыңдар», – деп айт.
وَمَا مَنَعَهُمْ أَن تُقْبَلَ مِنْهُمْ نَفَقَٰتُهُمْ إِلَّآ أَنَّهُمْ كَفَرُوا۟ بِٱللَّهِ وَبِرَسُولِهِۦ وَلَا يَأْتُونَ ٱلصَّلَوٰةَ إِلَّا وَهُمْ كُسَالَىٰ وَلَا يُنفِقُونَ إِلَّا وَهُمْ كَٰرِهُونَ
Екіжүзділердің берген садақаларының қабыл болмауының себебі, олар Аллаға һәм елшісіне (сенбей) күпірлік қылуда. Сондықтан олар намазға келсе де, жалқауланып, кежегесі кейін тартып әрең келеді, садақа берсе де (шын көңілден емес) амалсыздан береді.
فَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَٰلُهُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُهُمْۚ إِنَّمَا يُرِيدُ ٱللَّهُ لِيُعَذِّبَهُم بِهَا فِي ٱلْحَيَوٰةِ ٱلدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنفُسُهُمْ وَهُمْ كَٰفِرُونَ
Олардың асып-тасқан дүние-мүлкі де, құжынаған бала-шағасы да сені қызықтырмасын. Алла солар арқылы оларды бұл дүниеде азапқа әрі әуре-сарсаңға салуды, сөйтіп, ақыр соңында кәпір күйде жан тапсырғандарын қалайды.
وَيَحْلِفُونَ بِٱللَّهِ إِنَّهُمْ لَمِنكُمْ وَمَا هُم مِّنكُمْ وَلَٰكِنَّهُمْ قَوْمࣱ يَفْرَقُونَ
Олар өздерінің сендермен бірге екенін (яғни, шын мүмін екендігін) айтып, Алланың атымен ант-су ішеді. Олардың сендерге үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Алайда олар – (мүшріктерге істегендеріңді көріп, «солардың басына туған күн біздің де басымызға туа ма екен» деп) зәре-құты қашқан қауым.
لَوْ يَجِدُونَ مَلْجَـًٔا أَوْ مَغَٰرَٰتٍ أَوْ مُدَّخَلࣰا لَّوَلَّوْا۟ إِلَيْهِ وَهُمْ يَجْمَحُونَ
Егер олар бас сауғалайтын қандай да бір жер, паналайтын үңгір, тіпті кірерге бір тесік тапса, еш кідірместен солай қарай зымырай жөнелетін еді.
وَمِنْهُم مَّن يَلْمِزُكَ فِي ٱلصَّدَقَٰتِ فَإِنْ أُعْطُوا۟ مِنْهَا رَضُوا۟ وَإِن لَّمْ يُعْطَوْا۟ مِنْهَآ إِذَا هُمْ يَسْخَطُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Араларынан базбіреулері зекет пен садақадан түскен мал-пұлды үлестіру мәселесінде сені күстаналайды. Оларға сол мал-пұлдан (бір нәрсе) берілсе, мәз болады. Ал егер еш нәрсе берілмесе, бірден шала бүлініп ашуланып шыға келеді.
وَلَوْ أَنَّهُمْ رَضُوا۟ مَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ وَقَالُوا۟ حَسْبُنَا ٱللَّهُ سَيُؤْتِينَا ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦ وَرَسُولُهُۥٓ إِنَّآ إِلَى ٱللَّهِ رَٰغِبُونَ
Олар бүйтіп ашкөздікке салынғанша, Алланың және елшісінің бергеніне разы болып: «Бізге бір Алла жеткілікті. Алла бізге Өзінің шексіз шарапатынан, кеңшілігінен тағы да береді, елшісі де қолында барын бізден аямайды. Біздің бар қалайтынымыз бір Алла (һәм Оның разылығы) ғана», – деп айтса, дұрыс болар еді.
۞إِنَّمَا ٱلصَّدَقَٰتُ لِلْفُقَرَآءِ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَٱلْعَٰمِلِينَ عَلَيْهَا وَٱلْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ وَفِي ٱلرِّقَابِ وَٱلْغَٰرِمِينَ وَفِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱبْنِ ٱلسَّبِيلِۖ فَرِيضَةࣰ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
Зекет-садақалар тек қолы қысқа пақырларға, мұқтаждарға, зекет жинау міндетін атқарушы қызметкерлерге, Исламға тарту немесе жоқ дегенде дінге дұшпан болмауы үшін көңілін аулау көзделген жандарға, тұтқыннан немесе құлдықтан азат етілетіндерге, қарызға батқандарға, Алла жолында жүргендерге және елінен жырақта жүрген немесе жолда қалған жолаушыларға арналады. Алланың парыз еткен кесімді үкімі осы. Алла – Алим (бәрін білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
وَمِنْهُمُ ٱلَّذِينَ يُؤْذُونَ ٱلنَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنࣱۚ قُلْ أُذُنُ خَيْرࣲ لَّكُمْ يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَيُؤْمِنُ لِلْمُؤْمِنِينَ وَرَحْمَةࣱ لِّلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنكُمْۚ وَٱلَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ ٱللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Сол екіжүзділердің кейбіреуі: «Ол – көрінгеннің сөзін тыңдайтын, кім-көрінгеннің сөзіне сенгіш аңғал құлақ», – деп, Пайғамбардың көңіліне қаяу түсіруде. Оларға: «Иә, солай, алайда ол – сендер үшін тыңдайтын және сендер жайлы тек жақсы нәрселерді естуді қалайтын қайырлы құлақ. Ол Аллаға қалай кәміл иман келтірсе, мүміндердің сөзіне де солай кәміл сенеді, сондай-ақ ол араларыңдағы шынайы түрде иман келтіргендер үшін ерекше рақым болып табылады», – деп айт. Алла елшісін ренжітетіндерге жан төзгісіз азап бар.
يَحْلِفُونَ بِٱللَّهِ لَكُمْ لِيُرْضُوكُمْ وَٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥٓ أَحَقُّ أَن يُرْضُوهُ إِن كَانُوا۟ مُؤْمِنِينَ
Олар сендерді разы ету үшін алдарыңда: («Біз Пайғамбар жайлы жаман еш нәрсе айтпадық», – деп) Алланың атымен ант ішеді. Егер олар шынымен мүмін болса, ең алдымен Алланы және пайғамбарын разы етуі керек еді.
أَلَمْ يَعْلَمُوٓا۟ أَنَّهُۥ مَن يُحَادِدِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ فَأَنَّ لَهُۥ نَارَ جَهَنَّمَ خَٰلِدࣰا فِيهَاۚ ذَٰلِكَ ٱلْخِزْيُ ٱلْعَظِيمُ
Кімде-кім Аллаға және пайғамбарына қарсы келіп, дұшпандық жасаса, шүбәсіз, ол үшін ішінде мәңгі-бақи азап шегетін тозақ оты бар екенін олар әлі күнге дейін білмей ме?! Адам айтқысыз ит қорлық деген, міне, сол.
يَحْذَرُ ٱلْمُنَٰفِقُونَ أَن تُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ سُورَةࣱ تُنَبِّئُهُم بِمَا فِي قُلُوبِهِمْۚ قُلِ ٱسْتَهْزِءُوٓا۟ إِنَّ ٱللَّهَ مُخْرِجࣱ مَّا تَحْذَرُونَ
Екіжүзділер үнемі жүректеріндегіні (яғни жүректеріндегі күпірлікті, мүміндерге деген өшпенділікті, қулық-сұмдықты) әшкерелеп, беттеріне басатын бір сүренің төбелерінен (жай болып) түсуінен қорқып жүреді. (Сөйтіп жүріп сендерді мазаққа айналдыруды да қоймайды). (Уа, Мұхаммед! Оларға): «Мазақтай беріңдер! Білініп қалмаса екен деп қорқып, іштеріңе бүгіп жүргендеріңді Алла міндетті түрде әшкерелеп, беттеріңді әлі-ақ айдай қылады», – деп айт.
وَلَئِن سَأَلْتَهُمْ لَيَقُولُنَّ إِنَّمَا كُنَّا نَخُوضُ وَنَلْعَبُۚ قُلْ أَبِٱللَّهِ وَءَايَٰتِهِۦ وَرَسُولِهِۦ كُنتُمْ تَسْتَهْزِءُونَ
Егер олардан өздеріңді не себепті жамандап, мазақтағандары жайлы сұрасаң, түк болмағандай: «Біз жай әңгіменің қызығына батып, қалжыңдасып ойнаған едік», – дейді. (Оларға): «Демек, сендер Алланы, аяттарын және пайғамбарын келемеждейсіңдер, солай ма?!» – деп айт.
لَا تَعْتَذِرُوا۟ قَدْ كَفَرْتُم بَعْدَ إِيمَٰنِكُمْۚ إِن نَّعْفُ عَن طَآئِفَةࣲ مِّنكُمْ نُعَذِّبْ طَآئِفَةَۢ بِأَنَّهُمْ كَانُوا۟ مُجْرِمِينَ
(Ей, екіжүзділер!) Сылтау айтып, ақталмай-ақ қойыңдар. Шынтуайтында, сендер иман келтірдік деп, құр ауызбен айттыңдар һәм содан кейін іштеріңе бүккен күпірліктеріңді паш еттіңдер. Араларыңнан біраз адамды (қатесін түсініп тәубе еткендіктен немесе Алланы және пайғамбарды әжуа қылу ниетінде болмағандықтан) кешірсек те, енді біразын екіжүзділігін қоймай, күнәдан бас тартпағаны үшін азапқа душар етеміз.
ٱلْمُنَٰفِقُونَ وَٱلْمُنَٰفِقَٰتُ بَعْضُهُم مِّنۢ بَعْضࣲۚ يَأْمُرُونَ بِٱلْمُنكَرِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمَعْرُوفِ وَيَقْبِضُونَ أَيْدِيَهُمْۚ نَسُوا۟ ٱللَّهَ فَنَسِيَهُمْۚ إِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ هُمُ ٱلْفَٰسِقُونَ
Екіжүзді ерлер мен екіжүзді әйелдер бір-бірінен айнымайды. Олар әркез жамандықты бұйырып, ел-жұртты жақсылықтан, ізгіліктен қақпайлауға тырысады. Қолдарын ашпайды (яғни, Алла жолында қайырымдылық жасауға келгенде көк тиын шығарғысы келмейді). Олар Алланы ұмытты, Алла да оларды ұмыт қалдырып, тәрк етті. Шүбәсіз, екіжүзділер – адамгершіліктен безген азғындардың нақ өзі.
وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلْمُنَٰفِقِينَ وَٱلْمُنَٰفِقَٰتِ وَٱلْكُفَّارَ نَارَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ هِيَ حَسْبُهُمْۚ وَلَعَنَهُمُ ٱللَّهُۖ وَلَهُمْ عَذَابࣱ مُّقِيمࣱ
Алла барлық екіжүзді ерлер мен әйелдерге һәм барлық кәпірлерге ішінде мәңгі-бақи қалу шартымен тозақ отын уәде етті. Сол (азап, сол қорлық) оларға әбден жетеді. Сондай-ақ Алла оларды рақымынан біржолата аластады. Олар үшін бітпейтін, таусылмайтын азап бар.
كَٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ كَانُوٓا۟ أَشَدَّ مِنكُمْ قُوَّةࣰ وَأَكْثَرَ أَمْوَٰلࣰا وَأَوْلَٰدࣰا فَٱسْتَمْتَعُوا۟ بِخَلَٰقِهِمْ فَٱسْتَمْتَعْتُم بِخَلَٰقِكُمْ كَمَا ٱسْتَمْتَعَ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِكُم بِخَلَٰقِهِمْ وَخُضْتُمْ كَٱلَّذِي خَاضُوٓا۟ۚ أُو۟لَٰٓئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَٰلُهُمْ فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
(Ей, екіжүзділер!) Жағдайларың құдды өздерің-нен бұрын өткен, Алланың қаһарына ұшыраған қауымдардың жағдайындай. Алайда олар сендерге қарағанда әлдеқайда күшті, анағұрлым дәулетті де әулетті еді. Олар бұл жалғанда өз үлесіне тиген нығметтердің қызығын көрді. Міне, өздеріңнен бұрынғылар қалай өз үлесіне тиген нығметтердің қызығын көрсе, сендер де дәл солай өз үлестеріңе тиген нығметтердің қызығын армансыз көрдіңдер. Ойын-күлкі, сауық-сайранның қызығына батқандар сияқты сендер де соның қызығына әбден баттыңдар. Сол екіжүзділер мен кәпірлердің бүкіл істері дүниеде һәм ақиретте түкке тұрғысыз болды да қалды. Міне, солар – оңбай зиян шеккендердің нақ өзі.
أَلَمْ يَأْتِهِمْ نَبَأُ ٱلَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ قَوْمِ نُوحࣲ وَعَادࣲ وَثَمُودَ وَقَوْمِ إِبْرَٰهِيمَ وَأَصْحَٰبِ مَدْيَنَ وَٱلْمُؤْتَفِكَٰتِۚ أَتَتْهُمْ رُسُلُهُم بِٱلْبَيِّنَٰتِۖ فَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِن كَانُوٓا۟ أَنفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ
Әлде оларға өздерінен бұрын өткендер жайлы (атап айтқанда) Нұх қауымы, Ад пен Сәмуд қауымы, Ибраһимнің қауымы, Мәдияндықтар мен мекенжайы жермен-жексен болған ел (Лұт қауымы) жайлы ғибратқа толы хабар жетпеді ме?! Оларға пайғамбарлары анық дәлелдер әкелген болатын. Анығында, Алла оларға (зауал беру арқылы) зұлымдық жасамады, керісінше, олар (Аллаға және пайғамбарларына қарсы келіп, күнәға бату арқылы) үнемі өз-өздеріне қиянат жасаумен болған еді.
وَٱلْمُؤْمِنُونَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَآءُ بَعْضࣲۚ يَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَيُطِيعُونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓۚ أُو۟لَٰٓئِكَ سَيَرْحَمُهُمُ ٱللَّهُۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَزِيزٌ حَكِيمࣱ
Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне шын жанашыр дос болып табылады. Олар елге ізгілікті, жақсылық жасауды бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды. Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық береді және Аллаға және пайғамбарына әрдайым бағынады. Міне, соларды Алла арнайы түрде шексіз мейіріміне бөлейді. Шүбәсіз, Алла – Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلْمُؤْمِنِينَ وَٱلْمُؤْمِنَٰتِ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَا وَمَسَٰكِنَ طَيِّبَةࣰ فِي جَنَّٰتِ عَدْنࣲۚ وَرِضْوَٰنࣱ مِّنَ ٱللَّهِ أَكْبَرُۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
Алла мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге ішінде мәңгі-бақи бақытты ғұмыр кешетін, (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларын, әсіресе Адн жаннатынан керемет үйлер беруді уәде етті. Ал (аталмыш нығметтердің) бәрінен де зоры – Алланың (оларға деген) разылығы. Ең үлкен жетістік – міне, сол.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ جَٰهِدِ ٱلْكُفَّارَ وَٱلْمُنَٰفِقِينَ وَٱغْلُظْ عَلَيْهِمْۚ وَمَأْوَىٰهُمْ جَهَنَّمُۖ وَبِئْسَ ٱلْمَصِيرُ
Уа, ардақты пайғамбар! Қанқұйлы кәпірлер мен опасыз мұнафықтарға қарсы (жердің және заманның талаптарына қарай) күрес жүргіз әрі оларға барынша қатал бол. Олардың ақыр соңында барып паналайтын жері – жаһаннам. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!
يَحْلِفُونَ بِٱللَّهِ مَا قَالُوا۟ وَلَقَدْ قَالُوا۟ كَلِمَةَ ٱلْكُفْرِ وَكَفَرُوا۟ بَعْدَ إِسْلَٰمِهِمْ وَهَمُّوا۟ بِمَا لَمْ يَنَالُوا۟ۚ وَمَا نَقَمُوٓا۟ إِلَّآ أَنْ أَغْنَىٰهُمُ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ مِن فَضْلِهِۦۚ فَإِن يَتُوبُوا۟ يَكُ خَيْرࣰا لَّهُمْۖ وَإِن يَتَوَلَّوْا۟ يُعَذِّبْهُمُ ٱللَّهُ عَذَابًا أَلِيمࣰا فِي ٱلدُّنْيَا وَٱلْـَٔاخِرَةِۚ وَمَا لَهُمْ فِي ٱلْأَرْضِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا نَصِيرࣲ
Олар «жаман еш нәрсе айтпадық» деп, Алланың атымен ант ішеді. Шынтуайтында, олар күпірлікті білдіретін сөз айтты. Сөйтіп тілдерін кәлимаға келтіріп, Исламды қабылдағаннан кейін, (сөз жүзінде әрі іс жүзінде) қайтадан күпірлік қылды. Сондай-ақ ешқандай нәтиже шығара алмаған бірқатар қитұрқы, қылмысты істерді астыртын жүзеге асыруға тырысты. Олар Аллаға және елшісіне неліктен мұншама өшікті десеңші?! Алла Өзінің шексіз шарапатымен, елшісі де (Алланың қалауымен) оларды мол байлыққа кенелтіп жарылқағаннан басқа оларға не істеді дейсің?! Егер олар тәубеге келсе, өздері үшін жақсы болар еді. Ал егер теріс айналатын болса, Алла оларды дүниеде де, ақиретте де жан төзгісіз азапқа душар етеді. Бүкіл жер бетінде олардың (Алланың азабынан қорғайтын) бірде-бір қамқоршы досы да, қол ұшын беретін медеткері де жоқ.
۞وَمِنْهُم مَّنْ عَٰهَدَ ٱللَّهَ لَئِنْ ءَاتَىٰنَا مِن فَضْلِهِۦ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Араларында: «Егер Алла бізді шексіз шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп жарылқаса, міндетті түрде зекет-садақа береміз әрі үнемі игілікті істер істейтін ізгі жандардың қатарынан табыламыз», – деп Аллаға уәде бергендер бар.
فَلَمَّآ ءَاتَىٰهُم مِّن فَضْلِهِۦ بَخِلُوا۟ بِهِۦ وَتَوَلَّوا۟ وَّهُم مُّعْرِضُونَ
Алайда Алла оларды шексіз шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп етек-жеңін кеңейткенде, сараңдық қылды және (өздерінен зекет, садақа сұралғанда) көздеріне де ілмей сырт айналып кете барды.
فَأَعْقَبَهُمْ نِفَاقࣰا فِي قُلُوبِهِمْ إِلَىٰ يَوْمِ يَلْقَوْنَهُۥ بِمَآ أَخْلَفُوا۟ ٱللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُوا۟ يَكْذِبُونَ
Сөйтіп Алла Өзіне берген уәделерінен тайғандығы әрі өтірік айтуды әдетке айналдырғандығы үшін олардың жүректеріне Өзіне қауышатын күнге дейін жалғасатын екіжүзділік ұялатып қойды.
أَلَمْ يَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يَعْلَمُ سِرَّهُمْ وَنَجْوَىٰهُمْ وَأَنَّ ٱللَّهَ عَلَّٰمُ ٱلْغُيُوبِ
Сонда әлгі екіжүзділер іштеріне бүккен сырларын да, өзара күңкілдерін де Алланың біліп тұратынын, сондай-ақ Алланың ғайыпты толық білетінін әлі күнге дейін білмей ме?!
ٱلَّذِينَ يَلْمِزُونَ ٱلْمُطَّوِّعِينَ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ فِي ٱلصَّدَقَٰتِ وَٱلَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ فَيَسْخَرُونَ مِنْهُمْ سَخِرَ ٱللَّهُ مِنْهُمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Ол екіжүзділер (өздері сараң болғанмен қоймай, парыз етілген зекеттен бөлек) қайыр-садақаны молынан беретін сақи мүміндерді де, маңдай терімен тапқан-таянған азғантай мал-пұлынан садақа беретін кедей мүміндерді де өздерінше жазғырады һәм бет-ауызын жыбырлатып мазақтайды. Әйтсе де, Алла олардың өздерін (екіжүзділігінен) масқара қылды. Олардың лайықты сыбағасы – жан төзгісіз азап.
ٱسْتَغْفِرْ لَهُمْ أَوْ لَا تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ إِن تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ سَبْعِينَ مَرَّةࣰ فَلَن يَغْفِرَ ٱللَّهُ لَهُمْۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا۟ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْفَٰسِقِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Олар үшін Алладан кешірім тілесең де, тілемесең де бәрібір, тіпті олар үшін жетпіс мәрте кешірім тілесең де, Алла оларды кешірмейді. Өйткені олар Аллаға және пайғамбарына иман келтірмеді һәм қарсы келді. Алла ондай (иманнан жұрдай) азғын қауымды әсте тура жолға салмайды.
فَرِحَ ٱلْمُخَلَّفُونَ بِمَقْعَدِهِمْ خِلَٰفَ رَسُولِ ٱللَّهِ وَكَرِهُوٓا۟ أَن يُجَٰهِدُوا۟ بِأَمْوَٰلِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَقَالُوا۟ لَا تَنفِرُوا۟ فِي ٱلْحَرِّۗ قُلْ نَارُ جَهَنَّمَ أَشَدُّ حَرࣰّاۚ لَّوْ كَانُوا۟ يَفْقَهُونَ
Алла елшісінен ажырап, (Тәбук) жорығына шықпай қалып қойғандар үйлерінде (бала-шағасының қасында) рақатқа батып жайбарақат отырғандарына мәз болысты. Сондай-ақ мал-жанын аямай ортаға салып Алла жолында күресуді жақтырмай, бір-біріне: «Мына аптапта жорыққа шықпаңдар», – деп ақыл айтысты. Ендеше, оларға: «Тозақ оты әлдеқайда ыстық», – де. Әттең, олар ақиқатты біліп, мәселені толық түсінгенде ғой!
فَلْيَضْحَكُوا۟ قَلِيلࣰا وَلْيَبْكُوا۟ كَثِيرࣰا جَزَآءَۢ بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Сондықтан олар өз қолдарымен істеген (әрі амал дәптерлеріне жазылған) күнәлары үшін аз күліп, көп жыласын!
فَإِن رَّجَعَكَ ٱللَّهُ إِلَىٰ طَآئِفَةࣲ مِّنْهُمْ فَٱسْتَـْٔذَنُوكَ لِلْخُرُوجِ فَقُل لَّن تَخْرُجُوا۟ مَعِيَ أَبَدࣰا وَلَن تُقَٰتِلُوا۟ مَعِيَ عَدُوًّاۖ إِنَّكُمْ رَضِيتُم بِٱلْقُعُودِ أَوَّلَ مَرَّةࣲ فَٱقْعُدُوا۟ مَعَ ٱلْخَٰلِفِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Егер Алла саған мына жорықтан аман-есен қайтуды бұйырып, (Мәдинаға) қайта оралсаң, сөйтіп ондағы екіжүзділердің бір тобы алдыңа келіп сенен келесі жорыққа шығуға рұқсат сұраса, оларға: «Ендігәрі еш уақытта менімен бірге жорыққа шықпайсыңдар, енді сендер үшін менімен иық тіресе жаумен соғысатын мүмкіндік тумайды. Өйткені сендер әу баста жорыққа шықпай, үйлеріңде отыруды құп көрдіңдер. Ендеше, бұдан былай да артта қалған (қатын-қалаш, бала-шағамен) бірге отыра беріңдер», – деп айт.
وَلَا تُصَلِّ عَلَىٰٓ أَحَدࣲ مِّنْهُم مَّاتَ أَبَدࣰا وَلَا تَقُمْ عَلَىٰ قَبْرِهِۦٓۖ إِنَّهُمْ كَفَرُوا۟ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَمَاتُوا۟ وَهُمْ فَٰسِقُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Олардың мәңгілікке өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма. Расында, олар Алланы да, пайғамбарын да мойындамай, күпірлік қылды әрі тура жолдан тайған азғын күйінде өлді.
وَلَا تُعْجِبْكَ أَمْوَٰلُهُمْ وَأَوْلَٰدُهُمْۚ إِنَّمَا يُرِيدُ ٱللَّهُ أَن يُعَذِّبَهُم بِهَا فِي ٱلدُّنْيَا وَتَزْهَقَ أَنفُسُهُمْ وَهُمْ كَٰفِرُونَ
Олардың асып-тасқан дүние-мүлкі де, құжынаған бала-шағасы да сені қызықтырмасын. Алла солар арқылы оларды бұл дүниеде азапқа әрі әуре-сарсаңға салуды, сөйтіп, ақыр соңында кәпір күйде жан тапсырғанын қалайды.
وَإِذَآ أُنزِلَتْ سُورَةٌ أَنْ ءَامِنُوا۟ بِٱللَّهِ وَجَٰهِدُوا۟ مَعَ رَسُولِهِ ٱسْتَـْٔذَنَكَ أُو۟لُوا۟ ٱلطَّوْلِ مِنْهُمْ وَقَالُوا۟ ذَرْنَا نَكُن مَّعَ ٱلْقَٰعِدِينَ
Қай кезде болмасын, «Аллаға иман келтіріңдер әрі елшісімен бірге Алла жолында күресіңдер» деп бұйыратын сүре түссе, араларындағы дәулеттілері жорыққа шықпау үшін сенен рұқсат сұрап: «Бізді қинамай, жайымызға қоя бер, үйде отырғандармен бірге отыра берейік», – дейді.
رَضُوا۟ بِأَن يَكُونُوا۟ مَعَ ٱلْخَوَالِفِ وَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ
Олар соғысқа бармай артта қалған (қатын-қалаш, бала-шағамен) бірге жайбарақат отыруды жөн көрді. Сөйтіп жүректеріне мөр басылды. Сондықтан олар ақиқатты (Алла жолындағы күрестің хикметі мен маңыздылығын) әсте түсінбейді.
لَٰكِنِ ٱلرَّسُولُ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مَعَهُۥ جَٰهَدُوا۟ بِأَمْوَٰلِهِمْ وَأَنفُسِهِمْۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلْخَيْرَٰتُۖ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ
Ал Алла елшісі мен маңайындағы мүміндер болса, мал-жандарын ортаға салып, Алла жолында аянбай күресті. Жақсылық атаулының барлығы соларға арналады. Азаптан құтылып, мақсат-мұратына шынымен жеткендер де солар.
أَعَدَّ ٱللَّهُ لَهُمْ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ ذَٰلِكَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
Алла олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларын дайындап қойды. Олар онда мәңгі-бақи қалып, бақытты ғұмыр кешеді. Ең үлкен жетістік, міне, сол.
وَجَآءَ ٱلْمُعَذِّرُونَ مِنَ ٱلْأَعْرَابِ لِيُؤْذَنَ لَهُمْ وَقَعَدَ ٱلَّذِينَ كَذَبُوا۟ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥۚ سَيُصِيبُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوا۟ مِنْهُمْ عَذَابٌ أَلِيمࣱ
Бәдәуилерден (арттарында қалатын отбасы-ларының нәпақасын тауып бере алмағандықтан немесе жорыққа аттану үшін қажетті құрал-жарағы болмағандықтан, жорыққа шықпау үшін) Алла елшісіне келіп рұқсат сұрағандар болды. Ал Аллаға және пайғамбарына өтірік айтқандарға келсек, (олар жағдайы болса да, жорыққа шықпай, тіпті рұқсат та сұрамай, үй-жайларында жайбарақат) отыра берді. Ендеше, жорыққа шықпағандардың арасындағы күпірлік қылғандар жақында жан төзгісіз азапқа душар болады.
لَّيْسَ عَلَى ٱلضُّعَفَآءِ وَلَا عَلَى ٱلْمَرْضَىٰ وَلَا عَلَى ٱلَّذِينَ لَا يَجِدُونَ مَا يُنفِقُونَ حَرَجٌ إِذَا نَصَحُوا۟ لِلَّهِ وَرَسُولِهِۦۚ مَا عَلَى ٱلْمُحْسِنِينَ مِن سَبِيلࣲۚ وَٱللَّهُ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Жорыққа қатыса алмайтындай шамада әлсіз немесе науқас болғандар, сондай-ақ жорыққа шығу үшін (қару-жарақ, ат-көлік, азық-түлік сынды) қажетті нәрселерді таба алмағандықтан, өзгелерге жүк болатындар Аллаға және елшісіне деген сенімі мен ықыласы кәміл болған жағдайда жорыққа қатыспағаны үшін күнә арқаламайды. Өйткені (мүміндерге) әрдайым жақсылық ойлайтын, жорыққа шықпаған күннің өзінде де үнемі игілікті істер істейтін ізгі жандарға кінә тағуға жол берілмейді. Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына) ерекше мейірімді).
وَلَا عَلَى ٱلَّذِينَ إِذَا مَآ أَتَوْكَ لِتَحْمِلَهُمْ قُلْتَ لَآ أَجِدُ مَآ أَحْمِلُكُمْ عَلَيْهِ تَوَلَّوا۟ وَّأَعْيُنُهُمْ تَفِيضُ مِنَ ٱلدَّمْعِ حَزَنًا أَلَّا يَجِدُوا۟ مَا يُنفِقُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Сондай-ақ өзіңмен бірге жорыққа ала кетуіңді өтініп алдыңа келгендерге: «Өкінішке орай, сендерді мінгізетін артық көлігім жоқ», – дегеніңде, Алла жолында беретін еш нәрсе таба алмағандықтан, қатты мұңайып, көз жасын көл қылып кері қайтқандар да (жорыққа шықпағаны үшін) күнә арқаламайды.
۞إِنَّمَا ٱلسَّبِيلُ عَلَى ٱلَّذِينَ يَسْتَـْٔذِنُونَكَ وَهُمْ أَغْنِيَآءُۚ رَضُوا۟ بِأَن يَكُونُوا۟ مَعَ ٱلْخَوَالِفِ وَطَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ
Кінә тек бай бола тұра, жорыққа шықпау үшін, сан алуан сылтау айтып, сенен рұқсат сұрайтындарға тағылады. Олар артта қалған (қатын-қалаш, бала-шаға, шал-кемпірлермен) бірге отыра беруді жөн көрді. Сөйтіп, Алла олардың жүректерін «мөрлеп» тастады. Сондықтан олар (ақиқатты) білмейді.
يَعْتَذِرُونَ إِلَيْكُمْ إِذَا رَجَعْتُمْ إِلَيْهِمْۚ قُل لَّا تَعْتَذِرُوا۟ لَن نُّؤْمِنَ لَكُمْ قَدْ نَبَّأَنَا ٱللَّهُ مِنْ أَخْبَارِكُمْۚ وَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُۥ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَٰلِمِ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
(Уа, мүміндер!) Сендер жорықтан оралғанда, жорыққа қатыспағандар сендерге неше түрлі сылтау айтумен болады. (Уа, Мұхаммед!) Оларға: «Сылтау айтып, әуре болмай-ақ қойыңдар. Бәрібір сендерге сенбейміз. Өйткені Алла бізді сендердің жай-күйлеріңнен хабардар етті. Бұдан былай да Алла да, елшісі де барлық істеріңді көріп, бағалайтын болады. Содан кейін ғайыпты да, жарияны да толық білетін Алланың дәргейіне қайтарыласыңдар. Сонда Ол (дүниеде) не істеп, не қойғандарыңды жіпке тізіп, өздеріңе түгел айтып береді», – деп айт.
سَيَحْلِفُونَ بِٱللَّهِ لَكُمْ إِذَا ٱنقَلَبْتُمْ إِلَيْهِمْ لِتُعْرِضُوا۟ عَنْهُمْۖ فَأَعْرِضُوا۟ عَنْهُمْۖ إِنَّهُمْ رِجْسࣱۖ وَمَأْوَىٰهُمْ جَهَنَّمُ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُوا۟ يَكْسِبُونَ
Жорықтан (аман-есен) оралып, олармен қайта қауышқандарыңда, өздеріне кінә тағып, жауапқа тартпауларың үшін алдарыңда Алланың атымен қайта-қайта ант ішіп (айтқан сылтауларына сендіруге тырысады). Олардан сырт айналыңдар! Өйткені олар, шынымен де, лас қауым. Олардың өз қолымен істеген күнәлары себепті ақырында барып паналайтын жері жаһаннам болмақ.
يَحْلِفُونَ لَكُمْ لِتَرْضَوْا۟ عَنْهُمْۖ فَإِن تَرْضَوْا۟ عَنْهُمْ فَإِنَّ ٱللَّهَ لَا يَرْضَىٰ عَنِ ٱلْقَوْمِ ٱلْفَٰسِقِينَ
Олар сендерді разы ету үшін, алдарыңда Алланың атымен ант ішеді. Сендер оларға қанша жерден разы болсаңдар да, біліп қойыңдар, Алла тура жолдан тайған азғын қауымға әсте разы болмайды.
ٱلْأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْرࣰا وَنِفَاقࣰا وَأَجْدَرُ أَلَّا يَعْلَمُوا۟ حُدُودَ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَىٰ رَسُولِهِۦۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
Бәдәуилер (яғни, көшпенді сахара халқы надандығынан, тиісті тәлім-тәрбие алмағандығынан) күпірлікте және екіжүзділікте өзгелерден асып түседі. Сондай-ақ Алланың пайғамбарына түсірген үкімдерінің шегін (жөн-жобасын) білмеуді ең көп солардан күтуге болады. Алла – Алим (барлық нәрсені, құлдарының барлық жай-күйін жақсы білетін шексіз ілім иесі) һәм Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
وَمِنَ ٱلْأَعْرَابِ مَن يَتَّخِذُ مَا يُنفِقُ مَغْرَمࣰا وَيَتَرَبَّصُ بِكُمُ ٱلدَّوَآئِرَۚ عَلَيْهِمْ دَآئِرَةُ ٱلسَّوْءِۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمࣱ
Бәдәуилердің кейбірі (садақа, зекет немесе жорық үшін жиналған жылу сынды шариғат талабы бойынша) Алла жолында жұмсаған мал-пұлын өздерінен алынған алым-салыққа балайды және содан құтылу үшін бастарыңа бәле жауып, екіталай күннің туғанын күтеді. Күткен бәлелері өз бастарына келсін! Алла – Сәмиғ (бәрін естуші), Алим (құлдарының жай-күйін, іштей не тілейтінін толық білетін шексіз ілім иесі).
وَمِنَ ٱلْأَعْرَابِ مَن يُؤْمِنُ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْـَٔاخِرِ وَيَتَّخِذُ مَا يُنفِقُ قُرُبَٰتٍ عِندَ ٱللَّهِ وَصَلَوَٰتِ ٱلرَّسُولِۚ أَلَآ إِنَّهَا قُرْبَةࣱ لَّهُمْۚ سَيُدْخِلُهُمُ ٱللَّهُ فِي رَحْمَتِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمࣱ
Ал енді бір бәдәуилер Аллаға және ақирет күніне кәміл сенеді. Алла жолында бергенін Аллаға жақын болудың әрі Алла елшісінің батасын алудың дәнекері санайды. Шынында, Алла жолында бергені олар үшін Аллаға жақындықтың бірден-бір дәнекері болып табылады. Алла оларды ерекше рақымына бөлеп, жаннатына кіргізеді. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلْأَوَّلُونَ مِنَ ٱلْمُهَٰجِرِينَ وَٱلْأَنصَارِ وَٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُم بِإِحْسَٰنࣲ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنْهُمْ وَرَضُوا۟ عَنْهُ وَأَعَدَّ لَهُمْ جَنَّٰتࣲ تَجْرِي تَحْتَهَا ٱلْأَنْهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدࣰاۚ ذَٰلِكَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
Мұһажирлер мен ансарлардың (Исламды қабылдаудағы һәм Алла жолында қызмет етудегі) алдыңғы қатарлылары және соларды өнеге тұтып, игілікті істер атқарып соңдарынан ергендерге Алла разы болды. Олар да Аллаға дән риза болды. Алла олар үшін (жайқалған жасыл бауларының арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзендер ағып жататын жаннат бақшаларын дайындап қойды. Олар сонда мәңгі-бақи қалып, бақытты ғұмыр кешеді. Ең үлкен жетістік деген, міне, сол.
وَمِمَّنْ حَوْلَكُم مِّنَ ٱلْأَعْرَابِ مُنَٰفِقُونَۖ وَمِنْ أَهْلِ ٱلْمَدِينَةِ مَرَدُوا۟ عَلَى ٱلنِّفَاقِ لَا تَعْلَمُهُمْۖ نَحْنُ نَعْلَمُهُمْۚ سَنُعَذِّبُهُم مَّرَّتَيْنِ ثُمَّ يُرَدُّونَ إِلَىٰ عَذَابٍ عَظِيمࣲ
Маңайларыңдағы бәдәуилердің арасында мұнафықтар бар. Ондай екіжүзділер Мәдина халқының арасында да бар, һәм екіжүзділікте алдына жан салмайтын әккі мұнафықтар бар. Сондықтан (уа, Мұхаммед, Біз саған білдірмесек) сен оларды біле алмайсың. Оларды толыққанды Біз ғана білеміз. Біз оларды екі рет (яғни, дүниеде һәм қабірде) азаптаймыз, содан кейін олар одан бетер алапат азапқа душар етіледі.
وَءَاخَرُونَ ٱعْتَرَفُوا۟ بِذُنُوبِهِمْ خَلَطُوا۟ عَمَلࣰا صَٰلِحࣰا وَءَاخَرَ سَيِّئًا عَسَى ٱللَّهُ أَن يَتُوبَ عَلَيْهِمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورࣱ رَّحِيمٌ
Сондай-ақ күнәларын толық мойындаған тағы бір топ бар. Олар кезінде игі істерге де, жаман істерге де барды, сөйтіп бірде сауапқа бөленсе, бірде күнәға батты. Бәлкім, Алла олардың тәубесін қабыл етер. Шүбәсіз, Алла – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе күнәсін мойындап, тәубеге келіп, Өзіне біржолата бет бұрған құлдарына ерекше мейірімді).
خُذْ مِنْ أَمْوَٰلِهِمْ صَدَقَةࣰ تُطَهِّرُهُمْ وَتُزَكِّيهِم بِهَا وَصَلِّ عَلَيْهِمْۖ إِنَّ صَلَوٰتَكَ سَكَنࣱ لَّهُمْۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне дәнекер бол. Сондай-ақ олар үшін дұға ет! Өйткені сенің дұғаң оларды жан тыныштығына бөлеп, жүректерін орнықтырады. Алла – Сәмиғ (бәрін естуші) һәм Алим (барлық нәрсені, соның ішінде құлдарының жай-күйін әрі мұң-мұқтаждарын толық білетін шексіз ілім иесі).
أَلَمْ يَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ هُوَ يَقْبَلُ ٱلتَّوْبَةَ عَنْ عِبَادِهِۦ وَيَأْخُذُ ٱلصَّدَقَٰتِ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Сонда олар Алланың құлдарының шынайы тәубесін һәм шын көңілмен берген зекет-садақаларын қабыл алатынын және Алланың, шынымен, Тәууаб (яғни, құлдарының тәубесін қабыл етіп қана қоймай, оларды шынайы тәубелері үшін мол сауапқа бөлеуші) һәм Рахим (тәубе етіп, Өзіне біржолата бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді) екенін білмей ме?!
وَقُلِ ٱعْمَلُوا۟ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمْ وَرَسُولُهُۥ وَٱلْمُؤْمِنُونَۖ وَسَتُرَدُّونَ إِلَىٰ عَٰلِمِ ٱلْغَيْبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ
(Уа, Мұхаммед!) оларға: «Қарекет қылыңдар! Істеріңді Алла да, елшісі де, мүміндер де көреді. Нәтижеде, ғайыпты да, жарияны да толық білетін (бір Аллаға) қайтарыласыңдар. Сонда Ол (дүниеде) не істеп, не қойғандарыңды жіпке тізіп өздеріңе түгел айтып береді», – де.
وَءَاخَرُونَ مُرْجَوْنَ لِأَمْرِ ٱللَّهِ إِمَّا يُعَذِّبُهُمْ وَإِمَّا يَتُوبُ عَلَيْهِمْۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمࣱ
(Алла елшісімен бірге жорыққа шықпай қалған) тағы бірнеше адамның ісі Алланың үкімі шыққанға дейін кейінге қалдырылды. Алла қаласа, оларды жазаға тартады, қаласа, тәубеге келуді нәсіп етіп, күнәларын кешіреді. Алла – Алим (бәрін, һәм кімнің жазаға лайық және кімнің кешірімге лайық екенін жақсы білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі).
وَٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُوا۟ مَسْجِدࣰا ضِرَارࣰا وَكُفْرࣰا وَتَفْرِيقَۢا بَيْنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ وَإِرْصَادࣰا لِّمَنْ حَارَبَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ مِن قَبْلُۚ وَلَيَحْلِفُنَّ إِنْ أَرَدْنَآ إِلَّا ٱلْحُسْنَىٰۖ وَٱللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّهُمْ لَكَٰذِبُونَ
Сондай-ақ бір топ мұнафық Исламға және мұсылмандарға зиян келтіру, күпірлікті қолдау, мүміндердің арасына жік салу һәм бұрынырақта Аллаға және елшісіне қарсы соғыс ашқан кісінің (Әбу Амирдің) келіп, өздеріне қосылуын күту мақсатында бір мешіт салды. Бірақ олар мүміндерге: «Күмәндарың болмасын, біз (бұл мешітті салғанда) жақсылықтан басқа еш нәрсе көздеген емеспіз», – деп ант-су ішеді. Алайда олардың өтірікші кәззап екендігіне бір Алланың өзі куә!
لَا تَقُمْ فِيهِ أَبَدࣰاۚ لَّمَسْجِدٌ أُسِّسَ عَلَى ٱلتَّقْوَىٰ مِنْ أَوَّلِ يَوْمٍ أَحَقُّ أَن تَقُومَ فِيهِۚ فِيهِ رِجَالࣱ يُحِبُّونَ أَن يَتَطَهَّرُوا۟ۚ وَٱللَّهُ يُحِبُّ ٱلْمُطَّهِّرِينَ
(Уа, Мұхаммед!) Ол мешітте әсте намаз оқушы болма. Әу бастан-ақ тақуалыққа негізделіп салынған (Мәдинадағы) мешіт – сен үшін намаз оқуға ең лайықты орын. Ол мешітте жан-тәнімен күнә һәм арсыздық атаулыдан арылуды, тазаруды қалайтын нағыз ерлер бар. Алла күнә мен арсыздық атаулыдан арылып, тазаруға тырысатын жандарды жақсы көреді.
أَفَمَنْ أَسَّسَ بُنْيَٰنَهُۥ عَلَىٰ تَقْوَىٰ مِنَ ٱللَّهِ وَرِضْوَٰنٍ خَيْرٌ أَم مَّنْ أَسَّسَ بُنْيَٰنَهُۥ عَلَىٰ شَفَا جُرُفٍ هَارࣲ فَٱنْهَارَ بِهِۦ فِي نَارِ جَهَنَّمَۗ وَٱللَّهُ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلظَّٰلِمِينَ
Құрылысын (яғни, дінін, тіршілігін һәм бүкіл іс-әрекетін) Аллаға қарсы келіп асы болудан сақтануға һәм разылығына бөленуге негіздеген адам қайырлы ма? Жоқ әлде, құрылысын (түбін су шайып) құлағалы тұрған жарқабаққа салып, ақыры сонымен бірге, жаһаннам отына құлап кете барған адам қайырлы ма? Алла (бүкіл ісі әділетсіздікке, қиянатқа негізделген, ақыры өзінің де, өзгенің де обалына қалатын) залым қауымды әсте тура жолға салмайды.
لَا يَزَالُ بُنْيَٰنُهُمُ ٱلَّذِي بَنَوْا۟ رِيبَةࣰ فِي قُلُوبِهِمْ إِلَّآ أَن تَقَطَّعَ قُلُوبُهُمْۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Мұнафықтардың (лаң салуды көздеп) салған бүкіл құрылыстары (яғни, ойлап тапқан жүйелері мен құрған жоспарлары, әсіресе, өз қолдарымен салған Дирар мешіті) жүректері жарылып өліп кетпейінше, көкіректерінде уайым мен үрей себебі болып қала береді. Алла – Алим (барлық нәрсені, соның ішінде мұнафықтардың қыр-сырын толық білетін шексіз ілім иесі), Хаким (әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикметтер болған асқан даналық иесі).
۞إِنَّ ٱللَّهَ ٱشْتَرَىٰ مِنَ ٱلْمُؤْمِنِينَ أَنفُسَهُمْ وَأَمْوَٰلَهُم بِأَنَّ لَهُمُ ٱلْجَنَّةَۚ يُقَٰتِلُونَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَيَقْتُلُونَ وَيُقْتَلُونَۖ وَعْدًا عَلَيْهِ حَقࣰّا فِي ٱلتَّوْرَىٰةِ وَٱلْإِنجِيلِ وَٱلْقُرْءَانِۚ وَمَنْ أَوْفَىٰ بِعَهْدِهِۦ مِنَ ٱللَّهِۚ فَٱسْتَبْشِرُوا۟ بِبَيْعِكُمُ ٱلَّذِي بَايَعْتُم بِهِۦۚ وَذَٰلِكَ هُوَ ٱلْفَوْزُ ٱلْعَظِيمُ
Расында, Алла мүміндерден жандары мен дүние-мүліктерін орнына жаннатты беретін болып сатып алды. Олар Алла жолында (қанқұйлы кәпірлермен аянбай) соғысады, (сөйтіп қанқұйлы кәпірлерді) не өлтіреді, не болмаса (солардың қолынан) қаза тауып, шейіт болады. Бұл – Алланың Тәуратта, Інжілде және Құранда орындауды мойнына алған хақ уәдесі. Уәдеге берік болуда Алладан асатын кім бар?! Ендеше, (уа, мүміндер), Алламен осындай (табысы мол) сауда-саттық жасағандарың үшін сүйінші! Ең үлкен жетістік, ең зор табыс деген, міне, осы.
ٱلتَّٰٓئِبُونَ ٱلْعَٰبِدُونَ ٱلْحَٰمِدُونَ ٱلسَّٰٓئِحُونَ ٱلرَّٰكِعُونَ ٱلسَّٰجِدُونَ ٱلْـَٔامِرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَٱلنَّاهُونَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَٱلْحَٰفِظُونَ لِحُدُودِ ٱللَّهِۗ وَبَشِّرِ ٱلْمُؤْمِنِينَ
Әрдайым тәубе етіп, күнәларынан арылушылар, Аллаға жан-тәнімен құлшылық етушілер, Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етушілер, Алла жолында сапар шегушілер, Алланың алдында иіліп рүкуғ етушілер, Аллаға сәжде етушілер, елге жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыюшылар және Алланың белгілеген үкімдеріне толық бағынатындар бар ғой, (уа, Мұхаммед), міне, сондай шынайы мүміндерді сүйіншіле!
مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَن يَسْتَغْفِرُوا۟ لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوٓا۟ أُو۟لِي قُرْبَىٰ مِنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَٰبُ ٱلْجَحِيمِ
Кәпір күйінде өліп, тозақтық екендігі анық белгілі болғаннан кейін, пайғамбар мен мүміндердің, тіпті жақын туысы болса да, өлген мүшріктер үшін Алладан кешірім тілеуі орынсыз.
وَمَا كَانَ ٱسْتِغْفَارُ إِبْرَٰهِيمَ لِأَبِيهِ إِلَّا عَن مَّوْعِدَةࣲ وَعَدَهَآ إِيَّاهُ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥٓ أَنَّهُۥ عَدُوࣱّ لِّلَّهِ تَبَرَّأَ مِنْهُۚ إِنَّ إِبْرَٰهِيمَ لَأَوَّٰهٌ حَلِيمࣱ
Ал Ибраһимнің әкесі үшін кешірім тілегеніне келсек, кезінде әкесіне: «Сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін», – деп берген уәдесін орындағаны ғана болатын. Алайда оған әкесінің Аллаға айнымас дұшпан екені анық белгілі болғанда, ол одан мүлдем қол үзді. Расында, Ибраһим (ел-жұрты үшін) үнемі уайым жейтін, Раббысына көп жалбарынатын, өте сабырлы да кеңшілігі мол жан еді.
وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُضِلَّ قَوْمَۢا بَعْدَ إِذْ هَدَىٰهُمْ حَتَّىٰ يُبَيِّنَ لَهُم مَّا يَتَّقُونَۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Алла қандай да бір қауымды тура жолға салғаннан кейін, сол жолдан тайып кетпеу үшін не нәрселерден сақтану керектігін ашып түсіндірмейінше, олардың адасуына жол бермейді. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсені біледі.
إِنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلْكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِۖ يُحْيِۦ وَيُمِيتُۚ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيࣲّ وَلَا نَصِيرࣲ
Шүбәсіз, күллі аспан әлемі мен жердің иелігі һәм бар билігі бір Аллаға тән. Жан бітіріп өмір сыйлайтын да, (ажалы жеткенде) жанын алатын да бір Өзі. Сендердің Алладан басқа бірде-бір қамқоршы иелерің де, қол ұшын беретін медеткерлерің де жоқ.
لَّقَد تَّابَ ٱللَّهُ عَلَى ٱلنَّبِيِّ وَٱلْمُهَٰجِرِينَ وَٱلْأَنصَارِ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ فِي سَاعَةِ ٱلْعُسْرَةِ مِنۢ بَعْدِ مَا كَادَ يَزِيغُ قُلُوبُ فَرِيقࣲ مِّنْهُمْ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْۚ إِنَّهُۥ بِهِمْ رَءُوفࣱ رَّحِيمࣱ
Расында, Алла пайғамбарын шексіз мейіріміне бөледі. Сондай-ақ өте қиын шақта (яғни, Тәбук жорығында) пайғамбардың соңынан ерген мұһажирлер мен ансарларға, әсіресе, араларындағы кей адамдарға жүректері тайқуға шақ қалғанда, рақымын төгіп, күш-жігер берді. Сөйтіп, олардың барлығын шексіз мейіріміне бөледі. Шүбәсіз, Алла пайғамбарына һәм мұһажирлер мен ансарларға сондай жанашыр, ерекше мейірімді.
وَعَلَى ٱلثَّلَٰثَةِ ٱلَّذِينَ خُلِّفُوا۟ حَتَّىٰٓ إِذَا ضَاقَتْ عَلَيْهِمُ ٱلْأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ وَضَاقَتْ عَلَيْهِمْ أَنفُسُهُمْ وَظَنُّوٓا۟ أَن لَّا مَلْجَأَ مِنَ ٱللَّهِ إِلَّآ إِلَيْهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ لِيَتُوبُوٓا۟ۚ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Сондай-ақ (Алла тағала Тәбук жорығына шықпай) артта қалып қойған үш кісінің де тәубесін қабыл етіп, шексіз мейіріміне бөледі. (Өйткені ол үшеуінің істеген күнәлары үшін жан азабын тартып, күйзелгені соншалық) жер беті оларға кеңдігіне қарамастан тар келген еді. Сөйтіп әбден жан азабын тартып, құсаға шалдыққан еді. Ақыры, Алланың бұл азабынан бір Өзін пана тұтып қана құтыла алатындықтарына көздері анық жетті. Сонда Алла тәубелеріне келіп, күнәларынан арылсын деп оларға тиісінше тәубе етуді нәсіп етті. Шүбәсіз, Алла – Тәууаб (яғни, құлдарының тәубесін қабыл етіп қана қоймай, оларды шынайы тәубелері үшін мол сауапқа бөлеуші) һәм Рахим (тәубе етіп, Өзіне біржолата бет бұрған мүмін құлдарына ерекше мейірімді).
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّٰدِقِينَ
Уа, иман келтіргендер! Аллаға тиісінше тағзым етіңдер әрі Оған қарсы келуден барынша сақтаныңдар, сондай-ақ (ісі де, сөзі де түзу, Аллаға берген уәделеріне берік) шыншыл жандармен бірге болыңдар!
مَا كَانَ لِأَهْلِ ٱلْمَدِينَةِ وَمَنْ حَوْلَهُم مِّنَ ٱلْأَعْرَابِ أَن يَتَخَلَّفُوا۟ عَن رَّسُولِ ٱللَّهِ وَلَا يَرْغَبُوا۟ بِأَنفُسِهِمْ عَن نَّفْسِهِۦۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ لَا يُصِيبُهُمْ ظَمَأࣱ وَلَا نَصَبࣱ وَلَا مَخْمَصَةࣱ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَا يَطَـُٔونَ مَوْطِئࣰا يَغِيظُ ٱلْكُفَّارَ وَلَا يَنَالُونَ مِنْ عَدُوࣲّ نَّيْلًا إِلَّا كُتِبَ لَهُم بِهِۦ عَمَلࣱ صَٰلِحٌۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُحْسِنِينَ
Мәдина халқының және айналасындағы бәдәуилердің Алла елшісіне қайшы келіп, оған ермеуі және оған тиісінше көңіл аудармай қара бастарының ғана қамын күйттеуі орынсыз. Иә, солай, өйткені олардың Алла жолында (пайғамбармен бірге) жүріп бастарына түскен шөл, шаршап-шалдығу, аштық сынды әрбір ауыртпалық үшін, сондай-ақ кәпірлердің шамына тиетіндей бір жерге (хақ дінді жаю үшін) аяқ басу және дұшпанды ойсырата жеңу сынды әрбір (нәтижелі) іс үшін, оларға міндетті түрде сауап жазылады. Өйткені Алла игілікті істер атқаруға жаны құмар ізгі жандардың (маңдай терімен тапқан) сауабын зая етпейді.
وَلَا يُنفِقُونَ نَفَقَةࣰ صَغِيرَةࣰ وَلَا كَبِيرَةࣰ وَلَا يَقْطَعُونَ وَادِيًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمْ لِيَجْزِيَهُمُ ٱللَّهُ أَحْسَنَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Сондай-ақ олардың мейлі аз, мейлі көп болсын, Алла жолында жұмсаған мал-пұлы және (Алла жолындағы жорықта немесе сапарда) жүріп өткен әрбір жолы мен сай-саласы оларға міндетті түрде сауап болып жазылады. Міне, осылайша Алла оларды істеген игілікті істерінің қарымынан әлдеқайда жақсы сый-сияпатқа бөлеуді қалайды.
۞وَمَا كَانَ ٱلْمُؤْمِنُونَ لِيَنفِرُوا۟ كَآفَّةࣰۚ فَلَوْلَا نَفَرَ مِن كُلِّ فِرْقَةࣲ مِّنْهُمْ طَآئِفَةࣱ لِّيَتَفَقَّهُوا۟ فِي ٱلدِّينِ وَلِيُنذِرُوا۟ قَوْمَهُمْ إِذَا رَجَعُوٓا۟ إِلَيْهِمْ لَعَلَّهُمْ يَحْذَرُونَ
Сонымен қатар, мүміндердің (бір мезетте) жаппай жорыққа аттанғаны да орынсыз. Ендеше, әр елден (әр қоғамнан, әр рудан) бір топ адам қалып діни ілімдерді бүге-шігесіне дейін терең меңгеріп, жорыққа аттанғандар қайтып оралғанда, жат қылықтардан, күнә атаулыдан аулақ жүруі үшін оларды ескертуі (яғни, оларға жөн сілтеп, уағыз-насихат айтуы һәм шариғат талаптарын үйретуі) керек емес пе?!
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ قَٰتِلُوا۟ ٱلَّذِينَ يَلُونَكُم مِّنَ ٱلْكُفَّارِ وَلْيَجِدُوا۟ فِيكُمْ غِلْظَةࣰۚ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلْمُتَّقِينَ
Уа, иман келтіргендер! (Хақ дінді жаю жолында соғысуға мәжбүр болсаңдар, алдымен) маңайларыңдағы (дінді жаюға бөгет жасаған және) бастарыңа қауіп төндірген ақиқатқа қас қанқұйлы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендердің бойларыңнан қайтпас қайсарлық пен қара тастай қайраттылық байқайтын болсын! Біліп қойыңдар, Алла қашанда тақуа жандармен бірге!
وَإِذَا مَآ أُنزِلَتْ سُورَةࣱ فَمِنْهُم مَّن يَقُولُ أَيُّكُمْ زَادَتْهُ هَٰذِهِۦٓ إِيمَٰنࣰاۚ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ فَزَادَتْهُمْ إِيمَٰنࣰا وَهُمْ يَسْتَبْشِرُونَ
Қандай да бір жаңа сүре түсірілгенде, кейбір екіжүзділер (иманы әлсіз жандардың көкірегіне күмән ұялату үшін) кекесінмен: «Бұл қайсыңның иманыңды күшейтті?!» – деп сұрайды. Ал шын иман келтіргендерге келсек, бұл олардың иманын нығайта түсті, сөйтіп олар (көктен келген) қуанышты хабарға қатты қуанып, бірін-бірі сүйіншілеп құттықтайды.
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضࣱ فَزَادَتْهُمْ رِجْسًا إِلَىٰ رِجْسِهِمْ وَمَاتُوا۟ وَهُمْ كَٰفِرُونَ
Ал жүрегінде (күпірлік не екіжүзділік сынды) дерті барларға келсек, бұл сүре олардың ластығына ластық қосып, арамдығын арттыра түсті, сөйтіп олар кәпір күйінде өліп кетті.
أَوَلَا يَرَوْنَ أَنَّهُمْ يُفْتَنُونَ فِي كُلِّ عَامࣲ مَّرَّةً أَوْ مَرَّتَيْنِ ثُمَّ لَا يَتُوبُونَ وَلَا هُمْ يَذَّكَّرُونَ
Сонда олар (мұнафықтар) өздерінің жылына бір немесе екі мәрте (естерін жиып, тәубеге келу керектігін меңзейтін) ауыр сынаққа тап болып, бастарының бәлеге қалып жатқанын көрмей ме?! Алайда олар бәрібір тәубеге келмейді, күпірліктерінен қайтпайды және еш сабақ та алмайды.
وَإِذَا مَآ أُنزِلَتْ سُورَةࣱ نَّظَرَ بَعْضُهُمْ إِلَىٰ بَعْضٍ هَلْ يَرَىٰكُم مِّنْ أَحَدࣲ ثُمَّ ٱنصَرَفُوا۟ۚ صَرَفَ ٱللَّهُ قُلُوبَهُم بِأَنَّهُمْ قَوْمࣱ لَّا يَفْقَهُونَ
Оларға қатысты қандай да бір сүре түссе, (Алла елшісі ел-жұртқа жаңа түскен сүрені жеткізіп жатқанда) бір-біріне көз қысысып, артынша «Біреу-міреу көріп қоймады ма екен?» деген үреймен жан-жақтарына жалтақтап қарасады да, ешкімге сездірмей тайып тұрады. Олар (осындай иман мәселелері айтылып, Құран оқылатын жерден қалай сырт айналып кететін болса), ақиқатты түсінбейтін, парықсыз тобыр болғандықтан, Алла да олардың жүрегін иманнан бұрып жібереді.
لَقَدْ جَآءَكُمْ رَسُولࣱ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِٱلْمُؤْمِنِينَ رَءُوفࣱ رَّحِيمࣱ
Сендерге өз араларыңнан (яғни, араларыңда туып өскен) хақ пайғамбар келді. (Оның сендерге жанашырлығы соншалық – азапқа немесе қиын жағдайға душар болғандарың былай тұрсын), тіпті болмашы бір қиындыққа тап болғандарыңның өзі оған өте ауыр тиіп, жанына қатты батады. Ол сендерге тым ынтық, өте ынтызар (болғандықтан сендер үшін қатты қорқады, сендерді ойлап көп уайым жейді). Ол мүміндерге сондай жанашыр, өте мейірімді.
فَإِن تَوَلَّوْا۟ فَقُلْ حَسْبِيَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُۖ وَهُوَ رَبُّ ٱلْعَرْشِ ٱلْعَظِيمِ
(Уа, Мұхаммед!) Егер олар (сенің өздеріне деген ынтызарлығыңа, жанашырлығыңа қарамастан) сырт айналып кете барса, онда: «Маған (қамқор ие ретінде) бір Алла жеткілікті. Одан басқа тәңір жоқ. Мен бір Өзіңе ғана арқа сүйеп, тәуекел еттім. Өйткені Ол – ұлы Арштың Раббысы (Аршқа және күллі жаратылысқа үкімін жүргізген шексіз билік иесі)», – деп айт.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.