وَيْلࣱ لِّكُلِّ هُمَزَةࣲ لُّمَزَةٍ
Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!
بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
وَيْلࣱ لِّكُلِّ هُمَزَةࣲ لُّمَزَةٍ
Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп, кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті!
ٱلَّذِي جَمَعَ مَالࣰا وَعَدَّدَهُۥ
(Олар) мал-дүние жиып, оны (ешкімге бермей, ашкөздікпен) қайта-қайта санай береді (әрі байлығымен масаттанып, өзгелерді өзінен төмен санап, қор көреді).
يَحْسَبُ أَنَّ مَالَهُۥٓ أَخْلَدَهُۥ
Ол мал-дүниесінің арқасында мәңгілікке қол жеткізем деп ойлайды.
كَلَّاۖ لَيُنۢبَذَنَّ فِي ٱلْحُطَمَةِ
Жоқ, олай емес! Ол міндетті түрде «хутамаға» (жаһаннам отына) тасталады.
وَمَآ أَدْرَىٰكَ مَا ٱلْحُطَمَةُ
«Хутаманың» не екенін білесің бе?
نَارُ ٱللَّهِ ٱلْمُوقَدَةُ
Ол – Алланың тұтанған (өшпейтін) оты.
ٱلَّتِي تَطَّلِعُ عَلَى ٱلْأَفْـِٔدَةِ
Ол – (адамның тәнімен қоса ішіне де еніп) жүрекке дейін өртейтін от.
إِنَّهَا عَلَيْهِم مُّؤْصَدَةࣱ
Ол ішіне тасталғандарды жан-жағынан құрсаулап, жауып қалады.
فِي عَمَدࣲ مُّمَدَّدَةِۭ
Оған тасталғандар ұзын-ұзын от жалынды бағаналарға байлаулы күйде қалады.
Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.