بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
إِذَا جَآءَكَ ٱلْمُنَٰفِقُونَ قَالُوا۟ نَشْهَدُ إِنَّكَ لَرَسُولُ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ يَعْلَمُ إِنَّكَ لَرَسُولُهُۥ وَٱللَّهُ يَشْهَدُ إِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَكَٰذِبُونَ
(Уа, Мұхаммед!) Мұнафықтар алдыңа келгенде: «Біз куәлік етеміз: сен Алланың елшісісің!» – дейді. Алла сенің Өзінің елшісі екеніңді әлбетте біледі. Сондай-ақ Алла мұнафықтардың (саған сенбейтініне және) барып тұрған өтірікші екеніне куә болады.
ٱتَّخَذُوٓا۟ أَيْمَٰنَهُمْ جُنَّةࣰ فَصَدُّوا۟ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّهُمْ سَآءَ مَا كَانُوا۟ يَعْمَلُونَ
Олар ішкен ант-суларын қалқан қылып, ел-жұртты Алланың жолына түсірмей қақпайлауда. Олардың істеген істері неткен жаман!
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمْ ءَامَنُوا۟ ثُمَّ كَفَرُوا۟ فَطُبِعَ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ فَهُمْ لَا يَفْقَهُونَ
Себебі олар, әуелі, иман келтіргендіктерін айтты, алайда кейіннен істеген істері олардың іштей күпірлікке бой алдырғанын көрсетті. Сол үшін жүректеріне мөр басылды. Енді олар ақиқатты түйсінбейді.
۞وَإِذَا رَأَيْتَهُمْ تُعْجِبُكَ أَجْسَامُهُمْۖ وَإِن يَقُولُوا۟ تَسْمَعْ لِقَوْلِهِمْۖ كَأَنَّهُمْ خُشُبࣱ مُّسَنَّدَةࣱۖ يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْۚ هُمُ ٱلْعَدُوُّ فَٱحْذَرْهُمْۚ قَٰتَلَهُمُ ٱللَّهُۖ أَنَّىٰ يُؤْفَكُونَ
Оларды көргеніңде түр-тұлғаларын ұнатып қаласың. (Майда тілді болғандықтан) сөздеріне еріксіз құлақ түресің. Шынында, олар дуалға сүйеулі бөренелер секілді (яғни жиында отырғанда өздерін әлдеқандай етіп көрсету үшін дуалға сүйелген бөрене секілді шалқая түсіп керігіп отырады). (Олар опасыз әрі сатқын болғандықтан, үнемі қорқып, үрейленіп жүреді, сондықтан да) айқайдың бәрін өздеріне қарата айтылған деп ойлайды. Олар қас дұшпан, сол үшін олардан барынша сақтан! Құдай тас төбелерінен ұрып, жандарын жаһаннамға жіберсін! Қалай ғана ақиқаттан алшақтатылып, теріс жолдарға түсірілуде десеңші!
وَإِذَا قِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا۟ يَسْتَغْفِرْ لَكُمْ رَسُولُ ٱللَّهِ لَوَّوْا۟ رُءُوسَهُمْ وَرَأَيْتَهُمْ يَصُدُّونَ وَهُم مُّسْتَكْبِرُونَ
Оларға: «Келіңдер, Алла елшісі сендер үшін Алладан жарылқау тілесін», – делінгенде, олардың «қажеті жоқ» дегендей бастарын шайқағанын һәм әлдеқандай болып кекірейген күйде сырт айналып кете барғанын көресің.
سَوَآءٌ عَلَيْهِمْ أَسْتَغْفَرْتَ لَهُمْ أَمْ لَمْ تَسْتَغْفِرْ لَهُمْ لَن يَغْفِرَ ٱللَّهُ لَهُمْۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهْدِي ٱلْقَوْمَ ٱلْفَٰسِقِينَ
Әсілі, олар үшін кешірім тілесең де, тілемесең де, оларға бәрібір. Алла оларды әсте кешірмейді. Өйткені Алла (күпірлік пен күнәға белшесінен батып) хақ жолдан тайған қауымды әсте тура жолға салмайды.
هُمُ ٱلَّذِينَ يَقُولُونَ لَا تُنفِقُوا۟ عَلَىٰ مَنْ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ حَتَّىٰ يَنفَضُّوا۟ۗ وَلِلَّهِ خَزَآئِنُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَلَٰكِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَا يَفْقَهُونَ
Олар – (ел-жұртты) «Алла елшісінің маңайындағы кедей-кепшіктерге қайыр-садақа бермеңдер, (әбден тарығып) жан-жаққа босып кетсін» деп үгіттейтін арсыздар. Анығында, күллі аспан әлемі мен жердің қазыналары Аллаға тиесілі, алайда мұнафықтар мұның байыбына бармайды.
يَقُولُونَ لَئِن رَّجَعْنَآ إِلَى ٱلْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ ٱلْأَعَزُّ مِنْهَا ٱلْأَذَلَّۚ وَلِلَّهِ ٱلْعِزَّةُ وَلِرَسُولِهِۦ وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَلَٰكِنَّ ٱلْمُنَٰفِقِينَ لَا يَعْلَمُونَ
Сондай-ақ олар: «Күмәндарың болмасын, осыдан Мәдинаға (аман-сау) оралатын болсақ, ұлықтар ол жерден бейшараларды міндетті түрде қуып шығады», – деп көкиді. Әйтсе де, ұлылық бір Аллаға, расулына және мүміндерге тән. Алайда мұнафықтар мұны білмейді.
يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَٰلُكُمْ وَلَآ أَوْلَٰدُكُمْ عَن ذِكْرِ ٱللَّهِۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْخَٰسِرُونَ
Уа, иман келтіргендер! Мал-мүліктерің мен бала-шағаларың (жүректерің мен ой-саналарыңды түгелдей жаулап) сендерге Алланы еске алуды ұмыттырмасын (яғни Аллаға лайықты түрде құлшылық етулеріңе кедергі келтірмесін). Біліп қойыңдар, кімде-кім солай істейтін болса, нағыз зиян шегетіндер – солар.
وَأَنفِقُوا۟ مِن مَّا رَزَقْنَٰكُم مِّن قَبْلِ أَن يَأْتِيَ أَحَدَكُمُ ٱلْمَوْتُ فَيَقُولَ رَبِّ لَوْلَآ أَخَّرْتَنِيٓ إِلَىٰٓ أَجَلࣲ قَرِيبࣲ فَأَصَّدَّقَ وَأَكُن مِّنَ ٱلصَّٰلِحِينَ
Қайсыбіріңе болмасын, ажал жеткенде, «Уа, Раббым! Маған аз ғана уақыт мұрсат берсең, жатпай-тұрмай қайырымдылық жасап, мол зекет-садақа беріп, ізгі жандардың қатарына қосылар едім» демей тұрып, өздеріңе ризық етіп берген нығметтерімізден (Алла жолында һәм мұқтаждарға) жұмсаңдар.
وَلَن يُؤَخِّرَ ٱللَّهُ نَفْسًا إِذَا جَآءَ أَجَلُهَاۚ وَٱللَّهُ خَبِيرُۢ بِمَا تَعْمَلُونَ
Алла ажалы жеткен бірде-бір жанды кейінге қалдырмайды. Алла сендердің не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар.
ق
Quran.kz қосымшасыОқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.