Quran.kz қосымшасыТегін · App Store, Google Play
Ашу
Quran.kz
Құран107. Мағун
107 · сүре

Мағун

7 аят

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

1

أَرَءَيْتَ ٱلَّذِي يُكَذِّبُ بِٱلدِّينِ

Дін күнін (яғни Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын ұлы сот күнін) жоққа шығарғанды көрмейсің бе?!

2

فَذَٰلِكَ ٱلَّذِي يَدُعُّ ٱلْيَتِيمَ

Ол жетімді кеудесінен итереді.

3

وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلْمِسْكِينِ

Пақыр-­міскіннің қарнын тойдырмайды, өзгені де ол іске әсте құлшындырмайды.

4

فَوَيْلࣱ لِّلْمُصَلِّينَ

(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы қандай өкінішті!

5

ٱلَّذِينَ هُمْ عَن صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ

Олар намаздарында ғапыл,

6

ٱلَّذِينَ هُمْ يُرَآءُونَ

сондай-­ақ құлшылықтарын ел­-жұртқа көз қылып, көрсету ниетімен орындайды.

7

وَيَمْنَعُونَ ٱلْمَاعُونَ

Олар (қоғамдағы садақа, зекет және өзге де әлеуметтік жәрдем түрлерін қамтитын) қайырымдылық істеріне теріс қарайды.

Quran.kz қосымшасы

Оқыған жеріңіз аккаунт арқылы телефонда да сақталады.

App StoreGoogle Play