Приложение Quran.kzБесплатно · App Store, Google Play
Открыть
Quran.kz
КнигиМұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) көркем мінезі
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) көркем мінезі
PRO Скоро

Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) көркем мінезі

Автор: Нұрбол Қалдыбеков

Страниц136
Год2024
Көркем мінезХадисСира

Сахаба Зәйд ибн Сәбиттің айтқанындай, «Расулалланың тәлім-тәрбиесі телегей теңіздей терең болатын». Телегей теңізді қалай бүкіл ұңғыл-шұңғылымен танып еңсеру қаншалықты қиын болса, өмірдің әрбір сәтіне өз өрнегін қалдырған ардақты Елшіні де тиісінше тану – соншалықты ауқымды да қиын іс, оны толықтай тану мүмкін еместей. Сол себепті біз бұл еңбекте Расулалланың өмірінен өнегелі тұстарын айшықтап көрсетуге тырыстық. Иә, бір қарағанда кітаптағы мәліметтер аз көрініп, құны бәсең тартуы мүмкін. Алайда оның адамзат мақтанышы саналған тұлғаның өмірінен сыр шертуі, көркем мінезі мен әдебін дәріптеуі тұрғысынан аса құнды. Біз де Пайғамбарымыз жоғары деңгейде көрсете білген Ислам әдебін жаңа тәсілдермен қазіргі күні жаңғырта алсақ, бұл кейінгілер үшін үлкен жақсылық болар еді. Еңбек барша оқырман қауымға арналады.